Педагогические  науки”Современные методы преподавания

Бұламбаева Айгүл Меңдіғалиқы, қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Қазақстан, Қостанай облысы, Заречный орта мектебі

D:\Айгуль\фото день учителя\DSC_0453.JPG

9 – СЫНЫП оқушыларына арналған Ашық  сабақ  

Сабақтың тақырыбы: «Атаның сөзі – ақылдың көзі».

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың сөздің төркінін түсініп, орынды сөйлеуге, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету.

2. Шешендік сөздер, мақал-мәтелдерді көп білу арқылы оқушылардың лексикасының қорын молайту, ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Халқымыздың тәлім-тәрбиесімен, ата ақылымен ұлттық қасиетімізді балалардың бойына қалыптастыру.

Сабақ түрі: пікірлесу дағдыларын қалыптастыру

Сабақ әдісі: практикалық, Сын тұрғысынан ойлау элементтері

Сабақтың типі: құрамдастырылған

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Көрнекіліктері: кітап,  презентация, слайдтар, магнит тақташалары, кітап көрмесі 

Сабақтың барысы:

 І  Сәлемдесу. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Қолдарын созып, алақандарын тигізіп, бір-біріне күлімдеп  қараймыз, оңға қараймыз, солға қараймыз. Бүгін көңіл-күйлерің қалай?

Бүгін бәріміз жақсы баға аламыз ба?

2) Хабарландырушының сөзі: күні, айы, жыл мезгілі, ауа райы.....

3)  Ал, балалар, тақтаға қараңдар, бұл қандай жыл мезгілі? Енді бір сөйлемнен ойлап  құрастырайық.

ІІ  Ал, енді балалар өткен граматикалық тақырыптар бойынша білімдерімізді тест арқылы бекітеміз. Оқу жетістігін сырттай бағалауға дайындық жүргіземіз.  

1)  Тесттерді кілт бойынша тексеру. Ал, тесттерімізді ауыстырып, бір-біріне баға қоясыңдар. Қандай баға қоясың?

2) Балалар, өткен сабақтарда сендер нақыл сөздерді өттіңдер. Бұл сөздер біздің өмірімізде ұстанымыз болады. Енді оларды  еске түсірейік.

Керекті сөздерді пайдаланып дұрыс құраңдар.

Көңіл бәріне керек. Жақсы  сөз, жылы сөз отбасыңызға керек.

Кешіре біліңіз және кешірім сұрай біліңіз.

Өмірде қиындық көп кездеседі. Бақыт қиындықпен келеді.

Ата-ананың қадірін білмеген-халық қадірін білмес.

Қыз ақылды ескермес-ана үлгісін көрмесе,

Ұл жарылқап ас бермес-әке үлгісін көрмесе.

Адамның адамшылығы.......

Отбасының өнегесі.....

Ата-анасын сыйлайтын ұл.....

Қай кезде  нан.....

Қазақтың  терезе.....

 

ІІІ   Жаңа сабақ

1.Бүгін біздің сабақтың тақырыбымыз: «Атаның сөзі-ақылдың көзі».

Осы тақырыпты қалай түсінесіңдер? Аудармасын айтыңдар.

2. Сабақтың мақсатын айту.

3. Назар аударыңыздар  осы көрме біздің тақырыбымызға арналған.

4. Дәптерге жазып қойыңдар бүгінгі күнді, тақырыпты.

5. Кітаптарыңды ашыңдар 70 бетте мәтін «Жігіт пен қария». Осы мәтінді топ бойынша жұмыс істейміз. А)Мәтінді абзацтарға  бөлу.

Ә) Топтарға тапсырмалар беріледі, сендер қазір ойлап таңдап алыңдар

                  1 – диалог құрастыру       (Тілшілер тобы болады)

                  2 – кластер жасау              (Зерттеушілер тобы)

                  3 – мазмұнын айту            (Ағартушылар тобы)

Б)Топтарын атау, қандай жұмыс жасайтынын айту.

В)Топтарды тексеру, бағалау.

6. Енді магнит тақташаларын дайындап менің сұрақтарыма жауап беріңдер.

Сөз немесе сөзтіркес жазыңдар. 

Арман дегеніміз ненің шындығы?  Ақыл-ойдың. (Сен дұрыс жаз. Сен ойла).

Елді қандай адам бүлдіреді?                Өсекші

Үйді қандай бала бүлдіреді?                 Ақылсыз

Әкімді не өсірмейді?                             Өсек

Өсекті тыңдау кімге жараспайды?       Әкімге

Шындықты не бұзады?                         Тіл

Өсек кімді бұзады?                                Ерді

7) Дәптерге деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Топтар  әр деңгейді таңдап алады.

8. Синквейн құрастыру  - дана деген сөзі

ІV   Сабақты қорыту. Мақал.    

Меірімділікті анадан, әдептілікті данадан үйрен.

Осы мақалды қалай түсінесіңдер?

V  Бағалау.

VІ Үйге тапсырма беру:  5-тапсырма бірнеше сұрақ құрастыру 72 бет

VІІ Рефлексия. Оқушылар тілек жазады. Сабақта не ұнады? Не ұнамады?