Заңтану магистрі Санасыров
Н.Т.
Инновациялық Еуразия
университеті, Қазақстан Республикасы
Коммерциялық сатып алу қылмысының
тарихи аспектілері
Коммерциялық
сатып алу қылмыстарының мемлекетімізде кең өріс алып
бара жатқаны бәрімізге мәлім. Коммерциялық және
өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы
қылмыстар туралы түсінік ҚР Қылмыстық
кодексіндегі мүлдем жаңа тарау болып табылады. Бұрынғы
қылмыстық кодексте мемлекеттік немесе мемлекеттік емес
кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің
қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар үшін бірдей
жауаптылық белгіленіп, олар лауазымды қылмыстар деген арнаулы
тарауда көрсетілген еді. Коммерциялық және өзге
(мемлекеттік емес) ұйымдардағы қызмет мүдделеріне
қарсы қылмыстар осы ұйымдардың заңды
мүдделеріне, дұрыс қызметіне ғана қол
сұғады.
Сонымен
қатар Коммерциялық және өзге ұйымдағы
қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар өз
құрамдарының объективтік және субъективтік
жағының белгілері бойынша да ерекшеленеді.
Коммерциялық сатып алу деген
түсінікке қылмыстық заңда мұндай сипаттамалар
беріледі. Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодекстің 231 - бабында мүлдем жаңа екі жеке қылмыс
туралы көрсетілген. Оның біріншісі 231 - баптың 1 -
тармағында көрсетілген құрам сатып алу (пара беру), ал
екіншісі осы баптың 3 - тармағында көрсетілген
құрам сатылу (пара алу) болып табылады. Біз бұл жерде
Қазақстан Республикасының қылмыстық
заңдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қылмыстармен ұқсастыруымызға тура келеді. Сол себептен
Қылмыстық кодекстің 311 - бап және 312 -
баптарының диспозицияларымен шатастыруымызға мүлдем болмайды.
Өйткені бұл жердегі негізгі мәселе коммерциялық сатып
алумен ұштасады. Яғни бұл жерде диспозициялары мен ғана
өзгешеленбей санкцияларының айырмашылқтары мүлдем
басқа түсініктермен белгіленген.
Қылмыс формальдық
құрамға жатады. Қылмыс заңсыз
сыйақының бір бөлігін берген уақыттан бастап-ақ
аяқталған деп саналады. Қылмысты аяқталған деп тану үшін
заңсыз сыйақы алған субъектінің оның пайдасына
белгілі бір әрекетті (әрекетсіздікті) істеуі шарт емес. Егер
кінәлінің ырқына байланыссыз себептермен мұндай сыйақы беру жүзеге аспай қалса, онда кінәлінің әрекеті
коммерциялық сатып алуға оқталғандық (ҚК-тің 24 - бабының
3 - тармағы,
231 - баптың 1 - тармағы) болып
табылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей
қасақаналықпен және арнаулы мақсатпен жасалады.
Кінәлі адам коммерциялық және өзге де ұйымның лауазымды адамын
сатып алу арқылы өзінің пайдасына белгілі бір әрекетті
(әрекетсіздікті) істегенін
сезеді және жүзеге асыруды тілейді.
Қылмыстың субъектісі кез келген есі дұрыс, жасы 16 - ға толған
адам.
Қылмыстық кодекстің 231 - бабының 2 -тармағында
осы қылмыстың ауырлататын түрлері көрсетілген:
олар бірнеше рет немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен
жасаған әрекеттер.
Бірнеше рет істелген қылмыстың түсінігі ҚК-тің 11 - бабында,
ал адамдар тобының алдын
ала сөз байласуы немесе ұйымдасқан топпен жасаған
қылмыс түсінігі тиісінше ҚК-тің 3 - бабының 2, 3-тармақтарында берілген. Осы
баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген
әрекеттерді жасаған адам, егер оған қатысты қорқытып алушылық орын алған
болса немесе егер ол қылмыстық іс қозғауға
құқығы бар органға сатып алушылық туралы
өз еркімен хабарласа қылмыстық жауаптылықтан
босатылады.
Қылмыстық кодекстің 231 - бабының 3 - тармағында "коммерциялық
немесе өзге ұйымда басқару қызметін атқаратын
адамның заңсыз ақша, бағалы қағаздар, басқа
мүлік алуы, сондай - ақ
өз қызмет бабын сатып алушы адамның мүддесінде пайдалануы үшін мүліктік
сипатта көрсетілген
қызметті пайдаланғаны үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген".
