ШОҚАН
ЖӘНЕ ТҮРКІ ӘЛЕМІ
Берік
Рахымов ф.ғ.д., профессор
Биби
Сыздықова ғылым магистрі
Қазақтың
аса дарынды тұлғасы, тұңғыш ғалымы
Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірі
мен қызметі туралы тамаша ғылыми еңбектер, көркем
шығармалар, бейнелеу өнерінің туындылары жазылды. Әлі
де жазыла бермек. Қамшының сабындай ғұмырының
қысқалығын еске алсақ, «Орда бұзар отызында» о
дүниелік болып кеткен Шоқанның өмірі соншалықты
мәнді-мағыналы, соншалықты тұңғиық
тереңдігімен талай ұрпақты таңғалдырып,
өзіне табындыра беретініне шүбәсіз сенесің.
Табиғат пен адамзат дамуының толық ашылмаған
құпияларының кереметтігі осында
шығар. Кеңес дәуірінде Шоқан ұлы
достықтың көпірі болып, халықтар достығының
дәнекері тұрғысынан таусылмас өнегеге айналды.
Оның нақты дәлелі Шоқанның оқып білім
алуынан, атқарған қызметтері мен тындырған істерінен
танылды. «Қыр сахарасында қоғамдық ой-пікірдің жүйелі
ғылыми негізде қалыптасып дамуына мүмкіндік те, жағдай
да жоқ кезде Шоқанның ғылымның алуан түрлі
саласымен шұғылданатын жан-жақты ғылым болуына тура
келді. Ол тарих, этнография, археология, социология, экономика, филология
ғылымдары саласында жемісті еңбек етті, жазушы публицист,
аудармашы, суретші де болды. Ғұлама ғалым соншалықты
қысқа ғұмырында кейінгі ұрпаққа аса
бай, бағалы мұра қалдырды. Ш.Ш.Уәлихановтың алуан
арналы бай мұрасын, ондағы қисапсыз мол ой толқындарын
толық игеру, ғылымның әр саласына қосқан
үлесіне болау әрі тұтас зерттеу жылдар өткен сайын
маңыздала бермек»[1,3]. Бізде бұл айтылғандарға бойлап,
туған халқының перзентіне деген құрметті ойлап
барған зерттеушілер болды. Мәселен: «Ш.Уәлиханов – тарихшы»,
«Ш.Уәлиханов – фольклортанушы», «Ш.Уәлиханов – филолог»,
«Ш.Уәлиханов – философ» және т.б. арнайы жазылған
ізденістердің бәрі де Шоқантану ғылымына
қосылған үлес екендігі мәлім. Осы жазылғанмен
Шоқантану саласы толысты демесек, аса көрнекті ойшыл, сан
қырлы талант толықтай танылды дегенді айта алмайсың. Өйткені
Шоқанның өмірі пендешіліктен ада, ақыл-ойы таза
бақуатты бақытты ғұмыр екендігімен ерекшеленуі тиіс.
Бұл мәселеде бақ пен бақытты шатастырмайық.
«Бақаның бағынан сұңқардың соры
артық» [2,299] дегендей, ғұламаның бақыты ізгілік
жолындағы ізденістің ізі болып сайрап жатқандығын да
болып отыр. Кемеңгер бабамыз Әл-Фараби: «Бақыттың
мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына
игілікті мақсат қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ
рақат үшін емес, шынайы игілік үшін бағытталуында,
адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті
түрде өзгертіп, ізгілікке бағыттап отыруында» [3,299], -
депті. Шоқан мен Әл-Фараби өмірінің арасында
ұқсастық, һәм жақындастық бар
екендігіне бір сәт ойланып көріңізші!? Сізді сөзсіз
сендіріп, имандай ұйытатын дәлел мен деректер бірден
толғандыра жөнеледі. «Уақыттың үддесі мен
оның өзгерісіне ештеңе істей алмайсың» [4,42], - деп
ұлы сыншы айтқандай, Кеңес дәуірінен кейін ТМД
халықтары түрлі дағдарысты бастан кешті. Соның бір
көрінісі ғылым мен білімде де байқалды. Өлара
шақта Кеңес идеологиясы бойынша мақталып, биікке
көтерген ұлыларымызды қалайша бағалауға тиістіміз
деген мәселелер күн тәртібіне түсті. Сол
дәуірдегі мақтауға және мақтануға
тұрарлық тұлғалардың бірі – Ш.Ш.Уәлиханов
еді.
