Сулейменова С.Т., Шаяхметова Р.Н.

Н.Нұрмақов атындағы облыстық мамандандырылған дарынды балалар мектеп-интернаты, Қазақстан

Адамгершілік — рухани тәрбиенің негізі

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген. Жоғарыда аталған қағидаларды ұстана отырып, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып,  ұлттық рухта болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек.

Бүгінгі жаһандану үрдісінде әр ұлт, әр мемлекет өзіндік менталитетін, өзіндік бет-бейнесін сақтап қалуға тырысуда. Жас ұрпақты тәрбиелеуде басты ұстанар бағытымыз–ұлттық құндылықтар болуы қажет.
2007жыл
ғы шілдеде қабылдаған Қ.Р. «Білім туралы» заңының 11 бабында «Ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау», - деп білім беру жүйесінің міндетін анықтап берді. Ұлттық құндылықтардың кең өрісті, келісті көрініс табуы – халықтың мақал-мәтелдерінде, шешендік сөздерінде, даналықтарында. Мектепте бастауыш сыныптан бастап оқушыларға мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, жыр жаттатып, ертегіні нақышына келтіріп баяндауды үйретіп, рухани құндылықты бойына сіңіреміз. Жастайынан осыларды естіп, ұлттық бұлақтан сусындап нәр алған бала ешқашан да ұлттық келбетін жоймайды.  Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт дәстүрін, тілін білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі.

Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізі ұстанымдарын айқындап берді.Олар: Қазақстан Республикасының барлық адамзатының білім алуға тең құқылығы, әрбір адамзаттың интелектуальдық дамуы, психо - физиологиялық және жеке басының ерекшеліктері, халық үшін білімнің барлық деңгейіне кең жол ашылуы. Яғни, білім заңында әрбір азаматтың білім алуға құқықтығын негізге ала отырып, оқушы бойына ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастырып, құрметтеуге тәрбиелеуде дидактикалық шарттар яғни оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру үрдісін жан-жақты қамту қажеттілігі туындайды. Оқушы бойына ұлттық құндылықтарды және жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерді қалыптастыру үшін ұлттық мәдениет, салт - дәстүр, халық тағылымдары және т.б. мәселелеріне тоқталып өткеніміз жөн. Қазақ мәдениетіғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Жалпы адамзаттық құндылық қасиеттер ұлттық тәрбиемен ұлттық мәдениеттің дамуындағы қозғаушы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихы тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс – тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық көзқарастарын біз халық педагогикасы дейміз. Халық педагогикасы – халық мәдени мұрасы. Халық педагогикасы сол халықтың (ұлттың) этностық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалыптасқан. Ал, ұлттық тәрбие мен жалпы адамзаттық құндылық қасиеттерінің мәселесі – адамзат тарихынан өн - бойына ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бұл адамзаттың өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген, үшінші мыңжылдыққа қадам басқан кезеңінде де мемлекетіміз үшін рухани асыл мұрат болып Қазақсатандық патриотизм, азаматтық парыз, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтар мен ар тазалығы және жалпы адамзаттық қасиеттерді жатқызамыз. 

Оқушының жалпы адамзаттық қасиеттеріне меймандостық, кісілік, сыйласымдылық, имандылық, кішіпейілдік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімділігі, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайлығы, мәдениеттілігі т.б. қасиеттері арқылы ерекшеленеді. Әрбір ұлт ұлттық тәрбиеге (халық педагогикасына) байланысты дамып, қалыптасқан. Халық педагогикасы ұлттық әдебиет пен сол ұлттың салт-дәстүрінен құралады. Атақты педагог Сухомлинский: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады». Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашырлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т.б.

Адамгершілік - ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Адамгерш
ілік тақырыбы - мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен мектеп қызметкерлерінің бірден бір парызы. Оқу тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата-аналармен жұмыстың орны орасан.

Сынып жетекшісінің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халқының әдет-ғұрпын салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру. Оқушылар бойына ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық қасиеттерді қалыптастыру мен құрметтеуге, сақтауға тәрбиелеуде белгілі әлемдік, отандық ғалымдардың еңбектерін пайдалануға болады. Осы арқылы оқушының мәдениетті, білімі кеңейеді. Оқушының мәдениетті болуы үшін ұлттық мәдениетті ұштастыруы қажет. Олай болса, оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру негізінің бірден-бірі мектепішілік жүргізілетін тәрбиелік іс-шаралар. Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы, өнер-білімді игеру - тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. Тәрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда, «Ұстазға қарап шәкірт өсер» деп халқымыз ұстазға үлкен жүк артқан.  Әсіресе баланың даму барысын есепке алу, бейімділігін, қызығушылықтарын, сабаққа деген көзқарасын т.б. кейбір объективтік көрсеткіштерді назардан тыс қолдануға болмайды. Мектептің жүрегі мұғалім болса, сыныппен жүргізетін сынып жетекшісі.

Тұжырымдай келе оқушылардың ұлттық құндылықтары мен жалпы адамзаттық қасиеттерін сыныптан тыс тәрбиелік іс-шаралар арқылы қалыптастырып,ғылыми тұрғыда дәлелдеп дамыту біздің тікелей парызымыз.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.
Өтешова.Б.«Ұлт ұрпағының дүниетанымын халық тағылымдары арқылы дамыту»-2007ж. Алматы.
2. С
әрсенова.Ж. Тәңірбергенова.Ғ. «Әлеуметтану»-Алматы 2000.
3. Жары
қбаев Қ. Әдеп және жантану.Алматы   1999 ж
4. С.
Ғаббасов. «Халық педагогикасының, негіздері»-Алматы.1995 ж.