Педагогические /
К.п.н. Аяған
Е.С., к.м.н. Г.Б. Дуанбекова, к.г.н. А.Б. Абилова,
м.г.з. Р.С. Дуванбеков, м.г.з. Абилов Т.К.
Карагандинский государственный университет
Жәңгір
ханның
қоғамдық-саяси қызметі
Кеңес Одағы кезінде Бөкей
Ордасындағы тарихи үдерістерге және Жәңгір хан
тұлғасына әлі де толық ғылыми бағасы
берілген жоқ. Сондықтан қазіргі кезде Жәңгір
ханның жеке тұлғасына деген көзқарастар мен
пікірлер сұхбат әдісі арқылы алынды.
Т.ғ.к. Қ. Өскенбаетың
ойынша Жәңгір хан туралы сөз болғанда оның
Бөкей Ордасындағы қоғамның әр
салаларындағы реформаларын көрсету керек. Оған қоса
ағартушылық қызметі және оның ішінде жаңа
әдістегі мұсылман мектептері мен сыныптық сабақ
жүйедегі мектептердің сатылы болғанын обьективті
тұрғыда зерттеу керек деп атап көрсетті.
Профессор Қ.М. Арынғазин
пікірінше Жәңгір хан тұлғасы осы күнге дейін
белгісіз болып келді. Кеңес одағы кезеңінде оған теріс
көзқарастар қалыптасқаны белгілі. Сондықтан
тарихи шындықты жазу үшін Жәңгір ханның ХІХ
ғасырдың І жартысында мәдени-ағарту ісі
салаларындағы іс-әрекетін көрсету үшін сол кездегі
Ресейдің отарлау саясатын жүзеге асырушысы деп
қарастыруға болмайды. Бұл мәселелерді бір жақты қарастыру
ешқандай обьективті шындыққа сәйкес келмейді.
Жәңгір ханның білім саласындағы ұлы істерін
зерттеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып
табылады.
Т.ғ.к. С.К. Кентбековтің
көзқарасы бойынша Қазақстан тарихының әлі
де болса зерттелмеген кезеңінің бірі ХІХ ғасырдың
Бөкей Ордасындағы Жәңгір ханның ағартушылық
қызметі. Жәңгір ханды Кеңес Одағының
идеялогиясына сүйеніп ғылыми талдау жасалынбады. Сондықтан
Жәңгір ханның Бөкей Ордасындағы әр
салалардағы реформаларын оның ішінде мәдени-ағарту
салаларының ұлттық ерекшелігін,
құндылықтарын бағалап зерттеу қажет.
Жәңгірдің жан-жақты білімді
адам болғанын, оның бірнеше тіл білгендігінен көреміз. 1826
жылы профессор Фукс Жәңгір 24 жасқа толғанда орыс
тілінде еркін сөйлемегенімен, өте сауатты жазып, сөздерді
дұрыс айтып таза сөйлегенін айтады. «Өзінің
табиғи тілі татар тілі деп, татар тілін білетін шығар, бірақ
қазақ тілі деудің орнына
татар деп дұрыс айтпайды. Осыған қоса
Жәңгір араб тілін жақсы меңгерген, осы тілде жаза
біледі» деп көрсеткен [7]. Бұдан біз Жәңгірдің
білімге деген ынтасы жоғары екенін, бірнеше тіл арқылы әр
елдерді танып, білгенін көреміз. Оқу-тәрбиені меңгеруді
қазақ қоғамына қажет екенін жете білгендіктен
Ордада алғашқы болып Жәңгір Европалық білім мен
тәрбие жүйесінің негізін толық меңгерген.
Ішкі Бөкей Ордасының
тұңғыш генерал-майоры Жәңгірді 1830 жылы «Сын
Отечества» газетінің бір санында
былай деп сипаттайды: «Білімді адам, татаршадан басқасын сөйлеп,
жаза алады, орысшаны жақсы біледі, немісше жартылай меңгергендігін айтқан.
Мұндай атаққа қазақ ханында ешкім ие
болмаған» [1]. Қазақ халқының азаттығы
үшін күреспегенімен, қазақ елін бодан қылып,
қазақ халқын езгіде ұстап, қанауды ойлаған
жоқ, Ресей империясының
отарлау саясатын жүзеге асырған Жәңгір хан
іс-әрекеттері қазақ халқы үшін кешірімді деуге
болады. Бірақ Ресей империясына қарсы ештеңе
шықпайтынын түсініп, Европадан келген өркениетпен
Ресейдің өркендегенін жақсы білгендіктен, қазақ
қоғамын европалық даму үлгісіне қарап дамытуды
көздеді. Жәңгірдің табиғи дарынды имандылық
арқасында жан-жақты білім түрлерін алған.
