Арынов Ж.М.
Т.ғ.к., Орталық Азия университеті.
Алматы.
ҚАЗАҚ ЕЛІН
ӘЛЕМГЕ ТАНЫТҚАН МЕДЕУ МҰЗ АЙДЫНЫ
Қазақ елі
Тәуелсіздік алғанан бері тарихын түгендеуде. Әлемді
өзіне қаратқан Қазақ елі Өзінің
«Медеу», «Астана» атымен танылдыма? Іле Алатауының бөктерінде Медеу
мұз айдынын білмейтін адам жоқ шығар. Дегенменде «Медеу»
атауын бүгінгі таңда Медеу
Пұсырманұлының атымен байланысты екенін білемекен?.
Арғы аталары Ұлы жүз
Шапыраштының Есқожа руынан, оның ішінде Бозай елінен
шыққан Пұсырманұлы Медеудің( 1850- 1908) кіндік
қаны тамған жері қазіргі Алматы облысы Жамбыл ауданы,
Сүйінбай атындағы Қарақыстақ ауылы.
Зерттеулерге
қарасақ XIX ғасырда Жетісу аймағының генерал
губернаторы Г.А. Колпаковский, архитектор А.М.Зенков (талантты архитектор
әрі әскери инженер А.П. Зенковтың әкесі) Медеу мен
замандас, дос және қызметтес болғандығынан
мәліметтер береді. Медеудің қазіргі ұрпақтарының
айтуына қарағанда, Медеу Пұсырманұлы осы достарымен
бірлікте Верный бекінісін салу мен Алматы апортын жетілдіруге орасан зор
еңбегін сіңірген. Ол XIX
ғасырдың аяқ шенінде кіші Алматыдағы
аңғар бойынан саяжай салуға рұқсат алады.
Осылайша “Медеу” қонақ үйі ( 1974ж,. архитектор В.З. Кацев)
орнында сәулеттік бітімі келіскен ағаш үй салады. Соның
алғашқысы – орыс азаматтығын
қабылдаған ұлты француз Павел Васильевич Гурде. Ал екінші
адам, Медеудің жандосы А.М.Зенков. Медеу атаның
мыңғырған малы мен жайқалған егіні, жеміс- жидегі
бар ауқатты адам болғанымен байлығы айналасындағы
халқына, достарына, туған- туыс, жекжат- жұртына тегін
үйлестіріп отырғандығы айтылады.
Тарихи деректерге назар
аударсақ Омбының генерал- губернаторы Т.И. Гасфорт Іле
өлкесінің бастығы М.М.Хоментовскийге арнайы
нұсқау беріп, П.П. Семенов- Тань- Шанскийге көмек
көрсетуін сұрайды. М.М. Хоментовский Верное бекінісіне бірнеше
сенімді қазақ жігіттерін шақырып алады. Олардың ішінде
Сұраншы мен Пұсырманұлының болғандығы айтылады.
Деректерге назар аудара отырып сол уақыттарда Сұраншы
жолдастарымен ақылдасып, Г.А.Колпаковскийге кісі жіберіп, Пұсырман
мен Күртібайдың не себепті кінәлі болғандығын
сұрайды. Оған жауап ретінде Г.А.Колпаковский: “ Күртібайды
босатып қайтарып отырамын. Қазір бүкпе сақтамай,
ашық сөйлесетін жағдай бар. Сенің бері қайтып
келуіңе әлі уақыт жетеді. Сен бізден қауіптенбе. Себебі
сен ол жаққа ауа көшуге кінәлі емессің. Мен
сендер сияқты достарыма Шапыраштының даңқты ата-
бабалары жерленген өз туған жерлеріңе қайтып
келіңдер деп кеңес беремін”, - 1861 жылы деп хат жазған (1).
Сұраншы Г.А.Колпаковскийге қайыра хат жазып,
Күртібайды қайтарғанына ризашылық білдіреді. Сонымен
қатар: “ Арадағы өсек сөзге сенбеңіз.
Жүзбе- жүз кездесіп, ауызба- ауыз сөйлескеніміз орынды.
Пұсырман деген адамымыздың бес жылқысын ұрлап
алған. Пұсырман сол жылқының артынан қуып барса,
оны Сұраншының жансызы деп сізге ұстап берген. Ол - жансыз
емес, өз шаруасымен жүрген адам. Оның қазір
қандай халде екенін біле алмайотырмыз. Бізге сенсеңіз, тыныш
тұрсын десеңіз адамымызды қамаудан шығарып
беріңіз. Егер босатып бермесеңіз, біздің Нарботамен Алматы
түбінде болса да атысып шабысуға баратынымыз хақ”, - деп, ашық жазады (2).
Бұл
хаттан кейін Г.А.Колпаковский Сұраншыны қаншалықты
құрметтеймін десе де, әр түрлі айла-
шарғыға салып, Пұсырманды тұтқыннан босатпайды.
Екі арада тағы да хат жазылады. Сонымен қоса, ол күндері
Пұсырман батырдың ел- жұрт алдындағы еңбектерін
атап айтып, оның тұтқыннан тезірек босатылуын қайта
қайта сұраумен болады. Соған қарамастан әр
түрлі қулық ойлаған және жалақорлармен астыртын
ауыз жаласқан генерал
Г.А.Колпаковский берген уәдесін орындамай, ақырында
Пұсырман батырды Сібірге жер аударғандығы баяндалады.
Алатау округінің басшысы, генерал Г.А.Колпаковскийдің
бұл қылығына қатты налыған Сұраншы
Ақынбекұлы 1861 жылы 25 тамыз күні оған тағы да
хат жазып, былай дейді: “ Әркімнің жаласымен жақын адамым
Пұсырманды Сібірге жер аудартқаныңыз үшін сізге мен
қатты өкпелімін. Сіз шындыққы қалай дұрыс
қарамайсыз. Ешбір дәлелсіз, куәсіз жер аудару деген ақ
патшаның заңында жоқ емес пе? Ал, сіз заңды
өзіңіз жасадыңыз да, оны айдатып жібердіңіз. Былтыр
қоөандықтар келіп қысқанда, біз олардың
қоршауында қалып қойсақ та, сізге үлкен күш
қосып, олармен соғыстық. Сізге мәлімет беріп, орыс
армиясына көмектестік. Көмек берген менен басқа кім бар? Сіз
мен берген ақпарбойынша қаруланып, қамданып
шықтыңыз. Менөсекке ермеймін және одан
қорықпаймын! Мен екі сөйлемеймін. Сізге келемін дедім,
келемін!”деген екен(3). Қорыта келгенде Медеу
Пұсырманұлының сыр қырлары әліде ашылар
түсетіні сөзсіз.
Әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан
Республикасының Орталық Мемлекеттік архиві. Қор- 3, іс- 334,
парақ- 18.
2. Қазақстан
Республикасының Орталық Мемлекеттік архиві. Қор- 3, іс- 75a,
бет- 23, 24.
3. Қазақстан
Республикасының Орталық Мемлекеттік архиві. Қор- 3, іс- 150a,
4-бет..