Қазақ тіл біліміндегі қосымшаларды жіктеу мәселесі
Кульбаева М.М.,
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің
аға оқытушысы , филология
магистрі
Қазақ
тілінің негізгі байлығы - оның сөздік қоры. Ол байлықтың қалай
жиналғанын, алуан
түрлі
сөздердің
қыры мен сырын, олардың қалай
қалыптасқанын, басқаша айтқанда, бай
лексикалық
қордың жасау тетігін
жүйелі түрде,
арнайы зерттеу -бүгінгі күннің талабы. Жаңа
сөздің
жұрнақ
арқылы жасалуын мойындасақ жұрнақтың
сөз
құрамында
қолданылуын, ал
сөздің
құрамы
морфологияның объектісі екенін
мойындау керек.Қазір орыс
тіл білімінде сөзжасамның жалпы
теориялық
мәселелері
жан-жақты зерттеледі
.Оған орыс тілінің 1970, 1980 жылдары шыққан академиялық грамматикаларын
дәлелге келтіруге болады. Сөзжасамның тіл
білімінің жеке саласы
ретінде танылуын
В.В.Виноградов, Г.О.Винокур, Н.М.Шанский, Е.А.Земская, Е.С.
Кубряков сияқты т.б.
толып жатқан ғалымдар теориялық тұрғыдан дәлелдеді.Түркологияда бұл
мәселенің беті
әлі толық ашылған жоқ, негізінен
сөз тудыру морфология
көлемінде беріліп жүр. Түркі тілдерінде шыққан грамматикалардың
көпшілігінде
сөзжасам
морфологияның ішінде әр
сөз табымен байланысты
беріліп келді.
[1.4]Сөз жасауының негізгі
жолдары мен тәсілдері тюркология
ғылымында
қазіргі кезде негізінен
анықталғанына
қарамастан, бұл
мәселенің жеке түркі
тілдерінде қойылысы,
алатын орны, сондай-ақ зерттелу
дәрежесі бірдей емес. Сонымен бірге біраз еңбектерде сөз тудыру,
жаңа сөз жасау
процесінің нәтижесінде сөздің лексикалық
қорының
толығып отыратынын негізгі
алып, ғалымдар
сөзжасамды
лексикологияға
жатқызады[2.75]. Тіл
біліміндегі сөз жасауға қатысты
мәселелердің бәрі
тіл білімінің өзінше дербес саласы ретінде
жеке қаралу керек
деген ғалымдардың,
оның ішінде, әсіресе, орыс тіл
білімі
ғалымдарының
ұсыныстары түркологтарға да
әсер ете бастады.Қазақ тіл
білімінде сөз тудыру
барлық
грамматикаларда морфология құрамында берілген, ол жөнінде
басқа пікір
ұсынушылар, пікір таласы кездеспеді. Бірақ ғылымдағы соңғы, жаңа көзқараспен
санаспауға болмайды.
Сөзжасам жеке сала
ретінде танылмай, жеке сөз
таптарының
құрамында
қаралып
жүргенде
сөзжасамның жалпы
теориялық мәселелері зерттелмей, барлық назар
жеке сөз таптарының жасалымының
төңірегінде болды.
Сөзжасам жеке сала
ретінде танылмай, жеке сөз
таптарының
құрамында қаралып
жүргенде, сөзжасамның жалпы теориялық
мәселелеріне
жеткілікті көңіл бөлінбей келді. Соның
нәтижесінде
сөзжасамның
жалпы теориялық мәселелері зерттелмей, барлық
назар жеке сөз таптарының жасалымының
төңірегінде болды.
Қазақ
тілінде сөз жасауға қатысатын
негізгі
тұлғаларға
түбір сөз және
қосымша жатады.
Түбір тілде түрлі
аспектіде қаралып жүргенімен, дәл сөз
жасаушы негізгі тұлғалардың бірі
ретінде толық зерттелді
деуге келмейді. [3.3]
Қазақ
тіл білімінде қосымшаларды жіктеу
мәселесінің
өзіндік даму,
қалыптасу жолы бар. Қазақ тілі
қосымшаларын жіктеудің алғашқы сүрлеуі XIX ғасырдың екінші
жартысындағы
П.М.Мелиоранский, Н.А. Баскаков,
Э.В. Севортян секілді орыс
түркологтарының
еңбектерінде салынды.
XX ғасырдың басында бұл мәселе қазақ
тілінде
А.Байтұрсыновтың
еңбегінде
жалғасын тапса,
Қ.Жұбанов
бастаған
мамандардың
өсіп жетілуіне байланысты
қосымшаларды жіктеу ісі
одан әрі
теориялық
жағынан толығып,
өз дамуының келесі
бір маңызды кезеңіне
аяқ басты[4.97].
