БАСТАУЫШ СЫНЫПТА САҢЫРАУ БАЛАЛАРДЫ ЖАЙ ҚАРАПАЙЫМ
ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУҒА ҮЙРЕТУ
Кенжебекова
А.И.- №1 Саңырау балалардың
мектеп-интернаты
Шымкент қ.Қазақстан
Бастауыш сыныпта саңырау
балаларды оқытудың
негіздерін құрайтын көптеген математикалық
ұғымдары мен қатынастары қалыптасқан.
Қарапайым ұғымы есептерді шығару барысында
қалдықты табуға, санды бірнеше бірліктерге азайтуға,
түрлі салыстыруда меңгеріледі. Қарапайым есептерді
шығарғанда саңырау балалар шамалар арасындағы
тәуелділік-термен және бір шаманың арасындағы
қатынастарымен танысады. Бір дәптердің бағасы бойынша
бірнеше дәптердің бағасын табады: дәптер мен
қаламның бағасын біле отырып, оларды түрлі
қатынаста салыстырады.
Есептерді шығаруға
оқу мерзімінің көп уақыты бөлінеді. Есептерді
шығару процесінде саңырау балалардың мектептерінің
бастауыш сыныптарында оқытудың негіздерін құрайтын
көптеген математикалық ұғымдары мен қатынастары
қалыптасқан. Әртүрлілік ұғымы есептерді
шығару барысында қалдықты табуға, санды бірнеше
бірліктерге азайтуға, түрлі салыстыруда меңгеріледі.
Қарапайым есептерді шығарғанда саңырау балалар шамалар
арасындағы тәуелділіктермен және бір шаманың
арасындағы қатынастарымен танысады. Бір дәптердің
бағасы бойынша бірнеше дәптердің бағасын табады:
дәптер мен қаламның бағасын біле отырып, оларды
түрлі қатынаста салыстырады.
Саңырау балалар тіл
дамуының белгілі деңгейі мен сөздік логикалық ойлауды
талап етеді. Өз есебінен есептер жаңа сөздер мен сөз
тіркестерін таныс сөздерді басқа да шарттарда өолдану
арқылы балалардың сөз қорын байытады. Есептер
саңырау балалардың ойлау қабілетін дамытуда аса үлкен
орын ойнайды. Есептер саңырау балалардың ойша талдауға
және синтездеуге ықпал жасайды, сонымен қатар, астрактілеуге
(жалпылауға). Есептерді шығару оқушыларда жалпы
қорытындылардан нақты дәлелдерге өту қабілетін
дамытады. Есептерді шығара отырып, саңырау балалар есепті талдауды
және өз нәтижелерін негіздеуді үйренеді. Жалпы
есептердің үлкен тәрбиелік мәні бар. Саңырау
балалар шыдамдылық, сабырлық, сонымен қатар өжеттілік
және күш-жігер секілді қасиеттерді қалыптастырады.
Біздің еліміздің экономикасы және мәдениет
құрылыстары туралы сандық көрсеткіші бар есептерді
шығару оқушыларда жалпы көзқарасын кеңейте
түсіп, өзінің отаны үшін патриоттық сезімін
өсіре түседі.
Осы бөлім математика
курсында өте қиын қезең болып табылады, себебі
оқушыларға өте жоғары талаптар қойылады. Кез
келген есептің шығарылуы оқушының
берілгендері талдап, табуға тиіс шаманы анықтауды орындай білуі,
және олардың арасындағы байланысты анықтап, шешу
жолдарын қарастырып, және оны жүзеге асыруын жасай білуі
қарастырылады. Сонымен бірге, оқушылар есептің шешуін
сөзбен көркемдеп жазуы тиіс. Мұның барлығы
еститін балалар үшін оңай нәрсе емес, ал саңырау
балалар үшін тіпті өте қиындықты туғызатын
жәйт.
Есепті шығарудың
амалдарын игерудің қиындықтары саңырау балаларды
жалпылама және тіл дамуының ерекшеліктерін ескере отырып,
әдістемелік амалдарын оқу процесінде қолдана отырып,
жеңілдетеді. Саңырау балалардың даму ерекшеліктері
оқыту жылдарына байланысты есептерді бөлуді, және жаңа
есептерді шығару барысында оларды таңдауды ескеріледі.
Есептер шығару
арифметикалық іс-әрекеттердің мағынасын ашуға
көмектеседі. Себебі оқушыларды олардың қолданудың
нақты жағдайларымен және тура және кері
іс-әрекеттері арасындағы байланыспен таныстырады.
Бүкіл арифметикалық
есептерді жәй қарапайым және құрамдас
күрделі етіп бөлуге болады.
Жәй қарапайым есептерге бір сұрақтан тұратын
есептер жатады; құрамдас күрделі есептер екі немесе одан да
көп жәй қарапайым есептерден тұрады. Қарапайым
есептерді топтарға бөлуге болады. Л.Н.Скаткин «Жәй
қарапайым және құрамдас күрделі
арифметикалық есептерді шығаруды оқыту» атты кітабында
ұсынған жәй қарапайым есептердің классификациясын
ұсынамыз. Классификацияның қағидалары келесі: а)
бастапқы есептер қалыптастырады; б) әрбір бастапқы есеп
екі кері есептерге қайта қалыптасады..
Алдымен есепті қосу мен
алуға қарастырамыз. Бастапқы ретінде келесі алынады: а) екі
санның соммасын табуға; б) қалдықты табуға; в) «Қаншаға
көп....?» деген сұрақпен түрлі салыстыруға; г)
«Қаншаға аз ....?» деген сұрақпен түрлі
салыстыруға болады.
Есептің белгісіз санын
берілгенге деп санап, ал берілгендердің бірін белгісізге теңейтін
болсақ, нәтижеде жаңа есеп туындайды. Екі есепте бір-біріне
өзара кері есептер болып табылады. Әрбір басты есептен екі кері
есептер алуға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
Скаткин М.Н. Совершенствование процесса
обучения. – М.: Педагогика, 1981. – 278 ст
2.
Ибрагимова
Қ.Қ., Бектаева Қ.Б. Естімейтін балалар мектебінің
бастауыш сыныптарына арналған бақылау бағдарламасы 2010
3.Сүлейменова Р., Сәтімбекова
М.,Өтеева Қ. Математика Көмекші мектеп.
–Алматы,Рауан – 1992ж.200 б.
4.Т.Қаражанұлы,Ш.Хайроллақызы,Ж.Тұрсынқожаұлы,
т.б. Математика: Бастауыш мектептің 1-сыныбына арналған
оқулық. –Алматы,Рауан – 1997ж.128 б.
5.
Т.Қаражанұлы,Ш.Хайроллақызы,Ж.Тұрсынқожаұлы,
т.б. Математика: Бастауыш мектептің 2-сыныбына арналған
оқулық. –Алматы,Рауан – 1997ж.128 б.