ЗАҢ
МАМАНДЫҚТАРЫНДА ОҚИТЫН СТУДЕНТТЕРГЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Конратбаева Карлыгаш
Тынысбековна
Абай атындағы
Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университет,
1-курс магистрант
Көптен күткен тәуелсіздікке қол
жеткізген соң, еліміздің алдында көптеген
мақсат-міндеттер туындады. Жас мемлекет болғандықтан,
әлемнің алдыңғы қатарлы державаларымен
тығыз байланыс орнатып, заман талабына сай озық технологиялар мен
ғылыми ақпаратты игеру қажеттігі туындады.
Қазіргі кезде еліміз әлемде бой
көтерген экономикалық дағдарысты бастан өткізіп
жатырмыз. Жаңадан дамып келе жатқан жас мемлекет
болғандықтан, дамыған елдермен тығыз қарым
қатнас жасап көп нәрсе үйренуіміз керек. Бұл
мақсатта елбасы тарапынан да көптеген жағдай жасалып жатыр. Осы
тұрғыда көреген, ғұлама ақын Абай, өз
халқын орыс тілін оқуға, орыс әлемін ашуға
шақырғанда, орыс тілі, орыс мәдениеті арқылы біз
әлемнің есігін аша алатынымызды түсінген Абайдың
арманын енді танып отырған сыңайылымыз. Шынында да ХХІ
ғасырда біз алатын жаңа белестер ашылды, өз болмысымызды
сақтай отырып, тіліміз бен мәдениетімізді дамыта отырып,
қарқынды даму үстіндегі әлемнің техникалық
және гуманитарлық үрдіс жоспарының тетігіне айналу
мақсатымыз. Бұл мүмкіндікке біз ағылшын тілі
арқылы жете аламыз. Осыған орай Абайдың орыс мәдениеті
арқылы біз әлемнің есігін ашамыз дегеніне ағылшын тілін
үйрену арқылы әлемдегі жаңа ғылыми
техникалық жетістіктерді жете меңгеріп,батыс елдерімен тереземізді
теңестіре аламыз. Халқымыздың іздемпаздығы, жаңалықты
жылдам қабылдап оны жүзеге асыруы – осының бірден бір
дәлелі.
Қазіргі таңда шет тілі ретінде ағылшын
тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру отандық
педагогикадағы іргелі міндеттердің біріне айналып отыр.
Өйткені, елімізде Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Үштұғырлы тіл»
мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соның ішінде
жаһандану жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі
ретінде ағылшын тіліне мән берілуде. Халықаралық
қатынастар мен бизнес, туризм, әлемдік экономика мен саясат, білім
және ғылым саласы мен озық технология,
құқық пен мәдениет салаларының
халықаралық аренадағы негізгі қолданыс тілі
ағылшын тілі болып отыр. Осы ретте болашақ заң
мамандығы аясында ағылшын тіліндегі арнайы лексикасын
қалыптастырудың маңызы зор.
Болашақта елімізді жан-жақты дамыту
үшін дамыған елдермен қарым қатнаста болу үшін
біз ағылшын тілін жетік меңгеруіміз керек. Экономика
жүйесінде маман болатын студенттердің ағылшын тілін жетік
меңгеріп, оны жұмыс барысында сауатты қолдана білу үшін
ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерінің
әдістемелік шеберліктерінің жоғары болуы талап етіледі.
Сондықтан сабақты жоғарғы деңгейде өткізу
үшін біз қазіргі кезде тілді меңгеру барысында
қолданылатын сабақтың әр түрлі методикасын
қолдануымыз тілді меңгеруге көп көмегін
тигізеді.Барлық техникалық құрал жабдықтарды (компьютер,
интерактивті тақта т.б.) қолдану үйреншікті
жағдайға айналды, сонымен қатар сабақ барысында
ағылшын тілінде аудио, видеоларды қолдансақ, ойын
түрінде көрсету әдісін қолданудыңда маңызы
мен тиімділігі өте зор, сөз бен сөз тіркестерін есте қалу
қабілетінеде көп септігін тигізеді. Мұндай ойын
түріндегі сабақ барысында студенттер экономист, бухгалтер, сот,
прокурор, адвокат, айыпталушы, жәбірленуші, куәгер рөлдеріне
ене отырып, сот процесін көрсету арқылы ағылшын тіліндегі
салалық терминдерді қолданады. Бұл economic, borrower, account, customer, ретте crime,
punishment, verdict, judge, advocate, public prosecutor, criminal process,
evidence, motive, witness, prosecution, defense, imprisonment, protocol,
criminal code, criminal group, fact, damage, collegial court, sanction, etc. заң терминдерін жиі қолдану арқылы студенттер арнайы лексикалық бірліктерді тез игеріп, оның мағынасына қарай қолдануына мән береді.
