ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БІЛІМ
БЕРУДЕ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Доцент Сейдахметов Ермек
Ергешұлы
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
В этой статье рассматривается эффективность использования инновационных технологий
в высших учебных заведениях
SUMMARY
This article deals with using innovation technologies in high schools
Қазақстан
Республикасындағы білім беру
саласының қазіргі заманғы жүйесін
қалыптастырудың негізгі алғы
шарттарын қарастыра келе, В.А.Сластенин және басқалары
оның яғни, білім беру жүйесінің аса маңызды
келесі қасиеттерін белгілеген болатын:
-
«оқытудан» «білім беруге» ауысу;
-
жеке тұлғаның шығармашылық
қабілеттіліктерін дамыту және білім берудің іргетасын
қалау;
-
жеке тұлғаға бағдарланған,
озық және ашық білім беруге көшу;
-
білімді жинақтау, таңдау, жүйелеу
және беру үдерісінде жаңа ақпараттық және
коммуникациялық (қатынастық) технологияларды пайдалану.
Қазіргі
уақытта Қазақстандағы білім беру жүйесінің
сапалы әрі қарқынды дамуын айқындаған аса
маңызды себептердің бірі бұл ақпараттық –
компьютерлік технологиялар болып табылады [1- 221].
Соңғы
уақытта оқу үдерісін компьютерлендіру мәселесін талдау
әрекеттері көрініс тапқан мақалалар пайда болды.
Оқытуды ақпараттандыру мәселелерін оқып білумен
байланысты қазіргі заманғы педагогикалық зерттеулер сан
қилы сипаттарға ие болуда.
Отандық білім беру саласының қазіргі даму кезеңінде
білім беруді ақпараттандыру көптеген мамандардың
көзқарасы бойынша келесі мүмкіндіктерді береді:
- әрбір
жеке адамды өзінің жеке оқу траекториясымен қамтамасыз
ететін ашық білім беру жүйесін қалыптастыру;
- жүйелі
ойлау жағына қарай ығыстыру арқылы танымдық
үдерісті (құбылысты) түбегейлі өзгерту;
- білім беру
саласын ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз етуде тиімді
басқару жүйесін қалыптастыру;
- оқу
үдерісінде білім алушылардың танымдық іс-әрекетін
тиімді ұйымдастыру;
- оқу
үдерісін даралауға және жаңа танымдық
құралдарды меңгеруге мүмкіндік беретін
компьютердің өзіндік арнайы қасиеттерін пайдалану;
-
қашықтықтан оқыту
жүйесін құру, дамыту және жетілдіру.
Сонымен
қатар, білім беруді ақпараттандыру бір қатар келесі
дидактикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
- компьютерлік
модельдеу және компьютерлік графика құралдарын пайдалану
негізінде күрделі техникалық және биологиялық
жүйелердің ішіндегі микро және макроәлемдегі
құбылыстарды оқып білуге мүмкіндік береді;
- жоғары
және төмен жылдамдықпен шын мәнінде өтіп
жатқан әртүрлі физикалық, химиялық,
биологиялық және әлеуметтік құбылыстарды
оқып білуге өте ыңғайлы уақыт көлемінде
көруге болады.
Бұл орайда
білім алушылар өз білімдерін декларативтік тәсілмен, яғни
білімдік ақпараттың мөлшерінің кезек сақтай
отырып берілуі және оның меңгерілуін қадағалау
(электронды оқулықтар, тесттік және бақылаушы
бағдарламалар, анықтамалар, оқу -ақпараттық базасы, оқу бейнефильмдері) немесе
іс-тәжіребиелік яғни оқыту объектілерінің,
үдерістерінің және құбылыстарының
(қайталау моделі, пәндік бағдарлық орталар және
олардың негізінде жасалған лабораториялық практикумдар,
жаттықтырулар, ойын бағдарламалары сияқты) модельдері
негізінде жасалады.
Білім саласын
(ақпараттандыру) келесі міндеттерді жүзеге асыру керек:
- білім беру
саласына және үрдісіне жаңа
ақпараттық технологиялардың құралдарын
ендіру;
- білім беру
үдерісіне қатысушылардың компьютерді меңгеру
дайындығы деңгейін жетілдіру;
- оқу
үдерісі мен ғылыми- зерттеу жұмыстарын ұйымдасқан
басқаруды ақпараттық технологиялардың білім беру
саласындағы жүйелі интеграциясы;
- біртұтас
білімдік, ақпараттық кеңестікті қалыптастыру және
дамыту.
Қазіргі
ақпараттық құралдарды пайдалану білім беру саласын
ақпараттандыруды айқындайтын шешуші жағдай болып
табылатындықтан, осы аталған «ақпараттық технология»
терминін талдауға көңіл бөлейік.
«Оқытудың
ақпараттық технологиялары» термині ұзақ пайдаланылмады.
