АРТ-ТЕРАПИЯЛЫҚ
ЖАТТЫҒУЛАР - КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Тулепбергенова Асель
«Тұран-Астана»
университетінің магистранты
Баланың
шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарын,
құралдарын анықтау психология мен педагогика
ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Бұл
әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп
айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық
педагогикасының негізгі мақсаты – бүгінгі күн
талаптарынан туындаған, озық қоғамға
лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру мен дамытуда
тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.
Көтеріліп отырған мәселе
туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар,
еңбектер баршылық. Бұл ежелден-ақ ұлы
ойшылдарымыз Ж.Баласағұн, әл-Фараби, Абайды ерекше
толғандырған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке
басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған.
Көрнекті
педагогтар К.Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А.С.Макаренконың
шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары
қарастырылса, оқушы шығармашылығына
бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына
енгізген М. Жұмабаев болатын (1923 ж.).
Отандық
психологияда қабілеттер жайлы ілім біркелкі дамып отырған
жоқ. Мысалы, 1930-1940 жылдардың арасында тұлғаға
деген тұрпайы –көзқарас қалыптасқан кезде,
қабілеттер жайлы мәліметтер психологиядан да, педагогикалық
практикадан да алынып тасталған болатын. Тек 1950 жылдардың
ортасынан бастап, бұд мәселе қайта көтеріле бастады.
Бұдан кейін нақты қабілеттар жайлы іргелі зерттеулер жасалды.
Олар: музыкалық қабілеттер (Б.М. Теплов), бейнелеу өнеріне
деген қабілеттер (В.И. Кириенко), әдеби қабілеттер (В.П.
Ягункова), математикалық қабілеттер (В.А.Крутецкий),
педагогикалық қабілеттер (Н.В. Кузьмина) сияқты зерттеулер. Заманымыздың
ұлы ақыны Абайдың педагогикалық
көзқарасының ерекшелігі өлеңдері мен қара
сөздерінде кейінгі ұрпаққа үлгі, өнеге
болып келеді. Мәселен, төртінші сөзінде «Әуелі
құдайға сиынып, екінші өз қайратыңа
сүйеніп, еңбегіңді сау. Еңбек қылсаң,
қара жер де береді, құр тастамайды», - дейді.
Ы. Алтынсарин шығармаларының
қайсысы болмасын жастарды еңбек етуге шақырып, адам
бойындағы жағымды қасиеттер шыдамдылық,
төзімділік, байқағыштық,
аңғарымпаздық пен мейірімділік, адамгершілікті
тәрбиелеуді марапаттап,
жалқаулық, еріншектікті айыптап отырады. Бір сөзінде ол адам
адал, мағыналы өмір сүру үшін белгілі бір
мақсатты әрекетпен айналысуы керек, ол әрекет- еңбек
деп ойын түйіндейді.
Ш. Уәлиханов
қазақ, қырғыз елдерінің ұдттық
дәстүрлерінің ортақ екендігін айта келе, халыктың
ауыз екі шығармалығына, қолөнеріне, салт- дәстүріне,
әдет-ғұрпына әділ бағасын береді.
Қазақ
халқының зиялы арыстары Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов,
М.Жұмабаев, І, Жансүгіров, А. Байтұрсынов, Т. Шонанов т.б.
ұлттық мектептердің басқа мектептерден ұтымды
айырмашалығы олар балаларды ана тілінде оқытумен қатар
қазақ халқының құнды
салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын,
мінез-құлқы мен психологиясын үйренуге ықпал
ететіндігіне назарларын аударады.
Бұрын
соңды айтылған осындай ғылыми пікірлерді теориялық
және әдістемелік тұрғыдан тұжырымдап,
ғылыми негізде қарастырған этнопедагогика саласының
мамандары Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Қ.Қожахметова
т.б. еңбектерінде кеңінен зерделенеді. Бұл зерттеулерде
қазақ халқының тұрмыс-салты,
әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәні,
олардың фольклор үлгілерімен сабақтаса отырып, жас
ұрпақты адамгершілікке, еңбекқорлыққа
тәрбиелеу мәселелері әдістемелік тұрғыда
жан-жақты қарастырылған.
Қазіргі
заманда жеке адамның шығармашылығы мен
шығармашылық проблемасына философтар, социологтар, педагогтар жіне
психологтар көп мән беріп отыр. Психологтар
шығармашылық бейімділік дарыны кез келген адамға тән
екендігін дәлелдейді. Баланың шығармашылық
іс-әрекеттерін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат
тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және
философы Сократ өз оқушыларының дамуына үнемі
қамқорлық жасап отырған. Адамның ақыл-ойын,
қабілеттерін дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізу
мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған
шығыстың әйгілі ойшылы әл-Фараби болды.
Республикада
оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын
оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш
мектептің жаңа жүйеге көшуін, әрбір
мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл
шығармашылық ізденісті, оқушылардың белсенділігі мен
қызығушылығын арттыруды талап етеді.
М.Жұмабаев өзінің «Пидагогика» оқулығында
баланың дамуының мәселелерін көтерді. Ол үшін
таным, ақыл, еркі мен зейінін қалыптастыру керек екенін жазды.
