АБАЙ
МҰРАСЫНЫҢ ЖАСТАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ
ТӘРБИЕЛЕУІНДЕГІ ЫҚПАЛЫ
Қ.А.Ясауи атындағы
Халықаралық
қазақ-түрік
университетінің
аға оқытушысы
З.Каниева
РЕЗЮМЕ
В этой статье рассматривается влияние наследия Абая на cамовоспитание молодежи
SUMMARY
This
article deals with Abay’s herritage influense on the youth self ubringing
Абай ақын – ұлы
тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы
туындылары дүниежүзі поэзиясының озық үлгілерімен
деңгейлес тұрғаны – білген адамға айқын
шындық. Сан ғасырлық бай поэзиясы, ел қамын
жоқтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы,
ақындары бар қазақ әдебиетінде Абай орнының
ерекше болуы тегін емес.
Абай халықтың
түбегейлі мүддесін, арман - тіліктерін оқу – білім
қаншалықты терең ұғып-түсініп, қандай
ойшылдық деңгейде, қандай көркемдік
қуаттылықпен айтып, жеткізе алғандығында, ақын
үлкен шығармашылық тұлға болып қалыптасып
жетіліп, кемеліне келуі үшін тиісті қоғамдық
жағдай, аса зор дарын мен даналық, үздіксіз еңбек,
ізденіс, білім – міне осылардың түйісіп келуі шарт.
Құнанбайұлы
Абай (1845-1904) – қазақтың ұлы ақыны,
композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін
қалаушы және оның алғашқы классигі. Шын аты-Ибраһим.
Туған жері – бұрынғы Қарқаралы ауданына
қарасты Шыңғыс тауының баурайы. Орта жүздің
Арғын тайпасының Тобықты руынан, билер әулетінен
шыққан.
Абай Құнанбаев
өзі араласып жүрген ортасын өзгертіп, түзеткісі келеді.
Сол арқылы ақын елге пәле әкелуші емес, қоғамына
пайдалы еңбек етерлік адамдарды тәрбиелеп шығарғысы
келеді. Осының бәрі қауымына, замандастарына жеткізіп,
мәлім етерлік құрал - ақындық, өлеңі
болады.
Мен жазбаймын
өлеңді ермек үшін,
Жоқ - барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі ояу,
көзі ашық, тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек
үшін, – дейді Абай.
Қазақтың
ұлы ақыны А.Құнанбаевтың өмірі мен
шығармашылығын оқып, зерттей келіп, өмірінің
соңғы кезінде жазған қара сөздерінің
мәнін-мазмұнын ашу.
Қара сөздер - публицистикалық
стильмен жазылған әдеби мұра. Ақын
шығармаларындағы адами қасиеттері, өнер-білім тақырыбына арналған
өлеңдері қара
сөзбен үндестігін дәлелдеу.
Абай поэзиясының ең басты ерекшелігін тәрбиелік
тағылымы мол асыл
мұрасы ол өзі
өмір сүрген тұтас бір тарихи дәуірді жан-жақты барынша толық бейнелеп берді.
Бірақ, ақын шығармашылығы жарты ғасырды
қамтитын тарихи дәуірді танытады деу аз. Сол замандағы
қоғамдық өмір салтының , ой-сана , білім-
ғылым түсініктерінің бірнеше ғасыр бойы
қалыптасқанын, түп-тамыры әріде жатқанын
ескерсек, Абай поэзиясы – ағартушылық
көзқарасы қоғамның дамуындағы бір елеулі кезеңді бейнелеу арқылы
халықтың тағдырын, ұлттық мінез-
құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып, қоғам
көшінің жеткен жерін
ғана емес, өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете
білді. Ал қоғам өміріндегі көптеген адамгершілік,
моральдық проблемалардың, мысалы, әділдік, бірлік, достық,
білімдік, еңбексүйгіштік, талаптылық, адалдық, солармен
қатар озбырлыққа жауыздыққа, екіжүзділікке
төзбеушілік секілді сан түрлі мінез-құлық
мәселелері қай заманда да мәні жоймайтындығын
және қанша заман ауысып, уақыт, жағдай өзгерді
дегенмен халықтың ұлттық ерекшеліктері, адамгершілік
қасиеттері жаңғырып, жаңаша сипат ала отырып,
жалғастық тауып отырып, дами беретінінін ескерсек, Абай поэзиясы
кейінгі дәуірлердің, соның ішінде бүгінгі
замандағы өмір шындығын танып – білуге үлкен себін
тигізе алатыны хақ [1].
