Фразеологизмдердің этнографиялық сипатын мемлекеттік тілмен интерактивтік тәсілдер
арқылы салыстыра оқыту
(Өзбекстандағы қазақ мектептеріндегі ана тілін оқыту әдістемесі бойынша)
Шолпан Бөлекбаева
Өзбекстан, Науайы облысы,
Тамды ауданы, 10-мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы,
«Достық» орденінің иегері,
«Халық ағарту ісінің үздігі»
Өзбекстан Республикасындағы
білім беру басқа тілде
алып барылатын мектептерде
оқушылардың ана тілін
еркін дамытуға, олардың тіл дамыту
дағдыларын нығайтуға, өз пікірлерін
жазба және ауызша
түрде еркін, көркем бейнелей
алу сауаттылығын арттыруға ерекше мән берілуде.
Педагогика ғылымының
докторы Қ. Хұсанбаеваның орыс мектептерінде мемлекеттік тілді, Ш. Жолдасованың қарақалпақ мектептерінде мемлекеттік тілді, Е.
Абудувалитовтің қазақ мектептерінде өзбек әдебиетін
оқыту мәселелеріне арналған ғылыми-методикалық
еңбектерінде бұл мәселелер жан-жақты қамтылған.
Алайда, басқа тілде білім
беретін мектептерде сол ұлттың ана
тілін мемлекеттік тілмен
салыстыра оқыту мәселесі – тіл білімі әдістемесі алдындағы өзекті ділгірліктердің
бірі болып отыр.
Түркі тектес тілдердің
ішінде бір-біріне ең жақын тілдер
болғандықтан қазақ және өзбек
тілдері өзінің фонетикасы, лексикасы және грамматикалық құрылысы тұрғысынан өзара
ұқсас болумен бірге кейбір
айырмашылықтарымен де ерекшеленіп
тұрады.
Баспасөз материалдарымен өзбек
тілінде танысуы, ресми
құжаттардың
мемлекеттік тілде жүргізілуі, бұқаралық ақпарат – радио, теледидар
хабарларының
мемлекеттік тілде қабылдануы басқа тілде білім
алушы оқушылардың мемлекеттік тілді игеруіне оң ықпалын
тигізумен бірге өзбек
тіліндегі көп сөздердің ана тіліне тікелей аударма түрінде
ену жағдайлары да аңғарылып
отырады. Мысалы; истади – істейді (қалайды болу керек), эришди –
ерісті (қол жеткізді болу керек) т.б.
Бұл жағдай тіл білімінің барлық салаларында байқалады. Әсіресе,
лексикология бөлімінде
фразеологизмдерді мемлекеттік тілмен салыстыра оқыту қажеттілігі күшті
сезіліп отыр.
Жалпы білім беретін орта
мектеп бағдарламасында
фразеологизмдер 5 сыныпта лексикологияның құрамында, 8 сыныпта
синтаксис құрамында үйретіледі.
Коммуникативтік моделге
негізделген білім жүйесі «..оқушыларды өз-өзін, материалдық болмысты тілдің көркемдегіш бейнелі құралдары арқылы аңғаруға
және өзінің сезім-түйсіктерін туған
тіліміздің кең мүмкіндіктері шеңберінде баяндай алу
дағдыларын қалыптастырып, дамытуға бағытталған..»[i]
Фразеологизмдер тілдің осындай көркемдегіш құралдарынан бірі,
пікірді ауыс мағынада әсерлі де көркем
жеткізуге қызмет етеді.
Фразеология лингвистиканың үлкен
бір саласы, ( грекше phrasis сөзінен алынған) екі
немесе бірнеше сөз
тіркесінен тұрып, бір мағынаны
аңғартатын сөз тіркесі.[ii]
Фразеологизмдер семантикалық тұрғыдан
алып қарағанда, белгілі бір
халықтың басынан
кешірген тұрмысына, олардың өзіндік
ерекшеліктеріне, әдет-ғұрпына, мінез-құлқына, ұлттық құндылықтарына байланысты пайда болады.[iii]
Сондықтан ежелден
бір-біріне жақын, тегі
бір қазақ-өзбек
халқының
екеуіне де ортақ және әрқайсысының өздеріне тән
фразеологизмдері олардың ұлттық
құндылықтары мен этногрфиясына сәйкес қолданылады.
Қазақ-өзбек
халықтарының этникалық және мәдени жақындығы
мен өзіндік ерекшеліктері олардың
фразеологизмдерінде де айқын
көрінеді. Мысалы «Жабулы
қазан жабулы күйде
қалсын», «Көрпеңе қарап көсіл», «Көзім ұшып
тұрған жоқ», «Қабағынан қар жауып» сияқты фразеологизмдер екі халықта да қолданылады.
