Педагогические науки/4. стратегические направления реформирования системы образования

п.ғ.магистрі Жұмашева М

Қазақ-Қытай академиясы, Қазақстан, Қызылорда

Ғылыми жетекші: Құсайынова М.А

Оқытудың негізгі формасы – сабақ және оны ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық негіздері

 

Дидактикалық жүйелер өткен кезеңге із-түссіз кетпейді. Олар қазіргі кезеңнің талаптарына сай жаңа жүйеге трансформацияланып, бүгінгі күнмен үндеседі. Гербарт дидактикасын, Коменскийдің дидактикасы элементтерін пайдаланды, Ушинский түрлендіріп пайдаланды, Алтынсарин оны лайықтады, ал қазір халықаралық талаптар деңгейіне, бәсекеліктікке бағыттап, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті орта білім беру стандарты талаптарға қатысты нақты сапалы жетілдіруде, үдеріс дамуда. 

Оқытуды ұйымдастыруды формалары – ол оқыту мазмұнына қатысты мұғалім мен оқушының қызметтерінің сыртқы келісімдерінің өрнектелуі. Олар дидактикалық жүйелердің пайда болуы және жетілдіруіне сай дамуда. Оқытудың формалары түрлі шама-шарықтарға қатысты жіктеледі.

 «Оқыту формасы – оқу материалын меңгеруден оқушылардың өзара әрекеті». Оқыту формасы әдіспен, амалдарға, құралдарға, оқушылардың іс- әрекетіне тәуелді болады. Ресей педагогы Чередов И.М. бойынша: «Педагогикалық іс- әрекетті бұл бірімен – бірі, өзара байланысты  ықпалдасық, әсер етушілік белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылар мен мұғалімнің  қарым -қатынасы» деп түсіндіріледі. Оқытудың формасы – оқыту үрдісінің белгілі бір  оқу материалын  игеру барысындағы  оқушының оқу  іс- әрекетін   басқару мен  оқу тәсілдерін  меңгерумен сабақтас болып саналады. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудың  сыртқы пішімін белгілейді, мұның өөзі оқушылардың  білім сапасының  көрсеткішімен өтетін  уақыты және орны, оның жүзеге асырылу  тәртібі секілді  жағдайлармен  байланысты.

Педагогикалық сөздікте: «Оқуды ұйымдастыру  формасы-  оудың -әдіс тәсілдерін  тиімді қолдануды  жүзеге асыру үшін  оқушыларды топтастыру»  деп анықтама  берілген.

Сабақ – бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу. Бұл формада оқу-тәрбие процесінің барлық компоненттері мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру және басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Біртұтас дидактикалық жүйе ретіндегі оқыту процесіндегі сабақтың мәні мен мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық-жекелей өзара қарым-қатынасына алып келеді, соның нәтижесінде оқушылар білім, білік және дағдыны иемденеді, олардың қабілеттері, қызмет тәжірибесі, араласуы мен көзқарастары дамиды, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық шеберлігі жетіледі. Сонымен, сабақ, бір жағынан тұтастай алғанда оқытуды қозғаушы форма түрінде, екінші жағынан, оқытудың заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын, мұғалімнің сабақты өткізуді ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптарымен анықталатын оқытуды ұйымдастыру формасы түрінде анықталады. Мұғалім оларды басшылыққа ала отырып, сабақты оқыту процесінде оқушылардың тұрақты құрамымен мектептің күнделікті нақты жағдайында шешілуге тиісті дидактикалық міндеттердің (білім беру, тәрбие, даму) жүйесі ретінде дайындалады.

Педагогикалық процестің біртұтастығы тұрғысынан сабақты оны ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде қарастыру қажет. Педагогикалық процесті ұйымдастыру формасы ретіндегі сабақтың артықшылықтары оның фронтальды, топтық және жекелей жұмыстарды сабақтастырудағы мүмкіндігінің молдығында: мұғалімге материалды жүйелі және ретімен түсіндіруге, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуын басқаруға және ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушылардың, басқа да қызмет түрлерін, соның ішінде сыныптан тыс және үй тапсырмаларын, сондай-ақ оқушының мақсатқа жетудегі негізгі құралы және қызмет тәсілін таңдау және құрудың шарты ретінде көрінеді.

Сабақ оқытудың ұйымдастырылған түрі ретінде – динамикалық құбылыс. Ол педагогикалық процестің негізгі даму теңденцияларын оның біртұтастығы бағытында бейнелей отырып, ұдайы дамиды.

Бәрінен бұрын ол оқытудың үш бірлік – білім беру – тәрбие – даму – қызметін тиімді іске асыруда көрінеді, олай болса, оқушылардың табиғи қасиеттерін шығармашыл дамытуға бағытталғандығымен де көрінеді.

Сабақты дамытудың басқа тендеңциясы сабақты өмірлік маңызды мазмұнмен толықтыруда, оқытуды оқушы өмірінің табиғи құрамдас бөлігі ретінде ұйымдастыруда көрінеді. Осыған байланысты сабақ танымның арнайы ұйымдастырылған формасы болып қана қоймайды, сондай-ақ әлеуметтік және адамгершілік тұрғысынан алғанда толыққанды араласу болып табылады. Ол танымдық мүддені, оқуға және дамытуға белсенді оң қатынас қалыптастыруға бағытталған, оқу қызметінің өзгеше коммуникативтік фонын қамтамасыз ету құралы ретінде көрінеді. Бұл тенденцияның пайда болуы оқытудың сұхбаттық формасын (әңгіме, талқылау, пікірталас), проблемалық элементтерін, оқу жұмыстарының фронтальды, топтық және жекелей формаларын сабақтастыруды кеңінен пайдалану және оқытудың топтық, ұжымдық формасының үлесін кеңейту болып табылады.

Сабақтың жалпы ұйымдастыруын құруға қатысты тенденциялар: олардың құрылымдық жағынан өзгеруінен, оқытудың басқа да ұйымдастыру формаларымен сабақтастығынан, ауызша сұрау және үй тапсырмасын тексеруге кететін уақытты мейлінше қысқартудан сабақтың бұл кезеңдерін дидактиканың негізгі міндеттерін оқушылардың өз бетінше жұмысымен біріктіру арқылы шешу үшін пайдаланудан көрінеді. Сабақтың шығармашық бастамасын күшейту тенденцясы өз бетінше жұмысты ұйымдастыруға ерекше назар аударудан байқалады.

Оқушылардың сабақта оқу еңбегін тиімді ұйымдастыру қажет, оқушылардың білімімен қатар біліктілігін қалыптастыру. Бұл маңызды міндеттер қазіргі адам қызметінің сипатына байланысты туындайды және олар мұғалімнен оқытудың тиімділігін арттыру жолдарын үнемі іздестіруді талап етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.  Қазақстан Республикасының  Білім беру туралы заңы. А., 1998.

2.  Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы. - А., 1997.

3.  Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. А., 2004.

4.  Жалпы    білім    беретін    мектептің    бастауыш    сатысындағы    білім мазмұнының тұжырымдамасы. — А., 1997.

5.  Қазақ    тілі    терминдерінің    салалық    ғылыми    түсіндірме    сөздігі. Педагогика жән психология. А., 2002.