Филологические науки/6.Актуальные проблемы перевода

Ахметова А.Б., Арынова Р.Е.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақстан

Санға байланысты тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы

(ағылшыннан қазақ тіліне аударма негізінде)

Фразеологизмдердің шыққан тегі еркін сөз тіркесінен өзгеше. Фразеологиялық тұрақтылық дегеніміз – тіркестің мағынасының астарлы бейнелеу мен бүтін тұлғаға ғана тән болуы. Фразеологизмдердің туу себебі фразеологиялану үрдесіне тән, табылады нәтижесінде сөз тіркесі түгелдей жаңа, туынды мағынаға ие болады, дайын күйінде қолданылатын тілдік материалға айналады.

Көптеген фразеологизмдер ағылшын-қазақ тілдераралық фразеологиялық қорында семантикалық жолмен жасалынған. Бұл ойымызды дәлелдеу үшін сандық мағыналарға назар аударайық, мәселен:

Zero-нөль

         “Zero”санына қатысты сөз тіркестер туралы нақты бір қорытынды айтуға қиын. Мысалы,  “zero hour”(атыстың, ұшудың, баяндаудың басы және т.с.с. белгілі бір уақыттың басы) сөз тіркесінде ноль саны белгілі бір өзгерістерді білдіреді, адами көз қарас бойынша бір қалыптан екінші бір қалыпқа көшу уақыты. [1, 576]

One-бір

         “One” ағылшын тіліндегі сөз тіркестердегі  ең жиі кездесетін сан. Бірақ , барлық сандармен салыстыра отырғанда бір саны сөз тіркесті аударғанда өз сандық мағынасын көбінесе өзгертпейді, яғни «жалғыз, біреу» деп аударылады. Мысалы, hang all one's bells on one horse – бір ұлына мұрасын өсиет ету.  [2,569]

Two –екі

         “two”санын алатын болсақ, сөз тіркесін аудару кезінде, оның мағыналарының бірі «қосарланғандық, бірліктің болмауы», сонымен қатар, екі саны қарама-қайшылықты білдіреді деп айтуға болады. Мысалы, be in two minds" - "таңдау жасау". [3,213]

Three -үш

         "Dictionary of Symbols and Imagery" сөздігінде санмен байланысты сөз тіркестерін зерттеу бойынша, үш санының өзінің ерекшеліктері бар, яғни үш саны әдебиетте кездеседі, сонымен қатар, «үшінші» не жағымды, не жағымсыз жақта болып ерекшеленеді. Үшінші элементтің қызметін атқару кезінде триада (үш ұғымды, үш сатылы) өзін жағымды, не жағымсыз болып көрсете алады. Мысалы, аңыздар мен ертегілерде үш ағайынды, үш апалы, немесе үш дос, үш арман және т.с.с. болатын уақытта, алғашқы екеуі қарапайым түрде беріліп, үшінші элемент әрқашан ерекше болып шығады (таңғаларлық, ғажайып, немесе мүлдем қарама-қарсы болуы мүмкін).

Осы айтылған сөзге дәлел ретінде two is company, but three is none" ('two's company, three's a crowd"), яғни үшінші артық. Осы сөз тіркеске байланысты сөздікте мұндай анықтама беріледі: : it is pleasant, easy, relaxing for two people to be together. Сонымен қатар, үндіеуропалық тілдерде үш санын бақыт, амандық саны деп есептейді. [2,582]

Four-төрт

         Төрт санының символикалық мәні үндіеуропалық дәстүрлерге байланысты ерекше мифологиялық бейнелер қарастырылады, яғни дүниенің төрт жағы. Төрт санына байланысты мысал, scatter to the four winds – барлығын жұмсап қою. Төрт саны дүниенің жақтары мен үйдің қабырғаларының тұтастығы мен тұрақтылығын білдіреді деп есептелінеді деп, осы сөз тіркесінде - the four corners of the world, within these four walls. [2,456]

Five-бес

         “not to know how many beans make five” бес санының осы сөз тіркесінде қолданысы былай түсіндіріледі:белгілі бір жағдайда бір нәрсе түсінбеу деп көрсетілген. Сөздікте осындай анықтама берілген: : not to be clear-headed, not to be sensible in practical matters. Қазіргі зерттеулер бойынша, бес санын үндіеуропалық ата бабаларымыз нақты бір түсінік қалыптастырушы еді.

Мысалға: “he that will thrive, must rise at five” – ерте тұрған әйелдің, бір ісі артық, яғни осы тұрақты сөз тіркесін күннің шығуымен, немесе жұмыс күнінің басталуы деп түсіндіруге болады.