Алайда,
қазақтың тұңғыш ғалымы
Шоқанның патшалық Ресей кезеңінде қызмет
атқарғаны болмаса, оның өмірінің Кеңес
дәуіріне қатынасы жоқ екендігі мәлім. Бір шындығы
Шоқан Ресейде білім алып, әскери бағытта қызмет
атқарды. бірақ білгенге Шоқан Уәлихановтың ұстанған бағыт-бағдары
туған халқының келешегі мен түркі әлемі болатын.
Қандай істе болсын оның арман-аңсары,
мұрат-мақсаты осы жолда болды. Ақ жолдан сәл
ауытқып, қиындық сәттер келгендігін
ғұламаның өзіде білген. Әйтпесе, Шоқан
Шыңғысұлы: «Ақиқат қанша алға
жетелегенімен, тұман басқан дәуірде адаспай тұра
алмайды екенсің» [5,36], - дегенді неге айтты десеңізші.
«Ш.Ш.Уәлиханов
Сібір кадет корпусында оқып жүргенінің өзінен кейін де
Шығыс елдерінің адамзат тарихына қоса алар қазына
мұрасы бар қазақ елі туралы не айтылған деген
сұраққа жауап табу үшін талай тарихи
мағлұматтарды, ертедегі шығыс тарихшыларының
еңбектерін тауып оқып, олардан конспект, талай деректер жазып
алған, ақыл-ой сүзгісінен өткізген. Ол
бұрынғы өткен Рашидеддин, Әбілғазы,
Қадырғали Жалаири, Мұхаммед Шайбани, Дулати т.б.
еңбектерін, шығыс саяхатшыларының жазбаларын, шетел
ғалымдарының пікір-тұжырымдарын мұқият
зерттеген»[6,79].
Өзінің
өмір туралы, туған халқына көзқарасы
қалыптасқан тұста Шоқан жалпы түркі әлеміне
ерекше ден қойып, ұлаңғайыр жерді алып жатқан
Орта Азия мен Қазақстанның рухани
құндылықтарына қатысты зерделі ізденістер жасауға
белді бекем буған. Шоқанның қазақ
халқының інжу-маржандары болып табылатын «Қозы
Көрпеш-Баян сұлу», «Ер Көкше мен Ер Қосай», «Орақ
батыр», «Едіге» және тарихи өлеңдер мен жырларды, бабасы
Абылайға қатысты аңыздар мен сол ғасырдағы
батырларға қатысты деректерді жинақтап, ғылыми ой-пікір
жалпы түркі халықтарымен байланыстыра қарауы да бүгінгі
таңда қайта қарап, ғылыми тұрғыдан
Қорқыт, Қойлыбай, Ахмет Яссауи, Ақсақ Темір,
Әл-Фараби, Омар Һаям, Әлішер Наваи, Фердауси, Әбдрахман
Жами т.б. Шоқан жинақтаған материалдар мен өзінің
ғылыми еңбектерінде ұшырасып отырады. Ол бұл
аталған тұлғаларға қатысты пайымдаулары мен
зерттеу еңбектерінде үнемі түркі дәуірін еске
ұстап, көне дәуір деректеріне назар аударып отырғанын
тану қиын емес. Мәселен, Жәми мен Хафиз жайындағы
деректерінде ақындарға қатысты үнемі мавлеви
сөзін қосып жазған. Бұл сөздің
түркіше мағынасы – «мырза», сондай-ақ, түркі
дәруіштерінің «Мавлеви» ордені болғаны туралы
мәліметтер бар.
Қазақ
халқының ертегі, аңыз, өлең, жырларын
жинақтау ісімен қоса, Шоқан жинақтаған
дүниелердің ішінде қазақтың би-шешендері, айтулы
жыршы-жырау, сал-сері ақындары туралы айтылады. Бақсылар
дәуірі түркі кезеңінен екендігін дәлелдей
көрсетеді.
