Зар заман
поэзиясындағы «Сарыарқа» ұғымы
Кульбаева М.М.,
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің
аға оқытушысы , филология
магистрі
Отаршылдықпен бірге келген
құбылыстарға қарсылық азаттық
аңсаған, еркіндікке ұмтылған халықтың
рухани наразылығымен ұштасып жатқаны анық.
Қайғы- қасірет тартса да,рухын жоғалтпаған
қазақ жұртының көңіл- күйін
қапысыз бейнелеген зар заман поэзиясы өкілдерінің
шығармаларында идеялық-танымдық және көркемдік-
эстетикалық көзқарастар бірлігі елдік мұраттармен,
ұлт мүддесімен үндестік ыңғайында көрініс
тапты.Арғы түбі ақырзамандық сарындар мен болжал
өлеңдерден бастау алатын зар заман жырларының көп таралған
кезі – отаршылдық дәуірі. Қазақтың көптен
күткен сұмдығының бірі осы еді, осы да іске асуға
айналды.Жерлері алынумен қатар, әуелі қазақ даласын
айнала сызып, шеткі қалаларды салды..... Асан ата айтып кеткен
(«Мұнан соң қилы-қилы заман болар,Заман азып,заң
тозып, жаман болар»),Бұқар болжап берген («Күн батыстан бір
дұспанАқырда шығар сол тұстан») дәуір келіп
жеткен соң ақын-жырауларының
өлең-толғауларының тақырыбы
өзінен-өзі зар заман ағымына ойысты. [1.144].Сондықтан
бұл құбылыс басталар жері, тамамдалар тұсы
айқындалған, тарихи өзгерістер аясында жетіліп,
өркенделген, түйінделген ағым ретінде қарастырылады.Бұл
сарынның ақындары қатарына Дулат
Бабатайұлын\1802-1871\,Шортанбай Қанайұлын\1818- 1881\,
Мұрат Мөңкеұлын\1843-1906\, Әбубәкір
Кердері Шоқанұлын\1858-1903\ т.с.с. ақындарды
қосуға болады[2.56].
Солардың көрнекті
өкілдерінің бірі Шортанбай – орыс отаршылдығы тұсында
қазақ қоғамына кірген әлеуметтік
өзгерістердің сырын терең ашып бейнелеген
суреткер.Қазақ даласына сауда капитализмінің кіруі,
қоғамның бай не кедей болып жіктелуі, өкімдікке талас
пен сайлау кезіндегі даулар ақын өлеңдерінде әсерлі
суреттеледі.
Асылық азған заманда,
Алуан- алуан жау шықты.
Арам, араз хан шықты.
Қайыры жоқ бай шықты,
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты,-
деп ол бірде қазақ даласына келген сауданы айыптаса,
елдің бас көтерер азаматтарының байлыққа
құнығуын, қанаудың күшейгенін сынға
алады.Осының бәрін Шортанбай заманның азғандығы
деп ұқты.[3] Шығыстағы Дулаттың, батыстағы
Әбубәкір мен Мұраттың, Арқадағы
Шортанбайдың бір – біріне ұқсас әуенмен ел
мұңын жырлауы көп ойға жетелейді.Заманды сезіну
ортақтығы деген осы.Орыс шаруаларының қазақ
жеріне ағылып келуі жұрттың наразылығын оятты.
Бұл қарсылық отаршылдық дәуірдің
құбылыстарын аяусыз сынға алған зар заман поэзиясында
шынайы көрініс тапты:
Айтуға ауыз келе ме,
Аягөз кімнің жері еді?
