ОЮ-ӨРНЕК АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ
ДҮНИЕТАНЫМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ
Адам
баласының дүниетанымы, талғам түсінігі әлемнің
тұтастығын, өлшеусіз шексіздігін түйсіну қолөнер
бұйымдарында бейнелеуге айналып ою-өрнек түрінде көрініс
туып отырғаны мәлім. Ыдыс-аяқ, киім-кешек, сәндік бұйымдарда
болмыстың қағидалары бірде қарапайым, бірде күрделі
өрнектер арқылы жазылып отырған. Ешбір ою-өрнек мақсатсыз
орындалмайды. Қандай өрнек болсын оның әрбір элементі бөлігі
белгілі бір мәнге ие болады.
Жоғарыда атап көрсеткеніміздей ісмер,
шеберлер ою-өрнектің негізгі – киелі бейнелерді тек әйтеуір «қасиетті»
деп қолдана бермеген. Әшекей бейнелер терең талдаудан өтіп,
ұлы заңның қағидаларына бағынатын ғылыми
жүйеде жасалған. Табиғатты жете таныған оның құпия
сырларын қажетті деңгейде толық меңгерген қазақ
халқы өрнек арқылы өз білімін, дүниетанымын
көрсеткен.
Қазақ
қолөнерінде көркем ойдың, оның икемді баламасы - өрнектің
ғасырлар бойы қоғам талғамымен біте қайнасып,
тікелей сәйкестікте дамып келгендігін аңғаруға болады. Қазақ
ою-өрнегінің өзіне тән жүйесін қалыптастыруда
айналадағы ортадан алынған, киелі, ғұрыпты делініп
келген көркем ойдың затқа айналған үлгілері мен құбылыстарын
көреміз. Міне, бұдан ою-өрнек өнері ғасырлар тұңғиығынан
қайнап шыққан бұлақ көзіндей таза күйінде,
құпиясын ішіне сақтап бізге жеткенін көреміз. Қазақ
халқы өнер тарихында өзіндік алар орны бар ерте заманнан келе
жатқан алуан түрлі бай өнердің лайықты мұрагері.
Бұл мұралар халықтың тұрмыс-тіршілігімен күні
бүгінге дейін тығыз байланысты.
Қолданбалы өнер шығармаларын
жасау барысында шебер түстердің үйлесімділігін ескере отырып, оларға
белгілі бір мән- мағына берген. Мысалы, академик Ә. Қ.
Марғұланның және С. Қасимановтың зерттеулері
бойынша түстердің мынадай символдық мағыналары бар:
Ақ түс – бақыт, қуаныш , ақиқат.
Қызыл –от пен күн көзінің символы.
Сары –ақыл- парасаттың, қайғы- мұңның
символы.
Жасыл- жастық шақ пен көктем.
Көк – көк аспан, көк аспанға табыну.
Қара түспен жер ананы белгілеген.
Негізінен суретте көрсетілген символдардан көшпенділердің
рухани өмірі мен дүниетанымы кездейсоқтың, жүйесіз
сапырылысқан ұғым емес екендігі анық байқалады.
Керісінше «көшпелі» деп аталатын ғасырлар бойы жинақталып,
сараланып, өмірлік тәжірибеден өткен біртұтас идеялық
процестердің мәдени заңды құбылысы. Адамзаттың
барлық дәуірінен келе жатқан қазақ санасындағы
өзіндік дүниетаным бүгінгі таңға дейін қазақтың
тілінде, дәстүрінде, өнерінде, салт санасында, әдеп- ғұрпында
сақталып келеді. Тұтас бір халықтың рухани болмысы мен
таным дәстүрін тарихи тұрғыдан таразылау оңай
емес. Сонда да болса халқымыздың рухани дүниетанымының
бірі ғасырлар бойы өзгермей келе жатса, екіншісі ұмыт қалды,
үшіншісі өмір заңына сәйкес түрлі діндер,
салт-саналармен араласып, жаңа мән-мағынасын тапты. Солардың
бірі түр-түстердің өзара үйлесімділігі қол өнердегі
алатын орны мен маңыздылығы туралы айта кетуге болады. Түр-түс
табиғатын танып білу ұзақ дәуірдің, халық
болып жаралғаннан бергі дүниетанымның өзін қоршаған
тамаша табиғаттың түр-түсін меңгеруін және
оларды күнделікті тұрмысында орынды қолдана білуінің нәтижесі
болып табылады. Адамдардың түр- түс табиғатын танып
білуі ертеден келе жатқан дәстүр түрі. Бұл дәстүр,
әрине, әрбір халықтың рухани, мәдени өмірімен,
тілімен бірге дамып, кемелденіп отырады.