Жалпы қаржылық тексеріс кезде жасалған қылмыс немесе жасалған қылмыстың басқа түрі әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыстық құқық бұзушылық болып екіге бөлінсе, бұлардың әрқайсысының өзіндік терминологиясы бар. Бір азаматтың шағым айтып, сотқа келуі, қылмыстық істің қозғалуы, тергеушінің тағайындалуы, айыпталушының ұсталуы, сот процесінің жүргізілуі, мемлекеттік айыптаущы мен қорғаушының ұстанымдары, куәгерлердің дәйектері, жаза тағайындау, үкім шығару, бас бостандығынан айыру, шартты жаза, ауыр қылмыс, орташа ауыр қылмыс, моральдық және материалдық өтем, ар намысты таптау, жалған айып тағу, тергеу амалдарын жүргізу, сенімхат, қолхат, нотариалдық бекіту, адвокатқа жүгіну, жазамен келіспеу, еңбекпен түзеу колониясы, кәмелет жасқа толмағандар қылмысы, жасөспірімдер қылмысы, өзін-өзі қорғау, зорлық-зомбылық, медициналық сот сараптамасы, саусақ ізі, тері-май іздері, қан тобы, айғақ болатын заттар, үй тінту, ұрлық-қорлық, адам зорлау, кісі өлтіру, тонау, қарақшылық, бұзақылық, қоғамдық тәртіпті бұзу, көлікті мас күйінде айдау, қасақана кісі өлтіру, топтық қылмыс, жапа шегу, т.б. арнайы құқықтық заң саласындағы сөз тіркестерін әр түрлі оқиға бойынша қолдана отырып, соған сәйкес, құқықтық процесстерді түсіну, сот ісін жүргізудің тәсілдерін меңгеру секілді әрекеттерді сабақ барысында үйретудің тиімділігі мол.
Жалпы алғанда, сараптама(ревизия) жасау ойынында диалогтар құрастыру, азаматтық және қылмыстық істер бойынша заң саласының маманы болу үшін, қажетті терминдер мен кәсіби сөздерді ағылшын тілінде үйрену барысында әр бір мемлекеттің заңдары, құқықтық-нормативтік актілері, жарлықтары, бұйрықтары, үкімет қаулылары, қылмыстық кодекс, арнайы ережелер мәтіндері қолданылады. Болашақ заңгер,қаржы,экономист мамандарының халықаралық дәрежедегі құқық саласында немесе шетелдік компанияларда қызмет атқаруы үшін ағылшын тілін жетік меңгеру талап етілетіні белгілі. Ал, ағылшын тілінен қазақ тіліне сот процестерін аударудағы терминдердің жөні бір бөлек.
Қазақстан Республикасы мен шетелдердің
заңнамаларын салыстыру арқылы да студенттер
құқық саласындағы ағылшын тіліндегі
терминдерді игере алады. Негізі заң саласы терминдерінің түбірі латын, грек тілдерінен бастау алатыны ескерсек, онда тіл тарихына, терминдердің этимологиясына назар аударып, олардың интерпретациялық мағыналарына көңіл бөлген абзал.
Заң факультетінің студенттеріне ағылшын тілін үйретуде олармен шынайы сот процесіне қатысу, адвокатура мен нотариус қызметтерімен танысу, прокаратура органдарының қызмет ерекшеліктеріне жеті көңіл бөліну керек. Отандық
және шетелдік баспасөзге, интернет материалдарына шолу жасалып,
олардағы экономика, заң терминдерінің қолданысына
лингвистикалық талдау жасау әдісіне кең тоқталу
қажет. Білікті қаржыгер, заңгер болу тек
құқықтық білімді жетік білумен шектелмейді. Сонымен
қатар тілді толық игеру үшін арнайы лексиканы еркін
меңгеру керек. Ал туризм мамандығын алсақ, бұл салада
шет ел туристерімен жиі қатынаста болғандықтан гид ойынын
қолдануға болады. Қазіргі кезде оқимын деген
студенттерге көп мүмкіндіктер ашылды. Әсіресе жазғы
демалыс кездерінде Америкаға, Британияға арнайы бағдарламалар
бойынша тәжірибе алмасу мүмкіндіктері бар.
