пс.ғ.к М.М.Байбекова, аға оқытушы Ж.Н.Жантасова

 

Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті, Шымкент қ., Қазақстан

 

Құзырлы Көзқарас: Қазіргі Таңдағы Педагог-Маманды Оқытудағы Инновациялар Мен Дәстүрлер

 

        

       Қазақстандағы білім беру жүйесі бүгінгі күні өз дамуында түбірлі өзгеріс-жаңалықтарға бет бұрып отыр және бүгінгі стратегиялық дамуды таңдау едәуір дәрежеде Отандық білім беру болашағын анықтап қана қоймай, бүкіл еліміздің дамуын анықтамақ.

Қоғам өз дамуының түрлі кезеңдерінде жұмысшы күшке жаңа талап-тілектер қойып отырды.

Қазіргі таңда білім беру жүйесінің жаһандық әлем шеңберінде өрістеуі, әмбебаптылығы басты назарда орын алып отыр.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 28 қаңтар 2012ж “Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” атты халыққа арнаған жолдауында еліміздің болашағы өндіріс қоры және табиғи ресурстармен анықталмай, интелектуалды аһуалмен, жоғары технология, ғылымның жоғары дәрежеде дамуымен айқындалатындығы баса айтылған. /1/ Дәстүрлі оқыту жүйесі-бүгінгі күні, әсіресе жалпы орта мектептер - де кеңінен тараған және білім, іскерлік, дағдыға келесі жүйеде оқытып-білім береді: жаңаны оқыту жүйесінде оқытушы өз білім саласында жалғыз өзі білімнің қайнар көзі болады. Оның білімі студенттер, оқушылар арқылы ең соңғы шындық ретінде, салыстыруға болмайтындай қабылданады. Оқып-меңгеру үшін материалдар өте аз. Дегенмен, дәстүрлі оқыту жүйесі бірқатар кемшіліктерге толы. Қазіргі кезеңде дәстүрлі оқыту басқа оқыту түрлерімен ауыстырылуда. Себебі: адам өміріне қажетті білім қорын анықтайды дегенге негізделген бұрынғы білім беру парадигмасы өз мәнін жоғалтты. Бұдан шығатын қорытынды: бүгінгі білім беру жағдайында ақпараттық бағдарланудан тұлғалыққа көшіп, бұрынғы дәстүрлі оқытудағы инерттілікті жою керек. Соңғы жылдары адамзат қоғамда білімнің қалыптасуымен сипатталатын даму түріне көшті.  Бұл дамудың айрықша белгісі: жоғары білім беру жалпыға ортақ сипат алуда. Бүгінде қалыптасқан еңбек нарығы өте қатал іріктеу жасауда, яғни бұған экономикалық сұраныс пен бәсекеге қабілеттілік ықпал етуде. Қызмет беруші, яғни жұмыс беруші  қызметке тұрушының тек қана алған біліктілігін бағалап қоймай, өзін-өзі дамыта отырып жаңа біліктілікке ие болу үшін жинаған білімді қолдана алу шеберлігін де бағалайды. Бұл жағдайда әрине, маманды даярлауда білікті көзқарас пен бағдар жасаудың рөлі едәуір артып отыр. Өз бастауын XX ғасырдың I-ші жартысынан ала отырып, инноватика ғылымы жаңалықтарды меңгеру және жасау заңдылықтарын зерттейді және әуел бастан адамның экономикалық, техника-технологиялық басқару іс-әрекеттерімен байланысты болып келді. Соңғы онжылдықта ғана әлеуметтік, оның ішінде педагогикалық инноватиканың дамуына орай инновациялық білім беруді дамытудың теориялары жасалуда.

         Жаңалық-инновация (латын тілінен аударғанда-жаңару, өзгеру) әлемдік экономика, өндіріс, жарнама ісі үшін жаңа ұғым емес, дегенмен, педагогикалық инноватика-жас ғылым!

Бүгінгі таңда педагогикалық инноватика қалыптасу және эмпирикалық тәжірибе сатысында тұр. Бірқатар ғалымдар үлкен жауапкершілікпен, әрі ұзақ уақыт инновацияны зерттеу, енгізумен (инновация-модернизация, инновация-түбірлі өзгерістер т.б) айналысып келеді. Ақырында инновациялық шешімдер қатарына оқытушы-мұғалімдер құрамын қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру мәселесі де кіреді. Білім сапасы төңірегінде басты рөлді білім берушінің (оқытушы-педагог) құзырлылығы алады, яғни ол түрлі әдіс- тәсілдер, әдістемелер көмегімен бұл білімді береді. Ал мұғалімнің өзі өзінің шығармашылық аһуал-қабілетін меңгеріп, дамытып, әрі қолдана білуі абзал және оның, яғни мұғалімнің білім ісінде шығармашыл, кретивті, әрі ойшыл маман болғаны жөн.

