ҚР ҚЫЛМЫСТЫҚ
ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДАҒЫ
ЖАЗАЛАРДЫ ЖІКТЕУ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ДАРАЛАУ
Педагогика ғылымдарының
кандидаты М.С. Молдалиев,
ХҚТУ магистранты А.Б. Орынбасаров
Жазаның әлеуметтік нәтижелілігі шындық, жазаның өзі әділ болуы үшін дара және жіктеу принциптері міндетті түрде сақтала отырып тағайындалуы керек. Бұл принциптердің мазмұнын дұрыс түсіну үшін олардың басқа принциптердің арасындағы орнын, қылмыстық және қылмысты атқару саясатында, жаза теориясы дамуындағы рөлін анықтау керек.
Әдебиеттерді жіктеуге айырмашылық, өзгешелік, бөліну, әртүрлі бөлімдерге, сатыларға бөліп жіберу деген анықтама берілген [1,401б.]. Жіктеу жазаны үйлестіру, әр түрлі жаза, жазаның бөлінуі дегенді білдіреді.
Жаза - қылмыс жасап кінәлі болған тұлғаларға қолданылады. Қылмыс түріне, мәніне, жасалу тәсіліне, жағдайына, қылмыстың жасалу уақытына және басқа жағдайларға байланысты өзара бөлінеді. Қлмыс жасап кінәлі болған тұлғалар, өзара жынысы, жасы, сотталғандығы және басқда заңдылық мәніне қарап (бұл жерде біз заңдық мәнге ие емес айырмашылығын қарамаймыз) бөлінеді. Бүл факторлар әртүрлі жазаның бар болу қажеттігін айқындайды. Сол себепті біркелкі қылмыс жасаған және әртүрлі қылмыс жасаған қылмыскерлерге әртүрлі жаза қолданылады (жаза қолдану термині жазаның тағайындалуын, орындалуын қамтиды). Осы позиция арқылы жазаның жіктелуін ашуға талаптанып көрейік. Жіктемелі жаза мазмұнын анықтауға теорияда ешқандай бірыңғай көзқарас көрсетілмегенін көруге болады.
Жазаны қылмыстық құқық әдебиетінде жазаны жіктеуге қылмыстық құқық принциптеріне жатқызылады. Бұл түсінік орнына жасалған қылмыстың ауырлығына қарай жазаның соған сәйкестігі, жазаның дербестігі деген терминдер қолданылды [2,26б.]. Жаңа қылмыстық заң қолданылғанан кейін, барлық анықтамаларды әділдік түсінігін жұтып қойды. Жасалған қылмыстың ауырлығы мен кінәлінің жеке басы сәйкестігі енді тек жаңа қылмыстық заң шегінде ғана айтылады.
Қылмысты атқарушылық құқық теориясында керісінше жіктеу түсінігі өте кең қолданылды, бірақ әртүрлі аспектілерде (жазаны өтеу шартты жіктелуі, жазаның орындалуының жіктелу принциптері, және т.б.) қолданылады. Сонымен түзеуғе әсер ету шарасы, жаза мазмұнына кірмейді, сондықтан ол жаза жіктеуіне жатқызуға болмайды. Сонымен жаза жіктелуі туралы емес, жаза орындалу жіктелуі туралы айтылады. Сонымен жазалау-түзеу әсер етуінің практикалык іске асырылуы келесі себептер бойынша жазаны жіктеуге жатқызуға болмайды, біріншіден жаза жіктелуі, практика деңгейінде емес, нормативтік құқықтық немесе заң деңгейінде мүмкін, екіншіден, жазалау әсер етуінің практикалык деңгейде іске асырылуын жіктеу емес, жаза даралығы (индивидуализациялык) бар құқық қорғау органдары қызметі заң және құкыктық нормативтік актілер негізінде
нақты тұлғаға қатынасында жүзеге асырылады (тұлғалар категориясына емес, сол себепті жеке мәнге ие).
Айыптау үкімінде жаза тағайындау барысында зерттелуші принциптер толық жүзеге асырылмайды. Жіктелу мен дараландырудың өзіндік өмірлік шындығының толық іске асуы жаза орындалу процесінде орын табады. Осы мәселені шешу үшін әртүрлі теориялық әдістер қолданыдылды. Соның ішінде бірсыпыра ғалымдар жазаны жіктеу мен дараланудың арасындағы айырмашылықты, түсініктерінің анық әртүрлі екендігін көре отырып пікірлерін былайша білдірген.
