Туребекова
Жанна Айткалиевна
Қостанай облысы, Қостанай
ауданы, Н. Наушабаев атындағы Затобол орта
мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: «Дарабоз» сайысы
Мақсаты: оқушы бейнесін қалыптастыру; оқушылар арасынан
ерекше ойлай білетін, интеллектуалдық және рухани - танымдық
жағынан өздігінен жетілуге талпынатын, көшбасшылық
қабілеті бар, азаматтық және өмірлік ұстанымы
бар, шығармашыл дарынды оқушыларды анықтау.
Міндеті: Оқушылардың
шығармашылықпен жұмыс істеуіне, рухани - танымдық
жағынан өздігінен жетілуге талпынуын қолдау,
көшбасшылық қабілетін дамыту.
Барысы: мақсаты мен міндетін хабарлау,
сайыскерлерді ортаға шақыру.
Сайыс
кезеңдерімен таныстыру:
• Сайыскер
портфолиосы
• Өзін-өзі таныстыру
• Озық білім (тест)
• Жас талант (өз өнері)
• Бәйге
Әрбір кезеңдерді саралап, бағалап отыратын қазылар
алқасы тағайындалады.
Бағалау жүйесі: 1-5 балл
аралығында.
1-кезең.
Сайыскер портфолиосы.
Портфолио – оқушылардың
шығармашылық жинағы болғандықтан
сайыскерлердің барлық еңбектері жинақталған. Қазылар алқасы осы жинақтарды қарап бағалайды. (қазылар барлық портфолиоларды қарап, бағасын
сайыс соңында айтады)
2-кезең.
Өзін-өзі таныстыру.

Бұл кезеңде сайыскерлер
өздерін әр қырларынан таныстыру керек және осыған
қоса өз шеберліктерін слайд арқылы көрсетіп,
қорғап шығу керек.
3-кезең. Озық білім (тест).

Сайыскерлерге 7 сұрақтан
тұратын тест тапсырмасы беріледі. Оның ішінде 6 сұрақ
пәндер бойынша, 1 логикалық сұрақ болады. Осы
тапсырманы орындау үшін 5 минут уақыт беріледі. Бұл
кезеңде сайыскерлеріміздің пән бойынша білімі мен
логикалық ой жүйріктігі анықталады.(тест тапсырмасы
қағазға теріліп, сайыскерлеріміз қаламмен дұрыс
жауапты белгілейді)
Көрермендермен
жұмыс.
Отырған көрермендерге
бүктелген қағаздар таратылып,
әріптер жазылған көрермендер сахнаға шығып, сол
әріптерден сөз тіркесін құраулары керек. Сонда «Ұлағатты ұстаздар» деген
сөз тіркесі шығады.
4-кезең.
Жас талант.

«Жігітке жеті өнер де аз» дегендей
әр оқушының бойында ерекше таланты болу керек. Міне осы
кезең әр сайыскердің талантын паш етуге мүмкіндік
береді. Өнерлерін көрсету үшін 3 минут уақыт беріледі.
5-кезең. Бәйге.

Бұл кезеңде сайыскерлерімізге
бейнесұрақ көрсетіліп, сайыскерлер оны аяғына дейін көріп, тыңдап болғаннан
кейін дұрыс жауап беруі тиіс. Егер оның жауабы дұрыс болмаса,
келесі сайыскердің жауап беруге мүмкіндігі бар.
(Қазыларға ескерту: қай сайыскер бірінші қол
көтерсе, сол сайыскерді қадағалап отыру.)
«Дарабоз» атты сайыста
оқушылардың білімін, өнерлерін көрсетуге мүмкіндік
қана емес, оны әрі қарай жетілдіруге ынталандыру да беріледі.
Сайыс соңында қазылар алқасының шешімін тыңдалады.
Қазылар алқасына сөз
беріледі. (қазылар өз тілектерін білдіріп, шешімдерін
шығарады)
«Дарабоз»
атты сайысын мен өзімнің педагогикалық тәжірбиемде 3-4 сынып оқушыларына сыныптан тыс іс-шара ретінде өткіздім.
Бұл оқушылардың қызығушылық
мүдделеріне сай келді. Сайыс барысында оқушылар топпен жұмыс
жасауды үйренеді, өз ойларын, өнерлерін көрсетуге
мүмкіндік алды. Оқушылардың сайыс
сабақ арқылы білімділігін арттыру, танымдық ой-өрісін,
қызығушылығын дамыту, бір-бірін құрметтеу
сияқты қасиеттерге үйрету менің негізгі мақсатым
еді. Бұл сайысты өткізу арқылы мен діттеген міндетіме
қол жеткіздім деп ойлаймын.