К.т.н., доцент Койшиева Т., Базарбаева А., Искендирова Г.,
Назарбек Т., Құрманбек А., Егенова
Р.
МКТУ им.А.Ясави, Казахстан
Білім беру жүйесін ақпараттандыру
жағдайында болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау
ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының «Білім
беру жүйесін ақпараттандыру» бағдарламасында былай делінген:
«Білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің басты мақсаты
– заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның
шарттарына сәйкес студенттерді
тұрмыстық-қоғамдық және кәсіптік
өмір салаларына толық әрі тиімді түрде араластыру болып
табылады» [1].
Білім берудің барлық буындарында
жаңа сапалық жетістіктерге жету педагогикалық
тәжірибедегі жаңалықтарды қабылдап, оны жұмыс
барысында қолданумен тығыз байланысты. Білім беруде компьютерді
және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде
оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары
ұғымы пайда болды.
Болашақ мамандарға қойылатын қазіргі
заманғы талап тек таңдап алған мамандығы бойынша білімі
бар мамандарды ғана емес, сондай-ақ еңбекті аутаматтандыру
үшін ақпараттық технологияларды қолдануға
қабілетті мамандарды талап етеді. Оқу үдерісін
ұйымдастыруда ақпараттық технологияларды қолдану
қазіргі оқыту әдістерінің ерекше белгісі болып
табылады.
Қазақстан Республикасындағы
білімді ақпараттандыру жүйесін әрі қарай дамытуда негізі
ақпараттық ресурстар болып табылатын оқытуға
арналған бағдарламалық құралдарды дайындамай
жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың атқаратын
қызметтері және ауқымы да өте кең және
оған мыналар жатады: аутоматтандырылған және
сараптамалық жүйелер, электрондық оқулықтар
және мультимедиялық бағдарламалық құралдар.
Қазіргі таңда ғылым мен
техникалық даму қарқыны оқу-ағарту
саласының оқыту процесіне жаңа технологиялық
әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды
қажет етуде.
Информатикаға ғылым ретінде
дамудың жылдам қарқыны тән. Бұл туралы мысалы
мыналар куәлік бере алады:
- телекоммуникация
құралдарының қазіргі деңгейі, соңғы
он жылда өз желісі арқылы бүкіл әлемді дерлік
қамтып отыр;
- соңғы жарты ғасырда
бағдарламалау технологиясында болып жатқан сапалық
өзгерістер, егер өткен ғасырдың 50-60 жылдары негізінен
бағдарламалау тілдерін (Fortran, Algol, PL, Cobol және т.б.)
нақты есептерді жеке компьютерде шешу үшін қолдану
мәселесі қарастырылса, қазіргі кезде басты назар
аутоматандырылған жобалау құралдарын жасауға және
бағдарламалық жүйелердің бөліп берілген желілер
мен МҚБЖ-де тиімді жұмысын қамтамасыз етуге аударылып отыр;
- соңғы он жылда
әртүрлі категориядағы қолданушылар үшін
мүмкін болатын, өз кәсіби іс-әрекетінде финанстық
басқарудан оқулық бағытындағы және т.б. ақпараттық
технологиялар құралдарының дамуы.
Аталған бағыттарды жүзеге асыру
үшін оқу үдерісіне жаңа сипат беріп, оқу сапасын
арттыру, білім берудің жаңа үлгілерін енгізу қажет. Ол
біздің көзқарасымыз бойынша болашақ
мұғалімдерге ақпараттық технология құралдарына
оқыту мазмұнын объектіге-бағытталған жобалау негізінде
білім бере отырып, ақпараттық технологиялар құралдарын
жасау икемділіктерін қалыптастыруға дайындау болып табылады.
Бұл ғасыр – ақпараттандыру ғасыры. Осыған орай,
оқытушының алдына қоятын мақсаты ақпараттандыру
технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы
студенттерге заман талабына сай білім беру.
Сондықтан біз ақпараттық
технологиялардың, ғылыми-техникалық прогрестің,
жетістіктеріне қарай жаңа ақпараттық қоғам
туралы, сонымен бірге жаңа өркениетке, яғни
ақпараттық өркениетке өту туралы айтамыз. Мұндай
пікірлердің негізі техникалық, жаратылыстану және
қоғамдық ғылымдардың интеграциясының
нәтижесі болатын ақпараттық қоғам дамуының,
ақпараттық өркениеттің алғы шарттары болады.
Мұның нәтижесінде жеке тұлғаның
дүниеге көзқарасы түбірлі өзгеріске ұшырап,
дүние туралы, адамның өзі, оның дүниедегі орны,
өмірінің мән-мағынасы мен құндылықтар
жүйесі туралы мүлде жаңа ойлар туғызып, бүкіл
адамзаттың болашағы, тағдыры туралы жаңа
идеяларға әкеледі.
Көптеген зерттеулерде информатика –
жылдам (өте тез) қарқынмен дамып отырған,
бірмәнді анықтауға қиын болатын жаңа бағыт
ретінде атап көрсетіледі [2].
