Государственное управление/3.Взаимодействие разных ветвей власти

                                                                                                                                      

Сеиткожина Ж.С.

Болгауов Т.А.

 

Восточно-Казахстанский государственный университет им.С. Аманжолова Магистрант 2 курса по специальности «Государственное и местное управление»

Восточно-Казахстанский государственный университет им.С. Аманжолова к.э.н., кафедры «Бизнеса и делового администрирования»

Мемлекеттік басқарудағы сыбайлас жемқорлық мәселелерінің нормативтік аспектілері.

 

            Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері кез-келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Барлық елдерде оның трансұлттық сипаты танылып, оған қарсы экономикалық, құқықтық және басқада шаралар қолданылуда.

Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған мезеттен бастап бұл аса ауыр қылмыстарға қатысты қатаң мемлекеттік саясат қалыптасты. Еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заңын қабылдады. Кейіннен бұл саладағы ұлттық заңнаманы жетілдіру барысында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенцияларын және басқада жалпы жұртта ныған халықаралық актілерді ратификациялап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіләлемдік қоғамдастықтың тең мүшесіне айналды.

          Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодесі, Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, Қазақстан Респбуликасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі негізгі нормативтік құқықтық актілері болып табылады.

Осы аталған саладағы қабылданған Заңнамалардың басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп қатерден республиканың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, осыған байланысты құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді тиісті жауапқа тартумен қатар, демократиялық негіздерді, мемлекеттік басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімдерін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталғаны жөнінде атап өту қажет.

Қазақстан Республиксының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңында сыбайлас жемқорлыққа келесідей ұғым берілген: Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін ол

ардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы,жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады [1].

 

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіләлемдік кеңістіктегі Қазақстанның көрсеткіштері жыл сайын жоғарылап келеді. Бұл проблемамен жан-жақты айналысып жүрген беделді халықаралық ұйым – Транспаренси Интернешнл қорының деректеріне сүйенсек, сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Қазақстан 2008 жылы 170-тен астам елдің ішінде 145 орында болса, 2009 жылы 120 орынға, ал былтырғы жылы 105 орынға дейін көтерілді. Бұл индекс кәсіпкерлердің, сарапшылар мен зерттеу ұйымдарының мәліметтерін қорытындылай отырып, жыл сайын шығарылып отырады.

          Елімізде жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін арттыру үшін бізде сыбайлас жемқорлықтың ауқымы жайлы толық мәлімет болуы керек. Ол үшін бірінші кезекте бұл қылмыстардың қатары нақты анықталуы тиіс. Бұл мәселеде ұлттық заңнамада бір олқылықтар бар сияқты. Мысалы, Қазақстан Республикасы ратификациялаған 2003 жылғы 31 қазандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының 21-бабына сәйкес, әрбір оған қатысушы мемлекет экономикалық, қаржы немесе коммерциялық қызметтің барысында жасалатын мынадай әрекеттерді қылмыс деп тануы қажет:

1) жеке сектор ұйымында оның жұмысына басшылық ететін немесе кез келген салада осындай ұйымда жұмыс істейтін кез-келген адамға өзі немесе делдалдар арқылы қандай да бір заңсыз басымдылыққа уәде беру, оны ұсыну немесе беру;

2) жеке сектор ұйымында басшылық ететін немесе кез-келген салада осындай ұйымда жұмыс істейтін адам, өзі немесе басқа адам үшін, өзінің міндеттерін бұза отырып, қандайда бір әрекет немесе әрекетсіздік жасауы мақсатында тікелей өзі немесе делдалдар арқылы қандайда бір заңсыз басымдылықты қорқытып алу немесе қабылдау.

Қысқаша айтқанда, бұл нормаларда жеке сектор ұйымдарында пара беру және пара алу қылмыстары көзделген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық заңнаманы алып қарасақ, Конвенцияда бекітілген қылмыстар сыбайлас жемқорлық қылмыстар болып табылмайды. Өйткені, жеке секторда пара алумен күресу үшін қабылданған Қылмыстық кодекстің 224 – «Заңсыз сыйақы алу» және 231 – «Коммерциялық сатып алу» баптары сыбайлас жемқорлық қыл мыстардың қатарында жоқ (307-бап ескертулерінің 5-тармағы). Осы қылмыстар санатын анық таған Қазақстан Республикасы Әділет министрі мен Бас прокурорының 1998 жылғы 16 қазандағы № 110 «Сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы» Бірлескен бұйрығында 224-бап, ал 2000 жылғы 5 маусымдағы № 27 осындай бұйрығында 224, 231- баптар бар еді. Бірақ соңынан Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 484-ІІ «Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңымен сыбайлас жемқорлық қылмыстардың тізімі Қылмыстық кодексте беріліп, оған 224, 231-баптар енбеді. Сондықтан қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген Конвенцияның талаптары мен ұлттық заңнаманы сәйкес тендіру мақсатында сыбайлас жемқорлық қылмыстардың қатарын қайта қарау керек.