Фразеологизмдер тақырыбына
5 сыныпта 3сағат беріліп, мәтіндер
талдау негізінде сөздің тура және ауыс мағыналарын
анықтау, олардың ауыс мағыналарына синонимдес сөздер табу, салыстырмалы талдауға лайық
тапсырмалар берілген. Бұл
жаттығуларды
мемлекеттік тілмен салыстыра
отырып, «Кіші топтарда
жұмыс істеу», «Санаға шабуыл»,
«Өзіндік жұмыс», «Зияткерлік ринг» сияқты ойын-сайыстар
үлгісіндегі интерактивтік әдістерден пайдаланып орындау тиімді.
Жаттығуларда фразеологизмдерді олардың
синонимдес сөздерімен табу тапсырылғын. Мұны
«Кіші топтарда жұмыс істеу» интерактивтік әдіс
арқылы «Фразеологиялық антонимдер» және «Фразеологиялық синонимдер» деп екі топқа бөліп орындатуға болады.
Ал көркем шығармалардағы кейіпкерлерге мінездеме беру, тұрақты тіркестерді
қатыстырып мәтін құрау сияқты
тапсырмаларды «Өзіндік жұмыс», «Санаға шабуыл» сабақ
түрлерімен және фразеологиялық сөздіктермен жұмыс
істеу арқылы жүзеге асыру мүмкін.[iv]
8 сыныптың Қазақ
тілі оқулығында
фразеологизмдер сөз тіркестерінен ажырата алу мақсатында
үйретіледі.[v]
Мұнда тақырыпқа сәйкес жаттығулар аз болғандықтан,
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай олардың фразеологизмдерден алған
білімдерін қызықты «Эверест»
зияткерлік ойын-сайысы арқылы
анықтау әрі әсерлі, әрі тиімді.
«Эверест» зияткерлік ойынын
төмендегіше 3 сатыда
ұйымдастыруға болады:
1-саты
Мұнда оқытушы берілетін
фразеологизмдердің
білдіретін мағынасын, күнделікті
өмірде қолданылу жайын баяндап, дәріптеп береді,
оқушы оны тұрақты тіркес
күйінде жеткізеді.
|
|
Дәріптелуі |
Қазақша нұсқасы |
Өзбекше нұсқасы |
|
1 2 3 4 5 |
Не де болса, шошымай, үлкен іске
ұмтыл Тым асырып жіберу Тығыз ынтымақты, тату жандар Қуып жіберу Бұл жерде бір
құпия сыр бар |
Жығылсаң, нардан жығыл Түйедейді түймедей етіп Жарты құртты бөліп жеген Табаныңды жалтырат Бұл не
деген батпан құйрық, айдалада
жатқан құйрық |
Осилсанг баланд дорга осил Пашшадан фил ясама Бир майизни қириқ бўлиб еган Туёғингни чиқирлат Бир балоси бўлмаса, шудгарда
қуйруқ на қилур |
1-сатыда оқушылар көбінесе
бірінші жауабында-ақ фразеологизмдердің өзбекше нұсқасымен
жауап беруі анықталды. Өйткені, күнделікті өмірде көркем әдебиет,
көркем фильмдер арқылы өзбек
тіліндегі фразеологимдер олардың лексикалық қолданыстарына еніп
кеткен. Сондықтан қазақ оқушыларына олардың ана
тіліндегі фразеологизмдерді меңгерту үшін де
мемлекеттік тілмен салыстыра
оқыту, сөздікпен жұмыс
істеу қажеттілігі сезіліп тұр.
2-саты: Фразеологизмдерден қазақша-өзбекше сөздік жасау
|
|
Фразеологизмдер |
Аудармасы |
|
1 2 3 4 5 6 |
Бармағын тістеу Тырнақ
астынан кір іздеу Асығы
алшы тұру Тілімнің
ұшында тұр Су қылып ішіп
алған Көзім
ұшып тұрған жоқ |
Бармоғини
тишлаш Тирноқ
тагидан кир қидириш Ошиғи
олчи туриб Тилимнинг
учида тур Сувдек
ичиб олган Кўзим учиб тургани
йўқ |
2-сатыда да оқушылар екі
тілге ортақ фразеологизмдерді өзбекше әдебиеттер арқылы дәлелдеуі,
кейбірі ғана қазақ әдеби көркем шығармаларына сүйенуі анықталды.
