Уапова Айжан Тұрсынқызы

                                                         Дадиева Гульжан Кайридиновна

                                                       

                                                         С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейі

                                                        Қарағанды қаласы,Қазақстан

 

 

Математика пәнін оқытудағы технологияның тиімділігі

 

 

Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен, педагогикалық технология деген ұғымды түсіну керек.Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді .Осыған байланысты ғылым мен тәжірибеде педагогикалық үрдістің сапасын көтерудің бай тәжірибесі жинақталған.Солардың бірі-педагогикалық үрдісті технологияландыру.

Оқыту технологиясы оқу бағдарламаларында қарастырылған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқудың әдісі,құрал және түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы.Сөйтіп, оқыту технологиясында мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр, ал қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты.

Қазіргі заманғы оқыту технологиялары педагогикалық және педагогикалық ілімдер негізінде жасалынған дамытушы, жеке бағдарлы мақсатты технология болып табылады.

Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс-әрекеттің жүйелі дамып отырған жобасы. Сабақтарда оқытудың әр-түрлі технологиясын қолдануға болады. Әсіресе, оқытудың компьютерлік технологиясын, дамыта оқыту технологиясын, оқытудың ынтымақтастық технологиясын қолдану пайдалы екенін тәжірбие көрсетіп отыр.

Сондықтан, оқушының білім, білік дағдыларын жетілдіруге өз сабағымызда педогогика ғылымының докторы, профессор Қараев Жауынбай Амантұрлыұлының деңгейлік оқыту жүйесі технологиясын қолданамыз. Оқушыларды  деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімділігі бар, деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшеліктері қандай және жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталмасақ, деңгейге бөліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірбиелік теороиялық  дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін, әлеуметтік-психологиялық танымын, сұранымын ескеру талап етіледі.Сондықтан да тиімді дәрежеге жету үшін оқушының білім мен деңгейіне байланысты жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру қажет.

Саралап, деңгейлеп оқытудың негізгі шарты-сынып оқушыларын топқа бөлу. Бірінші топқа мынадай оқушылар топтастырылады: қабілеті жоғары,білім,білік дағдылары қалыптасқан, өз бетімен ойлау қабілеті бар,сабаққа деген белсенділігі күшті, мұгалім көмегін қажет етпейін топ. Бұл топта жүргізілетін жұмыстың мақсаты-оқушы бойында ғылыми бағытта ойлау қабілетін қалыптастыру.Орташа қабілетті оқушылар екінші топты құрайды. Білім, білік дағдылары әлі тұрақсыз,өзіне-өзі көп сене бермейтін, мұғалімнің белгілі мөлшерде көмек көрсетуін қажет ететін оқушылар. Мұнда алға қойылатын мақсат- білім,білік дағдыларының тұрақты болуына, өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің дамуына ықпал етіп, олардың бірінші топқа көшуіне көмектесу.

Үшінші топқа үлгерімі төмен оқушылар жатқызылады. Бұларды тұрақты назарда ұстауды, білім,білік дағдыларын қалыптастыруда мұғалімнің жүйелі жұмыс жүргізуін, мұғалім көмегін қажет ететін оқушылар.

Оқушыларды саралап, деңгейлеп оқытуда оқушыны қазіргі заманға  сай әлеуметтік ортаға бейімдеп, жан-жақты дамыған тәрбиелі  азамат болуға жетелей отырып, білім беру жүйесінде де әр оқушының қабілетіне, деңгейіне  қарай тапсырмалар беріледі.

1 деңгей. Міндетті.Оқушылардың міндетті түрде игеруге, білуге, үйренуге тиісті есептер қамтылады .

2 деңгей.Алгоритімдік. Есептер күрделірірек, мазмұны берілген тақырыпқа сәйкес, білімділік дағдыны жетілдіреді.

3 деңгей.Эвристикалық деңгей. Оқушылардың шығармашылық жұмыс жасауына арналған. Оқушыны терең ойлауға жетелейтін сұрақтар мен тапсырмалар.

Аталып өткен осы үш деңгей бойынша математика пәнінде де жеңілден күрделіге көшу мақсатында, деңгейлік тапсырмаларды төменгідей жүйемен құруға болады:

1 жүйе. Байқампаздығын, зейінділігін қалыптастыру:

Байқау-қоршаған ортамен байланысу деген сөз.Ол қарау, қабылдау арқылы іске асады. Бірақ, көбіне практикада байқампаздыққа үйрену көп жағдайда үстіртін жүргізіп жатады. Мысалы, кейбір адам көре тұрып, ол нәрсенің кейбір пішініне көңіл аудармайды,оылай көре тұра ештеңе байқамайтын бала  қалыптасады. Ол баланың  рухани  өмірінің  дамуына кері әсер етеді. Ал математика сабақтарында балалардың сандары, таңбаларды байқамау салдарынан қаншама  қате жіберіліп жатады. Ол оның шығармашылық қабілетінің дамуына кері ықпал етеді.

2  жүйе. Іскерлігін, білімділігін қалыптастыру: Бұл жүйеде бала өзінің байқампаздығының арқасында қабылдаған ұғымын  іскерлікпен орындауға, есептердің мазмұнын түсіне отырып шығаруға, өз білімін тиянақтауға тырысады, ережелерді жаттап, есептердің оңай шығару жолдарын қарастырады.

3 жүйе. Өз бетіндік жұмысын қалыптастыру. Бұл жүйеде балалардың өткен сабақтардан алған білімдерін бақылау, тесттік жұмыстары, өзіндік  жұмыстары, математикалық диктанттар арқылы оқушылардың тапсырмаларды өздерінің орындауы талап етіледі.

4 жүйе. Шығармашылық жұмысын қалыптастыру. Оқушыларға күрделірек тест жұмыстары, логикалық есептер шығарту, кроссвордтар шешуге үйрету сияқты тапсырмалар беріледі. Сөйтіп, барлық оқушылар үшін білімнің базалық минимумы қамтамасыз етіледі. Әр жеке тұлғаның шығармашылық қабілетінің дамуына кең жол ашылады. Тексеру кезінде саралап, тереңдетіп, кеңейтіп әр оқушының жеке табысқа  жетуін есепке алып отырамыз.

Осы орайда оқушылардың білім сапаларын саралау жұмысын үнемі жүргізіп, мониторингін жасап отырамыз.

         Қорыта келе, осылайша оқушылардың математикалық ойлау жүйесін дамытуда олардан: білімдерін игеру арқылы мүмкіндігін шыңдап, өз биігіне көтеретін; табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттері ашылған; өздігімен танып, ізденіп, іс-әрекет жасайтын; өз бетімен білім алып, дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыруымызға болады.

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1.     Информатика, математика журналы. 2011 ж.

2.     Кобдикова «Деңгейлеп оқыту әдісі» 

3. «Математика» ғылыми- әдістемелік журнал №4. 2009жыл