Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Философия және саясаттану факультеті

Дінтану және мәдениеттану кафедрасның

д.ф.ғ., профессоры Байтенова Ж.Н.

1 курс магистранты

Тастанова Асем Даулетқызы

 

Терроризм мен экстремизмнің психологиялық ерекшеліктері

 

Психологиялық тұрғыдан қарағанда, террористік ұйымдардың негізгі мақсаттары тікелей «қорқыныш», «қобалжыту», «жікке бөлу» деп айқын көрсетілген. Алайда оның пішіні өзгерсе де, мазмұны адам санасында қаншама жылдар бойы өзгерген жоқ. Яғни террористік әрекеттердің барлығында күш көрсету, қорқыту, қаныпезерлік сияқты қимылдардың көрсетілетіні жасырын емес. Террористің психологиялық тұлғасы жайлы ғалым В. Пирожков былай деп жазады: «Терроршы террорлық әрекетті жасап жатқан кезде өзін ер, асыл текті, қатал, «әділдік» үшін ымырасыз күрес жүргізетін адам ретінде сезінеді. Осылай, «саяси және діни терроршы» әділдікке жету үшін басқалардың өмірін құрбан қылғанды жөн деп санайды. «Экономикалық терроршы» оның бәсекелесінің ісі әділетсіз және «қатаң жаза» қолданған жөн деп табады. «Психологиялық терроршы» өзіндегі мүмкіндіктерді қоғам көре алмады деп түсінеді және жұрттың үрейін ала отырып, ол психологиялық тұрғыдан жұрттың үстінен билік орнатады». Бірінші де, екінші де, үшінші де дұрыс. Терроризм мен экстремизмнің психологиялық ерекшеліктерін атап көрсетсек:

Қорқыныш. Сонымен, көрініп тұрғандай, террор негізінде, бәрінен бұрын өте үлкен мөлшердегі адамдардың қорқынышы жатыр. Бұл, ең бірінші кезекте, адамдардың бойында террористік актілерді тудыратын сезім. Қорқыныш болмаса – террор да болмайды.  Мұндай кезде салыстырмалы түрде алғанда, үйреншікті, «әдеттегі» күш көрсету (қылмыс) болатын еді, мейлі ол адам өлтіруге дейін барсын, бірақ жаппай адамдар санасына ауыр салмақ салмас еді. Жалпыға ортақ психологиялық тіркесте, белгілі психологиялық сөздіктерде көрініс тапқандай, қорқыныш – бұл индивидтің биологиялық немесе әлеуметтік тіршілігіне қауіп төндіретін жағдайда туындайтын эмоция және ол шындығында жүзеге асатын және бейнеленетін қатерге ұласады. Аурудан және қасіреттің басқа түрлерінен ерекшелігі, қорқыныш тым шектен шығып кетеді. Қысым сипатына қарай, интенсивтілік пен қорқынышты бастан кешіру жағы әртүрлі топтарға қарай шоғырланады (қорқыныш, қауіп, үрей). Егер қауіп көзі анықталмаған және санада болмаған болса, онда туындайтын жағдай дүрбелең ретінде қабылданады.

