ПСИХОЛОГ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ   АТҚАРАТЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ  МӘНІ

                             магистрант  Сулейменова А.

                             магистрант   Изимбаева Р.

«Тұран Астана» университеті, Астана қаласы,  Қазақстан

 

Көптеген БҰҰ елдерінде психологиялық қызмет адам денсаулығын сақтауға, кәсіби жолмен тұлға дамуына, әсер ететін іс-әрекет ретінде танымал. Ал АҚШ-та психологиялық қызмет өз жұмысын 1800-ші жылы бастады. Мектеп психологиясы АҚШ-та заңмен бекітілген, білім беру департаменті мектеп психологтарына куәлік беруді қадағалайды. АҚШ-тағы алғашқы психолог-практиктер өзін-өзі тәрбиелеу мәселесін зерттеген экспериментальды психологтар. Бірақ көп ұзамай мектеп психологтарының негізгі функциясындағы бастапқы міндет арнайы бағдарламалар бойынша балаларды оқытуға дайындау. АҚШ мектептердегі тестілеудің кең практикасы орын алды, өлшем және тестілеу функциясы ертеден қолданылды. Мектеп психологының негізгі күші - өлшемді стандартталған тесттер арқылы қолдану дәстүрге айналған мектеп психологиясы эволюциясы және мектеп психологының қызметіндегі теориялық және практикалық елеулі жетістіктер  соңғы 35-40 жылдары дамығанын атап өту керек. 60 жылдары мектеп психологтарының кәсіптік ұйымы құрылды. 80 жылдары АҚШ-та мектеп психологтарының ұлттық асоциациясы құрылды (NAZP). Психологиялық қызметтің бірнеше функцияланған деңгейін ерекше көрсетуге болады.

Оқушылар арнайы оқуды таңдау үшін тесттер өңдейді. Бұл жұмыс белгілі бір деңгейдегі білім мен тәрбие көрсеткіштеріне бағытталған. Психологиялық мәселелер бойынша кеңес, оқушылардың қажетсінуі бойынша тікелей психологиялық көмек қарастырылады.

Психологиялық қызмет екінші деңгейліктен бастап жүзеге асырылады. Көптеген мамандар қазіргі кезде өлшем мен тестілерді психологиялық қызметтердің тек бір компоненті ретінде қарастырады.

Психологиялық қызметтің аудандық немесе қалалық орталықтарының қызметі-мәселелерді теориялық түрде зерттеу және мектептегі психологтың жұмысынан қорытынды шығару. Мектептегі психологиялық қызметтің мақсаты мен міндеттерін қалыптастыруға, оның ғылыми әдістемелік қамтамасыз етілуін психологиялық сұраныстарды шешуге, мектеп психологы жұмысының формалары мен мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді.

1988 жылы барлық оқыту мен тәрбиелеу мекемелерінде мектеп психологының сағаты берілуі туралы мемлекеттік комитеттің қаулысы жарық көреді. Сол уақыттан бастап психологиялық қызмет елдің барлық аймақтарында дамыды.

Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет - тұтас білім беру жүйесінің маңызды компоненттерінің бірі. Психологиялық қызметтің тууы ғылым мен практиканы өзара әрекетімен шарттасқан психологиялық қызмет бала туралы тұтас ғылым мен осы дамуды қазіргі білім беру мекемелері жағдайында жүзеге асыру практикасын өзінің бойында біріктіретін қызмет.

Білім берудегі практиканың мектеп жасындағы балалардың ғылыми білімге деген қажеттілігімен, ғылымның осы қажеттіліктерді қанағаттандыру және тереңдетуге дайындығының бірлігі әр баланың психикалық және жеке басын дамыту міндетін шынайы шешудің негізгі шарты деп қарастырады.

Психологиялық қызмет төрт құрамдас бөліктен тұрады: ғылыми; қолданбалы; практикалық; ұйымдастырушылық.

Бұл аспектілердің әрқайсысы орындаушыдан арнайы кәсіби даярлықты талап ететін мінденттерді шешуден тұрады.