Олай болса, Абай
шығармашылығын өз дәуірінің
шеңберінде ғана қалатын, осы мағынада
біз үшін тек тарихи маңызы бар, өткінші құбылыс
дап санауға болмайды, ол - заман ауысып, уақыт озған сайын
қоғамдық ой-санаға ықпал әсері арта түсіп, өркендеп, дамып отыратын
асыл мұра .
Тарихи прицип,
тәрбиелік
тағылым Абай шығармашылығының сол
дәуірдегі
қоғамдық
өмірмен
тамырластығын танып-білудің бірден-бір
қажетті шарты екенін
мойындай отырып, ақын шығармаларын бүгінгі
оқырмандар әсіресе,
жасөспірімдер қалайды өздерінің өмірге көзқарасы , арман-мұраттарын жалғастыра, жанастыра қабылдайтынын жоққа шығара алмаймыз .
Абай шығармашылығының өз заманымен, сол кездегі
қоғамдық
өмірімен байланысын,
сол кезде қандай зор танымдық, тәрбиелік міндет
атқарғанын , сөз өнерінде не жаңалық әкелгенін толық түсінсек, сонда ғана біз оның
кейінгі кезеңдерде,
қазіргі заманда қоғамдық ой-сананың , мәдениеттің,
оқудың
өркендеуіне
қандай ықпал жасап
келе жатқанын толық
аңғара аламыз .
Сондай-ақ, ақын
мұрасының
өміршеңдігін, заман
озған сайын маңызы,
әсері қаншалықты күшейе
түскенін зер салып
байыптасақ, оның өз заманының озық
тілекмақсаттарына
сәйкес тарихи
өмірдің өзі туғызған бастапқы сипат – қасиеттерін айқынырақ тани
аламыз . Оның
ең басты бір
қыры оқу – тәрбиелік
маңызында.
Мұратқа жету жолдарының
бірі - өзіне сын көзбен қарау. Бұл - кез келген
адамның қолынан келе бермейтін өте күрделі
белгілердің бірі. Бірақ бұл - парасатталықтың
басты белгісі. Абай сынды ұлы адамдар ғана бұған ерекше
мән берген және өздері сондай қасиетті адамдар
болған. Сондықтан да ұлылыққа жете алған
десек жаңсақ бола қоймас. Мысалы оның:
Ойға түстім толғандым,
Өз мінімді қолға алдым, -дегенінен өзін
сынағанын көреміз. Мұндай қасиет, әрине туа бітпейді, тәрбие арқылы даритыны
белгілі.
Өзіне сын
көзбен қараудың тәлім-тәрбие теориясындағы
мәселелері көпке белгілі болғандықтан, бұл жерде
оны талдап отырудың қажеті бола қоймас. Сондықтан жас
буынның бойында осы қасиеттерді қалыптастыру мәселесіне
ғана тоқталамыз. Өзін-өзі сынауды Абай адамның
адамдық қасиеттерінің бір белгісі ретінде
қараған. Ол “егер де есті кісілердің қатарында
болғың келсе, күнінде бір мәрте, немесе жұмасында
бір, ең болмаса айына бір өзіңнен есеп ал. Сол
алдыңғы есеп алғаннан бері өміріңді қалай
өткіздің екен, не білімге,
не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің
өкінбестей, қылықпен өткізіпсің? Жоқ
болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей
қалыпсың?”-дейді. Бұдан жастардың ойға
түйері мыналар болса абзал:
1. Күніне, аптасына не болмаса айына бір рет өзін-өзі
есеп беру.