Тілдің өзге де құрылымдық
элементтерінің өзді –
өздеріне тән
жүйесі болатыны сияқты, сөздің құрылымдық элементтерінің бірі
болып есептелетін қосымша морфемалардың тиісті
жүйесі болады,
қосымша морфемалар қосымшалар деп
аталады. Қосымша
морфемалар жүйелі құбылыс. Біріншіден, олардың түбір
морфемалармен
түйіскендей қарым –
қатынастарынан
байқауға болады,екіншіден,олардың
грамматикалық семантикалары мен
грамматикалық
қызметтерінен де көруге болады, қосымша
морфемалар іштей сөз
тудыратын морфемалар,
сөз түрлендіретін морфемалар
және сөз жалғастыратын морфемалар
болып бөлінеді.Сөз тудыратын
қосымшалар
лексикалық категория деп
есептелінеді.Сөз
тудыратын қосымшалар
белгілі бір сөзге
жалғанғанда, одан
лексикалық
мағынасы басқа жаңа
сөз туса, екіншіден,
сол жаңа сөз
белгілі бір лексика – грамматикалық категорияға, белгілі бір
сөз табына телулі болады, мысалы:құр
(етістік),құрылыс (зат есім),құрылу(сын
есім),құрамалы(сын есім)т.б.
Жұрнақ
өзі қосылатын түбірге жаңа
лексикалық
мағына
үстейтіндіктен,ол сөзді жаңа лексикалық
тұлғаға
айналдырады.Мысалы:тік,тігіс,тігін,тігінші,тігіншілік,тікпе.Қазақ тілінде
бір түбірге қажетіне қарай бірінен соң
бірі тізіліп бірнеше
жұрнақ жалғана береді. Мысалы, тігіншілік,
құлақтандырушы
дегендердегі бірінші сөзде
-ін, -ші, -лік жұрнақтары,екінші сөзде -тан,-дыр,-у,-шы жұрнақтары бар.Қолданылу ерекшеліктеріне қарай осындай тізбектелген жұрнақтардың үстіне сөз
жалғастыратын
қосымшалар да үстеле
береді.
Құрылымы мен құрамы жағынан
жұрнақтар жасау да,құранды да болады,мысалы ; сана, санау, үйші, бастық,
сүзбе дегендердегі -а, -у, -ші,
-бе, -тық жұрнақтарын жалаң
жұрнақтар деп есептейміз
де, елеулі, аумалы,
көтеріңкі, ескілікті
дегендердегі – улі, - малы, - іңкі, -лікті жұрнақтарын құранды жұрнақтар деп
санаймыз. Жұрнақтар
шығу төркіні жағынан да семантикасы жағынанда қаншалықты
жақын бола тұрса
да сөз жасау
қабілеттері мен стилистикалық орамдылығы жағынан
ешуақытта да өзара
бірдей болмайды. Мысалы:-лық жұрнағы
мен -шылық
жұрнағының
құрамындағы -лық элементі екеуіне де
ортақ форма, бірақ
алдыңғы
жалаң жұрнақ пен
соңғы
құранды жұрнақтардың сипаттары
бірдей емес. (мысалы:жоқтың және
жоқшылық, адамдық және адамшылық деген
сөздердің лексика –
семантикалық ерекшеліктері мен
қолданылу оралымдарын салыстырып
көруге болады.)
Жұрнақтарда
мағыналастық, қарсылықтық сипаттар
болатыны сияқты көп
мағыналық пен омонимдік
сипаттар да болады, мысалы, ашық күн және ол ашықты; айтыс басталды және олар
айтысты ; жауын жауды және
сен жуын
дегендердегі -ық,
-ыс,-ын
жұрнақтарын
салыстыруға болады. Бір алуан
жұрнақтар
өздері
жалғанған
сөздерден
лексикалық
мағынасы басқа немесе
басқа сөз табына
тән жаңа сөздер тудырмайды, түбірі
және негізі қай
сөз табына тиісті
болса, сол сөз табына
тиісті сөздер, ішкі категориялық жаңа формалар тудырады. Белгілі бір сөз табының өзіне
тән ішкі категориялық жаңа формалар тудыратын
осындай
жұрнақтарды форма тудыратын
жұрнақтар деп,
сондай форма тудыратын
жұрнақтар
арқылы жасалатын жаңа
формаларды ішкі категориялық формалар деп айтамыз.
