Биология
магистрі Утебаева Б.Х.
А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Биология
және химия кафедрасының
оқытушысы
БУРАБАЙ КӨЛДЕРІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН МОЛЛЮСКАЛАРДЫҢ ЗАЛАЛДАНУ
ДӘРЕЖЕСІНІҢ ОЛАРДЫҢ ЖАЙЛАСУ ТЫҒЫЗДЫҒЫНА
ТӘУЕЛДІЛІГІ
Моллюскалардың
залалдануына суқоймалардың мөлшері, оның
оқшаулануы, су өсімдіктерінің өсуі дәрежесі
және судың ағысы үлкен әсер етеді. Ірі және терең суқоймаларда,
моллюскалар үлкен аумақта тарайды, таралуы жиі емес,
сондықтанда олардың залалдануы төмен.
Экологиялық
сараптама бойынша зерттелген моллюскалардың залалдануы олардың
жайласу тығыздығына тәуелді. Бурабай көлінен жиналған моллюскалар саны 103
дана. Оның 35-і
залалданған. Бұл суқоймада моллюскалардың
L.stagnalis, L.ovata түрлері аздап кездеседі.Кездескен моллюскаларды
зерттеген кезде олардың көбісі сорғыштармен орташа
залалданған болып шықты.Жалпы инвазия 21,35%-ға тең
болып шықты. Церкаридің 3 кездесті. Себебі мұнда
соңғы иеге оң жағдай туғыздырылмаған,
көлдің шеттері тасты, су өсімдіктеріне кедей, тек батыс
және оңтүстік жағалауда қамыс және
басқа өсімдіктер кездеседі, олардың жалпы ауданы 5%
құрайды. Соңғы кездерде Бурабай куоротты аймақта
туризм өндірісі қарқынды дамуда. Сондықтанда бұл
көл, адамдардың негізгі дем алатын орны болып табылады. Соған
сәйкесінше адам жүретін жерлерде әдетте жабайы
құстар, аңдар көп кездеспейді.
Шортанкөлі
аумағы үлкен территорияны алып жатыр. Мұнда
моллюскалардың 5 түрі және кездесу жиілігі орташа.Жалпы
зерттелген моллюскалардың саны – 97. Залалдану инвазиясы 18,5%
құрады. Себебі бұл
көлдің солтүстік – шығысы жағалауы
құмды, жағалаулардың басым бөлігі таяз.
Қамыс, қоғаның, елекшөптің су өсімдіктерінің өсуі
нашар. Жабайы құстар, үйректер көлді маңайында
аздап кездеседі. Ихтиофауна жақсы дамуда.
Кіші
Шабақты көлінде жиналған
моллюскалар трематодтармен басқа
көлдермен салыстырғанда жоғары залалданған болып
келеді. Себебі көлдің айналасы жағалауларын қасында су
өсімдіктеріне бай, суы тұщы
болып келеді. Онда жабайы құстар мен бақалар мекендейді.
Ондағы моллюскалардың жайласу тығыздығы жоғары
болып келеді. Кездескен моллюскалар түрі 7, олардың негізгі
түрін L.stagnalis құрады. Жалпы залалданған
моллюскалардың саны 58, залалдану пайызы 27% .
Шәкі көлінен
жиналған моллюскалар түрі Lstagnalis, L.оvata, L.аuricularia,
L.тruncatula көптеп кезедседі.
Себебі көлшіктің ауданы үлкен емес, топырағы
құрақтанған.
Көлшіктің суы
тұщы, онда су өсімдіктері мен омыртқасыздар жәндіктер
көптеп кездеседі. Былқылдақденелілер, бунақденелілердің
дернәсілдері құстарға қорек. Жағалауларында Limnaea stagnalis
моллюскасы жиі кездеседі. Залалданған моллюска саны 66,
церкарилердің 8 түрі табылды. Жалпы инвазия 31,14%
құрады.
Иманай өзегі
Иманай өзегінде моллюскалар
көптеп кездеспейді. Өзектің түбі барлық жерінде
ұсақтатылған тастар
мен гранитті тау жынысындағы ұсақ жұмыр тастармен жабылған. Батпақтарда
қамыс пен жас қайыңдар көптеп өседі.Үлкен
тоспа ұлуы өзектің ағысы баяу, су өсімдіктеріне
бай учаскелерінде кездеседі. Жалпы жиналған моллюскалар саны 68,
залалдану көрсеткіші 2,5 % құрады.
Әдебиеттер
1. Гинецинская Т.А., Добровольский А.А. К фауне личинок трематод пресноводных моллюсков
дельты Волги. Астрахань: Труды
Астраханского заповедника. 1964. С.
64-77
2. Судариков В.Е. Трематоды фауны СССР. Стригеиды.
– Москва : Наука, 1984.С.3-21