Құсаинов К.К. э.ғ.д
Оқасов А. магистрант
Ш.Уәлиханов атындағы
Көкшетау мемлекеттік университеті
Қазақстан Республикасындағы
шағын
және орта бизнестің дамуы
Қазақстан
Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаев 2006
жылғы қаңтардың 31-iнде “Жеке кәсiпкерлiк туралы”
Заңға қол қойды. Елбасы мемлекеттің «Қазақстан-2050» ұзақ
мерзімді стратегиясы және
Қазақстанды ең жақсы дамыған
әлемнің 50 елінің қатарына қосу жөнінде аса
ауқымды міндеттерге жету жолында шағын және орта
бизнестің алатын орны ерекше деген пікірге тоқталып отыр.
“Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту туралы” Елбасының
Жарлығы бүгiнгi таңдағы нарық кезеңiнде келешек
көкжиегiне жетелер үмiт ұшқыны, еліміздің
экономикалық дамыған елдермен тереземіз теңесер тұста
шағын және орта кәсіпкерлікпен еңбек еткендердің
қосар үлесі, алар орны зор болмақ. Бұл болашақ
бастаманы баянды ету оңай мәселе емес. Бұл жолда не бел
кетедi, не белбеу кетедi дегендей осындай жағдайда мемлекет өз
азаматтарының iшкi қуатына сүйенетiнi айдай анық. “Жеке
кәсiпкерлiк туралы”Заң осы мақсатта өмiрге келiп отыр
деуге де болады.
Бұл
мақсатты іске асыру көбіне шағын және орта
кәсіпкерліктің даму деңгейіне байланысты
артықшылықтар кешені, атап айтқанда, нарық
конъюктурасының өзгеруін тез сезіну, айналым
қаржыларының жоғары айналымдылығы, халықтың
қаржы ресурстарын шоғырландыру, мөлшері жағынан аз
ғана алғашқы капиталды пайдалану, бәсекелестік ортаны
құру, тұтынушыларға жақын орналасу,
инновациялардың жартысынан көбін құру және т.б,
шағын кәсіпкерлікке көптеген өнеркәсібі
дамыған елдерде жалпы ішкі өнімнің негізгі бөлігін
өндіруге, жұмыспен қамту проблемаларын шешуге,
әлеуметтік шиеленісуді жоюға, ғылыми техникалық
прогрестің дамуына ықпал
етуге, өнімді өндіруді және бюджетке түсетін
төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен
қоса, шағын және орта кәсіпкерлік-қазіргі
қоғамның саяси тұрақтылығының
негізі-орташа топтың пайда болуына әлеуметтік-экономикалық
алғышарттарды құрады.
Қазақстан
жағдайында шағын бизнеске анықтама бере отырып, қолда
бар шетелдік тәжірибелерді ескере келе, шағын бизнеске келесідей
сипаттама беруге болады. Шағын бизнес кәсіпорындары деп, бір немесе
бірнеше инвесторлармен құрылған, географиялық шектелген
аймақтарда жұмыс істейтін және нарықтың шектелген
үлесіне ие кәсіпорындарды айтамыз. Бұл кәсіпорындарда
басқаруды негізін салушылар жүзеге асырады, олар барлық
негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайды;
басқару-нысаншылдықтың жоқтығы мен ұтымды
шешім қабылдау сипатымен ерекшеленеді; басқару саласында, сондай-ақ
өндіріс саласында жұмысшылардың жоғары өзара
ауыспалылығы байқалады.
Кәсiпкерлiк
саланы дамыту-экономиканы жандандырудың бiрден бiр жолы екенiн бұл
күнде көпшiлiк жақсы түсiнедi. Көптеген
экономикалық, әлеуметтiк және саяси мәселелердi шешуге
қабiлеттi болғандықтан шағын және орта кәсiпкерлiктiң нарықтық
эконмикада маңызы зор. Бұгiнгi таңда мемлекеттiк мекемелер
мен iрi фирмалар шағын және орта
кәсiпкерлiктiң дамуына жан-жақты араласады.