А.И. Зубков жаза даралығы мен жіктелуі принципіне мынадай анықтама береді, жіктеу және даралау принципі жаза орындауда мәжбүр ету шарасын орынды қолдану, жүріс тұрысына оң жағдай жасалуы. Бұл өз кезегінде сотталғандардың жеке өз басына жіктемелі және дара жүргізілғен зерттеулер жүргізуді қорытындылау көрсеткіші деп жазады [3, 178 6.].
И.В. Шмаров жаза орындау жіктелуі сотталғандардың түрлі санатына қылмыскердің жасаған, өткен қылмыстық әрекетінің, кінә нысандарына, қылмыстарының ауырлығына байланысты жазаны өтеу процессі барысында әртүрлі көлемде әсер ету жазасы қолданылады, - деді [4, 22 б.].
Көріп отырғанымыздай жоғарыдағы анықтамалар жаза жіктелуінің мәнін толық ашуға жеткіліксіз. Жаза мақсаты-лайықты жаза түрін үйлесімді қамтамасыз ету, қылмыс ауырлығы, кінәлінің жеке басы және қылмыстың жасалу себебіне байланысты, лайықты жаза көлемін қамтамасыз ету, қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі, қылмыскердің жеке басын анықтау болып табылады.
Осы мақсат екі мәселені шешуге жету: бірінші мәселе жаза көлемін факторларға лайықты қамтамасыз ету, қылмыстық құқық деңгейінде қылмыскерді және қылмысты сыйпаттау. Екінші мәселе қылмысты атқару деңгейде шешіледі. Сонымен жазаны құрушы бірінші қай деңгейдің болмасын өзгеруі, қылмыскердің жеке басын және қылмысты сыйпаттаушы факторларды құрушы, екінші белгілердің өзгеруіне себеп болады.
Осы жағдайды толығырақ қарастырайық.
Жазаның қылмыскердің жеке басы және қылмысты сипаттаушы факторлармен сәйкестігі дифференциация жазасымен анықталған заң арқылы бекітілген қылмысты атқару және қылмыстық құқық деңгейінде қамтамасыз етіледі.
Жіктелген жаза деп оның айырмашылығын, жазаның айқын өлшемдерін және заңды мәні бар факторлар, қылмыскерге, қылмысқа қатысты тағы басқа жағдайларды бағалауды түсінеміз. Көрсетілген жіктеу өте кең факторлар аясында анықталуы мүмкін, мысалы жынысы, жасы, қылмыстың қайталануы, жасалған қылмыстың сатысы, жаза өту кезіндегі жүріс тұрысы, сотталушының түзелу дәрежесі және т.б. Әрбір жаза жіктелуі бүл бір немесе бірнеше факторларға шамамен баға беру болып табылады. Сонымен жасы толмағандарды еркінен айыру жазасы он жылдан кеп емес, тағайындалатын
жаза айырмашылығы осындай факторға, жасына үйлесімді қолданылады. Факторлар жиынтығына байланысты түзеу мекемелерінің түрін, яғни қылмыс санаттарын, кінә нысанын тағайындалған және т.б. арқылы анықтауға болады. Басқада жағдайларда және түзеу мекемелерінде жазасын өтеуде аса қауіпті қайталауының бар болуы және сотталғаидарды конвойсыз жүруі немесе ере жүруін қамтамасыз ету де жаза түріне байланысты.
Жазаны жіктеу жаза түрлерінің айырмашылығы ретінде де
әр түрлі
институттар
мен ережелерде айтылып жүр. Бірақ жаза жіктеулері ақыр соңында
қылмыскердің жеке басына және жазаның қылмысқа
үйлесімділігін қамтамасыз
ету қызметін атқарады. Осы себепті заң жазаны жіктеу
арқылы барлық
факторларды жасалған қылмыстың әрекеті мен қызметінің жазаға
үйлесім дігін тағайындалған жаза арқылы бағалауды қамтамасыз етуді қамтиды.
Сонымен жаза жіктемесі жаза қолдану аспектілерін жан жақты қамту және қамтамасыз етудің жүйесі бар болу қажеттігін ойлайды, бірақ жаза жіктемесі жүйесі қылмыскердің қылмысы мен жеке басын жазалауға үйлесімділіктің бар болуы емес. Жіктеулер жиынтығы нақты жағдайды салыстыру арқылы осы үйлесімдікке жету мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Шынында да ҚК-тің ерекше бөлімінде жаза айырмашылығын анықтау, жаза арқылы әрекетке баға беру туралы баптары бар.