3- сатыда оқушыларға берілген
фразеологизмдердің
тура мағынасын табу
тапсырылды.
|
|
Фразеологизмдер |
Тура мағынасы |
|
1 2 3 4 5 6 7 8 9 |
Ұзын
арқан кең тұсау Ат үсті қарау Тізгінді
қолға алу Мұрындық болу Әңгімеге арқау ету Тілге
тиек ету Сыбағаң суып барады ма? Жемеген
самсама ақы төледім Қамыр
ұшынан пәтір |
Жайбарақаттық Жауапкерсіздік Басшылықты алу Бастамашы
болу Әңгімеге тақырып ету Мақтаныш
тұту Асығу Жазықсыз
жазалану Жұмысты
бастап қою |
Бұл шартта
қызу пікірталас негізінде
берілген фразеологизмдердің
этимологиясы мен этнографиялық сипатын
ашуға да ерекше
көңіл бөлінді. Мысалы
арқан, тұсау,ат,
тізгін, мұрындық, арқау, тиек,
сыбаға қазақ халқының тұрмыс-салты, мал
шаруашылығы, әдет-ғұрпы, жалпы
этнографиясы негізінде пайда
болған сөздер. Сондықтан бұл
сөздер өзбек лексикасында көп кездеспейді.
(Кей жағдайда: «Арқовига қараб
бузини ол, онасига қараб
қизини ол» сияқты мақалдарда болмаса.) Самса,
пәтір – өзбек халқының ұлттық тағамын
бейнелейтін соңғы екі
фразеологизм өзбек
лексикологиясына тән.
Этимологиялық мағынасын терең ұқтыру үшін
оқушыларға бұл
сөздердің түсіндірме сөздігін
жасату маңызды.
Арқан – мал байлайтын жіп
Тұсау – малдың аяғына салынатын жіп
Тізгін – аттың басын басқаратын
жіп
Мұрындық – түйені жетектеу үшін
мұрнына тағылатын ағаш
Арқау – өрмек тоқуда пайдаланылатын жіп
Тиек – домбыраның
ішегіне тірелетін ағаш
Сыбаға – қонаққа берілетін ас
Пікірталас барысында
қазақ халқының негізгі
шұғылданған кәсібі –төрт түлік
мал болғандығы, қазақтың кең
байтақ даласында, кең жайлауда малы ұзын арқан кең тұсаумен жайбарақат жайылғандықтан,
«Ұзын арқан, кең тұсау» тіркесі адамдардың жайбарақат
мінезіне байланысты айтылуы, «Ат үсті қарау» –
аттың үстінде бірер
іс тындыру мүмкін емес, асыға-аптыға
істелген жүмыс жауапкерсіздікті
аңғартуы т.б. талқыланды.
Жоғарыда айтылғандай, келтірілген
фразеологизмдердің барлығының түп-төркінінде қазақ
халқының өзіне сай тұрмыс салты, төрт түлік
мал шаруашылығы, ұлттық музыка аспаптары мен қолөнеріне байланысты
ұғымдар айқын көрініс тапқан. Бұл сабаққа өте қызығушылықпен кіріскен
оқушылар өздерінің де көзі қарақты қариялардан, ата-әжелерінен естіген
фразеологизмдерінің
этимологиясы жайлы пікірлерін ортаға салды. Олар «Ит өлген жерде» тіркесінің «ұзақ» деген мағынаны білдіруі де ежелден келе жатқан «Жақсы
ит өлімтігін көрсетпейді» деген түйіннен келіп шығуын мысал етті.
Фразеологизмдерді
мемлекеттік тілмен интерактивтік әдістер
арқылы салыстыра оқытудың маңызды жақтары:
- оқушылар
фразеологизмдердің пайда болуында сол халықтың этнографиясы, ұлттық құндылықтарының зор маңызға ие
екенін саналы түрде
түсінеді:
- ққушыларда Отан-Анаға
сүйіспеншілік, Егемендік идеяларына
беріктік, қазақ-өзбек халықтарының ұлттық
және жалпыадамзаттық құндылықтарына құрмет сезімі қалыптасады
және дами түседі.
[i] Жалпы орта білімнің оқу бағарламасы мен Мемлекеттік Білім стандарты Т; 1999, 47-бет
[ii] А.Хасенов . Тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері А-1985,»Мектеп»,92-б.
[iii] І.І.Кеңесбаев. Қазақ тілі жайында ізденістер Алматы 1987, 206-бет
[iv] 5-сынып Қазақ тілі оқулығы, Ташкент -2005, Шарқ, 100-105-бет
[v] 8-сынып Қазақ тілі оқулығы, Ташкент -2006, «Узбекистон» 25-бет