А/ш
ғылымдарының магистрі Ә.Б.Мұстаяпова,
Т.Б.Мұстаяпов
Қызылорда көпсалалы гуманитарлық
–техникалық колледжі,Қазақстан
Ақпараттық
объектілер және жол көлік оқиғаларын сараптауға
жаңа технологияларды қолдану
Ақпараттық
объектілердің өздеріне тән ерекше қасиеттері бар,
арнайы белгілері арқылы басқа материалдық объектілерден
біршаме өзгешелеу болады. Бұл қасиеттерін есепке алу -
ақпараттық объектілерді дұрыс танып білуге өте
маңызды, сонымен бірге ақпаратты құқық
бұзушылық істерін анықтау барысында әрбір тактикалық
және сауатты қолданылған әдістердің
құндылығын анықтап отыруға зор әсері бар.
Әсіресе ақпараттық объектілерді зерттегенде, оларға
сараптама жасалған материалдарды дайындауда және әрі
қарай сараптама шешімдерін дәлелдеу барсында
мұқияттықты талап етеді.
Соттық
сараптамалық іс әрекеттің негізгі қасиеті объектідегі
алынған материалдар мен ақпаратты қалай болғанда да
дәл танып, таба білу. Бір сөзбен айтқанда, материалды да
ақпаратты да объектідегі іс бойынша нақты деректермен
дәлелденулері тиіс.
Егер материалдық
объектілер үшін маңызды нәрсе кеңістік, орналасу орны
болса, ақпаратты объектілер үшін уақыт философия мен физика
ғылымдарына тән ұғымдар. Олардың сапалық қасиеттері
де ерекше, сондықтан да материалдық пен ақпараттық
объектілер бір-бірінен едәуір алшақ.
Егер
іздестіру механизміне көңіл аударсақ, материалдық
объектілер бір-бірімен тығыз байланыста болуы керек, мысалы,
қылмыскер (автокөлігімен адамды қағып қашып
кетті, пышағымен жаралады т.б.) міндетті түрде
қарым-қатынаста болуы тиіс - яғни кеңістіктегі
екеуінің жақындасуы. Ол жақындасу нәтижесі: дене
жарақаты механикалық соғылу, не заттың орнынан
үшті-күйлі жоғалуы, басқа қалған іздер
және қылмыстық сипат белгілер – бұлардың
бәрі де жағдай болған сәттен-ақ байқалады.
Ал,
ақпараттық қылмыс жасаушыларға келсек кеңістікпен
қатынас назарға алынбайды. Ол уақытпен санаспайды және
де ара-қашықтық оған әсер етпейді. Сонымен бірге
қылмыстық іздерін қалдырмайды.
Сондықтан
ақпараттық заң бұзушылықты зерттеу кезінде
өте сақтықты, сауаттылық пен тәжірибелікті
қажет етеді, сараптама бойынша із ақпараттының көзі Х–
бұлар материалдық объект емес (мысалы қағазда), У –
материалдық ізі (мысалы принтерде) қалып қоюы мүмкін,
ал ақпаратты объект – Z – мысалы компьютердің жады (есте
сақтау құрылғысы), мұнда барлық
ақпарат көзі сақталады, әрине бұл У-арқылы
қорытылып сыртқа шығуы тиіс. Мысалы адаммен
салыстырсақ, адамда ақпаратты тек қана бас миы емес,
бүкіл орталық нерв жүйесі есте сақтауы мүмкін,
сол сияқты, компьютер комплексін жүргізу керек. Әрине,
ақпаратты объектілерді зерттеуде тактика мен әдістер ерекшелікті
қажет етеді. Материалдық объектілерді тергенде, мысалы:
ұрлықта анықталып іске тігілетін нәрселер: а)
заттың ұрланғаны туралы нақтылық; б) тінту
кезінде табылғандығы туралы нақтылық, т.б.
