Абильдаева Камиля Жексенгазиевна

Орталық-Азия Университетінің магистранты,

Алматы.

Психология ғылымындағы гендерлік проблемаларды зерттеудің пайда болуы мен дамуының алғы шарттары.

 

 Батыста гендерлік зерттеудің дамуы шамамен 70 ж. батыстағы либеральды бағыттағы феминистік әрекеттегі интенсивті дамуымен байланысты. Либеральды феминизм орташа реформаға жетуге болатын жыныстар теңдігін жариялайды. Заң шығаратын актілер және саяси шешімдер (либеральды көзқарас бойынша) гендерлік бейтараптылық аспектісін еске ала отырып жыныстардың  ұқсастық идеясын бейнелеу керек.

Әлеуметтік ғылымдағы қарастыратын кезеңнің доминанттылығында құрылымдық функционализм теориясындағы жыныстар арасындағы қатынас  мысалы, отбасындағы жыныстық рөлдің бөліну концепциясы арқылы анықталды (Т.Парсонс). Т.Парсонс жеке және ашық өмір сферасының өзара қатынасы жайындағы сұраққа ерекше мән берді. Осы дәл ашық сфера саяси әлемді, заң құқықтарын және міндеттерін, нарықтық инстиуттарды қоса «шынайы» билікті, беделді, құдыретті сфера болып мойындайды. Келесі әйелдер «билейтін» жекелік өмір сферасы қоғамдық сананың ұстанымынша аз мәнді және беделді емес, қосымша екіншілік болып табылады [1].

Гендер –  бұл практикада көрінетін ерлер мен әйелдердің өзара әрекетінің күнделікті әлемі, сонымен қатар одан бас тартуға мүмкін емес, әлеуметтік тәртіптің жүйелік мінездемесі, ол бірыңғай әрекет құрылымда қайта жаңғырып отырады. Егер гендердің әлеуметтік өндірісі зерттеудің пәні болса, әдетте гендер әлеуметтену институты арқылы еңбекті бөлу, мәдениет арқылы (гендерлік рөлдер және стереотиптер, массамедия), сонымен бірге гендерлік стратификация және теңсіздік арқылы құрылып қарастырылады. 60-70 жж әлеуметтік ғылымда құрылымдық функционализмге тырысатын жынысты рөлдік бағыттар кеңінен таралып алынды. Бұл бағыттың мағынасы былай қорытындыланады, яғни жыныстар рөлі әлеуметтену процесінде игеріледі. Жыныстар рөлін игеру мінез – құлықтың белгілі бір типін жобаламайды, сонымен бірге анық жекелік ерекшеліктерді және тіпті жалпы өмір бейнесін игеруді айтады. Осының бәрі сәйкесінше доминантты мәдени нормалармен, құндылықтармен, мінез – құлықтың маскулимді феминимді үлгілерімен, сонымен бірге субьектінің мүмкіндігі ұсынылған мәдени стандартты интериоризациялауға тұлға құрылып әлеуметтену институттарының әсер етуінің көмегімен жеткізіледі [2].  Әйелдер мен ерлердің психологиялық мінездемесі, олардың мінез – құлығының ерекшелігі көптеген зерттеулер қорытындысы мынаны көрсетеді, яғни ерлер мен әйелдердің өкілдерінің психологиялық ерекшеліктерінде соншалықты айырмашылық жоқ. Ерлерде көбіне кеңістіктік және математикалық қабілеттіліктер болса, ал әйелдерде вербалды қабілеттілік жақсы дамыған. Әлеуметтік мінез – құлықта ерлерде жоғары деңгейде агрессивтілік және доминанттылық белгілері болса, әйелдерде достық және қарым – қатынас басым болып келеді. Ал ерлер мен әйелдердің әлеуметтік рөлдеріне тоқталатын болсақ, онда әйелдерде көбіне отбасылық рөлдер болса, ал ер адамдарда кәсіптік болады. Отбасындағы әйелдер рөлі отбасы мүшелерін күтіп, қамқор жасауына көп байланысты, ал ерлердің статусы өзіндік идентификациясы орталық рөлге ие болады. Дегенмен соңғы зерттеулермен келісіп қарайтын болсақ, ерлер мен әйелдер арасындағы агрессивтілік, математикалық және вербалды қабілеттіліктер деңгейімен қоса жалпы қабылданған ерекшеліктерге үлкен сақтықпен қарау керек, себебі қазір ерлер мен әйелдердің орташа айырмашылығы көбіне айқындала бермейді.

         Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастары мен бәсекелестіктің өсуіне байланысты болып жатқан әр түрлі өзгерістер білім беру жүйесіне қойылатын талаптарды өзгертеді. Біздің мемлекетіміздің дамуының негізгі бағыттары «Қазақстан – 2030»,  «Қазақстан – 2050» стратегиясы мазмұнында жан-жақты сипатталған. Стратегия бағыттарының жүзеге асуы үшін білімді, дені сау, адами қасиеттері жоғары мамандар қажеттігі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Елбасы Н.А. Назарбаев осы бағыттарды жүзеге асыру барысында «Қазақстанның артықшылығы — халық сапасы, адам ресурстары... Біз өзіміздегі баға жетпес капиталды дамытып және сол дамуға жаңа да, өркениеттік жағдайлар туғызуымыз қажет», - деп баса атап көрсеткен болатын. [3,4]

        Қорытындылар негізінде төмендегідей ғылыми-әдістемелік нұсқаулар беруге болады:

1.  Гендерлік психологиядағы ерлер мен әйелдер арасындағы лидерлік қасиеттер  олардың ниеті, мүмкіншіліктері, құндылықгарын қалыптастыратын қызмет мазмұнын құруы керек.

2.  Қоғамдық қызмет орындарында кәсіби-әлеуметтік диагностика қызметтері ұйымдастырылуы қажет.

3.  Гендерлік психологиядағы ерлер мен әйелдер арасындағы лидерлік қасиеттер арқылы қызмет барысында табысты нәтижелерге жету үшін қызмет барысында білімділік үдерісі мен дүниетанымдық деңгейін күшейту қажет.

 

                    Пайдаланылған әдебиеттер:

1.                       Парсонс Т. Система современных обществ. М.: Аспект Пресс,1998.-272с.

2.                       Бендас.   Т.В. Гендерная психология. Учебное пособие. – СПб, Питер, 2004.-432с

3.     Назарбаев Н.А. Послание Президента Республики Казахстан народу Казахстана .Стратегия «Казахстан-2030» на Новом этапе развития Казахстана 30 важнейших направлений нашей внутренней и внешней политики. Астана,  2007

4.     Назарбаев Н.А. Послание Президента Республики Казахстан - Лидера нации народу Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050»: новый политический курс состоявшегося государства». Астана, 2012