Жұрнақтарды мазмұны мен қызметі жағынан дара мағыналы және
көп мағыналы жұрнақтар, синонимдес және
омонимдес жұрнақтар деп
жіктеп, құрамы
және құрылымы жағынан жалаң
жұрнақтар мен күрделі жұрнақтар
деп бөлумен қатар, оларды тілдің байырғы
өз материалынан шығуына я басқа тілден
енгеніне қарай төл
жұрнақтар және
кірме жұрнақтар деп, мезгіл
жағынан ерте және
кеш
қалыптасқандығына
қарай көне жұрнақтар және
жаңа жұрнақтар деп, осы
күнгі тілде сөз
тудыру
қабілетінің сақталу я
сақталмауына
қарай тірі жұрнақтар және
өлі
жұрнақтар деп,
қазіргі кезде сөз
тудыру жағынан өнімді және
өнімсіз болуына қарай, құнарлы жұрнақтар және
құнарсыз
жұрнақтар деп саралауға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Балақаев М.Б., Есенов Қ.М., Жанпейісов Е.Н.,
Оралбаева Н.О. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам
жүйесі. Алматы, «Ғылым», 1989 ж
2. Қалиев
Ғ. Өнімді, өнімсіз жұрнақтарды анықтау
критерийлері. Қазақстан мектебі 1980ж, №9, 75 б.
3. Мұхтаров
С. Қазақ тіл біліміндегі сөздерді топтастыру мәселесі.
Алматы, «Ғылым», 2001 ж, 3 б.
4. Тоқтаров
Т. Сөзжасам мәселесінің зерттелуі. Қазақ тілі мен
әдебиеті, 1997ж, №3, 97 б
С.Исаевтың
қосымшаларды жіктеудегі жаңашылдығы.
Кульбаева М.М., А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің аға оқытушысы ,
филология магистрі
Қазақ тілінің грамматикасында
қосымшалар жұрнақтар мен жалғаулар болып, екі
үлкен топқа бөлінеді де, алғашқылары одан
әрі сөз тудырушылар мен форма тудырушылар деп сараланады.
Қосымшалардың яғни аффикстердің бәрінің
басын біріктіретін морфология болса, оларды жұрнақ,
жұрнақша, жалғау деп тануымызда лексикалық,
лексика-грамматикалық және грамматикалық
мән-мағына, қызметтері шешуші роль
атқарады.Қосымшалар арқылы жасалған әрбір туынды
түбір, аналитикалық амалға жататын біріккен сөз,
қос сөз т.б. жеке қазақ тілі сөздіктерінде
өз ішкі мән-мағыналарына қарай сипатталып, тура
және ауыспалы сөздер тіркесі ішінде т.б. жан-жақты
түсіндіріліп сипатталған.Академик А.Н.Кононов сөзжасамды (словообразование)
деп бөлек, форма тудыратындарды (формаобразование) деп бөлек
әр сөз табы тұсында баяндайды. [17.26]Қазақ тіл
білімі саласының дамуына елеулі үлес қосқан
ғалымдардың бірі С.М. Исаев қосымшалардың
семантикалық сипаты, грамматикалық мәні мен қызметі
жағынан басты қасиеттерін, өзіндік белгілерін тауып, талдай
отырып, олардың ең алдымен морфема ретінде ең негізгі
ерекшеліктерін танып біліп және сол арқылы тілдің
грамматикалық категориясынан асатын орнын айқындап, шегін ажыратып,
өз ішіндегі түрлерін нақты анықтаған.Қосымшалардың
басты қасиеті, лексика-грамматикалық (семантикалық)
сипаты-жаңа мағына, жаңа сөз тудыра ала ма, тудыра
алмай ма деген критерий. Негізінде сөзжасам қосымшасы мен форма
тудыратын жұрнақтардың арасы үлкен. Сөзжасам
қосымшасымен салыстырғанда, форма тудырушы жұрнақтар
белгілі топтағы сөздерге түгел жалғана алып,
грамматикалық немесе лексика-грамматикалық категорияның
тұлғалық көрінісі болып табылады. Жалғаулар да
өзі жалғанған сөзге грамматикалық мағына
ғана үстеп, грамматикалық категорияның
тұлғалық көрінісі болады.
С. Исаев қосымшаларды мағыналық
жағынан топ-топқа бөліп қарастырған:1.Бір
мағыналы және көп мағыналы қосымшалар;2.синоним,
антоним қосымшалары;3.омоним қосымшалар;4.функциялы
қосымшалар.