Жаза жіктеу өз мақсатына қылмыстық құқықтық деңгейге жазалау шарасы үйғарымымен, жаза тағайындау ережесін бекітумен, шартты түрде соттау институттарының бар болуы, шартты түрде ерте босату және басқа тәсілдер арқылы жетеді. Қылмыстық атқару деңгейде бұл мәселе сотталғандарды түзеу мекемелерінің түрлеріне қарай бөлу мүмкіндігін анықтау, жаза өтеу шарттарының өзгеруі институттары арқылы, мадақтау және жазалау институттары арқылы шешіледі.
Жаза жіктелуі өзіндік қызметтік бағытына қарай қылмыстық құқықтық және қылмыстық атқарушылық - екі түрге ие.
Біздің көз қарасымызда көптеген ғалымдар сиякты жаза тағайындау жаза жіктемесімен бердей деп айту шүбәлі. Бұл түсінік қылмыстық құқық саласында жаза жіктемесі әрекетін және барлық қызметін толық қамтымайды. Айталық шартты ерте босату мәселесі, жазаны басқа жеңілдеу түріне ауыстыру, қамап қою жаза жіктемесі түсінігін қамтымайды, бірақ қылмыстық заңмен басқарылады. Сонымен қылмыстық құқықтық жаза жіктелуі жайлы айтқанымыз дұрысырақ болар еді. Жаза жіктелу оның тағайындалуыменен байланысты емес қылмыстық құқықтық жеке оқиға болып табылады.
Қылмыстық құқықтық және қылмыстық атқарушы құқық жіктеулер өзіндік мәндері бойынша бір бірінен жеке және бөлек болмайды. Олар көптеген өлшемдері бойынша өзара байланысты. Сотталғандарды түзеу мекемелерінің түрі бойынша бөлу, шартты ерте босату, жазаны өтеудің жеңілдеу түріне ауыстыруды тию, жаза жіктелуінің қылмыстық құқықтық және қылмысты атқарушы саласында бірден жүзеге асырылады. Сондықтан жаза жіктелуін қылмыстық құқықтың және қылмыстық атқарушылық деп бөлу шартты ұғым болып табылады. Жаза жіктелуі түсінігі туралы мәселені қарай отырып оның заңды жаза теориясын дамытудағы рөлін жоққа шығаруға болмайды. Бұл аспектте жіктелу қылмыстық және қылмыстық атқарушы құқық принциптері арасынан айқын орын алады.
Ғылыми әдебиеттер талдауы көрсеткендей, ғалымдар арасында көрсетілғен мәселе бойынша біркелкі пікір жок. Біраз авторлар жіктелу принципі және жеке дара жауапкершілік (жазалау да) қылмыстық саясат принципінің бірі болып табылады десе [5, 54 б.], басқа ғалымдар жіктелуді және жеке даралауды жаза орындалуының салалык принципке жатқызады [6, 78 б.]. Осы мәселе бойынша баскада көзкарастар айтылады (жіктелу- бұл қылмыстық құқық принципі және жеке даралау қылмыстық атқару приципі және т.б./.
Жаза даралығы және жіктелу принципі орыны туралы мәселесі позициясы туралы даулы көзқарастар. Егер принципті қоғамдық құбылыстың бастамасы, идеясы, негізі десек, онда жаза жіктелуі идеясы барлық құқық саласына өтіп кетеді және қамтиды. Бүл ретте жаза жіктелуі қылмыстық құқық идеясы, қылмысты атқарушы болып қайта құрылады, оларды бөлу мүмкін емес. Олар бірін бірі толықтырады және сіңісу мәніне ие. Сондыктан авторлар пікірімен келісуге тура келеді, жазаны орындауда жеке даралау және жіктелу принципі өзара салалас болып табылады. Жаза жіктелу идеясы, оның қылмыспен қылмыскердің жеке басымен жаза тағайындаудың барлық сатысында сәйкес келуін қамтамасыз ету, қылмыстық, қылмыстық атқарушы заңның маңызды бөлімі болып табылады, оның дамуына және мазмұнына үйлесімді ықпалын тигізеді.
