ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ
ИНТЕНСИВТІЛІГІ
Кенжебекова Рабиға Ибрахимқызы - п.ғ.к., доцент. Шымкент
қаласы, Қазақстан
Дидактикалық ойындардың және ойын
есептерiнiң осындай құрылымын ескерiп сабақ кезiндегi
мұғалiм мен оқушылардың қызметтерi әр бiр
бөлiгiн ойластыра өзiмiз дидактикалық ойындар құрастыруымызға
болады. Мұнда
сыныптың деңгейiн, тақырып бойынша балалардың
дайындығын, қолдағы бар көрнекiлiктер мен дидактикалық
материалдар және т.б. бiле отырып әдiстемелiк құралдарды дайын ойындарды түрлендiруге мұмкiндiк бар. Осылайша
мұғалiм
дидактикалық ойындардың қолданылуын интенсивтi ете алады.
Сыныптан тыс жұмыстардағы оқу үрдiсiне ойындар мен ойын есептерiн орынды
қолдану мен оны оқушылардың қызметiнiң қандай
да бiр бөлiгi ретiнде еңгiзу арқылы олардың
танымдық қызығушылығы мен ой қызметiн белсендiру
мүмкiндiгi артады.
К.Д.Ушинскии
дидактикалық ойындардың маңыздылығын айта келе ол
балалардың жадының дамуында оқуға деген қызығушылығының
артуында маңызды орын алып жеке тұлғаның бiр ғана қыры емес оның
тұтастай адам болып
қалыптасуына ықпал ететiнiн атап өтедi.
Оқу үрдiсiнде ойын есептерi мен
дидактикалық есептердi қолдануды толығымен
бағаламайтын көзқарастар көптеп кездеседi. Олар
мектепке дейiнгi жаста ғана ойнауы
керек, мектепте тек қана спорттық ойындар ойналады,
және ойын баласының дамуы тежеледi деген ойлар айтуда. Алайда, мұнан гөрi оқу үрдесiнде, болсын, сыныптан тыс жұмыста болсын ойын есептерi мен
дидактикалық тыңдарды негiзсiз қолдану орынды емес екендiгiн
ескерген жөн болар.
Дидактикалық ойындар түрлi дидактикалық құралдардың көмегiмен
өтiлетiнi белгiлi (кеспе қағаздар, көрнекiлiктер, кестелер, плакаттар). Сыныптан тыс жұмыста ойындарды кеңiнен
қолдану арқылы мұғалiм
сол ойындарға қатысты көрнекiлiктердi балалармен бiрге
отырып дайындауда. Мұнда
сабақты орташа үлгерiп
жүген оқушы
өзiн жаңа қырынан, тамаша суретшi немесе безендiрушi болмаса
Ұйымдастырушы ретiнде көрсетушi мүмкiн.
Әсiресе, ойын
есептерi мен ойындарды сыныптан тыс сабақтарда қолдану
арқылы оқушылардың өз ара пiкiр алысуына, араласуына үлкен жағдайлар жасалады және
де танып бiлуге деген қызығушылығы артады. Мектеп
практикасында оқу үрдiсiн
бiз өте ақылды, логикалық дұрыс құрғанымызбен оқытуда
эмоцияның алатын ролi ескерiлусiз қалуда. Сол себептi көптеген
оқушылар үшiн
сыныптан тыс сабақтар iш пыстырарлық қызық емес
толығымен берiлiп оқуға кедергi болатынын М.Н.Скаткин атап
өтедi. Сондықтан да эмоционалдық бостандық алатын,
бiлiм алуға деген ынтасын ұштай
түсетiн
дидактикалық ойындар мен ойын есептерiн шығаруға құштар болады.
Ойын кезiнде барлық
оқушылар бiрдей. Мұнда
пәндi бiлуден гөрi тапқырлық пен ойлау бiлу
қабiлетi талап етiлетiндiктен ойын кезiнде нашар оқушылар бiрiншi
болуы да мүмкiн. өзiн басқалармен тең
санауға, қуаныш пен есептi шығаруға немесе тапсырманы
орындатуға күшiнiң
жететiнiн сезiнген балаларға өз ұялшақтықтарын жеңуге,
нәтижеде оқуға оң ықпал ететiнiне
М.В.Стронин болса назар аударған.
Оқушылар ойын есептерiн шығаруға олар да
белгiлi бiр бiлiмдер мен дағдылардың қалыптасып
отырғанын бiлуi мiндеттi емес. Олар тек ойнап отырмыз деп ойлауы
жеткiлiктi. Осылайша ойын үрдiсi
барысында есептеу жүргiзедi,
қосып азайтады, түрлi
логикалық есептер шығарады. Бастауыш мектеп балаларымен осылайша
сыныптан тыс сабақты өту арқылы математикаға деген
қызығушылығы артады. Ойын есептерi әрбiр сыныптың
әр тарауына, сынып сағатына арнайы дайындалуы тиiс. Солайша
әрбiр есептер жүйесi
балаларға жаңа бiлiм, ойлау қызметiн дамытып, жаңа
математикалық ұғымдарды
тәрбиелеуiне ұйретедi. Мұнда ойын есептерi оңайдан күрделiге қарай ұстанымдарымен
ұйымдастырылды.
Ойын үрдiсiнде балалар практикалық
iс-әрекеттен соң абстрактiлi ойлауға көшедi де мұндағы пайда болатын есептердi
шығарып отырады және
мұндай жұмыстардың негiзгi
артықшылығы-оқушылардың шаршамайтын-дығында деуге болады. Өйткенi мұнда оларға барлығы түсiнiктi оңай. Сондықтан да
оқу материалының ең тез әрi нақты да тиiмдi
игерiлу жолы оқытудың шығармашылық әдiсi, ол
балалардың интеллектiнiң дамуына әсер етедi .
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Скаткин М.И. Дидактика средней школы.
-М.: Просвещение, 1990. -128с
2.
Стронин М.
В. Формирование общелогических умений при обучении математике в IV-V классах. В сб.: -М.: Просвещение, 1985.
-С. 45-65.
3.Жигалкина Т.К. Математикадан ойындар мен
қызықты тапсырмалар. 2-класс. -Алматы: Рауан, 1992. -62 б.
4.Жигалкина Т.К. Игровые и занимательные
задания по математике для первого класса четырехлетней начальной школы.
Пособие для учителя. 2-е изд. -М.: Просвещение. 1989.
5.Давайте поиграем: Математические игры для
детей 5-6 лет. Под редакцией Столяра А. -М.: Просвещение, 1991.
6.Зацепина Т.В. Использование игры при
проверке вычислительных навыков.//Начальная школа. 1988, N1.
7.Кадырова М.К. Кто быстрее выполнит
задание. Начальная школа.
1989, NN10,11