Гуманитарлық және басқа әртүрлі ғылымды
танып білген, оған қоса сол кездегі орыс дворяндарының кейбір
үйреншікті әдеттерімен жүруге бейімделген. Бұл
адамның ұлы ақсүйектік өнегелі жағын таныта
білетін. Оған қоса Ресей қоғамының ең
жоғарғы зиялы қауымымен болуға әдеттенген,
өзін өмірдің барлық жағына бейімдеген. Оның
мәдени-психологиялық бет-бейнесінен салт-дәстүрді
бағалайтынын аңғаруға болады, тілдесу мен араласу
жағы, өмір салтының үлгісінен, қимылынан
шығыс аристократиялығын және мұсылмандыққа
берілгенін көреміз [2]. Осы айтылған қасиеттерін
біріктіргендегі Жәңгір ханның жеке тұлғасына
Ресей қоғамының көзі жеткен.
І Николай өзі «евразиялық» деп
ерекшелігін бағалаған, Бөкей Ордасының ханын
бағындыруды және Жайық мен Еділ арасындағы
өлкесінде қазақ тұрғындары арасында отарлау шараларын
көптеп жүргізуді ылғи көрсететін. Барлық
туған-туысқандарына, өзінің әкесінің
ағаларына Жәңгір адал, шыншыл, сүйіспеншіліктегі
билеуші болды. Өзінің саяси билігін қазақтар арасында нығайту
үшін хандық билікті кеңейтіп және Ордада
орталықтанған басқару жүйесін енгізген болатын. Адам ретінде бойында ерекше қасиет
болып, өмір әлеміне тереңірек бойлайтын, ойлау қабілеті
жоғары, дүниеге көзқарасы жаңаша
тұрғыда, әсіресе сол кездегі далалықтарға
қарағанда білім деңгейі жоғары болған.
Жәңгір шындығында, көбінесе бұрынғы
және кейінгі көшпелілер билеушілері сияқты емес,
көшпелі қоғаммен ең жақсы таныс Ресейдің
самодержавиялық басқару моделіне ыңғайлап хандық
үкіметтің басқару механизмдерін нығайтқанын
көрсетеді [4].
ХІХ ғасырдың екінші ширегінде Кіші
жүзде миграция шындығында тоқтаған болатын, бұл
Жәңгірдің билеу кезеңінің аяғына
қарай, осы территорияда қазақ тұрғындардың
этноәлеуметтік құрылысында тұрақтылық
қалыптасқан. Бөкей Ордасында 1847 жылы 21 мың
қазақ шаңырағы болып, онда 100 мыңнан астам адам
болған [5]. Бөкей хан баласы Жәңгірді жас кезінен
ұлттық мәдениет пен ислам мәдениетінің негізінде
бастапқы оқу-тәрбиені беріп, оны имандылыққа,
ақылдылыққа, білімділікке тәрбиелегенін көреміз.
Әсіресе Бөкей хан баласы Жәңгірге ұлттық
тәрбие мен имандылықты мықтап қалыптастырған.
Оған қоса білімді тереңірек меңгеруге
Жәңгірдің әкесі көп назар аударған. Осыны
түсінген Жәңгір білім арқылы дүние тануға,
адам санасын оятып, сауаттылығын арттыратынын өте жақсы
білген. Сондықтан білім жүйесі қазақ халқы
үшін қажет екенін, әлемдік өрлеудің көшінен
қалмау керегін түсініп, осы қоғамның
өркендеуіне жаңа білім керек екенін ойлап, өз
сауаттылығын әртүрлі тілдер арқылы нығайта
отырып, білімді өз бетінше тереңдетуге тырысқан хан болатын.
Хан басқа да парсы, араб тілдерінде сауатты
жазып, емін-еркін сөйлей білген. Жәңгірдің
жаратылысынан қазақтық рухта және өзінің
бойынан табылған, жалпы қасиеттерге европалық
өркениетті (цивилизацияны) меңгергенін байқаймыз [6].
1829 жылы император тақсырдан арнайы
сыйлық жіберіледі. Онда: қымбат бас киім, килограмм алтын, т.б.
құнды заттар болған. 1840 жылы ол әйелімен,
қыздарымен Кавказдағы минералды суға барып,
мүмкіншілікті пайдаланып демалған болатын.
Жәңгір хан қыста әдеттегіндей
хандық ставка деп аталып, ол Нарын құм деген мекен болатын,
ол үшін орыс өкіметі әдейі ағаштан екі қабатты
үй салып берген, оған қоса мешіт училищемен бірге және
өте жақсы бау-бақшасы болған. Хандық ставкада
сұлтандар мен орыс көпестерінің үйлерінің саны
100-ге тарта. Хан расында европаша өмір сүріп, Қазан
татарынан аспазшы ұстаған болатын. Хан жанында фельдшері болып,
кеңсе хатшысы мен құрметті қарауыл үшін казак
отрядтарының казак офицерлері болған.
Жәңгір хан Ордада дәрігерлік
емхананың негізін салу ойлары болғанын көреміз. Қазіргі
заманша сәулет үйлер салуды ойластырып қалыптастырған.
Жаңаша өмір сүруді қазақ халқының
сана-сезімінде орнықтырудағы саясатын көрсетіп тұр.