Жаза жіктелуі бұл күрделі, көп аспектілі, әлеуметтік мәні бар
категория. Ол қоғам мүддесін және оның материалдық, идеологиялық түрғыдағы әртүрлі бағалылық жүйесін, олардың артықшылығын көрсетеді. Жаза жіктелуі осы құбылыспен тура байланыска ие, әлеуметтік, қүкыктық және әтикалык категориялар арқылы қылмыскерлерді топтастыру, қылмыс санағы, жаза мақсаты, қылмыстық жаза мазмұны ретінде байланысады. Жаза
жіктелуі бұдан басқа қылмыстың қозғалысын және құрылысын белгіленген шараны да қамтиды [7, 17 6.].
Жаза жіктелуі жаза жүйесін құрушы заңдылық әдістер жиынтығы, заңдық және басқа да норматворчествалық органдар қызметі, осы қызметтер қортындысы, заңда және басқада нормативтік құқыктық актілерде айтылған жаза жіктелуі мәселелерін реттеуші, іске асырушы өзіндік механизміне ие.
Жаза жіктелуі механизмін өзіндік ерекшелігімен сипатталатын екі сатыға бөлуге болады. Бірінші сатысы жазаны жіктеудегі қабылданған ереже және өңдеудегі жіктеу бағытын анықтау. Бұл сатының ерекшелігі мынадан тұрады: жазалау арқылы қылмыстық құқықты, қылмысты атқарушы қатынастарды шешуді реттеуді айқындау кезеңі болып табылады. Екінші сатысы қабылданған заңда және басқада құқықтық нормативтік акті әрекетіндегі мінез құлқын анықтауды, түрлі жағдайдалардағы жаза айырмашылығын анықтау, заңдық мәнді факторларды жаза арқылы бағалау мүмкіндігінен тұрады.
Жаза жіктемесі механизмін анықтау қылмыспен күресуде осы тәсілді, осы құбылыска дүрыс нәтижелі шара қолдану қажеттігінен туындайды. Жаз жіктелуі механизмінің негізгі әлементі қылмыстық құқықтық нормалары, қылмысты атқарушы құқықдық нормалары, басқадай құқықтық нормативтік актілер. Жазаны жіктеу қылмыстық құқық және және баска норматвор-чествалык құқыққа ие органдардың қызметі. Көрсетілген әлементтердің бәрі өзара тығыз байланысты және жаза жіктеу процессінде әр қайсысының өз рөлдері бар.
Қылмыстық құқық және қылмыстық атқарушы құқық жаза жіктеуінде өзара тығыз байланысты екенін тағы бір рет көрсетуге болады, бірнеше бағытта жүзеге асырылады. Бірінші бағыты жалпы принциптері түсінігін, салаларының сәйкестігін қамтамасыз ету. Қылмыстық құқық заңдылық, әділдік принципін ұстанады.
Қылмыстық атқарушы құқық осы ережені жіктеу принципімен және жаза орындауды жеке дара жүзеге асыру арқылы дамытады.
Екінші бағыты, қылмыстық заң жаза жүктемесіне қатысты жалпы жағдайды, принциптерді анықтайды, ал қылмыстық заңдылық оны айқындайды.
ҚР ҚК-нің 38 бабына сәйкес жаза қолдану сотталғандарды еркінен және құқықтарынан шектеу немесе айырудан тұрады, ал 40-51 баптары нақты жаза түрлерінің еркіндігі мен құқығынан шектеу және айыру көлемі талданады. Қылмыстық атқарушы кодекс сотталушы шектелетін немесе айырылатын еркіндік пен құқықты нақтылайды, осындай шаралар процедурасын анықтайды.
Үшінші бағыты, қылмыстық және қылмыстық атқарушы құқық жаза жіктелуінің өзара байланысын, заңмен бекітілген жаза жүйесі, мекемелер түрі, жаза жеке түрін өтеу,
Мысалы, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру, еркінен айыруға сәйкес режим түрін анықтайды. Қылмыстық атқарушы заң мекемелерде ұсталатын субъектілердің құқықтары міндеттерін қылмыстық атқару жағдайына сәйкес тәптіштейді.
Төртінші бағыты бұл қылмыстық атқарушы салалар мен ережелердің даму қажеттігін қылмыстық заңмен анықтау (мысалы, шартты ерте босату тәртібін ұсыну, жазаны ең жеңіл түріне ауыстыру, міндетті жұмыстан қасақана бас тарту түсінігі және басқалар).