Дарынды
адамның аса қызыға ден қойып, тереңдей зерттегені
қырғыз халқының рухани мұрасы екендігі
ғылымда ертелі-кеш айтылып келеді. «Алатау
қырғыздарының поэзиялық ең басты және
жалғыз десе де данышпандық халық шығармасы Манас
туралы» дастан екені күмәнсіз, - деп жазды Ш.Уәлиханов.
Шоқан бұл дүниені алғаш қағазға
түсіріп, орыс тіліне аударушы ғана емес, алғашқы
зерттеушісі деуге болады. Себебі, Шоқан еңбектерінде Манасты
айтушылар, осы жырдың төңірегіндегі халық ертегілері
мен аңыздары, халықтың діни түсініктері мен
салт-санасы, әдет-ғұрыптары туралы түсініктердің
жинақталғаны түсіндіріледі. Қырғыз
халқының мақал-мәтел, жұмбақтары мен тіліне
қатысты арнайы түсініктемелерде жазылған. Рухани
қазыналарды жинақтай жүріп, Шоқанның үнемі
назарда ұстағаны көне түркі әлемінің ескерткіштері
мен естеліктері еді. Өз елінде тұрған Қозы мен
Баянға салынған дың үлгісіндегі күмбезден бастап,
оны ойландырған түркілердің жүргізу өнері болды.
Соның басты бір дерегі Шоқанның Жетісу мен Тянь-Шяньда
кездескен ерте заманғы мәдениеттің өте сирек кездесетін
ескерткіштері болса, Ыстықкөл маңындағы ерте
заманғы қала мәдениеті, суландыру жүйелері қалдықтары,
сәулет өнері ескерткіштері, көне жазулар алдынан шығып,
талантты жанды тебіреніске түсіреді. Міне, осыдан бастап түркі
халықтарының тағдыр-талайы, соның ішінде өз халқының
өткенін басқаларға танытуға күш-жігерін
бағыттайды. Өркениетке жеткендер бұратана халық ретінде
есептеп, солақай пиғылда болғандарға
түркілердің осал еместігін көрсетуді парызы санайды.
Шоқанның Жетісу өңіріне жасаған саяхаттары мен
ұлаңғайыр осы аймақтардағы әйгілі жерлерде
болып, қыруар құндылықтар жинақтауы осындай
жігерліліктен туған еді. Дарынды жас ғалым өзінің
бұл өңірдегі болған жерлерін екіге бөліп, былайша
түйіндеген: «Менің саяхатымды жүрген жерлерімнің
сипатына қарай екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең
менің Жоңғарияға, яғни, Жетісу мен Іле
өлкесіне және Ыстықкөлге дейінгі сапарымды
қамтиды. Мен Жоңғарияда бірінші рет 1856 жылы болдым, онда
полковник Хаментовский бастаған алғашқы Ыстықкөл
экспедициясына қатыстым. Сонан соң Құлжада үш ай
тұрдым. Жоңғарияда бас-аяғы бес ай болып, бұл
өлкенің Алакөлден Тянь-Шяньға дейінгі аймағын
түгел көріп шықтым»[7,395-396], - деп жазады. Аралаған
жерлерін көзбен көріп, көңілімен сезінуіндегі
ғалымның басты арманы туған елі мен түркі әлеміне
деген үкімі үмітті болатын. Айғақты ескерткіштер мен
естеліктерді табу жолында кездескен қиындықтар, болмашы
сәтсіздіктерге ұнжырғасы түскен жоқ.
Империялық пиғылдың озбырлығы мен өз
өлкесіне көзқарастың дұрыс еместігіне ашынды.
Патша өкіметінің айтқанын орындаушылардың туған
елін қанап, жеке басының қамын ойлап, қызмет бабын
асыра пайдалаушылықтарын көзбен көрді. Шоқанның
досы, кезінде Сібір қазақтарының басқармасында істеген
Федор Достоевскийдің: «Сібір жері салқын болғанымен,
чиновниктер жылы тұрады» [8,49], - деген өткір сөзі
Шоқанның ішкі күйзелісін тап басып, мейлінше дәл
көрсететіндей. Өзі оқып, білім алған Омбының
өсек-аяңы, алтыбақан алауыздығынан кеткісі келетіндігін
Шоқан достарына ашық жазғаны белгілі.
