ТҰЛҒА ДАМУ   МӘДЕНИЕТІНІҢ ҰЖЫМДАҒЫ РОЛІ

магистрант   Изимбаева Р.

магистрант  Сулейменова А.

«Тұран Астана» университеті, Астана қаласы,  Қазақстан

 

 Қазіргі қоғам сұраныстары рухани және материалдық сфералар аясында қарым-қатынас проблемасын өте маңызды етіп көрсетеді яғни, қарым-қатынас адамның өмірлік іс-әрекетінің, әсіресе білім, ғылым, спорт өнер салаларында бөлінбейтін бөлшегі болып табылады. Оның дәлелі ретінде білім мен мәдениеттің терең байланысын айтуға болады.

Мәдениет – көп қырлы процесс. Адамның өмірлік іс-әрекетінің барлық салаларында мәдениетті көреміз. Ең алдымен, сана мен болмыста адамзаттың әлеуметтік даму бағытындағы шығармашылық іс-әрекетін түсінуге болады. өзінің ішкі дүниесіне қарай адамның әлеуметтік тұлға ретінде даму процесі, оның – таным, қарым-қатынас, іс-әрекет субъектісі ретінде өмір сүру әдісі, жекелік, шығармашылық, әлеуметтік, адамгершілік, эстетикалық жетілуі бойынша ерекшеленеді.

Мәдениет өзі пайда болатын және қалыптасатын ортада оның үздіксіз даму сипатында болады және адамзат қоғамынан бөлінбейді. Қоғамда тұтастай  жеке адамның даму деңгейі мен қасиетін  мәдениет анықтайды. Олай болса, мәдениет адамның құндылығы, оның қайталанбайтын белгісі.

Мәдениет өзінің ішкі механизмдерімен адам тұлғасына тән болғандықтан ол өзін-өзі танып білу немесе адамның рухани өмірбаяны деп есептелінеді. Мәдениеттің өмір сүруінің шарты, ол бір ұрпақтан екінші ұрпаққа сабақтасықпен беріліп отырады.

Сондықтан мәдениет өзін-өзі тарату мәселесін алдыңғы орынға қояды. Яғни мәдениеттаным қабылдаудың, принциптердің, түсініктердің жүйесі болып саналады да, солар арқылы мәдениетті іс жүзіне асыратын процесі іске асады. Бұл жүйе адам тұлғасының өлшемі туралы мәдениетте жинақталған тиесілі білімді, шеберлікті, тәжірибені қамтамасыз етеді.

Біздің зерттеу жұмысымызға қарай мәдениет іс-әрекеттің ерекше процесі, ол қарым-қатынасты туғызады, материалдық және рухани, психикалық тұлғалық қалыптасуды тудырады.

Ғалым-педагог М.А. Құдайқұлов кез-келген әрекеттің тиімділігі адамда қалыптасқан білім, дағды, іскерліктен тұратынын дәлелдеді. Оның ойынша бұл сапалар еңбек процесі мәдениетінің негізінде әртүрлі деңгейде болады.

Ал, біздін пікірімізше білім саласындағы мәдениеттанымдық педагогикалық іс-әрекетте тұлғаны өркениетілікке, мәдениетке, жоғары сауаттылық, кәсіби деңгейге көтереді, сөйтіп ол «педагогикалық мәдениет» ұғымымен  тікелей байланыста болады.

«Педагогикалық мәдениет»-педагогика санаты ретінде нақты ғылыми анықтамамен гуманитарлық ғылымдар және педагогика ғылымының аппаратына ене бастады. Қазіргі уақытта ғалымдар тарапынан педагогикалық мәдениет санаты айтарлықтай қызығушылық туғызып отыр. Педагогикалық мәдениет – адамның жалпы мәдениетінің бір бөлігі.

Педагогикалық мәдениет даму деңгейінде төмендегі құрылымдардан тұрады: әлеуметік-педагогикалық, ғылыми-педагогикалық, кәсіби- педагогикалық. Педагогикалық мәдениетті әртүрлі ғылыми-педагогикалық көқарастар тұрғысынан зерттеуге болады: біріншіден, педагогикалық іс-әрекет жүйесі ретінде, екіншіден, педагогикалық іс-әрекет бағыты ретінде, үшіншіден, педагог тұлғасының жалпы көрінісі ретінде.