Ұлы өрісі қысқарып,
Кең
қонысың тарылды.[4]
Шортанбай:
Нысапсыз екен бұл кәпір,
Жеріңді алды, малды алды.[5]
Талай ғасырдан бергі жаугершілік
жорықтарында қасқыр мінез танытып, намысын ешкімге таптатпаған,кеудесі
көтеріңкі, рухы биік қыр қазағы ептеген
жағымпаздыққа бой алдырды. Бұл тұрғыда
М.Мырзахметовтің пікіріне жүгінсек, «қазақ
әдебиеті тарихында алғаш рет ұлттық санасы саналы
түрде оянған жаңашыл ақын, халқының
бозторғайы боп шырылдаған Дулат поэзиясында отаршылдық билік
жүйесі және елін сатқан атқамінерлер бейнесін тұңғыш галереясы
жасалды» дейді.Жұртшылық арасында
«Жаңа низам» де
аталған 1868 жылғы реформа- зар заман поэзиясының негізгі
тақырыбы болды.Қарапайым халықтың «Жаңа низамды» қалай қабылдағанын,
қандай күйге түскенін зар заман мектебінің
өкілдері тайға таңба басқандай
бейнелейді.Әсіресе, Дулат Бабатайұлының отарлаушылардың
астарлы амал-айласы мен қитұрқы қулығын
салғаннан-ақ аңғарды:
Батыстан патша
түнегі,
Жеріңе келіп
түнеді.
Жоныңнан таспа
тіледі,
Дулат оны біледі.
Ал Әбубәкір болса:
Қоныстан бірнешелер
көшті үркіп,
Штаттың
хабарынан білмей қорқып - дейді.[8]
Отаршылдық биліктің ел арасындағы өкілдерінің
бейнесі зар заман поэзиясында типтік тұлға ретінде көрініс
тапты. «Өмірдің шындық құбылыстары мен
оқиғаларының қалың тасқыны арасынан
қажетті типтік сипаттағы маңызды, мағыналы фактілерді
көре білу үшін де зергерлік зерде керек» деген талап
тұрғысынан қарасақ, халқының жоғын
жоқтап, мұңын
мұңдау арқылы өзара үндестік танытқан
замана жыршыларының шығармаларынан типологиялық
ұқсастықтың мысалдарын көптеп кездестіруге
болады.Қазақ халқының
отарлаушылықтың қамытын мықтап киген
тұстағы көңіл-күйін Дулат ақын дәл
бедерлейді.
Егін себер жерді алып,
Бұрынғысы
өтірік.
Шыныменен енді алып,
Кетірер патша сиқынды.
Дулаттың ұлттық танымы жөнінде сонау 1959 жылы белгілі
ғалым Х.Сүйіншәлиевтің айтқан пікірі күні
бүгінге дейін құнды: «Ол патша өкіметіне
қазақ елінің тәуелді болғанына наразы . Сол
патшалық Россияның қазақ жеріне енуіне де одан туып
жатқан прогресске де жаны
қарсы Қазақтың өз алдынабөлек хандық
құрып, тәуелсіз өмір сүруін
көксейді.Өткен дәуірлерде қазақ тәуелсіз ел
еді деп,сол заманды жоқтайды» [9.87].Дулаттың «Ата қоныс Арқадан»
толғауындағы қазаққа құт-береке
әкелген дәуірді сипаттаған бейнелі тіркестерді зар заман
поэзиясының дәстүрлі тұжырымымен салыстырып
көрелік:
Шабаны тұлпар жүйрік боп,
Сайынға шауып шаңдатты.
Төрт түлікке толтырды,
Толағай тұлдыр қыратты.
Әбубәкір:
Айдың-айдың
сулардың
Балығы кетіп су
азды,
Қарағай,
қайың, тал, терек,
Тамыр, түбі
таусылып.
Ой-ниеті орайлас ақындардың
мұрат еткені- «Ата қоныс Арқадан» толғауында
суреттелгендей ырыс- берекесі мол, бейбіт тіршілік.Оның өзі
келешектен жақсылық күтпей, өткенді сағыну, тарих
көшіне көз жіберу тұрғысынан жырланады.Зар заман
поэзиясына қазақтану, ұлттану тараптарының биігінен зер
салсақ,құнды қазынаның бағасы одан сайын
арта түсері сөзсіз.Бұл жыр жүйріктері қазақ
ұлтының көшпенділіктен ажырап, отаршылдықтың
бұғауына мойынсұнған кездері көрген зорлық-
зобалаңы мен тартқан қайғы – қасіретінің
шерлі шежіресін жасады. Мұрат
Мөңкеұлының «Әттең, бір қапы
дүние- ай» толғауындағы қоныстан айырылудың
себебі ретінде айтқан: «Ноғайлы қазақ надан жұрт,
Бірлігіңнің де кемісі» сипатындағы тұжырымы
Әбубәкір Кердері өлеңдерінен үндестігін табады:
Азамат, алаш ұлы, аңдамадың,
Қымбатты арзан менен таңдамадың.