Информатиканың [2, 86 б.]
еңбекте келтірілген анықтамасы ғылымның дамуының
қазіргі бет алысына және жағдайына негізделген және
көптеген ғалымдардың пікірімен келіседі: «... информатиканы,
ақпараттық үдерістерді және оның аутоматтандыру
әдістерін есептеу техникасы мен байланыс құралдарының
замани аппараттық-бағдарламалық
құралдарының негізінде оқып-үйренетін ғылым
мен техниканың бір саласы ретінде анықтаймыз».
Ал [120] еңбекте информатика
ұғымының басқа қыры атап көрсетіледі:
«Информатика – ақпараттық
үдерістердің, табиғаттағы, қоғамдағы,
танымдағы құбылыстардың заңдары мен
заңдылықтары туралы ғылым».
Бұл екі анықтама да
информатиканың мағынасы мен мәнді қырларын бейнелейді,
информатика ақпараттық үдерістерді «құрудың
әдіснамалық негіздерін» беруі тиіс деп есептейді, дегенмен оны
әртүрлі қырынан, әртүрлі көзқарас
бойынша қарастырады. Мұндай көп қырлы информатика
ұғымына өзгешіліктер толығымен табиғи болып
табылады. Ғалымдар берген анықтамалардағы бірқатар
зерттеулерде [60, 120, 217 және т.б.] информатика ғылыми
бағыты үш деңгейде қарастыруға болатындығы
атап көрсетіледі:
- төменгі (физикалық
деңгей), есептеу техникасы мен байланыс құралдарының
бағдарламалық-аппараттық құралдары ретінде;
- орта (логикалық деңгей) –
ақпараттық технологиялардың жекелеген жиынтығы,
яғни ақпараттық үдерістерді ұйымдастыру мен
аутоматтандырудың модельдері, әдістері және құралдары;
- жоғарғы (қолданбалы
деңгей), яғни жұмыс істеу негізінде ақпараттық
үдерістер жататын жүйелерді құру үшін
ақпараттық технологияларды қолдану.
Ақпараттық технологиялар
информатиканың құрамдас бөлігі болып табылады.
Ақпараттық технологиялар ақпараттық
қоғамның мүшелерін (бағдарламашыларды немесе
әртүрлі деңгейдегі қолданушыларды) есептеу ортасына ену
мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Ақпараттық технология деп
«ұйымдасқан басқару жүйелеріне ендірілетін, мәліметтерді
өңдеудің жаңа құралдары мен
әдістерінің жиынтығы» түсіндіріледі. Олар
толыққанды біртұтас технологиялық жүйе
құрайды және ақпараттық өнімді
(мәліметтер, пікірлер, білімдер) өте аз шығынмен
мақсатқа сай құру, тасымалдау, сақтау және
бейнелеуді ақпараттық технология дамитын әлеуметтік
ортаның заңдылықтарына сәйкес қамтамасыз етеді
[217].
Мына [3] еңбекте
ақпараттық технология «ақпаратты өңдеу үшін
адамдар қолданатын технологиялық элементтердің
жиынтығы» ретінде анықталады.
Ақпараттық технологиялар
берілген пән саласының терминдері арқылы есепті қою
және шешу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл кезде
есепті қоюшы ретінде (мұғалім, бағдарламашы),
яғни бағдарламалық қамсыздандыруды жобалау бойынша
маман және қолданушы бола алады.
Мына [2, 3, 4, 5, 6] еңбектерге
сәйкес ақпараттық технологияның мақсаты
қолданушының талап, сұраныстарына сәйкес
ақпараттық өнімді сапалы түрде қалыптастыру
және қолдану болып табылады.
Ал ақпараттық
технологияның әдістері (ретінде) мәліметтерді
өңдеу әдістері болып табылады. Ақпараттық
технологияны іске асыру ақпараттық технологияның
құралдарына сүйенеді. АТ құралдары ретінде
мыналар ұсынылады: математикалық (математикалық модельдер),
техникалық (есептеу машиналары және бағдарламалық
қамтамасыз ету), алгоритмдік (математикалық құралдарды
іске асыру алгоритмдері), ақпараттық (мәліметтер қоры
және банкі, білім қоры), әдістемелік құралдар
(әдістемелік материалдар, сипаттау, құрылым, құжаттар)
[2, 102 б].
Біздің зерттеуіміз ауқымында
ақпараттық технология құралдары термині жалпылама
түсіндіріледі, яғни жоғарыда аталған АТ
құралдарының өзара байланысы мен өзара
әрекетіне негізделетін, нақты есептер жиынтығын шешу
үшін арналған және болашақ мұғалім
өзінің кәсіби іс-әрекеті аймағында қолдана
алатын құрал болып табылады.
Біздің елімізде қоғамды
ақпараттандыру жағдайы бойынша білімді қайта құру
үдерісінің негізін қалыптастыратын білімді
ақпараттандырудың тұжырымдамасы жасалған [7].