Біз өз зерттеулерімізде педагогика және мәдениеттаным ғылымдарының ара қатынасынан шығатын бұл пікірлерді толық қолдаймыз.

Педагогикалық мәдениет – бұл жалпы адамның мәдени шығармашылық деңгейі, мәдени бағыт бағдары. Кәзіргі кездегі ғылыми-педагогикалық еңбектерде (О.Н.Франковская,М.А. Кудайкулов,К.С.Успанов, А.К.Рысбаева т.б)  «Педагогикалық мәдениет» түсінігіне мынадай анықтама беріледі, педагогикалық мәдениет оқытушының қоғамды, өзін, ортаны меңгерудегі, теорияны практикамен ұштастырудағы гуманистік қарым-қатынастың қалытасуы, сараланған сапалық іс – тәжірибесі.

Жоғарыдағы зерттеулерге талдау жасай келе біздің зерттеу проблемамыз төңірегінде мынадай қорытынды жасауға болады: процесте мотивациялық, танымдық, технологиялық компоненттер тұрғысында міндеттерді шеше отырып, болашақ мамандарды кәсіби біліктілікті меңгертуде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Біздің ойымызша, балалардың қарым- қатынас мәдениетін қалыптастыру төмендегі Қазақстандық ғалымдардың зерттеу жұмыстарына негізделеді: біртұтас педагогикалық процесс (Хмель Н.Д. және т.б.), болашақ мұғалімдердің дидактикалық даярлығы (Абылқасымова А.Е., Құдайқұлов М.А., Сабыров Т.С.), адамгершілік мәдениті (Трифонов В.В., УрунбасароваЭ.А.), еңбек мәдениеті (Сейтешов А.П., Хайруллин Г.Т.), дене тәрбиесі мәдениеті (Қуанышова Т.Ш., Сапарбаев М.Б. т.б.)

Сонымен қорыта айтатын болсақ, қарым-қатынас мәдениетінің жоғарыда көрсетілген ерекшеліктері – тікелей іс-әрекеттегі мәдениеттілік белгілері, ал тікелей іс-әрекет адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуының ең алғашқы сатысы, өйткені тікелей іс-әрекетті меңгеру барысында ғана мәдени қарым-қатынастың алғашқы  белгілерін байқаймыз.

Қарым-қатынас қажетті ақпарат алмасуда, басқаруда көрініс беретін тікелей іс-әрекеттің тиімділігін қамтамасыз ететін мәдениеттілік белгілері белсенділік, идеяшылдық, еркіндік, ерекшеліктің субъектісі ретінде танылады.

Екіншіден, қарым-қатынас жасау үшін адамға тән әлеуметтік сапаның пайда болуы адамның мәдени қауымдастыққа жету мүмкіндігін ашады.

Үшіншіден, субъектінің өз құндылықтарына қатынасы көрінеді.

           

 

Сурет 1 –  Тұлғаның жеке қасиеттерінің оның  ерекшеліктерімен өзара байланысы

            

  Сонымен, қарым-қатынас адамды тәрбиелеу үшін, дүниені қабылдау және түсіну үшін, адамдарға және өзіне өзара әрекет субъектісі ретінде қатынасының мәдени құралы ретінде беріледі.

Мектеп оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру моделі, процесті модельдеуді, ойша эксперимент әдісін қолдануды керек етеді. Модельді құрастыру – демек арнайы аналогтарды жасау жолымен нақты бар жүйені материалды немесе ойша ұқсатуды іске асыру, бұл жағдайда аналогтарда осы жүйенің ұйымдастыру және жұмыс істеу принциптері көшіріледі. (В.П.Беспалько, Б.С.Гершунский, В.А.Штофф және т.б.)

Қарым-қатынастағы күрделі мәселелердің бірі қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасқан түрлерін анықтау болып табылады. Демек, біздің пікірімізше модельдін құрылымы мотивациялық, когнитивтік, эмоциональдық-еріктік және рефлексифтік болатын жүйелік теориясынан шығу керек.