Бұл орайда мынаны айту қажет, соңғы екі-үш жылда
білім беру саласындағы телекоммуникацияның рөлін арттыру мен
өте қарқынды пайдалануына байланысты кең көлемде
«компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялар» сияқты
жаңа сөз тіркесі қолданыла бастады. Сондықтан
«ақпараттық» деп аталатын ұғым өзіне компьютерлік
және телекоммуникациялық құралдарды қамтыса,
көптеген зерттеушілердің көзқарастары
бойынша жалпы қабылданған және тұрақталған
«жаңа ақпараттық технологиялар» терминін және
осыған сай ЖАТ қысқарған
сөзін пайдалану дұрыс деп есептеледі.
Жаңа
ақпараттық технологиялар өздігінен математикалық
және кибернетикалық әдістердің жиынтығын, сонымен
қатар қазіргі заманғы компьютерлік техника негізінде
ақпаратты жинақтауды, сақтауды, қайта
өңдеуді және тасымалдауды қамтамасыз ететін
қазіргі заманғы техникалық құралдардың
жиынтығы болып табылады. Ақпараттық технологиялардың
осы анықтамасын өзімен бірге басқа да осындай анықтамалары
бола тұра өте жиі пайдаланылады.
Ақпараттық технологиялар -
бұл адамдардың білімін кеңейтетін, сонымен қатар олардың техникалық және
әлеуметтік құбылыстарды басқарудағы
мүмкіндіктерін дамытатын әдіс-тәсілдерді және
ақпаратты жинақтайтын, ұйымдастыратын, сақтайтын,
қайта өңдейтін, тасымалдайтын, бейнелейтін техникалық
құралдардың жиынтығы болып табылады [2-178].
Ғалымдарымыздың
айтуынша жаңа ақпараттық технологиялар бұл: білімді
бақылауды қамтамасыз ететін қарапайым бағдарламаларынан
бастап, жасанды интелектке негізделген оқыту жүйелеріне дейінгі әр түрлі типтегі оқыту
бағдарламаларының белгілі жиынтығы ретінде қарастырады.
Компьютерлік
білім беру технологиясы оқыту жүйесі мен оқытуға
арналған компьютерлік бағдарламаларды пайдаланудан
құралады. ЮНЕСКО қабылдаған анықтама бойынша,
ақпараттық технология - бұл ақпараттық технологияларды
сақтаумен, қайта өңдеумен айналысатын адамдардың
еңбегін ұйымдастырудағы өте тиімді әдіс-тәсілдерді
өзінің негізгі пәні ретінде қарастыратын өзара
тығыз байланысты инженерлік, технологиялық, ғылыми
пәндердің кешенді жиынтығы болып табылады. Есептеуіш техника
мен оны пайдаланатын адамдардың
өндірістік жабдықпен өзара әрекеттесуі,
олардың практикалық қосымшалары, сонымен қатар
осының барлығымен байланысты әлеуметтік, экономикалық
және мәдени мәселелер [3-130]. Сондықтан да
оқытудағы жаңа ақпараттық технологиялар –
бұл студенттердің
жасампаздық, шығармашылық ептіліктерін дамытуда өте
тиімді, әрі ұтымды құралы болып табылады.
Жаңа
ақпараттық технологиялардың оқу барысына ендірілуі
педагогикалық
үдерістің жүзеге асу
тәртібіне өз әсерін тигізбек.
«Ақпараттық
технология» анықтамасы өзіне
есептеуіш техниканың, электр байланысының,
информатиканың ақпаратты жинауға, жинақтауға,
талдауға және алыс – қашықтығына қарамай,
сонымен қатар шырғалаңы көп операцияларды автоматтандыру
және дұрыс шешім қабылдауға арналған
сараптамалық ақпаратты дайындауға қажетті
көлемдерге қарамай тұтынушыға керекті ақпаратты
жеткізумен, қайта өңдеумен айналысатын
әдіс-тәсілдердің, мүмкіндіктердің жиынтығы
болып табылады.
Бізге
қажетті тағы бір анықтама бұл «Оқытудың
жаңа ақпараттық технологиялары» (ОЖАТ.). Бұл
қазіргі заманғы компьютерлік техникалардың,
телехабарламалық байланыс құралдарын оқытудың
қазіргі заманғы технологиялардың
бағдарламалық-әдістемелік интерактивті тасымалын
қамтамасыз ететін құрал-саймандық
бағдарламалық құралдардың жиынтығы болып
табылады.
Оқытудың
жаңа ақпараттық технологиялардың негізгі
мәселелерінің бірі бұл танымдылық іс-әрекетті
басқару үдерісіне интерактивті орта қалыптастыру және
қазіргі заманғы ақпараттық білім беру
ресурстарына, қорларына
(мультимедиялық оқулықтарға және
гипермәтінге, әртүрлі мәліметтер базасына, оқыту
сайттарына т.б. қор көздеріне негізделген
оқулықтарға) қол жеткізу мүмкіндігі .
