ӘОЖ: 37.035.6:372.8:574
Оқушылардың экологиялық
мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктерінің зерттелуі
Досмаханова М.
Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университетінің магистранты, Қызылорда қаласы, Қазақстан
Қазіргі заманда мемлекетке білімді де білгір ұшқыр ойлы
әрі іскер адамдарды керектігіне, ал оларды оқыту және
тәрбиелеу білім процесіне жаңа педагогикалық
ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды
енгізуге тікелей байланыстылығына ешкімде шұбаланбайды.
Адам мен табиғаттың өзара
қарым-қатынасының адамгершілік аспектісін ашуда,
ақыл-ой мен сезімін тәрбислеуде, сананы қалыптастыруда
адамның экологиялық мәдениеті жетекші орын алады.
"Экологиялық
мәдениетке" тәрбиелеу қажеттілігі XX ғасырдың 70-ші жылдарында айқындалды.
Ол бір жағынан, орта мектептерде экологиялық білімнің
снгізілуімен байланысты болса, ал екінші жағынан, экологиялық дағдарыстың
тереңдеп, қоршаған ортадағы үйлесімділіктің
бұзылуы әсерін тигізді. "Мәдениет
экологиясы" терминін ең алғаш рет академик Д. С. Лихачев 1980
жылы ұсынды. Оның пікірінше, адамгершілік факторынан
құрылған адам тіршілігінің объективті негізі —
мұраларды сақтау, сондықтан мәдениет экологиясын
адамгершілік экологиясы ретінде қарастырады. Мәдениет
экологиясының заңдарын сақтамаған жағдайда ол
қоғамның адамгершілік, рухани жағынан
құлдырауына әкеліп соқтыратындығын ескертті.
Сондықтан, біз Д.С.Лихачевтің
төмендегі тұжырымын басшылыққа алдық:
"табиғат пен адам" арасындағы қарым-қатынас
-өздеріне тән "мінез-құлық ережелері" бар,
әлеуметтік екі мәдениетгің қарым-қатынасы. Екі
мәдениет тарихи дамудың жемісі, оның ішінде, адам
мәдениеті табиғаттың ықпалымен дамыса (адамзат тіршілік
ете бастаған кезден), ал табиғат адам мәдениетімен
тығыз байланыста дамыды. [1]
Сонымен, мәдениет саналы
өзгерістің — адам мен табиғат арасындағы өзара
қатынастардың барлық жүйесін қайта
құруға үлкен жаңалық жасайтын адам
тұрмысының сфсрасы болып есептеледі.
Экологиялық мәдениеттің классикалық
анықтамасын И. П. Сафронов бсрді. Ол экологиялық мәдениетті
"рухани құндылықтарды, әлеуметтік
институттардың барлық түрлерінің жүйесін
және белгілі бір әлеуметтік бірліктің шеңберіндегі
табиғатты танып-білумен, меңгерумен және жаңартумен
тікелей байланысты адам іс-әрекстінің нәтижелерін
көрсететін, адам, қоғам мен табиғат арасындағы
қарым-қатынастардың сипаты мен саналық деңгейін
білдіретін жалпы мәдениеттің арнайы бөлігі" ретінде
анықтады. Ол мәдениет ұғымын аксиологиялық,
іс-әрекеттік, семиотикалық, әлеуметтік, гуманистік тұрғыдан
түсіндірді [2].
Ал, монографиялар мен диссертацияларда
экологиялық мәдениет ұғымын сан алуан
тұрғыдан ғылыми деңгейде түсіндіріп, ор
қырынан анықтама берілгсн.
Кейбір зертгеушілер бұл
ұғымды табиғатты қайта құрушы
іс-әрекеттің мәдениетіне саяды. Бұл
тұрғыдан қарауды бірінші рет М. С. Каған ұсынды,
оны одан әрі А. И. Кочергина және т.б. өз зерттеулерінде
жалғастырды. Экологиялық мәдениеттің бұлтар
ұғымын басқа зерттеушілер толықтырады. Мысалы, Э. С.
Маркарян: "Экологиялық мәдениет қоғамның
табиғатпен ғана емсс, сонымен бірге әлеуметтік-тарихи ортамен
өзара әрекетінің тәсілдерін сипаттауды талап
етеді", — деп көрсетеді.