2. Мұнда өзіне пайдалы не болмаса басқаларға
пайдалы қандай іс қылғандығын ескеру.
3. Әлде уақытыңды
не істеп өткізгеніңді өзің де білмейсің бе, соны
санаға салу. Ғұлама
ақын “Жапырағы қураған үмітпен” деген
өлеңінде өзінің көп уақытты бос
өткізіп алғанына өкініп, өзін дүниежүзілік
білім кеңістігіне енуде, жастардың тәрбиелі де
тәртіпке
бағынуы үлкен жетістікке
жететінін дәлелдеп отыр.
Сонымен қара сөздердің
түйіні:
1.Сонда кешегі
Абайдың феодалдық дәуірдегі философиясы бүгінгі
Қазақстандағы демократиялық қоғамға
қызмет етіп отыр.
2.Бір ұлт емес
дүниежүзіндегі адамның бет-бейнесінен көрсетуге
қызмет етіп отыр.
Абай қағидалары бойынша біз шығармашылық
пікірлерден кейін өркениет дәуіріндегі жеке
тұлғанның моральдық тұрғыдағы моделін
шығардық.
Абайдың педагогикалық мұраларының
негізгі идеяларының бірі –адамдардың өзара
қарым-қатынасы, әсіресе, жастарды еңбекке баулу.
Ақын, ойшыл ұлы ұстаз –Абай халықтың әл-ауқатының
деңгейі, санасы, мәдениеті, адамдардың өзара
қарым-қатынасы, бір-біріне мейірбандығы, ұлттың
ерекшелігі, салт-дәстүрінің дамуы сол халықтың
еңбексүйгіштігіне, еңбек ету дәрежесіне тікелей байланысты екенін даналықпен
болжады. Тек еңбек,
еңбек
құмарлық
халықты өнерге үйретеді, білімге меңзейді, ғасырлар
бойы қайыршылық жайлаған халықты еңбек ғана
биікке шығарады, психологиясын өзгертеді –деген Абай даналығы
бұл күнде де күшін
жойған жоқ. Абай еңбекті басқа да қазақ
ағартушылары сияқты-байлықтың, молшылықтың
көзі,- деп санады. Жастарды еңбекке шақырды.
Еңбек Абайша айтсаң – өнер. Жастардың еңбек
тәрбиесі, сонда ғана жүзеге асады, егер ол
халықтың, бүкіл көпшіліктің, түптеп
келгенде, бүкіл қоғамның игілігі не айналғанда,
оның молшылық қажетіне жараған жағдайда, білім
алып, бақытты болған шағында. Ол еңбек тәрбиесі-
басқа барлық тәрбиесінің негізі. Басқалары
ақыл-ой, адамгершілік, патриоттық, эстетикалық,
экологиялық пен экономикалық еңбек тәрбиесінің
құрамдас бөлігі екеніне дәлелдеп берді.
Еңбек тәрбиесін, оқу мен білім алудың негізі – деп түсінген Абай
жас ұрпақтың барлық тәрбиесінің
көзін- бұлағын еңбектен іздеді. Ол еңбек пен
қоғамдық еңбектің тұтастығын, бірлігін,
парасаттылық пен инабаттылықтың, білімділіктің, тұлғалықтың
талғамын, үлгілерін, өмірдің, тіршіліктің жеке
тұлғаның қалыптасуын
аса көрегендікпен дәлелдеді, оған өлең
жолдарын, ғақлияларын арнады. Ең бастысы еңбек пен
адамгершілік сапасын қалыптастырады, адамды, жастарды эстетикалық
рухта тәрбиелеп, оларды әдемілікке, көрнекілікке жеткізеді,
оларды жарқын болашаққа шақырады, материалдық
игілікке жол ашады.