         Бүгінгі күні педагогикалық инноватика қалыптасу кезеңін өткеруде және эмпирикалық ізденіс үстінде. Бірқатар ғалымдар, зерттеушілер инновацияны ендіру және оны меңгерумен ұзақ, әрі табысты түрде айналысуда. Әрі білім беру ісінде құзырлылық көзқарас революция  емес. Бұл жоғары мектептің ауыспалы өмірдің талаптарына бой ұруда табиғи процеске кезекті қадам жасауы болып табылады. /2,102/

         Инновациялық шешімдердің кешені негізгі білім беру бағдарламаларын құжаттық жүзеге асыру жағдайында да берілген. Бұл жағдайларға; оқытуға деген технологиялық бағытты жүзеге асыру да жатады. Нақ осы білім беру процесінің технологизациясы нәтижелілікті қамтамасыз етеді. Құзырлықты қалыптастыру мақсатына жауап беретін, әрі тұлғалық-дамытушы оқыту іс-әрекетін жүзеге асыратын белсенді, интерактивті оқыту технологиялары өте маңызды болып табылады. Және бір инновациялық шешімдер санына кіретін әрекет - профессор-оқытушылар құрамын қайта даярлау және  біліктілігін арттыру ісі болып отыр. Дәл осы арада Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012ж. 28 қаңтарда жолдаған “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты” атты  халыққа арнаған жолдауында педагог-мамандардың біліктілігін арттыру мәселесі ерекше айтылады. Бұл мамандар үшін облыс аймақтарында кәсіби біліктілікті арттыру орталықтарын құру қажеттігін ескертеді.

         Постиндустриалды кезеңнің тағы бір ерекшелігі: экономиканың адамға бағыталуымен өз кезегінде адамның өндірістегі алатын орнының өзгеруімен байланысты. Адам енді өндірістің элементі емес, оның басты құндылығы мен артықшылығына айналуда. Экономика бүгінде экономика үшін емес, адам үшін дамуда.

         Бүгінгі күнгі экономиканың басты мақсаты адамға, оның біліміне бағытталған. Алайда бұл жерде мәселе білімнің өзінде емес, оның әрекеттегі өзгеруінде, қолдануында болып отыр. Сол себепті де қазіргі адамцентристік (антропологиялық) экономикаға жаңа білімді мамандар қажет. Ал бұл талап “білім беру” тұрғысынан емес, білім алу тұрғысында ғана орындалуы мүмкін.     Осы идея аумағында Болонья процесі қолданысындағы басты тұжырымдамалық ұғымдардың бірі - білім игеру процесінің нәтижеге бағытталуы, нәтижені білім беру/ алу жүйесінің негізгі қызметіне айналдыру болып табылады. Білім алу процесінің нәтижесі дегеніміз: сабақ, пән, бағдарлама, оқудың толық курсы аяқталғаннан кейін студенттің (жоғары оқу орны түлегінің) қандай білім, білік, дағды, машық иемденетіндігі, оның “не” жасай алатындығы, қолынан “не” келетіндігі. Білім игерудің нәтижесін бұрынғыдай тек білім, білік, дағды аумағында ғана құрастыру қазіргі таңда аздық етеді, өйткені олар үйренушінің тек біліктілігін ғана айқындайды. Сол себепті де Болонья процесінде біліктілік (квалификация) термині құзырлылықпен (компетенция) алмастырылған, құзырлылық білім игеру процесінің басты нәтижесі ретінде танылады.

         Біліктілік дегеніміз тұрақты контекстер мен алгоритмдер аумағындағы алдын-ала айқындалған әрекеттер арқылы маман дайындау болып табылады.

         Құзырлылық дегеніміз маманның белгілі бір кәсіби сала аумағындағы білімі, білігі, дағдыларының жиынтығы. Бұл ұғым тек танымдық және әрекеттік технологиялық түсініктерді білдіріп қоймай мотивациялық әлеуметтік және тұлғалық ерекшеліктерді меңзейді. Кәсіби құзырлылық-маманның кәсіби қызметті атқаруға дайындығын көрсететін күрделі қасиеттерінің (өмірлік тәжірибесі; теориялық білімдері, практикалық біліктері мен дағдылары, тұлғалық ерекшеліктері) көрсеткіші.

         Бүгінгі күні кәсіби құзырлылықтың келесі түрлерін ажыратады:

1) арнайы құзырлылық - жеткілікті деңгейде кәсіби қызметті меңгеру, өзінің болашақтағы кәсіби дамуын жоспарлау қабілеті;

2) әлеуметтік құзырлылық - бірлескен кәсіби қызмет пен өзара әрекеттесуді, кәсіп саласында қабылданған қарым-қатынас тәсілдерін меңгеру, өз жұмысының нәтижелеріне деген әлеуметтік жауапкершілікті сезіну;

- тұлғалық құзырлылық - өзін-өзі дамыту және өз қабілеттерін жүзеге асыру тәсілдерін меңгеру;

- жеке құзырлылық - кәсіп аумағында өз қабілеттерін жүзеге асыру тәсілдері мен өзінің дербестігін дамытатын тәсілдерін меңгеру кәсіби тұрғыдан өсіп-дамуға деген дайындығы.

Әдебиеттер:

1. ҚР-ң президенті Н.Ә.Назарбаевтың 28 қаңтар 2012ж “Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты”

2. Фрумин И.Д.  Компетентностный подход как естественный этап обновления содержания  образования.

3. Педагогика развития: ключевые компетентности и их становление-Красноярск,  2003г.