Жетімекова Гаухар Женисовна аға оқытушы,

Тоқтыбаева Гүлжахан Саулебековна аға оқытушы

ҚарМУ , Қарағанды қаласы

 

МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ   ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

 

Білім берудің мазмұны мен ғылымның қазіргі жағдайының арасындағы алшақтық жаңа ғылыми идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын және қазіргі заманғы технологиялық үдерістерді басқара алатын зерттеуші маман даярлауға толыққанды көшіруді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Елбасының білім беру мамандарының ескі түсініктен арылуына мемлекеттік бағдарлама ұсынуының өзі - айрықша тұлғалы іс, қуанарлық жағдай.

Жаңа технология ұғымы қолданымда құлағымызға жиі естіліп жүргенімен, оның іс-әрекеттегі әдіснамасы бұлдырлау. Аталған бұлдырлықтың басты себеп-салдары төмендегідей:

– бір технологияны меңгеру үдерісінде қабылдаушы тұлғаның психологиялық жадынамасының мүмкіндігі ескерілмей келеді;

   технологияға жетілу үшін классикалық және инновацияға қызмет етер деген әдістерді саналы меңгеру парқын елемеу кездеседі;

– технологияның бір ғана нұсқасын меңгерушілікпен шектелуінің себептерін ашуға мән бермеудің байқалуы;

  меңгерген технологияны сыни пайыммен зерделеп, іс-әрекет үдерісінде өнімді нәтижеге апару-апармау барысын бағамдаудың жетімсіздігі.

Жоғарыдағы сараптаумен анықталған кемшіліктер таптаурын, дәстүрдегі қалыптасқан білім беру деңгейлігінің әдістері мен нысандарын тәжірибеден түбірімен аластап тастауға кедергі келтіруде. «Білім берудің жаңа технологиясы» радикалды стиль тұрғысында қарастырылады.  Шындықтың жүзімен қарасақ, педагогика нысанының қатысы жоқ бірде-бір ғылымды атай алмаймыз. Ол үшін әрбір оқытушы-профессор өзінің дәріс, семинар жүргізу барысында қандай амал-тәсілдерді «демеуші білім беру» және «инновациялық білім беру» жіктемесіне жатқызатынын ішкі пайыммен бағамдап, соған сәйкес келерлік технологияны не даяр күйінде қабылдайды.

Технологиялардың тиімді пайдалану үшін оның әдіснамалық бағдарын құрып алған орынды:

1.     Білім беруде, білімдендіруде, ғылым игерту үдерісінде басымдық іс-әрекетті жандандырудың негізін қалауы.

2.     Ғылыми-оқу қызметін, инструментін тұтастықта жабдықтаудың жолдарын табуы.

3.     Білім берудің негізгі бағыттарын, ұстанымдарын, интеллектуалды әлеуетін (мақсат, міндет, жаңалығы, жобасы...) ұдайы дамытудың ақиқатты амалын құруы.

4.     Ғылымдар арасындағы өзара ықпалдастық заңдылықтары мен ұштастық қағидасын анықтауы және студенттің ішкі ғылыми-біліми қорын (интериоризациясын) олардың өзінің зерделеу іс-әрекетінде ширатуы.

5.     Қарастыруға қатысты нысанына басымдықта келетін әдіснамалық жүйенің құрылымдық мәнін зерттеуі.

Жоғарыда келтірілген бес әдіснама құрамдарын ұстаным ретінде алған оқытушы-профессор  зерттеу әдістері сапасында жүйе-құрылымдық тұрғыда кездесетін инновациялық технологиялардың өзінің білім беру үдерісінде қолданады.

Жоғарыда басы ашылған көлеңкелі іс-әрекеттерді жоюдың амалы – білім беру үдерісіне әдіснама бағдарын айқындау.

Әдіснама бағдарының екінші сатысы – шығармашыл-креативті әдіс. Белгілі бір білім теориясынан айрықша көріністерді аңғарту. Әдіснама бағдарының үшінші сатысы – аксиологиялық әдіс.  Меңгерілуге тиісті ғылыми нысанның астарлы тұстары қамтылады. Студент бұрынғы білім қорларын интеллектуалды  әлеует сапасында жинақтаған өзі де тұжырымдама жасайтын дәрежеге жетіледі. Бұндай әдіснама бағдарының оқу ісінің нәтижесі әр студенттің креативтік, эзотерикалық  парасат пайымына ұмтылуымен көрініс табады. Басымы стандарттағы пәндер мен нысандарын қамту болып табылады. Жоғары оқу орындарының білім теориясын жүзеге асыратын негізгі элементтері төмендегідей:

білімнің мақсаты;

білімнің мазмұны;

білім меңгерудің құралдары мен тәсілдері;

білім игеру үдерісін ұйымдастырудың түрлері;

студенттің нақтылы білім алуы мен ізгілікті тәрбиені қатарынан қабылдауының бірлігі;

білім үдерісінің субъектілі және объектілі тұстары;

білім ортасының тууы;

білім нәтижесі, аталған жоғары оқу орындарының мәртебесіне лайықты біліктілігі мен рухани әзірлігі.

 Жақын болашақтың зиялы қауымының үлгісі мемлекеттің стратегиялық-тактикалық бағдарламаларында сипатталып беріледі. Әр оқытушы өзінің білім игерту амалын ұйымдастырғанда мемлекеттік сұранымға құлақ түріп, оны өзінің назарына жетекші мұрат ретінде алып отыру - бүгінгі күннің талабы екенін ескерген дұрыс.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.     Нұрмағамбетов А.А. Образовательная политика Республики Казахстан в контексте трансформации системы высшего образования. — Алматы, 2002. — 35 б.

2.     Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана.2004.