Жоғары білім беру үдерісінде
ақпараттық технологиялардың құралдарына
оқыту мазмұнын объектіге-бағытталған жобалау негізінде
болашақ мұғалімдерді дайындаудың тұжырымдамасын
жүзеге асыру-ұзақ, әрі күрделі үдеріс
және ол келесі кезеңдерден тұрады:
1) арнай пәндерді оқыту
үдерісінде қолданылатын ақпараттық
технологиясының құралдарын игеруге және оны
жасауға; кәсіби білім беру мазмұнында оқу жұмысын
ұйымдастыру түрі мен жаңа әдістерін игеру туралы
зерттеу жұмыстарын жүргізу;
2) дәстүрлі оқу пәндерін
оқытуда қолданылатын ақпараттық технологияның
құралдарын жасау және оны белсенді түрде оқу
үдерісіне енгізу; осының негізінде
педагогтардың оқу жұмысының жаңа әдістері
мен ұйымдастыру түрін жалпылама игеру; білім беру мазмұнын,
оқу-тәрбие жұмысы әдістері мен дәстүрлі
формасын түбегейлі қайта қарастыру, оны
оқу-тәрбие үдерісінде практикалық жүзеге асыру;
3) үздіксіз білім беру мазмұнын
оның барлық деңгейінде түбегейлі қайта
құру; ақпараттық технология құралдарын
қолдануға сәйкес келетін білімді
объектіге-бағытталған жобалау негізінде оқытудың
әдістемесін толықтыру.
Объектіге-бағытталған жобалау –
бұл білім беру жүйесін түрлендіру негізінен орын алатын
ақпараттық технологиялардың дамуы мен
қағидаларының заманауи үдеріске сәйкес келетін
құралдарымен оқыту мазмұнын тиімді қорытындылау
мүмкіндігін беретін аппарат.
Білім беру жүйесін
ақпараттандыру жағдайындағы басты міндеттердің бірі
замани АТ құралдарын кәсіби тұрғыда
меңгерген болашақ мұғалімдерді дайындау және
берілген пән саласынан студенттер мен оқушыларды қажетті
білімдермен қамтамасыз ету болып табылады.
АТ құралдарына оқыту
оларды оқыту үдерісінде әртүрлі пәндерде қолдану, білікті
мұғалімдерді дайындау мәселелері бойынша көптеген
еңбектерге жүргізілген талдаулар келесі тұжырымдарды жасау мүмкіндігін береді:
1.
АТ
құралдарын оқыту мен оларды оқыту үдерісінде
қолдануға байланысты
сұрақтарға ауқымды назар аударылады; олардың
құрал ретінде оқыту
үдерісінің тиімділігі мен сапасын көтерудегі үлкен орны
ескеріледі; АТ оқыту құралы ретіндегі мәнділігін
объективті тұрғыда анықтайтын алғышарттар сипатталады.
2.
Қазіргі
кезде ақпараттық технологиялардың оқыту
құралы ретіндегі
бағдарламалау негіздерінің мүмкіндіктері толық
көлемде қолданылмайтындығы ескеріледі, олардың
мүмкіндіктеріне баламалы емес және осындай
жағдайдың себептері
қарастыралады.
3.
Ақпараттық
технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында олардың құралдарына тиімді
оқытуға қабілетті, жоғары және орта білім
беру бойынша білікті мұғалімдерді дайындау
мәселесі қарастырылады.
4.
Аталған
мәселелерді шешу мүмкіндігін беретін ыңғайлар
ұсынылады. Бұл аталғандардан шығатыны жоғары
оқу орындарында болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау
үдерісінде АТ құралдарын қолданудың
психологиялық-педагогикалық аспектілерін қарастыратын
нақты ғылыми зерттеулердің қажеттігі; оқу
курстарына интеграцияланатын жоғары сапалы бағдарламалық
қамсыздандыруды, яғни – оқыту және өзіндік оқыту үдерісінде кез-келген
жастағы білімгерге икемді болатын ашық компьютерлік оқу
жүйелерін жасау; пәндік салада болып жатқан
өзгерістерге сәйкес жеңіл икемделетін АТ
құралдары бойынша оқу курстарын жасау болып табылады.
1. Қазақстан
Рспубликасы орта білім беру жүйесін ақпараттандыру. 22
қыркүйек, 1997. -№ 3645, ҚР Перезидентінің
жарлығы.
2. Советов
Б.Я. Информационная технология. –М.: Высшая школа, 1994. -368 с.
3. Извозчиков
В.А. Информатика в понятиях и терминах. –М., 1991. -208 с.
4. Бек Л.
Введение в системное программирование. –М.:Мир, 1988. -448 с.
5. Е.В.Михеева.
Информационные технологий в профессиональной деятельности. М.:Академия, 2006.
-384с.
6. Полат Е.С. Новые
педагогические и информационные технологии в системе образования. Учеб.пособие
для студ.пед.вузов и системы повыш. пед. кадров.- М.: Издательский центр “Академия”, 2001-272б.
7. ҚР
Білім беруді ақпараттандыру бойынша тұжырымдамасы. А., 1997.