Педагогикалық
ғылымдар магистры, Қаржы кафедрасының оқытушысы Кукиев
А.Д., "Экономика" мамандығының студенті
Аитбаев
А.Г.,
Экономика
және бизнес Жоғары мектебі,
аль-Фараби
атындағы Қазақ Ұлттық университеті
ФЕДЕРАЛДЫ РЕЗЕРВТІК ЖҮЙЕ ЖӘНЕ АҚШ-тың
ҚАРЖЫ САЯСАТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Америка
Құрама Штаттары - әлемдегі ең ірі
саяси-экономикалық держава. Ол дүниежүзілік үрдістерге
ықпалы жоғары мемлекет. Оз мәдениетін белсенді пиарлаушы
ел... Бұл жағдайлардың барлығы қай уақыттан
басталды?
CC ғасырдың 30-шы жылдары АҚШ-та "Ұлы
депрессия" деп аталатын жағдай орын алды. Кейбіреулер оны
әлемдік дағдарыс деп айтса, басқалары жай ғана
жалған әрекеттермен іске асырылған оқиға ретінде
қарастырады. "Депрессия" нәтижесінде АҚШ-тағы
банк жүйесі құлдырап, ірі көлемде
жұмыссыздық орын алады. Ф.Д.Рузвельт кезекті сайлауда жеңіске
жетіп, "Жаңа бағыт" деп аталатын бағдарламаны іске
асырып, елді тығырықтан шығару жолдарын іздейді.
II Дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ-тың
жүргізген саясаты "алдап-сулауға" негізделді дейді кейбір
саясаткерлер. Мемлекеттің соғыс басында ешбір жаққа
өтпеуі - бұл тарихи дерек. Соғыстан шеккен зардабы мардымсыз
- бұл да айқын дерек. Жапонияның 2 қаласына атом
бомбасын тастағаны да рас. Соңғы оқиғаның
себептері әлі толық ашыла қойған жоқ, ал салдары
болса, өте ауыр болды! Бүкіл әлемді дүр-сілкіндірген
жарылыстар АҚШ-тың әлемді "қорқыту"
акциясы ретінде қарастыруымызға болады.
1953 жылы И.В.Сталин
қайтыс болғаннан кейін (оның себептері әлі күнге
дейін құпия) КСРО-ның АҚШ-қа бәсекелестік
көрсету қабілеті төмендей береді. "Қырғи қабақ"
соғысының нәтижесі - АҚШ әлем державасы болса,
КСРО 1991 жылы құлдырайды (бұның да себептері
белгісіз). Яғни әлемде 1 империяның гегемониясы орнап,
ең ірі социализм ұясының жойылуы орын алады.
Қазіргі
заманға оралайық.
АҚШ -
экономикалық ауқатты, саяси "айдаһар".
Доллардың әлемдік валюта ретіндегі тұрақтылығы
1999 жылдың 1-ші қаңтарына дейін "созылады".
Еуропалық одақ мүшелері "долларға
тәуелділік" факторынан айырылу мақсатында жаңа
халықаралық валюта - еуроны айналымға жібереді. Алайда еуро
тек "Кәрі құрлықта" ғана мойындалып,
ойластырылған деңгейге жетуге әлі де тырысуда. Еуропа
экономикасы АҚШ экономикасымен салыстыруға тұрарлық
ауқатты жүйе бола тұра, саяси басқару жағынан
бөлек экономикаларға бөлінуі кері әсерін тигізеді.
Федералды резервтік
жүйе (ФРЖ) - 1913 жылдың 23-ші желтоқсанында
АҚШ-тың коммерциялық банктер жүйесін
орталықтандыру және мемлекеттің Орталық банк
қызметін атқару үшін құрылған жеке
федералды агенттік. Бұл мекемені құру Федералды резерв туралы
Заңға негізделді.
Ұйымдық-құқықтық құрылымы
жағынан ФРЖ - ерекше құқыққа ие акционерлік
қоғам деп бекітілген.
2014 жылдың
6-шы қаңтарында Барак Обаманың ұсынысы бойынша
ФРЖ-ның жаңа басшысы Джанет Йеллен ханым болып, АҚШ сенаты
бұл өзгерісті 1-ші ақпан күні қабылдауды шешті.