Түр-
түсті танудың адам үшін қажетті үш элементі бар
олар. Біріншісі-тағдырдың адамға сыйлаған тамаша
тартуы-көз, екі жанар, екіншісі-жер бетіндегі тіршіліктің қайнар
көзі, әлемге жарық сәуле шашушы күн,үшіншісі
бізді қоршаған табиғат,тіршілік болмыс. Бұлар
бір-бірімен тығыз байланысты және бірінсіз-бірін танып білу мүмкін
емес. Осы түр-түстерді көркем шығармаларды да ақын
жазушылар шынайы шеберлікпен де суреттей білген. Мәселен, Мұқағали
Мақатаев өзінің «Райымбек, Райымбек» атты дастанында қара
түсті білдіретін атауды былайша қолданады:
Қара
таудың басынан көш келеді,
Қара жорға шайқалып бос келеді,
Қара күнді жамылып,қара қазақ,
Қара түнді басынан кешкен еді-деген өлең
жолынан түр-түс атауының қыры мен сырын ұғуға
болады. Көркем шығармаларда түр-түс атауларының
салыстыра теңеу арқылы да, бір түстің қанықтығы,ашықтығы
немесе солғындығы мен күңгірттігін бояу-нақышын әсерлеп
көрсететін тұстары да бар. «Қара жерге қар жауар, қарды
көр де, етім көр. Қар үстіне қан тамар, қанды
көр де, бетім көр...» салыстырулар өзінің эстетикалық
мәнін аша түседі /1,134-135/.
Ал
енді осы түр-түстердің қол өнердегі өзара
адам дүниетанымына әсері өмір танытқыш күшін,
болмыс шындығын бейнелеудегі қарымдылығы,адам әрекетінің
белсенділігін көрсетеді,сайып келгенде, бояу үндестігі,бояу шешімі
адамға идеялық және эмоциялық жағынан әсер
ететін негізгі арқау болып саналады.
Текемет, сырмақ, түс киіз,кілем тағы сол сияқты үй
мүліктерінің тек ою-өрнекте көңіл аударылмай,
бояу түстеріне де ерекше ден қойылған, адамға әсері,
ой тастауы сол бояу арқылы бағаланып және одан жасаған
шебердің ішкі жан дүниесін түсінуге болады.
Түр-түстердің
ақ, қара, боз, бурыл, қоңыр, берен, сары, күлгін,
көк жасыл, шаңқан, қызыл десек, негізгілері осылар болғанымен
бұлардың әрқайсысы ақшаулап қызыл, бірнеше
ажырымдарға жіктеліп, «түрлеме» құрайды. Мысалы, қызыл,
сарықызыл деген өңді ақшаулан қызыл, сары, қызыл,
күлгін қызыл, қызыл жирен, қырмызы, қанқызыл,
нарттай қызыл деген түрлеме түстерге бөлуге болады. Осы
бояу түстеріне жеке-жеке көңіл аударатын болсақ, әр
түске әрқалай мінездеме беруге болады.
Көк
түске көк әлемін, оның шексіздігін, оның тазалығын
және оған сай адам көңіл-күйінің
шексіздігін, кеңдігін немесе шарықтауын теңестірген. Ал,
жасыл түске жер бетіндегі жасыл желең, жайқалған көктем,
адам көңілінің көктемдей құлпырып, жасаруы,
жастық шақпен байланысты болса, қызыл түске көз
алдымызға бар тіршілік жылу берер, от гүл шоқтары, күн,
тіршілік келеді, ал адамға байланыстырсақ күш-жігерге, қайратқа
теңестірген.
Сары
түс арқылы біз күз көрінісін көреміз. Қазақтар
күз маусымын үшке бөлген: қоңыр күз, сары
ала күз, қара күз, яғни адам өміріне
байланыстырсақ көңілдің жабырқауы, сарғайған
жапырақтар, сарғая күту, қартайған шағы сияқты
әсер қалдырады.