Кәсiпкерлiк пен шағын бизнестiң негiзгi
мақсатының өзi-жұмыс көздерiн ұлғайту
арқылы пайдаға қол жеткiзу. Жалпы коммерциялық
жұмыстың өзi капиталды молайтумен түйiнделедi. Кәсiпкерлiктiң
түр-түрiн дамытуға да көңiл бөлетiн мерзiм
туды. Қалай десек те кәсiпкерлiк, шағын және орта
бизнес тұрмысымызға мықтап енуге тиiс. Жұмыстың
осы көлемiнiң өзi ауданда шағын және орта
кәсiпкерлiктi дамыту керектiгiне айғақ болар едi. Ол
үшiн ұйымдастыру жұмыстарына жете мән берiп,
құқықтық-экономикалық жағынан
еңбек адамдарының қорғалуын қамтамасыз ету керек.
Солай болғанда ғана тұрғындардың еңбекке
тартылуы артып, олардың көңiлдерiне сенiм мен жiгер
ұялайды. Бүгiнгi таңдағы баршамыздың ортақ
iсiмiз осыған бағытталуы керек.
Қазіргі
уақытта әлемнің көптеген елдерінде шағын
және орта бизенс қайтадан өз мәні мен
маңыздылығына ие болды. Көптеген елдердің
үкіметтері шағын және орта
бизнесті жаңа ойлардың, жаңа жұмыс
орындарының, табыстар мен өркениеттіліктің көзі ретінді
қарастырып, дамуына жағдай жасау шараларын қабылдауда.
іс жүзінде қолдап
отыруға ынталы. Кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекеттің
рөлі оның қызметін белгілі шеңберде бақылауды белгілеу
және өсіп-өркендеуі үшін қолайлы жағдай
жасау болмақ.
Шағын
және орта кәсіпкерлік қызметіндегі басты делінген
мәселесі – ол осы саланы қаржыландырудың, оған несие
берудің мүмкіндігі. Банктер
ақша олардың жекеменшігі болғандықтан
шағын өсіммен (процентпен) ұзақ мерзімді несие
бермейді. Сондықтан да бүгінгі күні кәсіпкерлер
өз күшіне, өз мүмкіндігіне сүйенуге тиіс.
Президент айтқандай, кәсіпкерлер бір жағынан тезірек
қайтымды қайтарымы тез жобалар іздеуі керек және
қысқа мерзімді жобаларға мүдделі банктерді іздеп
табулары керек. Шын мәнінде шағын және орта бизнестің өзі қысқа
мезімді жобалар үшін қызмет істеуге және соны жүзеге
асыруға маманданатын сала болып табылады. Сондай-ақ
кәсіпкерлер өздерінің қаржы – банк жүйесіне қатыспайтын несиелік
серіктестіктерін құруға тиіс.
Қазақстан Үкіметі соңғы
жылдары шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдауды
өзінің басымды міндеттерінің қатарына кіргізді. Өйткені,
оларды қолдау-жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жаппай жұмыссыздықты ауыздықтау,
қоршаған ортаны сауықтыру, монополизмді бейтараптандыру
мүмкіндігін береді.
Шағын және орта
бизнесті қолдау мен дамыту мәселесі
Қазақстанның экономикалық саясатының стратегиялық міндеттерінің
қатарынан саналады. Соңғы жылдардағы
кәсіпкерлікті қолдау жөнінде қабылданған
заңдар мен бағдарламалардың шоғыры орталық
басқару органдарының бұл салаға шынайы назар
аударғанын айғақтайды. Мемлекет басшысының
“Қазақстан-2030” ұзақ мерзімді стратегиялық
еңбегінде әлеуметтік-экономикалық дамудың басым
бағыттарының бірі ретінде кәсіпкерлікті қолдауды атап
өтілгені жайдан-жай емес. Шағын және орта бизнесті тиімді
қолдау мен жеделдете дамыту міндетін орындау жекелеген
тұлғаның, кәсіпорынның немесе шаруашылық
саласының ғана емес, тұтас мемлекеттің
экономикалық болашағын айқындайтын негізгі факторлардың
бірі. Әлеуметтік басым бағыттағы нарық экономикасын
дамытуға талпынған біздің мемлекетіміз үшін шағын
және орта бизнестің мәні мен құрылымын, тиімді
үрдістерін зерттеп-зерделеп алу қай жағынан да өте
пайдалы болар еді.