Баланың шығармашылық қабілетін
дамыту мәселесін көтеру тәжірибе барысында, білім
мазмұнында оқушының шығармашылық
қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынумен байланысты түсіндіруге болады.
Шығармашылық
психологиясы - адамдардың ғылым, әдебиет, музыка, бейнелеу
және сахналық өнер, өнертапқыштақ
және рационализаторлық салаларындағы шығармашылық
қызметін психологиялық зерттеулер саласы. Шығармашылық
психологиясының әдістемелік негізі - тарихилық принципі.
Шығармашылық психологиясының ерекше бір тарауын
балалардың шығармашылық
қызметін зерттеу құрайды. Шығармашылық психологиясының тән сипатты проблемасына елестетудің,
ойланудың, интуицияның, шабыттың, жағдаяттан үстем
белсенділігінің шығармашылық процесте көрінетін индивидуалдылық - психологиялық
ерекшеліктердің рөлін
зерттеу (қабілеттілік, талант,
данышпандылық және т.б.), тұлғаның шығармашылық
ұжымға кіруімен байланысты, оған осы жағдайдың ықпалын, шығармашылық белсенділікті
күшейтетін факторларды (топтық пікір - сайыс, кейбір психофармологиялық құралдыр
және т.б.) зерделеу жатады.
«Алуан
- алуан жүйрік бар, әліне қарай шабатын» дегендей
адамдардың қабілет саласындағы дара
айырмашылықтары да сан алуан болып келеді. Мәселен,
біреу іске жігермен, қатты мейірмен кіріседі. Мұндай адам
жұмысты сапалы орындай алады. Енді біреу, керісінше, сол істі баяу, сапасын төмен етіп орындайды.
Қабілетті адамдардың бірі - зеректігімен, екіншілері
байқағыштығымен, үшіншілері материалды есте сақтағыштығымен ерекше
көзге түседі. Бұл
айтылған қасиеттер кейде бір адамның басында да
тоғыса береді. Қандай болмасын
әрекетті сапалы етіп орындау үшін қабілеттің бір
ғана түріне
сүйенуге болмайды. Бір әрекеттің өзін орындау
үшін кейде бірнеше қабілеттің жиынтығы керек болады.
Мәселен, мұғалімге ұйымдастырғыш қабілетпен
қатар, бақылағыштық, ақыл - ой
ерекшеліктерінің белсенділігімен қатар, сөйлеу шеберлігі,
зейін қойғыштық т.б. қажет етеді.
Адам
қабілетін аз, көп деп сан жағынан өлшеудің
ғылымға қажеттілігі шамалы. Өйткені алғашқы кезде түрлі себептермен
көріне алмаған қабілеттің оның есейген шағынды көрінуі де
ғажап емес. Жас шақта сөзге олақ адамдардың есейе келе ірі ақын, жазушы
болғандары; көрген нәрсесін есінде жөнді сақтай алмайтын адамдардың
кейіннен талантты суретші болып шыққандары да
бар.
Көздерінен
жетемін деген сенімнің күштілігі, қайрат - жігерлігінің
молдылығы - осы
адамдардың қай - қайсысына да тән қасиеттер.
Адамның психикалық басты бір
ерекшелігі: бір қасиеттің орнын екінші бір қасиетпен толтырса, яғни адамның өзіне
жетіспеген бірер қабілетті басқа қабілеттермен алмастыра алатындығы.
Сөйтіп, адамның бір әрекетпен шұғылдануына
оның бейімділігі, қызығуы және
басқа
қабілеттері демеу берсе,
ол ерік жігері
күшті еңбек сүйгіш
адам болса, жеке бір қабілеттің жеткіліксіздігі оның іс -
әрекетті ойдағыдай орындауына бөгет бола алмайды.
Қабілеттіліктің даму шегі жоқ. Адам қабілетінің
әрқилы болып келуі сигнал жүйелерінің ерекшеліктеріне
де байланысты.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Социально-экономическая
модернизация – главный вектор развития Казахстана. /Послание Президента
Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстана. 27.01.2012г.
2 Қазақстан
Республикасының "Білім туралы" Заңы.–2007 ж.
3 Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан
Республикасы Президентінің 2010
жылғы 7 желтоқсандағы
№ 1118 Жарлығымен бекітілген.
4 Бап-Баба С. Жантану
негіздері. – Алматы, 2007 ж.
5 Тәжібаев Т. Жалпы
психология. – А.: Қазақ университеті. 1993 –238б.
6 Выготский Л.С. Собрание
сочинений в 6-томах: Детская психология.Т.4. – Москва: «Педагогика», 1982. –
432 с.
7 Психология: Адамзат
ақыл-ойының қазынасы (Психология ғылымындағы
іс-әрекет теориясы. /жетекшісі акад. Ә.Н. Нысанбаев.–Алматы: Таймас
баспа үйі, 2005.– 2-т.–480 б.
8 Жұмабаев. М. Педагогика. – Алматы, 1984. – 147 б.
9 Тұрғынбаева Б.Т. Бастауыш
сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін
дамыту. –Алматы, 1999.