Қара
түс жер символын немесе көңілдің жабырқауы айсыз қараңғы
түн сияқты теңеулерді және жоқшылықты, қайғы-қасіретті
білдіреді.
Ал,
ақ түстен адамның ақ көңілін, тазалығын,
қуанышын көреміз. Қазақтың қол өнері
түрлерінің киіз басу, сырмақ тігу, арқан есу өнерінде
көбінесе ақ пен қара түс кеңінен пайдаланылған.
Ақ пен қара түстерді пайдаланғанда оқушыларға
«Біреудің ала жібін аттамау, ала жіпті кесті» деген қасиетті ұғымдардың
мәнін түсіндіріп отыру қажет. Ала жіпте үлкен дүниетанымдық
мән-мағына бар. Есілген жіп бірі ақ, бірі қара болып
есіліп, ажырамастай өріледі. Ала жіп киелі саналады, өйткені күн
мен айдың алмасуы, тіршіліктің, өмірдің жалғасуы
бейнесінде көрінеді. Бала тұсауын кескенде осы ала жіпті пайдаланады. Мәселен, тұсау
кесуші әйел жүре бастаған баланың ала жіппен тұсау
салып жатып:
Қаз-қаз балам, қаз
балам, Озып бәйге
ала ғой.
Қадам бассаң мәз
болам. Қаз-қаз
балам, жүре ғой,
Күрмеуіңді
шешейін, Қаз
баса ғой қарағым,
Тұсауыңды
кесейін. Құтты
болсын қадамың,
Қаз-қаз балам, қаз
балам, Өмірге аяқ
баса бер,
Тақымыңды қарайық, Асулардан аса бер.
Басқаныңды санайық. Жүгіре қойшы
құлыным,
Балтырыңды түре ғой, Желбіресін тұлымың.
Тай-құлын боп шаба ғой, Елгезек бол ерінбе.
Ілгері
бас, шегінбе, -
деп өлеңдете отырып, тұсау жіпті қайшымен қияды
да, баланы 3-4 аттатады. Бұл
бала ұлы өмірге аяғын нық басып енсін деген ниеттің
белгісі.
Қолөнер халық өмірімен,
тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасқан өміршең өнер.
Шеберлердің қолынан шыққан қолөнер
туындыларын халықтың өмірінен, тұрмысынан бөліп
алып қарау мүмкін емес. Өйткені, бұл заттар ел тұрмысына
сән беріп, адамдарға рухани ләззат әкелген. Қолөнер
дүние жүзінің әр халқына тән, бұл
халық қазынасы, ғасырлар мұрасы. Соған орай әр
елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына,
табиғат ерекшелігі мен эстетика талғамына байланысты қолөнері
өзіндік ерекшелігімен халық өмірінде өшпес із қалдырып
отырған Көне заманнан келе жатқан қолөнері де өз
халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап
қалған. Қазақстан территориясында археологиялық қазба
жұмыстары кезіндегі табылған әр кезеңде жасалған қолөнер
бұйымдары соны дәлелдейді.
Халық өнерімен бірге жасасып, біте қайнаған
қазақтың киіз басу өнері әлі де өз маңызын
жойған жоқ.Киіздің қазақ қолөнерінде
тек құрылыс материалы ретінде практикалық жағы,
сапасының мықты болуы ғана емес, сонымен бірге әдемілігіне
де ерекше көңіл бөлінген. Киізден тұрмысқа қажетті текемет басып, сырмақ ойыстырып, түскиіз
тігіп, әр түрлі аяққаптар, теңдер, дорбалар
жасалынған. Жұқа басылған ақ киізден әр түрлі
бас киімдер мен сырт киімдер тігілген. Киіз басу өнерінде халық
арасында кең таралғаны-текемет басу, сырмақ ою түрлері.
Барлық жерде «текемет» атауы бірдей аталады. Ақмола облысында «Оюлы
текемет» деп аталады. Өйткені аппликациямен (бастырмалаумен) құрастырып
текемет жасайды. Ол үшін аппақ жүнмен өте ұқыпты
түрде киіз басады. Бетіне ою-өрнектер шұға, сәтен
немесе жібек матадан кесіліп тігіледі.