Заңда жаза жіктелуін құру екіге бөлінеді, бірі жаза, екіншісі қылмыс, оның жасалу жағдайы және қылмыскердің жеке басы. Бірінші жағдайды құрушы екінші жағдай арқылы анықталады. Жаза жіктелуіне оны құрушы екі бөлімді ең ұсақ сатыға жіктелу белгісіне негізделген бөлуден шығып отыр. Ол заңды абстракты деңгейде және белгісіз тұлғалар айналасыыда таратылып жүзеғе асырылады.
Жаза жіктелуі оның жеке даралығының негізі болып табылады. Нақты жеке тұлғаға жаза қолданғанда сот заңда көрсетілген қылмыс санатының түрін, жеке тұлғаға қайсысы жатады, жеке түлғаға қайсы жаза жіктелуі сәйкес келеді және нақты жағдайлар есепке алына отырып жаза белгіленеді жәие жаза жеке дара қолданылады. Бұл заң негізінде практикалык деңгейде және тек нақты тұлғаға қатысты жүзеге асырылады.
Жаза жеке даралығының жіктелуден ерекшелігі заңмен бекітілген критериден және жалпы жағдайдан жеке жағдайға өтуді ұйғарады. Сонымен жаза жеке даралығы және жіктелуі елеулі айырмашылыққа ие, екі тәуелсіз сала аралық принциптің бар болуы туралы айтуға мүмкіндік береді.
Басқа жағынан жаза жекедаралығы және жіктелу принциптері өзара мазмұны және аспект мақсаттарынан өте байланысты. Бірақ бұл екі принципте басқа принциптерден дербес, мүлде және тәуелсіз жүзеге аспайды, олардың бәрі бір бірін өзара толықтырады және комплексті жүзеге асырылады. Осы ретте ғана жіктелу принципі мен жаза жеке даралау әрекеті толық жүзеге асырылады.
Осы қызметтің қортындысы ретінде жаза жіктелуі өз мазмұны бойынша өзіндік жаза жүйелерін ұсынады. Құкықтық, ережеде бекітілген қылмыстың қоғамға қауіптігі дәрежесі мен мәніне жаза сәйкестігін реттеуші, оның жасалу жағдайын және кінәлінің жеке басын жаза мақсатына жету үшін қолдану.
Жаза жіктелуі жаза түрінің әртүрлілігі ретінде әртүрлі ереже және институтар арқылы көрсетілуі мүмкін. Барлық жаза жіктелуі қылмыс пен жеке тұлғаға жазаның үйлесімді сәйкестігін қамтамасыз етуде қызмет етеді. Осылайша заң жаза жіктеулерін қатаң басшылыққа алса, барлық факторлар оларды толық өңдеуді қамтиды, жаза арқылы бағалауы қылмыстық іс-әрекеті мен қызметке үйлесімді баға беріледі.
Сонымен жаза жіктелуі жүйелілігі жүйесі бар қылмыстың қоғамға қауіптігі дәрежесі, жасалу жағдайы және кінәлінің жеке басына әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру мақсатында әділ жазалау, сотталғанның түзелуін және сотталғандарға, басқа түлғаларға, жаңа қылмыстар жасамауға ескерту болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Советский әнциклопедический
словарь. Дифференциация / Коллектив
авторов.
- М., 1990.-990 с.
2.
Советское уголовное право. Общая часть / под ред. Б.В. Здравомыслова -
М,
1977.-640 с.
3. Комментарий к Уголовно-исполнительному кодексу
/ под ред. А.И.
Зубова.
-М., 1974.-645с.
4. Уголовно-исполнительное право / под ред. И.В.
Шмарова. - М, 1996. -
440 с.
5. Злобин, Г.А.,
Келина, С.Г., Яковлев, A.M. Советская уголовная
политика, дифференциация
ответственности // Советское государство и право.
-1977.~№2.-С.43-62.
6. Романов, А.К. Уголовно-исполнительное законодательство и его
принципы // Актуальные
проблемы советской криминологии и исправительно-
трудового права. - М., 1989. - С.53-72.
7. Коваленко, В.В. Классификация
лиц впервые осужденных к лишению
свободы и
проблемы дифференциации наказания в исправительно-трудовых
колониях:
автореф. дис... канд. юрид. наук. -Киев, 1991. -24 с.