Тілімізде кейбір қосымша
арқылы жасалған сөздер сөздік құрамнан жеке
мағына ретінде орын алып, өмір сүре алмай, тек белгілі
контексте ғана қолданыла алатын уақытша сөздерді
тудыратын қосымшалар функциялы қосымшалар деп аталады. Мысалы, алматылық жігіттер,
бір кайнатым шай, таяқ тастам жер, бір көйлектік
мата т.б. тіркестер құрамындағы көрсетілген
сөздер осы контексте жұмсалады. Бұлар сөздік
құрамындағы даяр тұрған туынды сөз де емес,
сөйлеу процесінде басқа сөздермен қарым-қатынаста
тұратын сөз формасы да емес, тек белгілі контексте ғана
қолданылатын уақытша сөздер.
Мысалы, Итті
қонақ жараспас. Айтушы
сен болғанда,
іске асырушы мен болайын. Осындағы итті
(ит-ті), айтушы (айту-шы),асырушы (асыру-шы) сияқты
сөздер жаңа туынды ретінде жеке сөз болып қабылданбайды,
тек сол сөйлем ішінде ғана немесе сол тіркес шеңберінде
қолданылады.
Қазақ
тіліндегі қосымшалар жүйесінде сөйлеу процесінде
жалғаудың орны бөлек.Жалғаулар, бір жағынан,
форма тудыратын қосымшалардың бір түрі болып табылады,
өйткені форма тудырушы жұрнақтар сияқты жалғаулар
да өзі жалғанған сөзге белгілі бір грамматикалық
мағына (көптік, тәуелдік, жақтық, меншіктілік,
объектілік, мезгілдік, мекендік-бағыттық т.б.) үстеп, белгілі
бір топтағы сөздердің түрлену формасы болып табылады.
Жалғаулардың форма тудырушы жұрнақтардан ең басты
айырмашылығы сөз байланыстыру қызметіне байланысты. [18.53]Түркологияда қосымша деген ұғымы «аффикс»
терминімен белгіленеді де ол көбіне өз ішінде әрі қарай
жіктелмей, өте кең мағынада қолданылады, сөйтіп,
«аффикс» деген термин, бір жағынан, қазақ тілінің грамматикаларында
қолданылып жүрген қосымша мәнінде, екінші жағынан,
әрі жалғау, әрі жұрнақ мәнінде бірдей жұмсалады.
Қазақ тіл білімінде
қосымшаларды белгілі түрлерге жүктеуге негіз болатын қасиеттері:
қосымшалардың мәні, мағыналық сыр-сипаты, қолданыстық
қызметі, жіктелу жүйесі толық айқындалады деуге болмайды.
Қосымшалардың қазақ тіл грамматикаларында көрсетіліп
жүрген айырма белгілері, мағыналық қызметтік түрлері
оны сөз құрамының бір морфемалық бөлігі ретінде,
әсіресе семантикалық мәні грамматикалық-тұлғалық,
қызметтік дербестігі жоқ, түбірден өзгеше морфема ретінде
қажетті сипаты болып саналғанымен, ол қосымшалардың өз
ішіндегі құрылымдық-мағыналық қасиетін, қызметтік-мәндік
ерекшеліктерін, соларға байланысты тілдің грамматикалық құрылысын,
оның сырын айқындап, жіктелу түрлерін таныта алмайды. [19.12]
Сонымен бірге тілімізде бөтен тілден енген
қосымшалар да өмір сүріп келеді. Бұлардың
қатарына -и (әдеби, діни, ресми т.б.) қосымшасы мен оның «қазақыланған»
түрлі -ы, -і (арабы, қазақы, естекі, алтайы),
-паз, (өнерпаз), -кеш (арбакеш) -хана, (емхана)- стан (Қазақстан)
сияқты қосымшалар да жатады.Құрамы жағынан
қосымшалар жалаң және
құранды болып та бөлінеді.
Жалаң қосымшалар тұлғалық
жағынан да, семантикалық жағынан да, қанша дыбыстан тұрса
да, бөлінбейтін біртұтас, бір бүтін морфема болып саналатын қосымшалар
да, екі я одан да көп қосымшалардан құралып, мағына
жағынан тұтасып кеткен, бірақ сыртқы түрлі жағынан
немесе басқа сөздер құрамында қолданылуы немесе көне
тілде жұмсалуы арқылы бөлуге болатын қосымшалар қүранды
қосымшалар деп аталады. [20.214 6]
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қалыбаева А, Оралбаева Н, Қазіргі
қазақ тілінің морфемалар жүйесі.
Алматы, «Ғылым»,
1986 ж.
2. Исаев
С. Қазіргі қазақ тілі курсы бойынша теория мен практика А, 1991
ж.
3. Маманов И. Қазіргі қазақтілі .
Алматы, 1966 ж.
4. Исаев С.Қазіргі қазіқ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты.2001ж.