«The five wits» сөз тіркесінің тура аудармасы бес сезім, ал негізінде, осы сөз тіркесі адамды бейнелеп тұр, аяқ-қолдар және оның барлығын бақылайтын бас. Осы сөз тіркесі ескіріп кеткен, қазіргі таңда көп қолданылмайды. [1, 577]

Seven-жеті

         “on cloud seven (nine)” cөз тіркесіне көңіл бөлсек, жеті санында, сонымен қатар, тоғыз санында қолдануға болады, бірақ көбінесе жеті саны кездеседі, себебі жеті саны халық арасында тоғыз санына қарағанда сәттілік саны болып есептелінеді, осы айтылғанға дәлел: "Dictionary of Symbols and Imagery" сөздігінде зерттеушілер өз пікірлерін айтқан.

Сөз тіркесінде жеті санын қолдануы - “a fool may ask more questions in an hour than a wise man can answer in seven years” – «ақылды адам жеті жыл жауап бермейді, ал ақымақ бір нәрсені бір сағат сұрайды», осы жерде толық шақты және кезеңді ғана емес, сонымен қатар, жеті саны интеллектуалды және биік шыңдардың басы деп түсіндіріледі. "Dictionary of Symbols and Imagery" сөздігі бойынша, "seven" – даналық дегенді білдіреді. “keep a thing seven years and you will find a use for it” сөз тіркесінде жеті саны емес, тоғыз саныда қолданылуы мүмкін болушы еді, бірақ жеті санының мағынасы тым терең. Одан басқа, аңыз бойынша, бірінші, екінші әрекет сәтсіздікке ұшырайды, ал үшінші әрекет сәтті болып аяқталады, бірақ, кейбір жағдайда, бірінше мен екінші әрекеттің орнына, алты әрекет болып, жетінші әрекет сәтті аяқталады.

Seven years ago – «жеті ата, жеті  түптен бері қарай, атам заманда». Жоғарыда қазақ тіркестерін талдағанда, жеті ата, жеті түптен бері қарай тіркесіне осы баламаны бергенбіз. Сонымен қатар, бұл тіркесті атам заманда тіркесімен де аударсақ болады.

Nine-тоғыз

         Сандардың символикасына қатысты, «тоғыз» және «жеті» санының жалпы белгілері бар. Алдында айтқандай, “on cloud seven (nine)” сөз тіркесі шексіз бақытты деп аударылады. Тоғыз саны да, жеті саны да толық шақты және кезеңді білдіреді. "a cat has nine lives" сөз тіркесі мысықтың тоғыз өмірі деп аударылады, "a cat with nine lives" – «ұзақ ғұмыр кешетін адам, "have nine lives like a cat" – адам өмірі мысықтың өміріндей ұзақ.  [1,578]

Ten-он

         “Ten” санына байланысты сөз тіркестерге ерекше көңіл бөлінген. "The ten commandments" – он өсиет, он парыз деп аударылады. Он саны рухани дүниені, рухани жетістіктерді, Құдайға және жақын адамдарына деген сүйіспеншілік деген ұғымдарды білдіреді. [3,296]

Фразеологиялық теңеулерде ұлттық тілдік бейне таным категориясымен тығыз байланыста болғандықтан, ол таным, сана, ойлау категорияларымен байланыста қарастырылуы тиіс. Шындық болмыс ойлау арқылы жүзеге асады, ал тіл оның бейнелеу құралдарының бірі.

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің пайда болу көздері әр халықтың тарихымен, заттық және рухани мәдениетімен, өмір-тіршілігімен тығыз байланысты болғандықтан, олардың мағынасының лингвомәдени және когнитивтік тұрғыдан талдау арқылы тарихи-этимологиялық көздерін ашуға болады. Тіл мен мәдениет өзара тығыз байланыстағы бірін-бірі толықтырар біртұтас жүйе.

         Қорыта айтқанда, қазіргі уақыттың талабына сай, екі тілдер (ағылшын, қазақ) арасындағы сандар жүйесі мағыналарының айырмашылықтары мен бірізділіктерін білу – екі елдің қарым-қатынастарын әрі қарай нығайта түсетіндігі, сөзсіз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.     Керлот Х.Э. Словарь символов. - М.: Refl-book, 1994. - 602 с.

2.     Cowie A.P., Mackin R., McCaig I.R. Oxford Dictionary of Current Idiomatic English. Vol. 2: Phrase, Clause and Sentence Idioms. Oxford: Oxford University Press, 1984.

3.     Маковский М.М. Язык - миф - культура: Символы жизни и жизнь символов. - М., 1996. - 329 с.