Сөйлемнің
қатысымдық және тілдік ерекшеліктері
Молдабек Қ.-
п.ғ.д., А. Иассауи атындағы ХҚТУ, Ермекбаев М.А.
-п.ғ.к., АӘИУ (Қазақстан)
Тілдік грамматика- тілдік
қарым-қатынасты жүзеге асырудың түп негізі. Грамматикалық материалдарды сөйлеу
барысында дұрыс меңгеріп, орынды қолдана білу-
түсінісудің басты құралы. Грамматика — тілдегі
барлық материалдардың өзегі. Сондықтан
ғалым-тілші С.Исаев "Қазіргі қазақ тіліндегі
негізгі грамматикалық ұғымдар" атты еңбегінде:
"Тілдің грамматикалық құрылысы тіл
деңгейлерінің көлемі жағынан да, мазмұны
жағынан да әрі күрделісі, әрі ауқымды екені
даусыз. Өйткені тілдің қоғамдық
құбылыс ретінде өзіндік ерекшеліктері, атқаратын
қызметіндегі сан алуан жүктері, даму барысындағы
диалектикалық заңдылықтары — барлығы тілдің
грамматикалық құрылысынан анық көрінеді"-
деп,өте дұрыс айтқан [1] Сөйлей білу үшін,
оның барлық алғышарттары бірге, тұтас жүйе
түрінде оқытылуы кажет. Мұндай оқытудағы басты
алғышарт сөйлеудің материалдық базасы болып табылады.
Олар:
-
дыбыстық құрам;
- сөз;
-
грамматика.
Сөйлеу әрекеті үшін
басты орын алатын сөз; оны құрайтын — дыбыс; ал бұл
екеуінің барлық тілдік міңдетін жүзеге асыратын -
грамматика. Грамматика- бүкіл тілдік қарым-қатынастың
өзегі. Грамматикалық жағынан өзара дұрыс
байланыспаған сөздер, сөз тіркестері немесе сөйлемдер
адам ойын анық әрі толық жеткізе алмайды. Сондықтан да
сөздер белгілі бір мағынаға ие болып, жүйелі түрде
өзара байланыса келіп бір бүтінді құрайды да
дұрыс әрі нақты ойды біддіретін тиянақты сөйлемге
айналады.
Сөйлеудің негізгі
құрамы: дыбыстардың айтылуы мен жазылуы, грамматикалық
ережелер, сөздердің тіркесуі, оқыту үдерісінде басты
орын алады және ерекшеліктеріне қарай мыналарға сәйкес
келеді:
-
заңдылық;
-
мағына;
-
тұлға.
Заңдылық
— грамматикамен, мағына — сөзбен, тұлға дыбыстық құраммен тікелей байланысты. Дыбыс пен сөз, грамматиканың бірлігі ретінде тиянақталған ойды білдіретін сөйлемде көрінсе, тұлға мен мағына,
жүйелі ойға құрылған
мәтіннен байқалады.
Қазақ лингвистикасында
тіл мен сөйлеуге қатысты мәселерді анықтап, алғаш
рет олардың
айырмашылықтарын көрсетіп, жіктеген ғалым – Ф.Ш. Оразбаева. Ф.Ш. Оразбаева «Тілдік қатынас: теориясы
және әдістемесі » атты еңбегінде тіл мен сөйлеуді
бір-бірімен байланысты,
бірақ оларды бөлек екі құбылыс ретінде танып, екеуіне
ортақ мынадай қаситтерді
атап өтеді:
а) әрі қоғамдық -
әлеуметтік;
ә) әрі жекелік,
дербестік мәні бар;
б) әрі қатысымдық
құбылыстар [2, 42].
Ф.Ш. Оразбаева осы іргелі
еңбегінде тіл мен сөйлеуге мынадай анықтама береді: «Тіл–табиғиғаттың
өзіне тікелей бағынбайтын күрделі құбылыс
Сондықтан ол әлеуметтік-қоғамдық процесс болып саналады » [2, 42]. «Тіл
сияқты сөйлеу де әлеуметтік құбылыс. Өйткені сөйлесуді жеке бір адам жүзеге
асыра алмайды, ол бірнеше адамдардың тілдік түсінігі арқылы іске асады. Сөйлесім адамдарды
біріктіреді, оларды өзара байланысқа түсіреді. Мұндай байланыс қоғамның
құрылысына әсер етеді» [10, 44].
