ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫНА ҚОЙЫЛАТЫН
ТАЛАПТАР
Егеубаева
Кулаим Шакратовна – С.Ысқақов атындағы негізгі орта
мектептің директоры, Шымкент облысы, Бөген ауданы, Темірлан
селосы, Қазахстан
Мектепте математикалық білім беру стандарты
талаптарына сай оқытудың мазмұны мен әдістерінің ғылыми
негіздерін жасау үздіксіз білім беру үрдісін жетілдірудің
басты міндеттерінің бірі. Бұл міндеттер математикадан білім беру
стандарты қоятын талаптардан асатын деңгейлік оқытудың
алғы шарттарын анықтауға, оны жүзеге асырудың
талаптары мен жолдарын белгілеуге мүмкін.
Оқушыларға математикадан сапалы білім беруге
бағытталған әдістемелік жүйені (мазмұны, мақсаты,
әдіс, құрал, форма) құрудың бір жолы оқушылардың
математикалық дайындығына қойылатын талаптарды саралау.
Сонымен "деңгей" терминіне тоқталсақ,
ол күнделікті оқыту үрдісінде қолданылып, оның
педагогикада мағыналы түсіндірмесін ғалымдар өлшем деп
беріп жүр. Өйткені, оқушыларға қойылатын талаптар
жоғарылаған сайын "деңгейлік" есептер шығарудың
тиімді екендігін көрсетеді.
Мұндай жағдайға келтіру үшін оқушылардың
математикадан білімі мен біліктеріне мұғалімнің қоятын
талаптары әрбір оқушыға алдын-ала белгілі. Мұғалімнің
мұндағы негізгі мақсаты, біріншіден, барлық оқушы
үшін әрбір тақырыпты өткеннен кейін қандай
білімді меңгеруі және қандай есептерді шығара білу қажеттігін
көрсетіп беру; екіншіден, әрбір оқушының қабілеті
мен қызығушылығына қарай
стандарт талап деңгейі жоғары.
Дидактикалық тұрғыдан сипаттай келіп
"оқыту нәтижесіне байланысты қойылатын талаптар" ұғымын,
Р.Ф.Кривошалова, Э.А.Красновский, В.З.Резникова: "білімді игерудің
сапалық және мөлшерлік сипаттамаларын білдіретін күтіліп
отырған оқыту нәтижелерінің (білім, білік, дағды)
бейнеленуі" -деп түсіндіреді. Ғалымдардың пікірі
бойынша, дидактикалық талаптар мына бөліктерден тұрады:
- оқу пәні
үшін маңызды білімдер жиынтығы (іргелі
ғылыми ұғымдар, заңдар, ережелер, және т.
б.).
- әрбір танымдық обьектіні (білік, дағдыларды қоса алғанда)
игеруте тән іс-әрекет түрлері;
- оқу мәліметтерін
меңгеру сапасы:
Оқушылардың математикадан дайындығына қойылатын
талаптар математиканы оқыту мақсатына байланысты анықталады.
Ал оқытудың нақтылы мақсаты оқыту мазмұнына
және оған қойылатын талаптар мен олардың орындалуына
тікелей байланысты. Алайда оқушылардың математикалық дайындығына
қойылатын талаптар окыту мақсатымен салыстырғанда нақтырақ.
Ол оқушының білімін бағалаудың негізі болып табылады. Оқушылардың
математикадан дайындығына қойылатын талаптардың негізгі
міндеті оқушының білімі мен қоса білігін де анықтауға
негіз болып табылады.
Математикадан білім беру стандарты мектеп математика
курсының оқушы меңгеруге тиісті әрбір тақырыбымен
қоса алғанда осы тақырыпқа сәйкес оқу материалын
игеру кезінде орындалатын іс-әрекет түрлерін де көрсетіп
беруі қажет.
Б.П.Есиповтың "Оқыту үрдісіндегі оқушылардың
өзіндік жұмысы олардың белгілі бір уақытта, мұғалімнің
тапсырмасы бойынша, бірақ оның көмегінсіз орындайтын жұмысы
және олар өздерінің бар күш-жігерін жұмсай келе,
ой мен дене әрекеттерінің нәти,жесін көрсете отырып,
алдарына қойған мақсатқа саналы түрде жетуге
тырысады" деген анықтамасын Н.Г.Дайри толықтырып, өзіндік
жұмыстың белгілері:
1) оқушы оны өзі, ешкімнің көмегінсіз
орындайды;
2) жеке
білімі, дағдысы, тәжірибесі, көзқарасына сүйенеді,
инициати-васын, шығармашылығын,
жеке қатысын пікір айта отырып орыңдайды;
3) еңбектің
мазмұны білім сапасы және
тәрбиелік мәні жөнінен маңыз-ды
болып келеді, сондықтан ойлау қабілетін дамыта түседі дейді. Біздің жағдайымызда осы айтылған жайларды негіз
етіп аламыз, олай болатыны оқушылар
өз бетінше сөздіктермен, түрлі
анықтағыш құралдармен жұмыс жасайды, шығармашылық
мәндегі, мақсаттағы тапсырмаларды орындайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
1.
Давыдова В.В. Содержание и структура учебной деятельности школьников. Вкн:
Формирование учебной деятельности школьников под. Ред. Давыдова В.В.-М.,1986.-239с.
2.
Занков Л.В.
Обучение и развитие.-М.: Педагогика, 1975.-440с.
3.
Лернер И.Я. Базовое содержание образования. //Советская
педагогика-1990.- №10 - с. 15-21.
4. Скаткин М.Н.
Совершенствование процесса обучение. — М.,
1971.-с.
112-114.
5. Шәкілікова
С.Е. Қазақстан Республикасындағы математикадан
жаңа
буын оқу-әдістемелік кешендерінің теоретикалық және
қолданбалы
мәселелері./Республикалық/ ғылыми-практикалық
конференцияның
материалдары, Астана,2002.- 525-526 б.
6.
Есипов Б.П.
Самостоятельная работа учащихся на уроке. - М.,
1961.-192с.