т.ғ.к. Колесников А.С., магистрант Зияев Е.К.

 «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлкеттік университеті», Шымкент, Қазақстан

 

Қазақстанның мұнайгазконденсат ұңғымаларынан алынатын өнімдерді  жинау мен дайындау барысында H2Sқоспаларынан тазалау мәселелерін жалпы шолу

 

Қазақстанның газ және мұнай өңдеу өндірісін даму стратегиясы директивті-нормативті құжаттар арқылы жүзеге асады және мұнай өндірілетін аймақтардағы экологиялық мәселелерді қалпына келтіру және олардың алдын алу, қоршаған ортаның ластануын төмендету мен өндірістің қауіпсіздігін арттыра отырып энергия шығынын төмендету қарастырылады.

Қазақстан экономикасында мұнай өндірісі маңызды орын алады. ҚР –да жыл сайын өндірілген мұнай мен тасмалданатаын мұнай көлемі артуда. Алайда, бұл сала қоршаған орта мен ауаны ластаушы негізгі көздін бірі болып табылады. Мұнай мен газды ашық жағдайда өндіре бастау қоршаған ортаны ластаудың ең басты мәселелерінің біріне айналды. Мұнай мен газ өндіретін кендердің маштабының кең болуымен оның өндірілуінің үздіксіздігі белгілі бір мөлшерде көмірсутегінің жоғалуына әкеледі.

Қазақстан қазіргі таңда мұнаймен газ қоры бойынша әлемдегі  ең алдынғы қатарлы алпауыт елдердің бірі болып табылады. Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіретін аймақтар: Теңіз, Жаңажол, Қарашығанақ, Өзен, Жетібай, Қаламқас, Құмкөл және т.б.

Қазақстанда өндірілетін мұнай өзінің физико-химиялық қасиеттері бойынша, оның құрамында кездесетін асфальт, шайыр және парафиндер мөлшері бойынша алуан түрлі болады, олардың көбісінің құрамында көмірқышқыл газының мөлшері, күкірт пен оның қосылыстары, соның ішінде қоршаған ортаға аса зиянды күкіртті сутек (H2S), мөлшері жоғары болады.

Қазақстан мұндай мұнай орындарын игеру, қолдану және эксплутациялау және олардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін бақылап отыру тұрғысынан көп тәжірибеге ие.

Құрамында күкіртті сутек, меркапта және басқада күкіртті қосылыстары бар, сондай-ақ көмір қышқыл газы бар мұнайды өндіру кезінде ерекше әдістер қажет.

Жоғарыда аталған қоспалар ішінде ең зияндысы күкіртті сутек болып табылады, себебі ол суда жақсы ериді және көмір қышқыл газымен бірдей таралады. Күкіртті сутек қауіптілігі жағынан 2-сыныпқа жататын аса улы газ болып табылады. Сумен көмір қышқыл газы қатысында коррозиалық қасиеті бар қосылыс болып табылады. Оның коррозиялық қасиеті металлды шытынауға әкеліп соқтырады [1].

Мұнай құрамында болатын қышқыл газдардың белгілі бір бөлігін сепарациялау арқылы бөліп алуға болады, сондықтанда бөлініп алынған газды күкіртті сутегінен міндетті түрде тазалау керек. Мұнайды газсыздандырып болған соң оның құрамында құрғату мен тұзсыздандыруға әсер ете алмайтын күкіртті қосылыс концентрациясы қалады.

Мұнайды H2S-ден тазалау физико-химиялық немесе химияық әдістер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін [2-4].

Физико-химиялық әдіске мұнайды газдан «ыстық» сепарациялау  арқылы бөліп алуды жатқызуға  болады [8.9]. Мұнай құрамындағы күкірт сутекті газды тазалаудың физико-химиялық әдісі тонналап мұнай өндіретін өндірістерде қолданылады, сонымен қатар олар H2S мөлшері  500мг/дм3  -ден көп болған кезде үнемді әдіс болып табылады [1-4].

Мұнай құрамында H2S  мөлшері аз (200 мг/дм3 –тен аз) болған жағдайда химиялық әдіс қолданылады және бұл әдіс күкіртті сутегі химиялық байланысқан кезде қолданылады. Химикат ретінде сілтілер, аммиак, темір мен марганец сияқты металл оксидтері, хлорлы темір қолданылады [2]. Кей жағдайларда мұнай құрамында болатын күкіртті сутек байланысы темірі бар мұнай эмульциясымен байланысу арқылы болуы мүмкін, ал мұның нәтижесінде темір сульфиды түзіледі  [2-4].

Химиялық әдіс қолданған кезде шығын көптеу болады, себебі реагенттер көптеп қолданылады, алайда кей жағдайларда мұнай құрамындағы көмір қышқыл бөліп алу үшін тек осы әдіс қана қолданылады.

Солардың бір мысалы ретінде қалдық күкіртті сутекпен меркантанды ауа оттегімен каталитикалық тотықтыру арқылы, сондай-ақ алкилирлеу реакциясы арқылы бөліп алуға болады  [4].

Сонымен, жоғарыда келтірілген жалпы шолуды қорытындылай келе мұнай құрамында кездесетін күкіртті сутекті тазалаудың ең тиімді әдісі физико-химиялық әдіс болып табылады, бұл әдіс қоршаған ортаға келетін антропогенді әсерді төмендетеді.

 

Әдебиеттер:

1 Уэмейер С.А. Проектирование оборудования для сепарации высокосернистой нефти/ Инженер- нефтяник, М.: 1975, №9, С.22-25.

2 Айдосов А.А., Байямирова Р.У. Укрупненная оценка экономического ущерба от загрязнения водного бассейна нарушенных земель нефтегазодобывающих промышленных регионов //Тр. Региональной научной конференции, посвященной 60-летию Павлодарской области / ПавлодарскоеПрииртышье. – Павлодар, 1998. – С. 94.

3 Баямирова Р.У. Система предварительного сброса пластовой воды на месторождениях. // Вестник Атырауского института нефти и газа. – 2008.-№. 14.- С. 30-34.

4 Байков Н.М., Позднышев Г.Н., Мансуров Р.И. Сбор и промысловая подготовка нефти, газа и воды.-М.: недра, 1981г., 47с.