         Көрсетілген компоненттердің әрқайсысына жеке және толығымен ауқымды әдебиеттер арналған, сондықтан біз олардың әрқайсысына жете тоқталмай  қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасқан критериялық базасы ретінде біз келесі компонеттерін таңдап алдық:

-мотивациялық;

-когнитивтік;

-эмоциональдық-еріктік;

-рефлексивтік.

         Мотивациялық компонент қарым-қатынас мәдениетінің қажеттілігі оның ерекшеліктері, қарым-қатынас мәдениетінің технологиясы, оның көрінісі туралы мәселелерін қамтиды.

         Қарым-қатынас мәдениеті құрылымында когнитивті компонент тіршілік әрекеті негізі ретіндегі қарым-қатынас туралы білімдер мен түсініктер жиынтығын, адамның оны меңгеруін, қарым-қатынастың құныдылығы мен нормаларын анықтайды.

         Эмоциональдық-еріктік компоненті қарым-қатынас мәдениеті құрылымында оқушыларға осы бағытта іс-әрекетті жетілдіру, қарым-қатынастағы әсерлер мен эмоциональды сезімді қалыптастыру және дамытуды қамтамасыз етеді.

         Рефлексивтік компоненті қарым-қатынас мәдениеті құрылымында өзін-өзі тануды,   рефлексивтік   қабілеттілікті  дамытуды, өзін-өзі реттеу, яғни тәсілдерін меңгеруді, қарым-қатынастағы өзін-өзі қалыптастыру мен өзін-өзі іс жүзінде көрсете білдіруді қамтамасыз етеді.

Осы тұрғыда оқушыларда қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасу деңгейін (жоғары, жеткілікті, орта және төмен) анықтадық.

         Мұнда балалардың қарым-қатынас мәдениетінің төменгі оқу-тәрбие үрдісінде қарым-қатынас мәденитетінің керектігін білу, бірақ   оны   меңгеру  технологиясының қажеттілігін сезіну ғана болып, басқа барлық қалған көрсеткіштер бұл деңгейде көрініс таба бермейді.

         Қарым-қатынас мәдениетінің орташа деңгейінде бұл салалық көрсеткіштердің   керектігін  біледі, түсінеді, бірақ меңгеру технологияларын  сезбейді, жағдайға байланысты қатынас түрлерін білмейді, әсерде болу, көңілден шығу орташа этикетті меңгеру мен оларды дамыту төмен дәрежеде болады.

         Жеткілікті көрініс элементтері барлық өлшем элементтерін қамтыған, бірақ жоғары дәрежеде емес жағдайында болады.

         Жоғары деңгейде оқушылардың қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына барлық өлшемдер бойынша ескерілгенін білдіреді.

Адам дүниеге шыр етіп келіп түскеннен бастап-ақ айналасындағылармен қатынас жасай бастайды. Өмірінің алғашқы кезеңінде биологиялық сипаттағы қарым-қатынас болса, одан әрі оның қарым-қатынас сипаты әлеуметтік сипатқа түсе бастайды.

Қарым-қатынас — жалпы адам өмір сүруінің негізгі жағдайы. Адам қалыпты өмір сүру үшін, өзінің психикалық қасиеттерін дамыту үшін, жеке тұлғалық ерекшеліктерін жетілдіру үшін, сондай-ақ білім меңгеріп тәжірибе жинақтау үшін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Қарым-қатынас арқасында ғана адам өзінің кім екенін танып, өзін өзгелерден ажырата алады, өзін басқалармен салыстыру арқылы басқа адамдағы қасиеттерді меңгереді. Қоғамнан тыс адам өмір сүре алмайды. Адам психикасының дамуындағы қарым-қатынастың ролі ерекше. Сондықтан адам өзгелермен қатынасқа түсу арқылы ғана қалыпты өмір сүре алады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Абеуова И.А., Дусманбетов Г.А., Махаманова М.Н., Шерьязданова Х.Т. Психологическая служба в вузе. Алматы, 2004.

2. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., 2001.

3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы, 1996.

4. Анциферова Л.Н. Психология формирования и развития личности. М., 1981.

5. Анастази А. Психологическое тестирование. В 2 т. М., 1982.

6. Асмолов А.Г.Личность как предмет психологического исследования.М., 1984.