Рахметова Клара
Мырзабайқызы
Қазақстан
Республикасы Қостанай облысы, Қостанай
ауданы
Н.Наушабаев
атындағы Затобол орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Оқушылардың білімін жетілдіруде қайталау
сабағының маңызы
Сабақтың
тақырыбы: «Тапқыр болсаң тауып көр» дүниетану пәнінен 4 сыныпқа арналған
қайталау сабағы
Сабақтың
мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу, білімге
деген құштарлығын арттыру, зияткерлік қабілетін дамыту.
Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тереңдету,
толықтыру, қорытындылау.
Көрнекі құралдар: Интерактивті
тақта, «Фуд-Мастер», «Рахат» кондитерлік
фабрикасының, «Аквалайн» компанияларының өнімдері,
эвро ақша бірліктері, қоржын, күміс қобдиша.
Сабақтың барысы
І.
Ұйымдастыру
І-топ.
«Болашақ»
ІІ-топ
«Эврика»
Сайыс жоспары.
1.
«Өнер-білім бар жұрттар» (Мақал-мәтелдер жарысы).
2.
«Білім аукционы» (әр
топқа оқу пәндері бойынша
5 сұрақ қойылады
дұрыс жауап беру
арқылы топ өз ақша қорын жинақтайды.)
3.
«Эрудиттер сайысы» (оқушылар сұрақтарға жылдам
жауап беруі керек,
сұраққа тез және дәл жауап берген топ
жеңіске жетеді).
4.
«Ұлы экономистерді танисыз ба?»
(әр топ тұлғаны дұрыс табуы керек)
5.
«Отандық брендті бірге жасайық» (Оқушылар
өздерінің таңдаған
тауарларын жарнамалайды.
Жарнамалар әдемі де қызықты қимылдармен,
өлеңдермен, әндермен шығуы керек).
6.
«Конверттен шыққан басқатырғылар» (Әр топқа
конверттер таратылады, іштерінде әртүрлі мемлекеттердің
атауы, олардың астаналары, ұлттық валюталары бар. Оны
оқушылар дұрыс тауып, ретімен қоюы керек).
Сабақта
жасалынатын әрекеттер:
-
топқа бөлу,
-
жеке жұмыс, ой-пікірін тыңдау (ой-шақыру)
-
слайдтар мен фото суреттермен жұмыс,
-
пысықтау, бекіту, топпен жұмыс (әр топқа
сұрақ беріледі,топ лидері мен топ мүшелері жауап береді)
-
шығармашылық жұмыстармен таныстыру,
-
эксперттер тобының жұмысы (бағалау),
Мұғалімнің
экономика біздің өмірімізде деген тақырыптағы кіріспе
сөзімен сабақ басталады.
І. Жарыс сабағық
жүргізу үшін 2 топқа жетекшілер сайланады.
І
кезең. Мақал-мәтелдердің жалғасын табады. Дұрыс
жауап 10 ұпаймен бағаланады.
ІІ
кезең. «Білім аукционы». Әр топқа
оқу пәндері бойынша 5
сұрақ қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ
өз ақша қорын жинақтайды. Аукционда сауда «эврика»
сөзінен алынған «эвро» атты ақша бірлігімен
жүргізіледі. Әр топтың қорында 50 эвродан бар.
Бұл бастапқы капитал. Өз капиталын көбейту
олардың өз қолында. Пән бойынша сұрақтың
бастапқы бағасы 10 эвро. Топ капитаны бағаны 10 эвродан
жоғарылата алады. Ең жоғарғы баға
ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс
жауап айтылса, баға құны сол топқа беріледі, ал
қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны
қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға
сұрақ сатып алып, қателессе, онда банкрот болып, өкінішке
орай ол топ аукционға қатыса алмайды.
ІІІ
кезең. «Эрудиттер сайысы». Бұл айналымда
оқушылар сұрақтарға жылдам жауап беруі керек,
сұраққа тез және дәл жауап берген топ
жеңіске жетеді. Сұрақтар экономикалық сөздік
түрінде және басқа пәндерден беріледі.Әрбір
дұрыс жауап 10 ұпай. Сұрақтың жауабын білмесе,
оқушы «келесі» сөзін айтып, келесі сұраққа
өте береді.
ІV
кезең. «Ұлы экономистерді танисыз ба?» Атақты экономистер туралы
сұрақтар қарастырылған. (әрбір дұрыс жауап
10 ұпай)
V
кезең. «Отандық брендті бірге жасайық» (жарнама жасау шеберлігі). Шарты:
Оқушылар өздерінің таңдаған тауарларын
жарнамалайды. Жарнамалар әдемі де қызықты қимылдармен,
өлеңдермен, әндермен шығуы керек.
VІ
кезең. «Конверттен шыққан басқатырғыштар» Шарты: Әр топқа конверттер таратылады, іштерінде
әртүрлі мемлекеттердің атауы, олардың астаналары, ұлттық валюталары бар. Оны
оқушылар дұрыс тауып,
ретімен қоюы керек.
Жарыстың
соңында эксперттер тобының құрамы қорытынды
шығарады.
V. Қорытынды. Мұғалім экономика
туралы оқушыларға экономика туралы мағлұматтар береді.
Мен орта мектепте
толық білім алып, бағдарламаны толық меңгерген
оқушыдан болашақта көп үміт күтуге болатынын,
олардан жақсы маман, тәрбиелі, саналы азамат шығатынына
сенемін. Сондықтан, мен оқушыларға сапалы білім беру
үшін қазіргі таңдағы педагогикалық
шеберліктердің озық үлгілірін әрбір сабағымда
қолданамын. Бұл жарыс сбақ соның бір бөлігі. Оқушылардың
білімін жетілдіруде қайталау сабағының маңызы зор
екенін өз тәжірбиемнен білемін. Жандарыңа сапалы білім мен
салауатты ақылды серік етіп, үйлестіріп мемлекетті алдағы
уақытта дамытатын жастарды тәрбиелеу білім
мен тәрбие беретін мемлекеттік мекеме орындарының тікелей міндеті.
Себебі, қоғамымыздың ілгері дамуы үшін әрбір
адамның біліктілігі мен білімі жоғары деңгейде болуы тиіс деп
есептеймін.