Қазақтың дүниеге
көзқарасында бас киім ерекше қастерлеген. Оны
осы кезге дейін аса құрметті қонаққа ат мінгізіп,
шапан жауып, бөрік кигізетін дәстүрден де аңғаруға
болады. Қазақ қауымында әдетінде ер мен әйелдің
бас киімі әр басқа. Ерге тән бас киімдер: тақия, бөрік,
тұмақ, қалпақ, шалма, дулыға т.б. Әйелдер
бас киімі: кимешек, жаулық, күндік, шаршы, сәукеле, желек
т.б. қазақ ғұрпында бас киім көріктілік пен сәнділікті
баршылықты білдіретін қасиетті киім саналған. Қазақтың
«Дос басыңа, дұшпан аяғыңа қарайды» дейтін мақалы
осы жайдан қалыптасқан. Сол сияқты сыпайылық көрсеткенде,
біреуден кешірім өтінгенде, аяққа жығылғанда бас
киімді шешіп немесе бөрігін аяқ астына тастап аҺ ұру да
осы бас киімді қастерлеуден туған.
Қазақ
халқының қолөнерлік дәстүрінің
тарихына көз жүгіртер болсақ, қазақтың
зергерлік өнері ұлттық мәдениетіміздің тарихынан
айрықша орын алатынын байқауға болады. Өнер атаулының
ішінде түп тамыры мыңдаған жыл әріде жатқандығын
қазба жұмыстары дәлелдеп отыр. Қазба жұмыстарының
нәтижесінде бізге жеткен мұрағаттың бұйымдардағы
қолтаңбалар ежелгі өнердің көркемдік деңгейінің
жоғары болғандығын көрсетіп отыр. Қазба жұмыстарының
нәтижесінде бізге жеткен мұрағаттың бұйымдардағы
қолтаңбалар ежелгі өнердің көркемдік деңгейінің
жоғары болғандығын көрсетіп отыр. Әсіресе, қола
дәуіріне жататын зергерлік бұйымдар пішінінің көркемділігімен,
әсерлілігімен ерекшеленеді. Есік обасынан, шілікті, Бесшатыр қорғандарынан
сақтарға скифтерге тән аңдарды бейнелеу үрдісіндегі
полихромды алтын әшекейлері, Бурабай көлі маңындағы
обадан табылған ғұндар дәуіріне жататын алтын
элементтер және одан кейінгі замандардағы табылған көркем
бұйымдар, зергерлік өнердің нұсқалары шын мәніндегі
қайталанбас асыл мұра болып табылады. Мұның өзі
жоғарыда айтып өткен сөзімізге дәлел бола алары анық.
Қазақ
арасында темір соғатын адамдарды да, ағаш өңдейтіндерді
де, зергерлерді де «ұста» деп атаған. Ұста, сөзі –
шебер, өнегелі, ісмер, епті деген ұғымда ағаш ұстасы,
темір ұстасы, күміс ұстасы, сөз ұстасы деген сияқты
тізбектеле айтыла береді. Бірақ алтын-күміс әшекейлі бұйымдарды
жасаумен әуестенушілер өздерінің тірлігі мен темір ұсталарының
ісін бөлек дүние деп санаған.
Сондықтан да Орта Азия халықтарында ерте кезде-ақ оларды
зергерлер деп атау қалыптасқан. Ал зергер сөзі парсы тілінде
зер-зер қазақ тілінде алтын деген ұғым білдіреді. Демек
зергер сөзі парсының сөзі.
Қазақ зергерлерінің ең
негізгі еңбегі әйел әшекейлерін жасауға байланысты болған.Қазақ
халқы шолпысының сыңғырына қарап қыз
баласының келе жатқандығын байқайтын болған. Қыз
баланың көрікті болуына халқымыз әрдайым ерекше көңіл
болып отырған. Соған қарап аналары «Аттың көркі
жал, қыздың көркі шаш» деп баланың шашының ұзын
болып өсуіне аса назар аударған.
Шашқа
таңу, кигізу, қосып өру үшін жасалынатын әсемдігімен қатар қыз-келіншектің
шашының ұзындығы мен қоюлығын ашып көрсететін
әсемдік бұйымдар әйел сәнділігін бірден –бір қажетті
дүниесі болып табылары анық.Шаш
қыздың сұлулығын
білдіріп, тіпті оның тартымды және сымбаттылығының
басты белгісі ретінде қабылданған. Шашбау, шолпы, сақина,
білезік, қоза, алқа т.б. жасау ерекшеліктерімен қымбат бағаланатын.