кеңістік тілімен айтқанда, иесінің қойған жерінде
тұрған заттың басқа жерге яғни басқа
кеңістікке ауысып кетуі. Оларды қылмыскер өзі, немесе
сыбайласы арқылы іске асыруы да мүмкін т.б.
Ал
ақпаратты объектілерді тергенде тіпті басқаша: ең алдымен
белгілі бір уақытта ақпараттың орналасу кезеңі, орыннан
анықтау, мысалы ақпарат комьютерде қалай орналасып
тұрды, оның құрылғылары бір-бірімен қалай
байланысып тұрады, белгілі команда (яғни пернеде теру белгілері) қандай,
лентаға жазылу белгілері қандай, байланыстың базалық
жүйесі қалай орналасқан, телефон аралық
қатынастың іске асырылу тәртібі т.б. болуы керек.
Диктофонға
жазу да көптеген іс әрекеттер қажет етеді. Ол «жазу»,
«шығару», «тексеру» деген тетіктерді басу арқылы орындалатын
әрекеттер адамдарды шаршатады, осының нәтижесінде басқа
тетіктерді басып қалу арқылы зиянын тигізуі мүмкін де.
Осындай
маңызды құжаттарды сақтау, қателіктерді жібермеу
мақсатында 2000 жылы тактикалық ұсыныстар енгізілген. Тергеу
және сараптамалық жұмыстарға арнаулы білімі бар маманды
қатыстыру, оған барлық жағдайды түсіндіріп не
істеу керектігі тек қана тергеушінің рұқсатымен
жасалуын қадағалау керек. Ең бастысы компьютерде жасалып
жатқан барлық процесс, оператор мен тергеуші іс-қимылы
видеокамераға түсіріліп отыру қажет.
Мұндай
мұқияттылық не үшін қажет:
1.
Ақпарат көзі жойылып кетуі әбден мүмкін. Бұл
іс жүзінде болды да, компьютердің қатты дискісіне
жазылған ақпарат келесі компьютер дискісіне салғанда ашылмай
істен шығып қалды, ал ол бүкіл терілген істі
жоққа шығарды. Мамандардың қатысуымен
күдіктенуші компьютерінен информациялық жүйенің есте
сақтау құрылғысы – «қатты» дискісі алынып,
зерттеуге берілген. Сарапшы дисктен тергеуге қатысты ақпаратты
табуы керек еді. Бірақ дискілер тасымалдау мен прокуратурада сақтау
кезінде соққылар алғандықтан, істен шыққан.
Сезімтал контроллер микросхемалары статикалық токпен
зақымданған, бірқатар элементтер механикалық
соққы алған. Осының салдарынан дискіден кандай да бір
ақпарат алу мүмкін болмады. Мұндай жағдайларды
болдырмау үшін информациялық құрылғылардың
ерекшеліктерін ескеру және олармен жұмыс жасағанда абай болу
керек.
2.
Ақпараттың оқылуы да мүмкін. Компьютердің
есте сақтау құрылғысында «артық»
ақпараттың сақталуы арнаулы бағдарламалар жұмысы
кезінде ғана емес, компьютерде операциялық жүйенің
қызметтік бағдарламасы әрекетінен туындауы мүмкін.
Қосымша ақпараттың пайда болуының ерекше жағдайы
– оның қосарлануы. Бұл екі тарапты ойсарадан өткізіп,
қорыта келгенде қайсысы шынайы екені беймәлім түрде
болады. Бұл жағдай әдейі істелген іс болып тіркелуі де
мүмкін.
Ал материалды
объектілер өзінен-өзі көбеймейді. Зат бір жерден бір жерге
нақты қозғалады. Ол көптарапты объектілерде берілген
ақпарат көзі, оны беруші де, алушы да сақталады. Міне осы екі
жақты сақталған ақпарат көзі арқылы
жарияланған материалдың бүлінгенін, не ұрланғанын
білуге болады.