Функциональды түрде алғанда, қорқыныш болғалы тұрған қауіп туралы ескерту болып табылады. Ол қауіптің көзіне назар аудартуға мүмкіндік береді, қауіптен шығып кетудің жолын қарастырады. Қорқыныш аффект жағдайына жеткен кезде (паникалық қорқыныш, үрей), ол адамға анықталған мінез-құлық стереотиптерін таңуға және оны бағындыруға бейім болады (қашу, қорғаныш әрекеті). Адамның әлеуметтік дамуында қорқыныш тәрбие мен білімнің бір құралы ретінде көрініс табады: мәселен, қоғамдық талқылаудан қалыптасатын қорқыныш әлеуметтік мінез-құлықты түзету факторы ретінде қолданылады. ұйымдасқан қоғамдық өмір жағдайында индивид құқықтық, құқық сақтау және басқа да әлеуметтік институттар қорғауына жүгінген сайын адамның қорқынышқа бас июі әдетте теріс бағаланады. Адам, әсіресе еркек адам «батыл», «өжет», «қорықпауға тиіс» және «қорқыныштың алдын ала білуі тиіс» деп бағаланады. Қорқыныштың қалыптасқан әрекеті салыстырмалы түрде алғанда, тұрақты болса да осылай болады. Олар адамдардың толық мағынасыздығын түсінуде де сақталуға қабілетті. Сондықтан тұрақтылық тәрбиесі қорқынышпен қатынаста әдетте адамнан арылу үшін емес, ол бар болған кезде оны өңдеу қабілетіне ие болу үшін қолданылады.

Қысқаша алғанда, қорқыныш қауіппен бірге ілесе жүретін эмоция сияқты анықталады. Қорыққан адамның табиғи реакциясы – жасырынуға тырысу немесе қашып құтылу. Бір нәрседен қорыққан бала тығылып қалады. Бірақ бала өскен сайын тек жасырынып қана жазадан құтылу мүмкін емес екендігін біледі, сондықтан енді ол қашып құтылуды дұрыс көреді. Кез келген адам өз өмірінде көп рет әртүрлі пішінде және дәрежеде қорқынышты бастарынан өткеріп көрген, алғашқы инстинкт қашып құтылу немесе жасырыну болып табылады».

Қорқыныш – бұл қысымның ұлғайтылуы. Н. Коупленд өте дәл жазған: «Жақсы белгілі, ұрыс даласында жауынгерлер өздерін қарсыластарға шабуылға шыққан кезде ол басталғанға дейін жақсы сезінеді. Адамдар өздерін не күтіп тұрғанын білмейтін кезде олар бәрін нашар бағамдайды. Адам өзіне беймәлім нәрсеге қарсы тұра алмайды» [1, 33-34 бб.].

Қорқыныш – бұл күшті теріс көңіл-күй, айрықша жағымсыз эмоция. Қорқыныш сезімі басқа сезімдерге қарағанда, ерекше болып тұрады. Осылайша, жекелей алғанда, К. Изард дәлелдейді: «қорқынышты дүрбелеңмен қатар қойып салыстыруға болмайды. Қорқыныш – бұл барынша анықталған, спецификалық эмоция... Дүрбелең – бұл амал немесе эмоциялар құралы, және қорқыныш эмоциясы – оның тек біреуі ғана». Осыдан бастағанда, «қысқаша анықтама бере кетейік: қорқыныш анықталған және барынша толық спецификалық физиологиялық өзгерістерден, экспрессивтік мінезден және үрей немесе қауіп күтуден келетін сезімдерден шығады».

Л. Китаев-Смык экстремальды жағдайдағы адамдар үшін сезімдік реңк шкаласында екі альтернативті полюс мүмкін деп есептейді. Бір жағынан алғанда, бұл шкалалар – тынышсыздық, мінсіз батыл тәртіп. Бұл бойынша ол көптеген батыстық авторларға қарсы болды; олар негізгі, базалы шкала – қорқыныш шкаласы, үрей шкаласы деп айтқан болатын, ал оған қарама-қарсы континуум – тек қана қорқыныштың «бетпердесі» деген еді. Жекелеген сынақтар мен бақылаулардың нәтижелеріне негіздей отырып, ол мына пікірге қарсы шықты: батылдық – алғашқы қауіптің, өлім қорқынышының кетуінің нәтижесі. Іс жүзінде, барлық әлемдік дәстүр қорқыныштың ролінің күшейтілуіне негізделген. «Біздің батырлықпен жасауға тиіс бірінші әрекетіміз – ол бұл сезімнің ішкі жағын ашып, адамдық батырлыққа түрткі болатын, оның өзіне тән сипаттамасы не екенін көрсету [2, 370б.].

