Салкынбаева Ардак Мейрамбековна
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университеті,
педагогика кафедрасының оқытушысы, педагогика және психология магистрі
Қазақстан Республикасы, Семей қаласы
Жасөспірімдердің девиантты
мінез-құлқы психологиялық және
педагогикалық мәселе ретінде
Тәуелсіз еліміздің қазіргі даму
кезеңі, қоғамның барлық саласындағы
өзгерістермен яғни, экономикалық және әлеуметтік
қарым-қатынастардың ерекшеліктерімен сипатталады. Еліміздің
өсіп келе жатқан ұрпақтарын тәрбиелеу мен
оларға білім берудегі маңызды бағыт – жасөспірімдермен
жүргізілетін психологиялық
және педагогикалық жұмыс. Қазіргі
кезеңдегі жасөспірімдердің әлеуметтік
жағдайға бейімделуіне, мінез-құлықтарының
қалыптасуына, тұлға ретінде дамуына әсерін тигізетін
тиімді жолдарын көрсету, анықтау да басты проблемалардың бірі
болып табылады.
Жасөспірімдер арасындағы девиантты
мінез-құлық проблемасы-педагогикалық
психологиядағы ең күрделі шешімдердің бірі екені
анық. Бұл мәселенің шынайы қиындығы
қазіргі қоғам дамуы кезінде кең етек алып отыр.
Демократиялық және экономикалық қайта өрлеу
дәуірінде адам санасы да біржола түбегейлі өзгерістерге енді.
Бұл кезең әсіресе жасөспірімдер мен жеткіншектерге ауыр
тиді. Себебі, олар жас ерекшелігіне байланысты тұрақсыз,
қолайсыз жағдайларды басынан өткереді. Соған сай біз
мінез-құлық ауытқылушылығын сөз еткенде
ең алдымен жасөспірімдерді есепкеаламыз.
Психологиялық – педагогикалық
сөздіктерде девиантты мінез-құлық «адамның
белгілі бір қоғамда бекітілген немесе қалыптасқан
нормалар мен үміттерге сай келмейтін іс – әрекет,
қылығы» деген мағынады берілген.
Жасөспірімдердің мінез - құлқындағы
ауытқушылықты түрлі деңгейде көрсетуге болады. Бұл оның жеке
ерекшеліктері (мінез акцентуациясы, темперамент қасиеті, психикалық
ауруларымен ауыруы, эмоционалды ерік сферасының бұзылысы, т.с.с),
отбасындағы жағымсыз процестерге (бала тәрбиелеудегі
жүйесіздік, маскүнемдік, ата-аналардың айырылысуы, т.б),
мектептегі қиындықтарға (оқушыға деген
жағымсыз қарым-қатынас, мұғалімдермен конфликтіге
келу, оқушылар ұжымымен келіспеушілік) байланысты дамып отырады.
Әлеуметтік педагогикада жасөспірімдер
арасындағы девиацияның басты себептері осы жас кезеңіндегі
ерекшеліктерімен байланыстырады, өйткені жеткіншектер
қоғамдағы жақсы жаман нәрселердің
барлығын өз бойына жылдам сіңіріп алады. Педагогикалық
және жас ерекшеліктері психологиясында осы жас кезеңін
«өтпелі» , «тұрақсыз» , «күрделі» дейді.
Жасөспірімдердің мінез –
құлқының қалыптасуына тигізетін әсерін
әлеуметтік педагогикалық мәселе тұрғысынан
әдебиеттерде қысқаша былай көрсеткен:
Психологиялық факторлар: Жүйке
жүйелерін қозу және тежеу үрдістерінің
әлсіздігі, мінез – құлқының жылдам бұзылуы,
психопатия, психиатриялық не дәрігерлік көмекке
мұқтаждық.
Әлеуметтік педагогикалық факторлар:
отбасындағы, қоғамдағы, мектептегі
тәрбиенің кемшілігі мен қателіктері баланың жеке
және жас ерекшеліктерінің ескерілмеуі, білім алуға қызықпауы
және үлгермеуінің
нашарлығы.
Әлеуметтік экономикалық факторлар.
Қоғамдағы адам құқықтарының
бұзылуы мен әділетсіздік, адамдар арасындағы
материалдық экономикалық айырмашылық, жалпы көпшілік
халықтың кедейленуі, еңбекақының жеткіліксіздігі
әлеуметтік ахуалдың нашарлауы да девиантты мінез
құлықтың туындауына алып келеді.