Жоғары
білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялардың
көпшілігінің ерекшелігі оларды қазіргі заманғы жеке
компьютерлерге негізделуінде болып табылады. Бұл орайда компьютер (заттық) пәндік
ортаның негізгі элементі болуымен қатар, дидактикалық
құралдардың жүйесіне сенімді түрде ене білді.
Қазіргі
уақытта жаңа ақпараттық технологиялар
құралдарының көпшілігі жасалынып пайдалануда, сонымен
қатар, олардың паркі, яғни құрамдары жыл сайын
өзгертілуде, жаңаруда.
Білім беру
саласында пайдаланылып жүрген немесе үнемі пайдаланылуы
мүмкін жаңа ақпараттық технологиялардың
жүйелері мен құралдарына барлық деңгейдегі компьютерлер («супер», «ең үздік
палитоп», «ең нашар») дисплей,
принтер, жады, компьютерге сөзді енгізу құрылғысы,
сканер, пернетақта, ТВ–ақпарат, мәліметтер базасы, білім
базалары, мультимедиа жүйелері, бейнемәліметін, телемәліметін,
ОТИК, модем, пад, компьютерлік желілер, электронды пошта, электронды
конференциялар, ақпараттық іздеу жүргізу жүйелері,
сандық фотокамералар, сараптаушы оқыту жүйелері, теледидар,
радио, телеорын факс, дауыстық электрондық пошта, телеконференциялар,
хабарландырулардың электронды тақтасы, интернеттегі
бағдарламалық навигациялық құралдар,
автоматтандырылған кітапханалар, оқытуға арналған
бағдарламалық құралдар, құпияландырушы
аппаратуралар, редакция баспа жүйелері, CD – ROM. Мәтінді танып
білу жүйелері, (бағдарламалық кешендер (бағдарламалау
тілдері, трансляторлары) мәтінге байланысты сөздерді сараптаушы,
мәліметтерді тасымалдау құралдары, радиостанциялар (К.В УКВ.
қысқа толқынды, спутниктік) пейджерлер, «вертуальды
ақиқат» жүйелері геоақпараттық
жүйелері интерактивті
тақта, интернет жатады. Бұл тізім әлі де толық емес,
бірақ осының өзі жаңа ақпараттық
технологиялар құралдарының және жүйелерінің
алуан түрлілігін байқауға мүмкіндік береді.
Жаңа
акпараттық технологиялар – бұл қазіргі заманғы технологиялық
құралдарды, бірінші кезекте оқытудың әдістеріне
және мазмұнына айтарлықтай өз әсерін тигізетін
компьютерлік техниканы пайдалану арқылы білім беруді жаңаша
ұйымдастыру болып табылады [4-228].
Білім беру саласындағы жаңа
ақпараттық технологиялардың мол қоры келесі, негізгі
мүмкіндіктерді айқындай түсті:
- білім беру мазмұнын таңдау стратегиясы мен
әдістемесін жетілдіру, дәстүрлі пәндерді оқыту
барысына өзгерістер енгізу;
- оқытудың тиімділігін арттыру, оның
жеке тұлғаға бағытталуы және саралануы, жіктелуі
оқу үдерісінде өзара әрекеттесудің,
байланысудың жаңа түрлерін ұйымдастыру және
оқытушы мен білім алушының іс-әрекеттерінің
түрлеріне, мазмұнына өзгерістер енгізу;
- оқыту үдерісін бақылауды,
ұйымдастыруды, жоспарлауды, басқаруды жетілдіру, білім беру
жүйесін басқару механизмдерін модернизациялау.
Ақпараттық технологиялардың
қарқынды дамуы өз тарапынан жаңашыл білім беру
жүйесінің дамуына дұрыс қалыптасуын қамтамасыз
етсе, ал жаңа білім беру жүйесі өзіне бөлінетін
қаражаттық шығынның қысқартылуына
қарамай миллиондаған адамдарды өте жоғары, сапалы білім беру қызметтерімен
қамтамасыз етеді.
Өткен
ғасырдағы білім беру жүйесінде, яғни ескі
педагогикалық әдіс тәсілдерге, экономикалық
механизмдерде және ескі тәсілмен ұйымдасқан
еңбекте жаңа техникалық құралдарды пайдаланатын
ұстаз ұстаз емес, жаңа білім жүйесінде қызмет
ететін және білімнің қазіргі заманда өте табысты
қызмет атқаруын қамтамасыз ететін ұстаз болмақ.
Әдебиеттер:
1. Сластенин
В.А. Педагогическая инновационная деятельность. – М.: Магистр, 1997. – 221с.
2. Сибагатова
Г.К. Образовательные технологии в практической
деятельности студентов вузов. Дисс... к.п.н. : 15.01.04. – Атырау, 2004.
– 178с.
3. Шуберт
Е.Ю. Формирование у будущих учителей физической культуры готовности к
профессиональному самообразованию. – Алматы, 1994. – 130с.
4. Бальсевич
В.К. Физическая культура для всех и для каждого. – М.: Физкультура и спорт,
1988. – 228с.