Сахараны тынбай
шарлаған Шоқанның жиған-тергендерінің аса
қымбаттылығы сан мәрте айтылып, лайықты бағасын
алған. Өзі жиғандарының ішіндегі Асан
Қайғының: «Ата жұрты бұқара, өз
қолыңда болмаса, қанша жақсы болса да, қайратты
туған ер ғаріп» деген сөзі жас ғалымды терең
тебірентіп, теңіздей сан мәрте толқытқан.
Шоқантанушы ғалымдар: «1858-1859 жылдары Шоқан өзін
ержүрек сяахатшы даңқына бөлеген атақты
Қашқар саяхатына барып қайтады» [9,44], - деп жазады. Одан
әрі бұл елдің Европаға әлі белгісіз екендігі мен
бұл сапардың қауіптілігі түсіндіріледі. Расында да аса қауіпті
сапар екендігі түсінікті. Шоқанның аман-есен барып, бұл
сапардан бір жылдан кейін оралуы, үлкен іргелі істер бітіргені
тәптіштей түсіндіріледі.
Егер де
Шоқанның бұдан бұрынғы саяхаттары мен
жазған еңбектерін, жинақтаған материалдарын
нақтылай ой-елегінен өткізер болсақ, онда Шоқан
Уәлихановтың бұл сапарға бармасқа болмайтын себептері
айқындала түсер еді. Керек десеңіз, барған
жиһанкездер аман қайтпаған бұл елдің
өзіндік ұстанымы, алдарына қойған мақсаттары бар
еді. Ал Шоқанның бірден келісіп, асыға аттануы сол басында
айтылған түркі дүниесіне байланысты болатын. Себебі Европа ғалымдары
үшін қақпасы жабық болған Қашқарияда
өзбек, тәжік, парсы, ауғандар, ұйғырлардың
беделді адамдары болған. осында болған уақытта Шоқан ұйғыр
тілін үйреніп, барған сапары туралы ұйғырша естеліктер
жазған. Қашқардағы бірнеше қалалар, ондағы
салт-сана, саяси қайраткерлер, ғалымдармен, ақындармен
жақсы танысып, қажетті материалдар жинақтайды.
Оралғаннан кейін патша үкіметін қызықтырған
Қашқарияның картасы, елі туралы мол деректер ғалым
тарапынан баяндама ретінде тыңдалып, ғалымдарды таң
қалдырғаны аян. Егер де ғұлама ғалымға
еркіндік беріліп, өзінің туған халқы және онымен
қандас халықтарды бұл сапарға қатыстыра жаз десе,
онда сөзсіз Шоқан түркі әлемінде теңдессіз
еңбек жазатын еді. Ол ғұлама ғалымның арманы
болып, құпия қиялдың елесіндей ішінде кетті.
Келер
ұрпақ даланың дархан ұлының туған елі мен
түркі әлемі жолындағы жалынды істерін жалғастыра берсін
дейік.
Қолданылған
әдебиеттер
1. Сәтбаева
Ш.Қ. Шоқан Уәлиханов – филолог. – Алматы: Ғылым, 1987
2. Даналардан
шықан сөз: Нақылдар жинағы. – Алматы: Мектеп, 1987
3. Уәлиханов Ш.
Бес томдық шығармалар жинағы. А., 1961, 1 том
4. Бабков И.Ф. Батыс
Сібірдегі қызметім жайлы еске алуларым. СПб., 1912.
5. Марғұлан
Ә. Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың
өмірі мен қызметі (очерк) 6. Ш.Уәлиханов.
Таңдамалы. 2 бас.-Алматы: жазушы, 1985.
Сыздыкова Биби Ергазыкызы
Академик Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті филология
фаультетінің қазақ әдебиеті кафедрасы оқытушысы,
ғылым магистрі
Мекен-жайы:
Қарағанды қ., Сатыбалдина к-сі, 13 үй, 6 пәтер
Тел: 8 (7212) 339827
Ұялы тел: 87775747744
87782070741
e.mail: bibi..nur@mail.ru
Жеке куәлік №:
026634330
ИИН: 871203450198