Ғылыми аспект - әдіснама және практикалық психология мәселелері бойынша ғылыми зерттеуді жүргізуді көздейді. Мұндағы міндеттің бірі: психодиагностикалық, психокорекциялық, психопрофилактикалық немесе психологиялық алдын алу және дамытушы бағдарламаға психологиялық білімді қазіргі білім берудің нақты жағдайында кәсіптік қолдануға ғылыми негіз беру және оларды жасау болып табылады. Демек, білім берудің тәжірибелік психологиясы туралы теориялық және әдістемелік мәселелері бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді білдіреді. Білім берудің тәжірибелік психологиясы психикалық дамудың жас ерекшеліктің заңдылықтарының индивидуалды түрде көрінуін, оқушы жасындағы балалардың психологиялық, денсаулығының негізі болатын жеке адамдық және индивидуалдық даму шарттарын қарастырады. Бұл жерде міндет ретінде, психодиагностикалық және дамытушылық бағдарламалардың операционалдық түрде құрылуы мен ғылыми түрде негізделуі, сонымен қатар психологиялық білімдерді, қазіргі білім беру жүйесінің нақтылы жағдайларында, құралдарды, тәсілдерді, әдістерді кәсіби түрде қолдануды айтуға болады. Бұл зерттеу жұмыстарының академиялықтан айырмашылығы, онда тек қандай да бір психологиялық механизмдер мен заңдылықтарды анықтап қана қоймай, нақты бір баланың жеке адам болып қалыптасу жүйесіндегі механизмдермен заңдылықтардың дамуының психологиялық шарттарын көрсетеді.

Қолданбалы аспект білім беру қызметкерінің психологиялық білімді қолдануын көздейді, білім беру қызметтерінің психологиялық білімдерді қолдануын білдіреді. Бұл бағыттың негізгі өкілдері: тәрбиешілер, педагогтар, әдіскерлер. Олар өздері дербес немесе психологпен біріге отырып, жаңа психологиялық мәліметтерді оқу бағдарламасын, жоспарын, оқулықтарын, дидактикалық және әдістемелік материалдарды жасауды, оқу және тәрбие бағдарламасын құруда қолданылады.

Практикалық аспект - мұны балабақша, мектеп, білім беру мекемелерінің психологтары қамтамасыз етеді. Олардың міндеті: балалармен, топпен, сыныппен жұмыс, белгілі бір нақты міндетті шешуде тәрбиешімен,  ата-анамен, мұғаліммен жұмыс жүргізу.  Білім беру орындарының, оның ішінде бала-бақша, мектеп және басқа да білім беру жүйесінің қызметкерлері жүзеге асырады. Олардың міндеті – қандай да бір нақтылы мәселелерді шешу үшін балалар тобымен, тәрбиешілермен, мұғалімдермен және ата-аналармен жұмыстар жүргізу. Олардың міндеті жаңа әдістер құру емес, керісінше, ғылыми түрде бекітілген әдістер мен тәсілдерді кәсіби түрде дұрыс қолданып өңдей білу.

Ұйымдастыру аспектісі - бұл білім берудегі психологиялық қызметтің құрылымын жасау. Практикалық психологтардың білімін жетілдіру және олардың кәсіби әрекетін қадағалау. Бұл бөліктер иерархиялық байланыста бола отырып мынадай топтардан тұруы мүмкін: тәжірибелік психологтар, психологиялық қызметтің ғылыми-әдістемелік бөлімі (орталықтар, кабинеттер), республикалық немесе федералдық білім беру министрлігіндегі психологиялық қызмет бөлімдері. Тек түбегейлі түрде ұйымдастырылған бөлім қызметкерлері ғана білім беру жүйесіне білікті психологиялық қызмет көрсете алады. Балаларға, ата-аналарға, мұғалімдер мен білім беру орындарына нақтылы түрде көмек көрсете біледі.

 Психологиялық қызмет - оқу-тәрбие процесі мен әлеуметтік жағдайының дамуын ғылыми психологиялық тұрғысынан  қамтамасыз ету, яғни даралық даму мен тәрбиені қазіргі психологиялық–педагогикалық теориялар негізінде осы процесті құру және өткізу, ұйымдастыру, сондай-ақ барлық білім беру процесіндегі оқушылардың салауаттылығын сақтау үшін психологиялық жағдайды қаматамасыз етуі тиіс.

Білім беру саласындағы психолог жоғары білімді, біліктілік санатқа ие, еңбекақысы, зейнет кепілдігі мен кезекті демалысы бар, кәсіби құқықтар мен кепілдіктерге ие, нақты білім мекемесінің педагогтарына  теңестірілген маман болып табылады. Қызмет саласы бала-бақша, кәсіби, орта білім беретін мектептер, балалар үйі, интернаттар, түзету ұйымдары, аудандық, қалалық, облыстық, аймақтық білім беру психологиялық орталықтары.