Н. Шайдер жалпы батырлық, ерлік – бұл бәрінен бұрын өлім қаупінің рефлексі деп есептеген. Өлім алдындағы қауіп табиғи және ол барлық адамға да тән. Бұл осы сезімнің көрініс табуына әсер ететін негізгі қорқыныш. В. Деймз өлімді «жүректегі құртқа» теңестірген. М. Шелер барлық адамдар осы сезімге қатысты анықталған интуицияға ие болуы тиіс деп қорытынды жасаған. Г. Зильбург адамдардың көпшілігі өлім алдындағы қорқынышты сезінбейді - өйткені ол өзінің шынайы келбетін сирек көрсетеді деп есептеген. Мұнымен бірге ешкім де өлім қорқынышынан ада емес. Дүрбелеңнің мазасыздығы, әртүрлі фобиялық жағдайлар, тіпті депрессиялық көңіл-күйдің айтарлықтай бөлігі, өзін өзі өлтіру мен шизофренияның көптеген пішіндері өлім алдындағы қорқыныш сатысынан өтеді. «Адамда өлім алдындағы қорқыныш болмаған жағдайда өмірді сақтау үшін тұрақты түрде энергия жұмсап отыру мүмкін болмаған болар еді» деген аргумент де бар. «Өзін өзі қорғау» деген терминнің өзі қандай да бір шабуылға қарсы күшпен жауап беруді айтады, бұл күштің эмоциональды аспектісі – қорқыныш, өлім қорқынышы деп аталады [3, 465-467 бб.].

Террорлық оқиғалар кезінде бұқаралық түрде қорқыныш, үрей орын алады. Адам барлығынан да үрейленеді, ол тіпті өзінің жақынынан да қорқып, барлығына деген сенімсіздік бойында орнауы мүмкін. Сондықтан мұндай кезде қорқыныштан басқа сезім оның денесінде қалмай, барлығы қорқыныштан құтылуға жұмылып кірісетіні анық. Мұндай қорқыныш қоғамды жікке бөледі, оның мүшелерін қорғануға, бой тасалауға итермелейді. Сол кезде көп рет барлық адам бойындағы қорқыныштар бас көтереді, және ол қорқыныштың соңғы кезеңіне өтеді, ол «фобия» деп аталады. Қазіргі кезеңде бұқаралық ақпараттық құралдарда жаппай жазылып жатқан «фобия» төңірегінде көптеген дау-дамайлар, тартыстар бар. олардың басты себептері кінәрат тудырған адамды, немесе соған жауапты нәрселерді іздеу. Бұл тіптен анықталған ауру қалпымен бірдей, адамдар «фобия» сезімін бастан кешірген кезде өздерінің дәрменсіздіктерін, қолдарынан ештеңе келмейтіндіктерін біледі. Сонымен қорқыныш – бұл көріністер арқылы туындайтын күшті эмоция. Адам үшін қорқыныш үлкен қорғаныштық қасиетке ие. Ол болуы мүмкін қауіп-қатер туралы мәлімет береді, қатердің шығу нүктесіне назар аудартады. Алайда қорқыныш максимальды дәрежеге жетіп, шектен шыққан кезде ол мынадай әрекеттерге салынады: жүгіру, қорғаныш агрессиясы.

Қазіргі кезде өркениетті қоғамда жаңа ұғымдар мен үлгілерді дайындап шығару жүзеге асырылуда. Ештеңе де істеу мүмкін емес – енді олар өздеріне қорқыныш мен үрейдің үлкен бөлігін қосып алатын болады. Парадокс: өркениет дамыған сайын әлем қауіпсіз емес, қорқынышты болып бара жатыр.

Үрей. «Қорқыныш ақыл мен сана шеңберінен шықпай жатып, оған ешбір нәрсе үрейлі болып көрінбейді» [4,55-62 бб.].