Яғни бұл жерде коммерциялық сатылу
(пара алу) туралы сөз болып
отыр.
Объективтік жағынан коммерциялық сатылу (пара алу)
құрамы бірнеше балама әрекеттерден құралады: Коммерциялық немесе
өзге ұйымды басқару қызметін атқаратын
адамның заңсыз ақша,
бағалы қағаз, басқа
мүлік алуы; кінәлінің өз қызмет бабын сатып алушы
адамның мүддесіне пайдалану
үшін мүліктік сипатта керсетілген қызметті пайдалануы.
Яғни КК-тің 231 - бабының 3 - тармағында көрсетілген
қылмыс құрамы орын алуы үшін мынадай белгілердің
болуы 1) сатып алудың заты болып ақша, бағалы
қағаздар, басқа
мүлік, сондай – ақ мүліктік сипаттағы
қызмет көрсетулер саналады; 2) осы көрсетілген заттар мен қызмет көрсетулерді
коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару
қызметін атқаратын адамдардың қабылдауы; 3) заңсыз алынған заттар мен
қызмет көрсеткені үшін кінәлінің өзін қызмет бабын
сатып алушының мүддесіне пайдаланып белгілі бір әрекеттерді
немесе әрекетсіздіктерді істеуі немесе істемеуі; 4) заңсыз сыйақыны (параны) алушы мен
берушінің арасында өзара келісушілік сипат болуы шарт.
Құрылысы
жағынан ҚК-тің 231-бабының 3-тармағында
көрсетілген қылмыс формальдық құрамға
жатады.
Қылмыс коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметін атқаратын адамның заңсыз сыйақыны немесе қызмет
көрсетудің бір бөлігін қабылдаған сәттен
бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыс субъективтік жағынан тікелей касақаналықпен
жасалады. Кінәлі адам заңсыз
сыйақыны қабылдаудың қоғамға кауіптілігін сезеді, бірақ соны қабылдап отырып сыйақы берушінің пайдасына өз қызмет бабын
заңға кереғар пайдаланып белгілі бір әрекеттерді немесе
әрекетсіздіктерді істеуді тілейді және соны жүзеге асырады.
Қылмыстың (231- баптың
3-тармағы) субъектісі арнаулы, тек кана коммерциялық немесе
өзге ұйымды басқару қызметін атқаратын адам.
КК-тің 231 - бабының
4 - тармағында
талданып отырған кылмыс құрамының (231 - баптың 3 - тармағы) ауырлататын түрлері
көрсетілген. Олар адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе
ұйымдасқан топпен; бірнеше рет; қорқытып алумен байланысты
жасалған әрекеттер.
Адамдар тобының алдын ала
сөз байласуы мен ұйымдасқан топтың түсінігі
ҚК-тің 231 - бабының
2, 3 - тармақтарында көрсетілген. Бұл жерде айта
кететін бір мәселе көрсетілген осы екі топтың мөлшері
болып тек қана коммерциялық немесе өзге ұйымда
басқару қызметін атқаратын адамдар ғана танылады.
Бірнеше рет істелген қылмыстың түсінігі КК-тің 11 - бабында
көрсетілген. Қорқытып алумен байланысты
әрекеттерге кінәлінің заңсыз сыйақыны, соны берушіні қиын жағдайларға қалдырып немесе олардың заңды құқықтары мен
мүдделеріне тікелей зиян келтіру қаупін көрінеу туғыза отырып талап
етулері жатады. Қазақстан
Республикасы қылмыстық заңының диспозицияларының
ұқсастығын және осы диспозицияларға байланысыты
құқық бұзушылықтарды айыра алу ең
міндетті мәселе және оны саралау кезінде әділ жаза
тағайындаудың да маңызы ерекше.
Сол себептен
Қазақстан Республикасы қылмыстық заңындағы
коммерциялық сатып алуды (231-бап) басқа диспозициялар мен
шатастыруымызға мүлдем болмайды.
Әдебиет:
1. А.Н.Ағыбаев //Қазақстан
Республикасының Қылмыстық құқығы
Ерекше бөлім – Алматы: «Жеті жарғы», 2000.
2. Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексі 2006ж.
3. С. Рахметов //Правовая реформа в казахстане
№4 2004г.
4. Сб. Нормат. Правовых актов – «Жеті
Жарғы», 1999 – Преступления против интересов службы в коммерческих и иных
организациях.