Сонымен, қорыта келгенде дүниетанымның қалыптасуы
тікелей өмірдің дамуымен байланысты.
Біздің
сонау көне замандарымыздан бастап өмір сүрген ата-
бабаларымыз өнердің қай түрін болмасын, қадірлеп
пір тұтып, көздің қарашағындай аялап сақтаған.
Содан болса керек ата- бабаларымыздың қай дәуірде, қай
кезеңдерде болмасын, өмір сүрген ортасының тыныс
тіршілігінің мағлұмат беретін, жерінің, табиғатының
байлығын дархан даладай көңіл-күйінің кеңдігін
танытатын дүниетанымдық көзқарасы бүгінгі күнге
қаз- қалпында бізге жеткен.
Жалпы өнердің барлық
түрі өзіне тән бейнелі тілі, тәсілдері мен әсемдік
әлемін ашып көрсетіп, адам дүниетанымына әсер ететіні мәлім.
Соның ішінде сәндік қолданбалы өнер арқылы тәрбие
мен білім беру дүниетаным қалыптастыру дегеніміз белгілі бір
кезеңде ғана шұғылданып, содан соң ұзақ
уақыт үзіліс жасап, қажет болған кезде қайта
айналысатын нәрсе емес.
Адамның бүкіл өмір
бойына үздіксіз жүзеге асырылатын процесс. Ол әрдайым әрленіп,
нәрленіп отыратын, дамылсыз дамып отыратын ерекше сала. Халық мұрасындағы
ұлттық өнердің ұрпақ тәрбиесі
саласында жиі айтылатын халықтық педагогиканы толық мағынасы,
астарлы ролі жайлы түсінік әркімде әрқилы. Жасыратыны
жоқ, ғалымдар да, осы төңіректе бір жүйелі тұжырымға
келе алмай жүр. Оның негізгі бағыты, жас ұрпақты ұлттық
таным, салт-дәстүріміз рухында тәрбиелеу, халықтық
тәрбиеде әбден шыныққан асыл қасиеттерді бабалар үрдісімен
олардың санасына сіңіру екендігі бәрімізге белгілі. Ал, ұлттық
тәрбиенің міндеті – жас ұрпақты өмірдің
барлық салаларындағы: адамның өмірі мен тұрмысындағы
еңбектегі көркем өнердегі табиғаттағы халық
өнерінің тарихи дәстүріндегі сұлулық пен әсемдікті
көре білетін, яғни дүниетанымы жоғары азамат тәрбиелеу.
Ал, күнделікті өмір мен табиғаттағы түрлі құбылыстарды
бақылап, түсініп оны дұрыс пайдалану үшін жастардың
халық өнеріндегі ұлттың тарихи дәстүрінің
дүниетанымдық қасиеттері жоғары, сауатты өнердің
түрлі салаларынан жанға рухани ләззат ала алатын, сезім түсінігі
ұшқыр, ақыл-ойы алғыр, терең білімді азамат болуы
керек. Осындай адамның өмірге, тарихи дәстүрге ұлттық
өнерге дүниеге көзқарасы оның өмірі мен қызметінің
барлық саласында көрініп тұрады.
Оқушыларды халық мұрасындағы
ұлттық өнерді, тарихи дүниетанымдық дәстүрді
сезу қабілетін дамыту үшін өнерге құмарлықтың,
білім мен шығармашылыққа талпынудың бұлақ
суындай қайнап шығып жатқан көзіне айналуы шарт. Ал, бұлақ
көзінің бітеліп, қайнардың сарқылып қалмасы
үшін халық мұрасындағы ұлттық өнердің
тарихи мол дәстүрінен сусындай отырып, оның қиын да күрделі
тілін түсіне білуге ұмтылуы парыз. Халық өнерінің
дүниетанымдық қажеттілігі бізге дейін адамзат тарихының
ғасырлар бойғы жемісі болып табылады. Адамның шығармашылық
ойлау қабілеті ұрпақтан-ұрпаққа қалай
мұра болып келе жатса, ұлттық қолөнер де атадан
балаға ауысып, мұра болып келе жатқан асыл қазына. Мұны
сезінбеуден даналық жоқ, талант жоқ, ақыл-парасат жоқ
күнделікті тіршілік қамына, өзімшіліктің ұсақ-түйек
есептеріне қажетті құнсыз ақылгөйсу ғана.