Қорқыныштың шектік дәрежесі – бұл үрей. Қарапайым қорқыныштан айырмашылығы ол қауіп-қатердің болатынын анық сезеді. А. Конан-Дойль (мамандығы бойынша дәрігер) «таза кейпінде» үрейдің эмоциональдық жағдайын сипаттаған болатын: «Бірінші демнен кейін менің ақылым адаса бастады, менің еркім өзімнен кетті, өз-өзімді билей алмай қалдым. Көз жанарымның алдында қалың қою бұл жүзіп жүргендей болды, және аяқ астынан онда өте қорқынышты нәрселер болып жатқанын аңдадым, бұл әлемде мені өлтіруге тырысып жүрген көзге көрінбейтін нәрселердің бар екенін ұқтым. Осы тұманның ішінде қалықтап жүрген бұлдыр бейнелер қандай да бір үрейлі нәрселер келе жатқанын ұқтырды, осы ойдан жүрегім қарс айырыла жаздады.

Сәйкесінше, үрей адамның бойындағы қорқыныштан гөрі басқаша болады. «Үрейдің адам бойындағы кейпі жан төзгісіз күйде жүреді, ол адамды бір орнында қаққан қазықтай тұрғызып қоюы мүмкін, ол адам жәрдем ала алмайтын жағдайда қалып қалады. Яғни үрейдің бірінші типі – ол сол тұрған орнында қаққан қазықтай тұрып қалу, екінші типі – бас-көзі жоқ жүгіріске салыну. Демек, үрейге жүгіріс тән емес. С. Томкинс қорқыныш, таңданушылық пен қызығушылық арасында базалық түрде өзара байланыс бар деп ұққан».

Үрейдің қорқыныштан ерекшелігі, үрейдің кезінде таңғалу да, қызығушылық та болмайды. Жүгіру реакциясы үрей кезінде де мүмкін болады. Үрей – бұл аффект, яғни эмоциональдық кернеудің жоғарғы дәрежесі, ол барынша иррациональды реакцияларға дейін жетеді. Егер қорқынышпен қандай да бір жолмен «күресуге» болса, онда оған «қарсы тұруға» болады, ашық үрей кезінде психологиялық тұрғыдан қарсы тұру мүлдем мүмкін емес. Бұл аффект барынша сананы істен шығарып тастайды және адамның ақылмен ойлану қабілетін жоққа шығарады. Террорлық әрекеттер өз-өзінен ғана қорқыныш тудырып қоймайды. Ереже бойынша, қорқынышты тарату үшін терроршылардың өздері қызмет етеді.

Дүрбелең. Қорқыныш пен үрейдің эмоциональдық көңіл-күйінің жиынтығы жаппай дүрбелең болып табылады. Осындай дүрбелең ғана террорды бұқаралық құбылыс ретінде танытады. Дүрбелең – тобыр тәртібінің ең барынша байқалатын түрлерінің бірі. Дүрбелең - өте қиын, күрделі, аралық, психотәртіптік құбылыс болып табылады. Сәйкесінше алғанда, дүрбелеңнің негізінде эмоциональды-тәртіптік жағдай бар болып табылады, ол бұқаралық адамдардың бойында үрей тудыруға жақын.

Әдетте дүрбелеңнің негізгі-негізгі төрт топтары бар:

Біріншіден, бұл ситуациялық жағдай. Бұқаралық жаппай дүрбелең күйінің дамуының мүмкіндігі қалыптасқан жағдай шектен шығып кеткен кезде орын алады. Жекелей алғанда, бұл мүмкіндік айтарлықтай өсіп отырады, адамдар әсіресе дүрбелең туғызар хабарлама алған кездеес-тұсынан айрылып, қалайда да құтылудың жолын іздейді. Осындай жағдайға террористердің қимыл қарқындылығы негізделеді.