Ақын пікірінше,
еңбек – адамды жан-жақты дамыған,
ғұламалыққа көтереді, баулиды, жетелейді. Абай
арманы еңбекке, адамгершілікке, ақыл-ойға, парасаттылық
пен инабаттылыққа негізделген, үлкен
мәдениеттіліктің қайнар бұлағына айналған.
Абай тағылымы – даналықтың,
ғұламалылықтың, құдіреттіліктің,
имандылықтың кәусар тамшысы, ағынды тасқыны,
дария көлі мұхиты.
Абайдың қоғамдық мұрат
нысанасы туралы айтқанда, ол адамгершілікті, әділдікті насихаттап,
елді адал еңбек етуге шақырып, білім-ғылымды, өнерді
халықтың қажетіне жаратуға алдымен мән бергенін
естен шығармау қажет[2].
“Дүниенің
теңдесіз жетістігі - Адам. Сол адамның жаны мен тәні
сұлулық пен келісімнен айнымау керек”,-деген пәлсапалық
түйінге келеді. Адамның жаны, тәні, ойы мен сезімі
кәусар судай таза болуы керек. Адам санасын тек қана
қайырымдылыққа, жоғары мақсатты рухани кемелдікке
жұмсауы шарт,-деген оймен қортындылаймын.
Абайдың
ақындық әлемі, өнерпаздық өнегесі,
поэзиялық туындыларының мазмұны-мағынасы, сыр сипаты,
көркемдік өзгешілігі жайында бір еңбекте жан-жақты
толық баяндау қиын. Біз Абай шығармаларын оқып,
түсіну үшін оқырмандарға қажетті деген негізгі
мәселелерді қамтып, өз ой-түйіндерімізді бір
жүйеге келтіріп, көпшілікке ұғымды тілмен айтуға
тырыстық. Алайда Абай шығармаларындағы өмір
шындығы, ақыннның адамгершілік мақсат-мұраты,
суреткерлік шеберлігі секілді немесе жалпы поэзия табиғатына
қатысты күрделі мәселелерді де аттап өтуді жөн
көрмедік. Өйткені Абай поэзиясының терең мәнін,
көркемдік қасиетін, нәрін жеңілдетіп айтылған
сөзбен жеткізуге болмайтыны анық қой. Қай мәселені қозғап,
қандай шығарманы сөз қылғанда да, Абайдың
өз заманында ең озат ой-пікірлердің, идеялардың
жаршысы, халықты ағарту, жастарды еңбекке, ғылымды
біліп-үйренуге баулу үшін күрескен қайраткер
болған үлкен ақынның тұлғасы ашып
көрсетуге күш салдық [3].
Біздің ең басты мақсатымыз – Абай
шығармаларының мазмұнын-мағынасын,
тағылымдық мәнін, көркемдік қуаттылығы неғұрлым
тереңірек тану, сезіну екені анық. Абай поэзиясы туралы ой
түйіп, пікір қорытуы үшін әр оқырман алдымен
ақынның өз сөзіне зер сала үңілу
қажет. Сонда бір сәт айналадағы өмір-болмас туралы
Абайша ойлап, өмір шындығын, тіршіліктің мағынасын,
адамның қоғамдағы орнын, поэзияның
қадір-қасиетін Абайша сезінгендей болса, ақынның
сөзі оқырманның ой-сезімін қозғап, оған
шығарманың әсер-ықпалы күшейе түседі.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. «
Қазақ тілі » журналы. Алматы , 2006 . 11-12 б.
2. «
Қазақ шығармалары »
жинағында 1909 жылы
басылған Абай өлеңдері
3. «Егемен
Қазақстан» газет. № 119-120.
25- қаңтар 2006ж.