В. И. Вернадский бойынша, экологиялық
мәдениет, адамзат дамуының сапалық қасиеттерге ие
болатын бағыттылық векторы. Ал Э. В. Гирусов бұл
көзқарасты қолдай отырып, мәдениетті
"материадцық және рухани
құндылықтардың жиынтығы, сонымен бірге
қоғамның алға басуын қамтамасыз ететін адам
іс-әрекетінің тәсілдері ретінде" айқындайды, ал
экологиялық мәдениетті "ортаның тіршілікке
жарамдылық талаптарына әлеуметтік іс-әрекеттің
сәйкестігінің себепшісі болатын" жалпы мәдениеттің
бөлігі ретінде қарастырады [3].
Хейзингтің пікірінше, экологиялық
мәдениет бұлрухани және материадцық
құндылықтардың сай келушілігі; индивидуумның,
бірлестіктің және биосфсраның (алдымен, индивидуумның
денсаулығы, социум мен биосфераның қолайльшыга)
үйлесімділігі; тіршілік формаларын дамыту мен көбейтуге,
сақтауға жагдайлар жасауды қадағалау [4].
Экологиялық мәдениет
ұғымының мазмұнын кейбір ғалымдар (И.Л.Носова,
М.С. Каған) утилитарлық практикалық аспекті
тұрғысынан біржақты карастырса, ал ғалымдар Л. Я.
Станис, Е. В. Станис "экологиялық мәдениет,
ұлттық, әлеуметтік, мемлекетара-лық жонс басқа да
дау-жанжалды шешуге мүмкіндік бсріп, жалпыадамзаттық
құндылықтың мөртебесін арттырып, жер бетінде
тіршілік пен цивилизацияны сақтауға адамзатты
біріктіреді",-деп есептейді.
“Экологиялық мәдениет" салыстырмалы жаңа
ұғым, ол дүниежүзілік мәдениеттің
маңызды кезеңі жөнс кұрамды бөлігі. Экологиялық
мәдениет ұғымының пайда болуы экологиялық
қауіпсіздікті болжау, қоршаған табиғи ортаны
қорғау мен жақсартуды қамтамасыз ету қажеттілігін
түсінумен тығыз байланысты екендігін көрсетеді.
К.Исламова “Экологиялық мәдениет" ұғымын
төмендегідей тұжырымдайды. ''Экологиялық мәдениет —
қоғамның табиғи ортамен ғана емес,
әлеуметтік тарихи ортамен өзара әрекетінің
тәсілдерін сипаттайтын, барлық рухани өмір мсн істе
көрініс табатын, адамзат мәдениетінің маңызды
бөлігі және табиғаттың құндылығын
түсінетін, экологиялық білім жүйесімен, экологиялық
іс-әрекетпен, қоршаған ортаға ізгілік
қарым-қатынаспен сипатталатын түлғаның ерекше
қасиеті" [5].
Экологиялық мәдениет —
әлеуметтік табиғи түзілім, оның құрылымы
өзара тығыз байланысты бөліктерден тұрады:
экологиялық білім; экологиялық мінез-құлық; экологиялық
тәрбие; экологиялық, сана;
экологиялық сенім; экологиялық қарым-қатынас;
экологиялық іс-әрекет.
Аталған проблеманың өзектілігі
әлі де болса ғылыми-теориялық және әдістемелік
жағынан толық қарастырылмауы
зерттеу жұмыстарын жалғастыруын талап етеді.
Резюме
В данной статье приведены данные о понятии
эколологической культуры. Наряду с этим проведен
обзор истории изучения основ формирования экологической культуры в трудах
видных педагогов.Также раскрыто классическое понимание значения
экологической культуры.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Бұзаубақова К.Ж. Мектептен тыс
уақытта табиғат қорғауға тәрбиелеу.
“Қазақстан мектебі”. №4. 1996. 14 б.
2.
Жарықбаев Қ., Қалиев С.
Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы. 1995. 352б.
3.
Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. –
Алматы. 1995. 332б.
4.
Табылдиев Ә. Халық тағылымы. – Алматы. 1992.
162б.
5.
Садықова М.К. Қазақстан мектептерінде
оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс тәрбие
жұмыстарының дамуы. (1940-1960жж). Пед.ғыл.канд.дисс.
Автореф. – Алматы. 2002. 142б.