ДИДАКТИКАЛЫҚ  ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ИНТЕНСИВТІЛІГІ

 

Кенжебекова Рабиға Ибрахимқызы - п.ғ.к., доцент. Шымкент қаласы, Қазақстан

 

Дидактикалық ойындардың және ойын есептерiнiң осындай құ­рылымын ескерiп сабақ кезiндегi мұғалiм мен оқушылардың қыз­меттерi әр бiр бөлiгiн ойластыра өзiмiз дидактикалық ойындар құ­рас­тыруымызға болады. Мұнда сыныптың деңгейiн, тақырып бой­ын­ша балалардың дайындығын, қолдағы бар көрнекiлiктер мен ди­дактикалық материалдар және т.б. бiле отырып әдiстемелiк құрал­дарды дайын ойындарды түрлендiруге мұмкiндiк бар. Осылайша мұ­ға­лiм дидактикалық ойындардың қолданылуын интенсивтi ете алады.

Сыныптан тыс жұмыстардағы оқу үрдiсiне ойындар мен ойын есептерiн орынды қолдану мен оны оқушылардың қызметiнiң қан­дай да бiр бөлiгi ретiнде еңгiзу арқылы олардың танымдық қы­зығушылығы мен ой қызметiн белсендiру мүмкiндiгi артады.

К.Д.Ушинскии дидактикалық ойындардың маңыздылығын айта келе ол балалардың жадының дамуында оқуға деген қызы­ғушы­лы­ғы­ның артуында маңызды орын алып жеке тұлғаның бiр ғана қыры емес оның тұтастай адам болып қалыптасуына ықпал ететiнiн атап өтедi.

Оқу үрдiсiнде ойын есептерi мен дидактикалық есептердi қол­дануды толығымен бағаламайтын көзқарастар көптеп кездеседi. Олар мектепке дейiнгi жаста ғана ойнауы  керек, мектепте тек қана спорт­тық ойындар ойналады, және ойын баласының дамуы тежеледi де­ген ойлар айтуда. Алайда, мұнан гөрi оқу үрдесiнде, болсын, сы­ныптан тыс жұмыста болсын ойын есептерi мен дидактикалық тың­дарды негiзсiз қолдану орынды емес екендiгiн ескерген жөн болар.

Дидактикалық ойындар түрлi дидактикалық құралдардың кө­мегiмен өтiлетiнi белгiлi (кеспе қағаздар, көрнекiлiктер,  кестелер, плакаттар). Сыныптан тыс жұмыста ойындарды кеңiнен қолдану арқылы мұғалiм сол ойындарға қатысты көрнекiлiктердi балалармен бiр­ге отырып дайындауда. Мұнда сабақты орташа үлгерiп жүген оқу­шы өзiн жаңа қырынан, тамаша суретшi немесе безендiрушi бол­маса Ұйымдастырушы ретiнде көрсетушi мүмкiн.

Әсiресе, ойын есептерi мен ойындарды сыныптан тыс сабақ­тарда қолдану арқылы оқушылардың өз ара пiкiр алысуына, арала­суына үлкен жағдайлар жасалады және де танып бiлуге деген қызы­ғушылығы артады. Мектеп практикасында оқу үрдiсiн бiз өте ақыл­ды, логикалық дұрыс құрғанымызбен оқытуда эмоцияның алатын ро­лi ескерiлусiз қалуда. Сол себептi көптеген оқушылар үшiн сы­нып­тан тыс сабақтар iш пыстырарлық қызық емес толығымен берi­лiп оқуға кедергi болатынын М.Н.Скаткин атап өтедi. Сондық­тан да эмоционалдық бостандық алатын, бiлiм алуға деген ынтасын ұштай түсетiн дидактикалық ойындар мен ойын есептерiн шығаруға құштар болады.

Ойын кезiнде барлық оқушылар бiрдей. Мұнда пәндi бiлуден гөрi тапқырлық пен ойлау бiлу қабiлетi талап етiлетiндiктен ойын кезiнде нашар оқушылар бiрiншi болуы да мүмкiн. өзiн басқалармен тең санауға, қуаныш пен есептi шығаруға немесе тапсырманы орындатуға күшiнiң жететiнiн сезiнген балаларға өз ұялшақтықтарын жеңуге, нәтижеде оқуға оң ықпал ететiнiне М.В.Стронин  болса назар аударған.

Оқушылар ойын есептерiн шығаруға олар да белгiлi бiр бiлiмдер мен дағдылардың қалыптасып отырғанын бiлуi мiндеттi емес. Олар тек ойнап отырмыз деп ойлауы жеткiлiктi. Осылайша ойын үрдiсi барысында есептеу жүргiзедi, қосып азайтады, түрлi логикалық есеп­тер шығарады. Бастауыш мектеп балаларымен осылайша сыныптан тыс сабақты өту арқылы математикаға деген қызығушылығы артады. Ойын есептерi әрбiр сыныптың әр тарауына, сынып сағатына ар­найы дайындалуы тиiс. Солайша әрбiр есептер жүйесi балаларға жа­ңа бiлiм, ойлау қызметiн дамытып, жаңа математикалық ұғымдарды тәрбиелеуiне ұйретедi. Мұнда ойын есептерi оңайдан күрделiге қа­рай ұстанымдарымен ұйымдастырылды.

Ойын үрдiсiнде балалар практикалық iс-әрекеттен соң абстрак­тiлi ойлауға көшедi де мұндағы пайда болатын есептердi шығарып отырады және мұндай жұмыстардың негiзгi артықшылығы-оқушы­лар­дың шаршамайтын-дығында деуге болады. Өйткенi мұнда оларға барлығы түсiнiктi оңай. Сондықтан да оқу материалының ең тез әрi нақ­ты да тиiмдi игерiлу жолы оқытудың шығармашылық әдiсi, ол балалардың интеллектiнiң дамуына әсер етедi .

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.     Скаткин М.И. Дидактика средней школы. -М.: Просвещение, 1990. -128с

2.     Стронин М. В. Формирование обще­логи­ческих умений при обучении математике в IV-V классах. ­В сб.: -М.: Просвещение, 1985. -С. 45-65.

3.Жигалкина Т.К. Математикадан ойындар мен қызықты тапсыр­малар. 2-класс. -Алматы: Рауан, 1992. -62 б.

4.Жигалкина Т.К. Игровые и занимательные задания по матема­тике для первого класса четырехлетней начальной школы. Пособие для учителя. 2-е изд. -М.: Просвещение. 1989.

5.Давайте поиграем: Математические игры для детей 5-6 лет. Под редакцией Столяра А. -М.: Просвещение, 1991.

6.Зацепина Т.В. Использование игры при проверке вычислитель­ных навыков.//Начальная школа. 1988, N1.

7.Кадырова М.К. Кто быстрее выполнит задание. Начальная шко­ла. 1989, NN10,11