Әрине, бұл қылмыстармен күресте қылмыстық-құқықтық шаралардың маңызы ерекше. Сөйтсе де, оларды болдырмауда, ал орын алған жағдайда, жасаған адамдарды жазалауда тәртіптік, әкімшілік және азаматтық жауаптылық шараларында кеңінен қолданған жөн[2].

            Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады, сондықтан, мемлекеттік қызметкерлердің қатарын мемлекеттің мүддесін жоғары дәрежеде қорғай білетін кадрлармен толықтыруды, кездойсоқ адамдардың мемлекеттік қызметке кіріп кетпеуін қамтамасыз ететін қосымша жан-жақты шараларды күшейту қажеттілігі артып келеді.

       Сыбайлас жемқорлық- мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендететіні, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретіні белгілі. Ең бастысы адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына, заң мен шындыққа, жалпы айтқанда билікке деген сенімін әлсіретеді.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдығы болып табылады. Елбасымыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің бағдарламалық бағыттарын белгілеп берді. Олар; сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басымдығы, оны тудыратын себептер мен оған ықпал ететін шарттарды жою; мемлекеттік ресурстарды бөлуді бақылауды күшейту; мемлекеттік органдардың рұқсат беру функцияларын іске асыруын бақылау; сыбайлас жемқорлықпен күреске өкілеттік билік органдарын кеңінен тарту; әр түрлі салаларда сыбайлас жемқорлықтың орын алу деңгейін анықтау кезінде халықаралық рейтингтер жүйесін пайдалану; халықаралық институттардың, отандық үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасуы.

Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына тосқауыл қойып, олардың зардаптарын жою, мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі.

Қылмыстың бұл түрінің қоғамымыздың барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Өкінішке қарай, ол білім беру, медицина сияқты ізгілікті діттеген салалардан бастап құқық қорғау органдарына дейін бой көрсетіп келеді.  Сондықтан да қоғам бойындағы бұл дертпен күреске мемлекетіміз айрықша мән беріп отыр.

     «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты 14.12.2012 жылғы тәуелсіздік күні қарсаңында халыққа арнаған жолдауында Елбасымыз мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыруды және ол қоғамға қызмет ету мен мемлекеттілікті нығайтудың жаңа 7 басым міндеттеріне сай болуы тиіс екендігін мақсат етіп қойды.  Басым міндеттердің бірі ретінде мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық-жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады. Біз түпкі мақсатымыз –жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейту керек екенін айта келе Елбасы өз жолдауында құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің реформасын жалғастыруға тиіс екенімізді көрсетті [3].

     Сыбайлас жемқорлықпен күресте кешенді  шаралар атқарылу керек, соның бірі-жариялылық. Халық қылмыс фактілерінен де, оны жасағандарды да дер кезінде молырақ біліп отырса, қоғамның істің нәтежиесіне деген сенімі күшейеді. Алда тұрған мақсатты жүзеге асыру тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы, бүкіл қоғамның алдында тұрған аса күрделі де қасиетті міндет. Байлыққа деген бақталастық қазақ арасында өртше қаулады. Әрине, мате­­­риал­дық игіліктерге кенеліп, байлыққа ұмтылудың ешбір кесірлігі жоқ. Маңдай тер, адал жолмен дөңгелетіп дәулет жинаса құба-құп. Кім өзі шыққан тауының биік болғанын қаламайды дейсіз.

Сыбайлас-жемқорлық әсіресе мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Мұндай жағдайда ол биліктің монополиясын, мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдау өкілеттігін күшейтеді және шенеуніктердің қатал құқықтық есеп беруін көрсетіп-білдіреді. Практика көрсеткендей, сыбайлас-жемқорлық мемлекеттік жүйенің барлығын бұзады, мемлекеттік билік беделінің және мемлекеттік қызмет абыройының құлдырауына ықпал етеді. Ол экономиканың дамуына кедергі жасайды және ұйымдастырылған қылмыстың, әсіресе экономика саласында, өсуіне ықпал жасайды. Жемқорлықты қоғамдық құрылысымызды ішінен жегі құрттай кеміріп жатқан жазылуы қиын ауруға теңесек, оның бетін қайтару үшін осы кеселді болдыртпаудың кешенді жолдарын қарастыруымыз керек. Бұған тек сот, прокуратура, құқық қорғау органдары ғана емес, бүкіл халық болып күреспесе, ешқандай да күресудің нәтижесі болмайды деп білемін.

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

1.      Индекс восприятия коррупции Трансперенси Интернешнл //Электронды ресурс: http://www.transparencykazakhstan.org/

2.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының    1998 ж. 2 шiлдедегі № 267-1 Заңы (11.05.04 берілген өзгерістер мен толықтырулармен) //Электронды ресурс: http://www.government.kz/

    3.  Н.Ә. Назарбаев.  «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің          жаңа саяси бағыты   2012 ж., желтоқсан // Электронды ресурс: www.akorda.kz;