Сондықтан Европадан Ресей арқылы жаңа өркениеттерді
қабылдауға тырысқан. Жәңгір хан
ұлттық ат спортын жаңғыртып, одан әрі
өркендеткен. Жәңгір ханның хандық
резиденциясында меншікті тарихи
мұражай жұмыс істеген, бұл дегеніміз Қазақстан
оның ішінде Бөкей Ордасында тұңғыш
мұражайдың негізі салынды деген сөз. Бірінші рет
әртүрлі салаларда оқыған қазақ
басқарма кадрлары пайда болып, білімді қазақ интелектуалдары
мен зиялыларының бастапқы қауымының қалыптасу үдерісі
басталды. Саяси әкімшілік элитасының негізін Жәңгір хан
орнықтырған болатын. Бірақ бұл жаңа
қадамдар көшпелі қоғамның жоғарғы
оңшылдарын ғана қамтыған [6]. Бөкей Ордасында
ұлттық құндылықтарды сақтау үшін
және ел басқару резиденциясына үлгі болып, бүгінгі
президенттік резиденциясы Жәңгір хан сияқты тарихи
мұражайын ашып, ондағы бүкіл қазақ хандығын
басқарған хандар тарихына арналса өте жақсы болар
еді. Жәңгір хан жаңа
ұлттық зиялылар қауымы мен қоғамның
жоғарғы элитасын
патшалық Ресей басқару жүйесіне негіздеп
қалыптастыруға мәжбүр болды. Жаңа сайланған
Жәңгір хан жастығына қарамастан ақсақалдар
сыйлап, сөзін жақсы тыңдайды, сондықтан ол
әдеп-ғұрыпты, өнеге тұтып, иман жүзді,
оған қоса Астраханда алған
прогрессивті білімін көрсете білетін. Жәңгір
өзінің ана тілінде қазақ әдебиетін өте
тамаша білетін. Жәңгір халқын өте жақсы
көріп, оларды салыстырып, елінің жаңа өркениетке
ұмтылуына, тілдесуіне жол ашуға тырысқан [1].
Өз Ордасында жағымды, ұлттық
әдеп-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді жақсы
ұстайды. Ол басқа қазақтар сияқты маусымды
көшпелі қазақ болса да өзінің ойлары мен
сөздерін зейін қойып тыңдағанын айтқан [4].
Жәңгір хан тұлгасына Ресей ғалымдары мен зерттеушілері
оң ғылыми баға берген. Хан өте білімді, иман жүзді, өз
ұлтының салт- дәстүрін, әдеп-ғұрыпын
мықтап ұстанған.
Зерттеу барысындағы
зерттеу нәтижелері анықталды:
Біріншіден, Кеңес одағында Жәңгір хан тұлғасы
және оның іс-әрекетіне теріс баға берілді. Ал енді
ғылыми талдау жасалып, тарихи шындық анықталып, ғылыми
айналымға жіберілді.
Екіншіден, Жаңа
өркениетті этнопедагогикалық құндылықтар
негізінде хандық билікті, саяси әлуметтік-экономикалық
және мәдени-ағартушылық салаларды реформаларына
тұжырымдама жасалынды.
Үшіншіден, Жәңгірдің жеке басының иман
жүзді, инабаты, кішпейіл, үлкенді сыйлай білетін, өте адал,
әділ, ұлттық спорты және спорттық ойындарды
ойнайтын, дала қазақ
ауыз әдебиетін жақсы
білген, саясатты меңгерген, қәзіргідей 23 бөлме
„Веллада“тұрып, туған-тусқандарына бауырмашыл болған,
елінің салт- дәстүрін, әдеп-ғұрыпын
мықтап ұстанған идеалды тұлға болған.
Төртіншіден, Жәңгір хан тұсында
қазақ қоғамында жаңа ұлттық
интелегенция мен зиялылар қауымы қалыптасып, қазақ қоғамның жоғарғы элитасын пайда болғандығы
дәлелденді.
Әдебиеттер
1. История Букеевского
ханства 1801-1852 г.г. (сборник документов и материалов). -
Алматы:
Дана-Пресс,
2002. - С. 8-9.
2.
Букеевской орде – 200 лет. Изд. из 6 книг. - Алматы:
Өлке.- 2001. - С.9.
3.
Г.К. Мукатаев хан Жангир. Великий преобразователь степи.
Санкт-Петербург. - 2001.С.-143.
4. Өмірзақов
Ә. Ресейге қосылғаннан не ұттық. - Алматы:
Санат,
1999. - Б.86
5. Зиманов С.З. Россия и
Букеевское
ханство. - Алматы:
Наука,
1982. - С.121-127.
6. Бабажанов С.
Этнографиялық мақалалар. - Алматы,
1993. – 20 б.
7. Гармс И.Я. Народное
образование среди казахов дореволюционной России: Автореферат дисс...к.п.н. – Петропавловск, 1957.
- С.6