Құлықтық әдеп факторлары.
Қоғамдағы адамдардың жүріс тұрыс
мәдениетінің төмендеуі мен көпшілік ортада өмір
сүру ережелерінің сақталмауы құлықтық
әдеп құндылықтарының жоғалуы, ізгілік пен
мейірім, физиологиялық, психологиялық дамуы, әлеуметтік
ахуалының өзгеруімен сипатталады.
Қазіргі ғылыми зерттеулер мен
тәжірибелерде ең көп қолданатын мынадай екі түрлі
әдістерді айтуға болады: алдын-алу және қалыбына
келтіру немесе бейімдеу.
Педагогикада кең қолданылып келе жатқан
әдістердің бірі – алдын – алу.
Олар мыналар:
Кәмілетке толмаған балалардың
денсаулығын, психикасын, әлеуметтік, мәдени ахуалын әр
түрлі қауіптен сақтауға арналған іс-шаралар;
Денсаулығын сақтауға,тұрмыс
жағдайын жақсартуға, өмір сүруге қалыпты
жағдай жасауға көмек көрсету;
Жеке тұлғаның мақсатына жетуіне,
ішкі жан-дүниесін түсініп,жеке қабілеттерін іс жүзінде
пайдаланып, дамытуға қолдау көрсету.
Жасөспірімдердің балалармен жеке іс – шаралар
жүргізу жолдарын қарастыратын бағдарлама түзу
арқылы жұмыста жақсы нәтижеге қол жеткізуге
болады. Ол бағдарламаларды құруда мына мәселелерді
қамту керек:
§
Жеке тұлғамен жұмыстың
мақсаты және міндеттерін анықтау;
§
Баланың санасына,ақыл - ойына пәрменді
ықпал ететін әдістер мен тәсілдерді таңдап алу;
§
Тәрбиелік іс – әрекетінің
түрлерін анықтау;
§
Тәрбиелік іс – шаралардың мазмұны бай
және әр түрлі болуы;
§
Баланың тұлғалық ерекшеліктеріне
бағытталған іс – шаралардың үздіксіз болуы;
§
Қоғамның талабы мен баланың жеке
мүддесін ұштастыру;
§
Іс – шараларды әрбір жеткіншектің ішкі
жан-дүниесін, қабілетін, қызығуын,
қажеттіліктерін өтеу мақсатында ұйымдастыру;
§
Іс – әрекетті жүзеге асыруда төзімді,
жігерлі болу;
§
Баланың белсенділігін қолдап, ойы мен
мақсатын бірлесе отырып
жүзеге асыру.
Осы мәселелерді ескере отырып, іске асыруда
педагогтің міндеттерінің ең бастысы-баланың
мүддесін қорғап, қалыбына келтіру,
құрбыларымен қарым-қатынас орнатуға
көмектесу, жаңа ортаға бейімдеу, әлеуметтік
тәртіпті сақтауға және жауапкершілікті сезуге
үйрету болып табылады.
Көмек көрсететін педагог - психологтар
баланың ішкі жан дүниесін алыстан көріп білуі шарт.
Мінез-құлқында ауытқушылығы
жасөспірімдермен жұмыс жасауда ең алдымен дұрыс тіл
табысып, сөйлесе білу керек. Жақсы беделге ие болған
мұғалімнің жеке өнегесі қандай
оқушыға болса да күшті әсер етеді.
Мінез-құлқы ауытқыған
оқушыны ешқандай ұжым өмірінен,
қоғамдық пайдалы еңбектен тыс қалдыруға
болмайды, олар барлық үйірме жұмысына, басқа да
шараларға қатысуы керек. Бұл олардың зиянды істермен
айналыспай, жауапкершілік сезімін туғызуға жол салады.
Қазіргі кезде жасөспірімдердің мінез -
құлқындағы ауытқушылықтарынан
әртүрлі қылмыстық әрекеттер мен жағымсыз
істер көбейіп отыр. Осы жағдайлардың алдын алып, түзету
үшін әрбір педагог, ата-ана, психолог бірлесе жұмыс жасай
отырып, әрбір жасөспірімнің дербес ерекшеліктері мен
мінез-құлқын ескеріп, анықтап, соған сәйкес
жұмыстар жүргізу керек.
Әдебиеттер:
1.
Акажанова А.Т. Девиантология: Оқу
құралы.-
Алматы: Заң әдебиеті, 2009
2.
Халитова І. Әлеуметтік
педагогика:Оқу құралы Алматы «Білім»2007