Дескриптиктер (дескритивисты) фонема
мен морфеманы тілдік тұлғаның қатарына жатқызғанымен,
сөзді тілдік тұлға ретінде танымайды. Сөз–олардың пікірінше, морфемалардың жиынтығынан
құралған күрделі құбылыс.
Сонымен тілдік тұлғалар
жөнінде анықтамалар мен түсініктерді талдай келе тілдік
тұлғаларға мынадай қасиеттерге ие бірліктер жатқызылды:
а) Дербес мағынаны білдіреді немесе мағынаның жасалуына
әсер етеді;
ә) Дайын күйінде тіркеседі
және әрі қарай бөлшектенбейді;
б) Өзінің
қасиеттерімен тілдік жүйені нұсқайды;
в) Бір ғана субъектіге
қатысты болады.
Енді осындай қасиеттерге ие
тілдік тұлғалар былайша іріктелді. Тілдік жүйені
құрайтын фонема, морфема,
сөз, сөз тіркесі, сөйлем және мәтін тілдік
тұлғалар деп есептелінеді.
Ал енді грамматикалық бірліктері:
сөйлем мен мәтінде номинативтік мағынадан гөрі предикативтік мағына
басымдау, сондықтан бұлар қатысымдық тұлғалар қатарына
жатады. Бұл пікірді айтқан ғалым– Ф.Ш. Оразбаева .
Сөйлем–адамдардың тілдік қарым-қатынас жасау үдерісінде
ойды жеткізудің негізгі бірлігі. Сөйлем құрамындағы сөздер (кейде
фразеологиялық тіркестер) бір-бірімен байланысып, тұтас ойды
білдіреді. Сөйлемді тілдік қатынастың
негізгі тірегі ретінде қарастырып, В.А.Звегинцев ол
туралы былай дейді: «Предложение есть минимальная и вместе с тем основная единица речевого общения... Процесс речевого
общения представляет обмен тысячи, но не обмен морфемы, словами и
словосочитаниями» [3, 172].
В.А.Звегинцевтің пікірімен келісуге де келіспеуге де болады. Келісетін
тұс: Сөйлем–тілдік қарым-қатынаста қолданылып, тиянақты
ойды, мазмұнды көрсетеді. Келіспейтін тұс: Сөйлем адам ойын
түгел жеткізбейді, сондықтан ол тілдік қатынастың
негізгі тұлғасы емес. Бұл тұрғыда Ф. Оразбаеваның сөйлемдегі рет, сөз
қолданған адам ойын түгелімен жеткізе алмайды. Мұндай қасиет мәтінде ғана кездеседі
деген пікірі дұрыс: «Адам өз ойын екінші біреуге жеткізген кезде
қалай болса солай айтылған сөйлемдер тізбегін
құрамайды. Керісінше, жинақталған пікірін,
көзқараспен бір-бірімен ойы жағынан да, қалпы тарапынан
да бірлескен сөйлемдер жүйесімен, яғни
мәтін арқылы жеткізеді, баяндайды. Адам тілдік қатынасты үлкенді-кішілі, ірілі-ұсақты
мәтіндерді сөйлесім әрекетінің кез - келген
кезеңінде ойдан құрап, қолдана
біледі» [2, 25].
Сөйлемнің ойды жеткізу қабілеті жоғары
болғанымен, ол адамның пікірін толық жеткізе алмайды.
Құрылымдық негізі: Ой білдіруі:
Сөз, фразеологиялық __ Сөйлем __________ жоғары дәрежеде тіркестер
Дербес қолданылып,
ойды білдіреді.
7- сурет
Тілдік қарым-қатынас
үлгісінде ой, идеялар және түсініктер, бір сөзбен
айтқанда, адамдар арасындағы ой қызметі нәтижелерінің алмасуы екені
жалпыға белгілі. Жоғарыда аталған қатысымдық
тұлғалардың әрқайсысында өзіне тән
қатысымдық айқындық, қарым - қатынас үдерісінде көрінетін
ақпараттардың молдығы және үдемелік (динамизм)
болады.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі
грамматикалық ұғымдар.
Алматы: Ана тілі, 1992.
2.
Оразбаева Ф.Ш .Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі.
–Алматы: РБК, 2000 - 208 бет.
3.
Звегинцев В.А. Теоретическая и
прикладная лингвистика. Учебное пособие для филол. факультетов пединститутов. –
М.: Просвещение, 1968. – 336 стр.