Педагогические науки /5. Современные методы преподавания
Какенова Д.М., бастауыш сынып
мұғалімі
Қазақстан Республикасы, №41 жалпы білім беретін орта мектебі
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық
қабілеттерін арттыруда ақпараттық – коммуникациялық
технологияның маңызы
«Қазіргі заманда жастарға
ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа
сай мүдделі жаңа білім алу өте қажет», – деп Елбасы
Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, жас ұрпаққа
білім және тәрбие беру жолында ақпараттық
коммуникациялық технологияны оңтайландыру мен тиімділігін
арттырудың маңызы өте зор [1,
3].
Қазіргі
ақпараттық қоғамда және өндірістің
дамуының негізгі құралы болып ақпараттық
ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру
саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға
баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар
кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға
мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары
пайда болуда.
Қазақстан
Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі №
6345 өкімімен бекітілген «Орта білім беру жүйесін
ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы» мектептегі білім
беруді ақпараттандыруға негіз қалап отыр [2, 18].
Қазіргі
заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі
талаптарының бірі – оқу үрдісінде электрондық
оқулықтарды енгізу. Оқу материалдарын ұтымды игеруде
электрондық оқулықтардың атқаратын ролі орасан
зор. Теориялық материалдар әр түрлі суреттер, сұлба
тәсілдер арқылы толықтырылып отырса, онда теориялық
білімді оқып, көзбен көріп, түйсіну және оны мида
бекіту үрдістері бір уақытта өтеді және материалды
қорыту үрдісі ұтымды болады [3,
27].
Бастауыш
мектепте оқу үрдісінде ақпараттық технология
құралдарын қолданудағы мақсатымыз
оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыра
отырып, оқыту үрдісінің тиімділігін арттыруға, белсенді
өміршең позицияны ұстауға мүмкіндік береді.
Жаңа
ақпараттық комуникативтік технологиялар-бұл
оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде
шығармашылық жұмыспен шұғылдануға,
ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз
жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді [4, 9].
Бастауыш
сыныпта қазіргі ақпараттық техналогияларды оқу
үрдісіне пайдалану, оқушыларға білімді сапалы да
шығармашылық деңгейде қабылдауға мүмкіндік
беру мен қатар, оларды осы үрдістің белсенді субъектісіне
айналуына да қолайлы жағдай туғызады.
Ақпараттық-коммуникациялық
технология құралдарын білім беру жүйесіне енгізу білім
алушылардың танымдық қабілеттерін арттырудың бірден бір
көзі. Сабақ барысында әр түрлі тәсілдер
қолдану оқушылардың есінде ұзақ сақталады
және білім мазмұнынан тыс яғни оқу материалынан
өзгеше мағлұматтар ала отырып, сабаққа деген
белсенділігін, пәнге деген қызығушылықтарының
артқанын байқадық.Бастауыш білім берудегі педагогикалық
ақпараттық коммуникативтік технология құралдарын
оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде,жаңа
сабақты түсіндіруде, алынған білімді бекітуде, қайталауда,
білім, білік, дағдыларын бақылау барысында қолдануға
болады [5, 12].
Ақпараттық
технология көптеген оқу бағдарламаларының тууына, дамуына
ықпал етеді. Оқушыларға уақытты орынды пайдаланып, оларға
жаңа мағлұмат, тың дүние беру-жаңа
технологиялардың, ақпараттық технологиялардың жетістігі.
Мен өз сабақтарымда пәнішілік интеграцияны жүзеге асыра
отырып,оқушы бойына тіл заңдылықтарын зерделеп, қолдана
білу, ауыз екі сөйлеу және ойын жазбаша беру біліктерін, дағдыларын
тиімді меңгеріп беруді мақсат етіп қоямын. Оқыту
материалдарына қызықты дәйектерді, іс-әрекеттің
жаңа түрлерін, ойын элементін, жарыстар, сайыстар енгізудің
де үлкен маңызы бар. Танымдық қызығуға
итермелейтін қатынастарға әсерлену деңгейі,
оқушылардың өз мүмкіндіктері мен танымдық
күштеріне сенім артуы, өзара көмек, жарыс, мадақтау
жатадыҚазіргі кезде оқушының алған білімі мен
іс-әрекет түрлерін іс жүзінде пайдалана алатындай
дәрежеге жеткізудің маңызы зор.
Ақпараттық-коммуникациялық
технология құралдарын оқу үрдісіне тиімді
қолданғанда: оқушыға берілген білімнің сапасы
артады; Танымдық қызығушылығы қалыптасады;
ақпараттық мәдениет қалыптасады; оқыту
үрдісінің тиімділігін арттыру; оқу-зерттеу жұмыстарын
да шығармашылықпен жұмыс жасауға үйретеді.
Үнемі
сабақ барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін
дамытуға байланысты жұмыстарды тиімді ұйымдастыру
олардың теориялық білімді қолдану біліктілігін арттырып
қана қоймай шығармашылық қабілеттерін
қалыптастыруда танымдық көзқарастарын дамытуда ерекше
рөл атқарады. Қорыта келгенде тұрақты даму
үшін білім беру үдерісінде АКТ сабақтың мақсат
міндетіне сай пайдаланылған жағдайда оқушылардың таным
қабілеттерін арттыруда тиімділігіне көз жеткіздік. Сапалы
ақпараттық білім беру – тұрақты даму тетігі.
Әдебиеттер:
1. «2006-2011
жылдарға арналған тәрбие жұмысының Кешенді
бағдарламасы». – Алматы, 2005ж.
2. ҚР-ның
білім беру жүйесін 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік
бағдарламасы. – Қазақстан мектебі. – 2004. – №3.
3. Досжанов
Б., Алменаева Р. Қазақ тілінде электрондық
оқулықтармен web-парақтар даярлау әдістері. – Информатика
негіздері. – 2008. – №3.
4. Оқыту
тәрбиелеу технологиясы. – 2009. – №4.
5. Білімдегі
жаңалықтар. – 2008. – №4.