АҚШ-тағы
Орталық банк қызметін атқарушы орган - ФРЖ (Федералды
резервтік жүйе) - коммерциялық банктердің
орталықтандырылған жүйесі(!). Бұл қызықты
жайт. ФРЖ - мемлекетке еш бағынбайтын автономды құрылым
болғаны ма сонда? Бұл жағдай Д.М.Кейнстің макроэкономикалық
заңдылықтарына еш бағынбайды! Сонымен бірге, ФРЖ-ның
бүкіл дүниежүзілік экономикалық
құрылымдарға да әсері зор дейді кейбір
экономист-ғалымдар. Қазіргі кездегі пайыз
мөлшерлемесінің жылдық деңгейінің (0-0,25%) өте
төмен болуы да экономиканың рецессия жағдайынан шығуына
әсері білінбейді. АҚШ-тың сыртқы қарызының (ЖІӨ-нің 82%) соншама
үлкен болуы оның ең ірі қаржы құрылымы
болуына да әсері мардымсыз. Бұл ФРЖ-ның өте
жоғары деңгейлі іргетаста отыруының салдары...
ФРЖ жайлы
қызықты деректер[1]:
1914-2010 жылдар
аралығындағы ФРЖ-ның басты сапалық көрсеткіштері:
|
Жыл |
Ағымдағы
пайда (мың. доллар) |
Таза шығындар
(мың. доллар) |
|
1914-1915 |
2173 |
2018 |
|
1930 |
36424 |
25358 |
|
1950 |
275839 |
69822 |
|
1970 |
3877218 |
276572 |
|
1980 |
12802319 |
718033 |
|
1990 |
23476604 |
1349726 |
|
2000 |
33963992 |
1971688 |
|
2010 |
79300937 |
6270420 |
|
∑ |
928,275,307 |
73,977,051 |
2010 жылғы
жылдық есеп беру нәтижесіндегі 12 федералды банктің
қызметкерлерінің жалақы мөлшерлемесі:
|
Федералды резервтік банк (филиалдармен қоса) |
Жылдық жалақы
мөлшері (президент) |
Жылдық жалақы
мөлшері (қызметкер)/саны |
|
Бостон |
350400 |
66470310/765 |
|
Нью-Йорк |
410780 |
256567921/2534 |
|
Филадельфия |
350400 |
55001615/740 |
|
Кливленд |
347400 |
72763870/1179 |
|
Ричмонд |
347400 |
100683036/1339 |
|
Атланта |
314400 |
111098660/1523 |
|
Чикаго |
350400 |
95320721/1138 |
|
Сент-Луис |
281300 |
60265479/823 |
|
Миннеаполис |
313500 |
63334083/912 |
|
Канзас-сити |
380500 |
73171732/1108 |
|
Даллас |
350400 |
70513045/1047 |
|
Сан-Франциско¹ |
- |
124088889/1413 |
Ескерту: 1. 2010
жылдың 31 желтоқсанына Сан-Францискодағы федералды банк
басшысының жұмыс орны бос болды.
2007-08 жылдары
басталған Дүниежүзілік экономикалық
дағдарыстың басты себебі - АҚШ-тағы ипотекалық
коллапс нәтижесі. Миллиондаған американдықтар жылжымайтын
мүлікті ипотекалық несие арқылы алып, қарыздарын
өтей алмауы осындай жағдайға әкеп соқтырды.
Бұл дағдарыспен
күресудің бір амалы ретінде елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
"ортақ Еуразиялық валюта енгізу керек" деген ұсыныс
жасаған болатын. Бұл әрекеттің долларды әлем
сахнасынан бірте-бірте жойумен де сипатталады. Себебі бүкіл
дүниежүзінің дағдарысқа ұшырауы тек АҚШ
сияқты бір елге ғана тәуелді болуы - өте тиімсіз
(әрине басқа елдер үшін) жағдай. Сондықтан,
Еуразия мемлекеттерінің алыптары (Қытай, Жапония, Германия,...)
АҚШ гегемониясына "қарсы" тұру қабілеттері
жеткілікті болып табылады. Алайда бұл оқиға орындалу
үшін Еуразия мемлекеттері жаңа интеграциялық кеңістік
құруы тиіс. Ал бұл үрдіс ондаған жылдарды
қамтитын мәселе.
Американдық
капиталистік модельге бәсекелес күштің пайда болуы -
әлемдегі экономикалық тепе-теңдікті орнатуға
бағыттаушы басты шарттардың бірі. АКМ - мінсіз модель емес,
оның да толып жатқан теріс жақтары бар...
Капитализм - аяусыз
қоғам. Мүмкіндіктер көп, бірақ бәсекелестік
жоғары. Сол себепті де, мен әлі де Карл Маркстің
тұжырымдамасымен толық келісемін: "Социализм - адамзат
өркениетінің ең жоғарғы даму кезеңі".
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.
http://www.federalreserve.gov/publications/annual-report/statistical-tables/2010-statistical-table11.htm
2.
http://www.federalreserve.gov/publications/annual-report/statistical-tables/2010-statistical-table13.htm