Екіншіден, бұл физиологиялық жағдай. Шаршау, аштық, ішімдік заттар немесе наркотикалық есірткілермен мас болу, елту адамдарды физикалық тұрғыдан ғана емес, психикалық тұрғыдан да қатты әлсіретеді. Ол істі тез әрі жылдам, дұрыс шешуге мүмкіндік бермейді.

Үшіншіден, психологиялық жағдай бұған бәрінен бұрын оқиғаның аяқ астынан болуы жатқызылады. Айрықша, психологиялық фактор ауру, жалғыздық сезімі, әдет-дағдының аяқ астынан өзгеруі болып табылады. Адамда бұл қорқыныш факторын биологиялық тұрғыдан бағалау мүмкіндігі де бар деп есептеледі.

Төртіншіден, дүрбелеңнің пайда болуының идеологиялық және әлеуметтік-психологиялық шарттары. Әдетте мұнда адамдардың ортақ мақсаттарды дәл анықтай алмауы, тиімді басқарудың болмауы жатқызылады және осының салдары ретінде топтың, тобырдың дұрыс ұйымдаспағаны да жатқызылады. Шынайы тәжірибе, сонымен қатар көптеген эксперименттік зерттеулер көрсеткендей, осы топтың шартына барлығы байланысты болады, тиімді басқарудың болмауы және осының салдарынан топтың жеткіліксіз түрде ұйымдасуы.

Дүрбелеңнің пайда болуы мен дамуы көптеген жағдайда есеңгіретін стимулдарға қатысты болып табылады. Дүрбелең үшін жиі кездесетін себеп қорқыныш тудыратын жағдайлар (бәрінен бұрын, «үрей» деп аталатын жағдайлар осыған жатқызылады). Оқиғалар тез тарайтыны соншалық, олардың әлеуметтік салдарлары да болады. Мәселен, 1917 жылы жазда Ресейде астық өнімі бұрын соңды болмаған көлемде түсім берді. Осыдан кейін үш-төрт ай өткеннен кейін күз айларында қатты аштық басталды, ол кейіннен төңкерістің болуына қатты әсер етті. Аштықтың салдарынан көптеген адамдар дүрбелеңге салынды – дүрбелеңнің кесірінен дүкендер, қоймалар мен қамбалар бос қалды. Осындай жағдайды 2010 жылы өткен Қырғызстандағы оқиғаға қатысты да айтуға болады. Қырғыздар тобырлық дүрбелеңге бой алдырып, үлкен супермаркеттер мен дүкендерді, қонақүйлерді, салтанатты сарайларды тонап, іске жарарлық түкті де қалдырмады. Бұл көрші  елдің дамуын жарты ғасырға дерлік шегіндірді.

 «Террорлық топтардың мүшелерін зерттеу - өте қиын жұмыс. Терроршылар бостандықта жүрген кезде олар зерттеу үшін мүмкін емес болып табылады. Олар зерттеушілермен емес, журналистермен кездескенді қалайды. Мұндай кездесулерден алынған ақпараттар сенімді бола бермейді». Терроршылардың өздерінің пікірлерінің көпшілігін талдау барысында террор олар үшін «жұмыс» емес, «мамандық» болып табылатыны байқалады. Бұл адамды толығымен өзіне бағындыруға арналған жұмыс болып табылады. Террорлық әрекетті жабайы бандитизмге жатқызуға болмас. Оның үстіне терроризм мен бандитизм ұқсамайды.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.     Коупленд Н. Психология и солдат. - М.: Воениздат, 1960. –С. 33-34.

2.     Китаев-Смык Л. А. Психология стресса. - М.: Наука, 1983. – С. 370.

3.     Zilboorg G. Fear of death // Psychoanalitic Quarterly. - 1943. - Vol. 12.

4.     Изард К. Э. Психология эмоций. - СПб.: Питер, 2000. – С. 312.