Түтіп жеп жаманыңды, ұрып-
ұрып,
Жақсыңды жаудай қылып
олжаладың.
Бұл ақындардың шығармашылығындағы
елдікке шақыру, ұлт болып ұйысуға үндеу идеялары
қазақ жері ұғымын білдіретін «Сарыарқа» атауының төңірегінде
өрбиді. «Қалай болғанда да қазақ поэзиясында «Сарыарқа» сөзі әлденеше
ғасырдың белесінде -
әуелі жалпылама «кең дала» ұғымы түрінде, содан
соң нақты жер атауы санатында қолданылып келді.Сонымен
қатар көшпелі қазақтың кір жуып, кіндік кескен
төл мекені деген мән- мағынаны иемденді.»[6.103],- деген
зерттеуші А.Шәріп тұжырымына ден қойсақ, Ресей
отаршылдығы тұсындағы
«Сарыарқа» қайғы мен қасірет жайлаған
бүкіл қазақ өлкесі болып шығады.Зар заман
поэзиясындағы «Сарыарқа» ұғымы- өкініш пен
күйзеліс, ұлт тағдырын ойлап, дабыл қағып,
ыңғайында көрініс береді.Дулат:
О,Сарыарқа, Сарыарқа,
Самалың салқын жон едің.
Шортанбай:
Арқадан дәурен кеткен соң,
Қуғындап орыс жеткен соң.....
Мұрат:
Біз көштік Сарыарқадан бермен асып,
Көлденең Сағыз бенен Жемді басып.
Ал Әбубәкір Кердері «Арқаның киік,
құланы сияқты қазақпыз» дейді.Ұлт басына
қауіп төнгенде ақындар «қазақтың кең
даласы» ұғымын танытатын
«Сарыарқа» сөзін сағынышпен ойға алғын,
елдің сән- салтанатын келіскен көшпелі өмірінің
көріністерін осы бір қастерлі атау арқылы білдірген.1868
жылғы Ереже бойынша қазақтың малының есебін білу
мақсатымен әр түрлі салық түрлерін ойлап
шығарған.Билеп- төстеуге оңай болу үшін , елді
ауылдарға бөлгенде жанның санына қоса, малының
есебі де назардан тыс қалған жоқ.Бұл турасында:
«Әр облыстың жеріне шек тартылды, әр облыстың жері
өз арасында шаруалары һәм малдарының санына қарай
бөлінетін болды»[7.145],- дейді Ахмет Байтұрсынов.Дәл осы
ахуал зар заман поэзиясында осылайша бедерленеді:
Дулат:
Малыңды сатып талауға,
Адамын хаттап санауда.
Шортанбай:
Қараны санап, малды алды,
Қазаққа қамқор ханды
алды.
Ай сайын келіп санатып,
Есебіңді алып тұр.
Ресей империясы өз
билігіндегі халықтардың санын білу үшін олардың есебін
алып, өсімін, өлімін қадағалап отырғаны тарихтан
мәлім.Ақындар осындай санақтарды тосырқай қарсы
алғаны анық.Осыдан отаршылдық саясаттың халықты
қандай күйге түсіргенін көреміз. Әбубәкір
Кердері «есеп алу» ұғымын ақ патшаның
құрығы жеткен жердің бәріне өктемдік
жүргізумен бірге
сабақтастырады:
Патша есеп алады,
Қытай, Қырым елінен
Шәһр, зымыстан жерінен.
Патша есеп алады,
Аспаһанның жұртынан,
Санақ алуды бағыныштылықтың есебі, түбегейлі
құл болуға бастайтын қадам деп ұғатын
Әбубәкір Кердері отаршылдықтың бұғауына
мойынсұнып, мал- жаны тізімге түскен халқының ахуалын
көріп қиналады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
4
қыркүйек.