Әр түрлі саладағы, аудандық, қалалық, аймақтық білім беру психология орталықтарындағы білім мекемелерінің психологиялық қызмет көрсету саласы қызметкері ретінде психологиялық жоғары білімі бар, арнайы курстарда қайта даярлаудан өткен, тұрғылықты жердің әлеуметтік-мәдени, этноерекшелігін толық білетін жоғары білімді мамандар жұмыс істей алады. Әр білім беру мекемесінде кемінде бір психолог (9 дан 14 дейін) қызмет етеді. Егер оқушылар 300-ден көп болса, онда жүктемесі артады. Мүмкіндіктері шектелген балалармен жұмыс істеу мекемелерінде 80 адамға бір психолог тағайындалып, кемістіктің күрделігіне байланысты балалар саны азайтылады.

Атестациялау жұмысы құзырлы мекемелер мен мамандар тарапынан ҚР «Білім Заңына» сәйкес жүзеге асырылады. Жұмыс бағытын таңдау, әр түрлі жұмыс түрлерінің сәйкестігі білім мекемесінің қажеттіліктерімен және штаттық және штаттан тыс психологтар санымен анықталады.

Жұмысты жоғары сапада, тиімді атқару үшін ыңғайлы жағдай жасалуы тиіс. Жеке жұмыс кабинеті, кеңес беру бөлмесі, топпен жұмыс істеу бөлмесі болып, әрбір кабинетте қолдану үшін таспа – бейне, әр түрлі техника аппараттары мен ыңғайлы жиһаз болуы тиіс.

Білім мекемесіндегі практикалық психологқа кабинеттің безендірілуі және тұтынғаны үшін төлемақы мекемедегі мұғалімдер үшін бектілген нормативке сәйкес төленеді.

Білім мекемелері мен орталықтарда жұмыс істейтін практикалық психологтар атқарған жұмыстарын тіркеп отырады. Әкімшілікке және кәсіби жағынан құзырлы орындарға есеп береді. Бұл психологиялық қызмет мекемелерінің, орталықтарының есептік құжаттарына, тиісті деңгейдегі білімді басқару орындарының есептеріне кіреді.

Әдістемелік және шығармашылық ізденістерге, өзіндік білімін жетілдіруге аптасына бір күн беріледі.

Психологиялық қызмет үш звенодан тұрады:

- нақты мекемедегі практикалық психолог (балабақша, мектеп, гимназия, балалар үйі);

- психологиялық кабинеттер мен бөлімдер;

- психологиялқ қызмет орталығы.

Практикалық психолог нақты оқыту мекемелерінде жұмыс істейді. Мұнда психолог оқыту кезеңі барысында балалардың жеке-дара психологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Әр баланың дұрыс дамуына жағдай жасайды. Баланың сабаққа үлгермеуін оның себептерін, тәртіптілігіндегі бұзылыстарды анықтап, түзетіп алдын алады. Тәрбиешілерді, мұғалімдерді білім беру мекемелерінің  әкімшілік  қызметкерлерін, ата-аналарды психологиялық біліммен қаруландырады,  психологиялық білімін көтереді.

Психологиялық кабинеттерде жұмыс істейтін психологтардың негізгі міндеті білім беру мекемелеріндегі психолог әрекетін ұйымдастырады, қадағалайды, сондай-ақ әдістемелік және кәсіби көмек көрсетеді, психологиялық, педагогикалық білімдерді насихаттайды. Ерекше қиын жағдайдардағы психодиагностикалық, психокоррекциялық жұмыстар жүргізеді. Медициналық, психологиялық – педагогикалық комиссияның жұмысына қатысады. Сонымен қатар жеткіншектермен жұмыс жасау комиссиясына да араласады. Білім беру мекемесінің әкімшілігін басқарудың әлеуметтік – психологиялық мәселелері жөнінде педагогикалық ұжымда қолайлы әлеуметтік психологиялық ахуалды орнату жөнінде, басқа да кәсіби мәселелер жөнінде кеңестер береді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.     Грановская Р.М. Элементы практической психологии. М., 1997.

2.      Гудкина Н.И. Несколько случаев из практики школьного психолога. М., 1991.

3.      Донченко Е.А., Титаренко Т.М. Личность: конфликт, гармония. Киев, 1989.

4.      Дружинин В.В. и др. Введение в теорию конфликта. М, 1989.

5.      Драгунова Т.В. Проблема конфликта в подростковом возрасте. Ж. «Вопросы психологии», 1972, № 2.