XXI ғасыр бүкіл
әлемнің тұтасымен даму заманы. Бұл
заманның азаматтары әлбетте, белсенді және
жан–жақты болуы керек. Жан–жақты болу
дегеніміз ол, басқа дамыған елдердің
мәдениетін, оның ішінде өз
менталитетімізге сай келетін жақсы жақтарын
үйрену. Мұның
маңызы тағы да шет тілдерін
үйренуде жатыр. Егер Б.Момышұлы
сияқты қоғам қайраткеріміз
жаңашыл адам 3, яғни қазақ,
орыс, ағылшын тілдерін кең түрде
меңгере білу керек деп, ағылшын
тілінің маңызын сонау 70–жылдары
түсініп, айтып кеткен болса, қазіргі
таңда өз еліміз егемендігін алып, тәуелсіз,
дербес ел ретінде таныла бастағанда, осынау
жас еліміздің өркениетін көтеру
мақсатында шет тілдерін меңгеріп, шет
елдерімен қарым–қатынас орнатудың
маңызы аса зор.
Тіл
– адам сана сезімінсіз жеке дара
өмір сүре алмайды. Демек, біздің
міндетіміз шет тілін үйренуші
тұлғаның қай кезде, қандай
тұлғалық мүмкіндіктерін қосу
арқылы коммуникативтік белсенділігін іске
қосатынын анықтау. Американың лингвист
зерттеушісі Джорж Лакофф «тіл – адамның
басқа мүмкіндіктері: ойлау қабілеті,
түйсіну қабілеті, сезіну қабілеті, интуиция
және эмоциясы барлығы бірдей
жүйелердің көмегімен жұмыс істейді»
дейді. Локофф
бұл жүйелерді гештальттар деп атады, сондықтан
да ойлау, түйсіну, эмоция, есте сақтау
және сезіну процестері тығыз
қарым–қатынаста болады және жоғарыда айтылып кеткен әдістер
арқылы біздегі барлық қабілетті дамыта отыруымыз керек.
Осыған орай тиімді жағы өзіміздің ана тілімізбен
ағылшын тілін салыстырып үйренсек жылдам және тиімді болама
деп ойлаймын. Сондай-ақ мақал-мәтелдерде, метафоралаларда,
салыстыру мен теңестірулерде көп айырмашылықтар мен
ұқсастықтар табуға болады.
Түйіндей келе қандай да тілдерді алмайық,
сөз құрамы, дыбысталуы, грамматикасы, тілдерді қай
жағынан қарастырмайық барлық жағынан
ұқсас тідер табиғатта кездеспейтін жайт. Ондай жағдай туыстас тілдер
арасында да көрініс тапқан. Алайда қазақ тілі
аглютинативті, ал ағылшын вербальды тілдер тобына жаткандықтан ол
қазақ тілі ана тілі болып келетін адамдарға, сондай-ақ
керісінше ағылшын тілділерге қазақ тілін оқып
үйренуге еш кедергі болмайды. Тілдің өзіндік заңдылықтары
бар, қай тіл болмасын белгілі бір ережелерге сүйенеді, алайда орыс
тілі арқылы ма, әлде шет тілін үйренуде қандайда бір
басқа тәсілді таңдайма ол оқытушы мен
оқушының еркінде. Ешбір тіл басқа бір тілді үйренуде
ешқандай кедергі болмауы тиіс.Осы заңдылықтарға
қарамастан ағылшын тілі біздің елімізде кең етек жаюда,
әсіресе ағылшын тілін үйренуге құштарлық
жастар арасында кең қолданыс табуда. Бұл жайт тек тіл
саласында ғана емес сондай-ақ заң, экономика, саясат, құрылыс,
өндіріс т.с.с. ғылыми салаларға мол пайдасын әкеледі
дегенге өз басым кәміл
сенемін.