Шағын және орта бизнесті жүргізу қабілеттігі,
шын мәнінде табиғи талантты қажет етеді. Кәсіпкерге
тәуекелдік пен біліктілік, білім мен белсенділік керек-ақ. Десек
те, кәсіпкерге көпті басқара білу, алдын ала жетістікті де,
сәтсіздікті де байқайтын айрықша сезгіштік қабілет
қажет.
Шағын және орта бизнес
кәсіпорындары жаңағыдай лизингті
(құрал-жабдықтарды, көліктерді және т.б жылжитын
және жылжымайтын мүліктерді ұзақ мерзімге жалға
беру) пайдалана отырып, өзінің қаржы мәселелерін шешу
мүмкіндіктеріне ие болады. Алайда, атап өтетін жайт
Қазақстанда шағын және орта бизнес кәсіпорындарын
қаржыландырудың аталған үлгілері жоғары
деңгейде пайдаланылмайды. Осыған байланысты шағын және
орта бизнестің өміршеңдігі де қысқа болып отыр.
Мемлекет
тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікке бөлінетін
қаржы жоқтың қасы. Ал, банктер тәуекелі
төмен ірі кәсіпорындарға несие бергенді жөн санайды.
Меніңше, мұндай көзқарасты түбегейлі өзгерту
қажет. Ірі компаниялар мемлекет қолдауына мұқтаж емес,
ал шағын және орта
кәсіпорындарды мемлекет міндетті түрде қолдауы тиіс.
Тез арада шағын және орта кәсіпкерлікті нақты
қаржылық қолдайтын арнайы инвестициялық шараларын
жүргізген дұрыс. Шағын және орта кәсіпорын
жеңілдетілген несиелерді алып қана гүлдене алады.
Бiз
ежелден бәсекеге бейiм елмiз. Бiреудiң бәйгеде аты озып
келсе, күресте балуаны жықса, бiреудiң өнерiмен
жақсы аты шықса, дереу соны үлгi етiп, сондай
болмаққа ұмтылып, барын салатын жұрттың
ұрпағымыз.
Ендiгi бәсекеміз-елдiк
бәсеке болмақ. Қазақ елі ендi сыртқы
жұртпен, озған, iлгерi кеткен, мақсатқа жеткен елдермен
бәсекеге түспек. Бұл бәсеке бiле бiлгенге бой
жарыстырар бәсеке емес, ақыл-ойды жарыстырар бәсеке
болғалы тұр. Алға кеткен елдердiң қай
қайсысы болсын өздiгiнен ығысып орнын бере қойсын ба?
Жұлқынып алға шығу үшiн де бiр күш
iшiмiзден жұлқып тұруы керек. Ол күш-таза бәсеке.
Ендiгi таңда қазақтың аты озсын, көш-керуенi
көлiктi, жұмысы мен тiрлiгi өнiмдi болсын десек, осы мақсатқа
тастүйiн болып жұмылуымыз керек-ақ. Абай атамыз өсиет
еткен “бiрлiк керек, онда да ақылға бiрлiк” деген сөз
әр қазақ азаматының көкiрек көзiнде
тұрғаны жөн.
Жарыссақ-озғанға
құмар, күрессек женгенге құмар елмiз дегендей бәсекелестiк бiздiң бойымызда,
қанымызда бар. Қазақтың аты бәйгеден келсе,
қуанбайтын қазақ жоқ. Ендеше, бәсекеде белдессек-мықтылармен белдесейiк. Көк
өскiн жемiс берсiн. Кәсiпкерлiк өрiстесiн. Артта
қалғандарға қарап жағдайымыз жақсы деп
салыстырмайық, алға кеткендермен жарысып, жағдайымызды
солармен салыстыра iлгерi басайық. Тақымдағы көкпарды бiреу тартып
әкетпесiн десеңiз, тiзгiн мен тақымңа ие бол! Тәуелсiздiктiң басты мұраты да сол!
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрыслтан
Назарбаевтің Қазақстан халқын жолдауы.
Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау
қарсаңында. Қазақстан әлемдегі бәсекеге
барынша қаблетті қаблетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясы – Астана 2006ж.
2.
Қазақстан – 2030 Алматы 2003ж. Юрист
3.
Банки Казакстана 2004ж. «Налогооблажение в малом бизнесе» Т.Рускулова.