Қазіргі
кезде негізгі тіркеу ісінде қаралған мәселе
ақпаратты объектілермен
жұмыс істеу де өте сауатты ғылыми техникалық
дәрежеде сарапталған бір орталыққа
жинақталған әдістемелер қажет. Сондықтан да
осының бүкіл қазақстандық ведомоствовалық ақпараттық
объектілерді сот сараптамасының зерттеудің ортақ
бағдарламасын жасау қажет. Бұл бағдарлама талқыланып барлық құқық
қорғау және
сот-сараптамалық
мекемелерінің орталықтарылған келісімі арқылы
біріктірілуі тиіс. Осы бағдарламаның саяси маңыздылығын
арттыру мақсатында мемлекеттік жоғарғы органдарының ықпалы зор болуы
керек.
Құжаттарды
тексерумен байланысты күрделі сұрақтарды
дәстүрлік тексеру аясында шешуді дәстүрлі тексеру барысында құжаттарды зерттеумен
байланысты туындайтын қосымша
сұрақтар да болады. Яғни, мамандық бойынша тура сұхбаттасуы мен
әр-түрлі мамандық сараптамасын тандап білуді талап етеді.
Жаңа
заманғы техникалық базаны кеңінен қолдану мен оларды
басқара алу және компьютерлік техниканы пайдалану арқасында
заңсыз, жалған таспаларда жазу мүмкіншілігі туып отыр.
Алдын-ала
дайындық кезінде кескіндерді көшіру мен басып шығару жиі
қайталанбайды. Кейбір жағдайларда таспаның бейнесі
иммитациялық әсер ету ізімен файлдан басып шығарылуы тиіс.
Алынған бейнелердің ішкі ұқсастықтарын кішірейту
түсі мен масштабының өзгеріп кетуіне әкеп соқтыратын жағдайлар
да болады. Дәстүрлік нәрселер техникалық көшіру
нәтежесінде жасалған таспалар емес пе екен деген сұрақ туындайды. Оны
шешудің күрделігі оның қаншалықты дәрежеде
жоғары екендігі және таспаны дағдылы қолдануда.
Сарапшылар алдына туындайтын
мәселелердің күрделігі зерттеліп жатқан объектінің
табиғи анықталуы. Мүмкін біздің қарастыратынымыз
жаңа заманғы технологиямен дайындалған қолжазба болар,
немесе жасампаз техника мен компьютерлік технологияны пайдалану мен
жасалған бейнеленуі бар таңба болуы да әбден мүмкін.
Зерттеуге
берілген объектіге сипаттама беру үшін әр-түрлі
техникалық аппаратуралар арқылы соттың техникалық
құжаттарды сараптау аясында зерттеумен байқау
жүргізілуі тиіс. Бұл сұрақтардың шешілуі
үшін басқа білім ордаларынан мамандарды жұмылдыру
қажеттілігі туындауы ықтимал.
Сараптамалық
талдау тәжірибесі көрсеткендей, қазіргі уақытта зерттеу
объектісі көбнесе компьютерлік техникамен дайындалған текстер болып
табылады. Сарапшылардың рұқсатымен ережеге сай баспа
құралының естіру текст мазмұны мен
құжаттардың парақтарын және жасалу уақытын
өзгерту бойынша
сұрақтар туындауы мүмкін.
Қойылған
сұрақтарды оңай шешу үшін компьютрлік-техникалық,
соттық-почерктік, соттық-техникалық құжаттар
сарапшы мамандардың бірігуі тиіс.
Автотехникалық
сараптау барысында компьютерлік моделдеуді қолдану. Автотехникалық
сараптаудың жұмыс көлемі әр күн сайын
қарқынды өсуіне байланысты сарапшы-автотехниктердің
еңбек өнімін көбейту қажеттілігіне байланысты
автотехникалық сараптауды қазіргі заманғы программалық
жабдықтау көмегімен жасалуда. Осы мақсатта бірнеше
бағдарлама жасалып шығарылуда. Бұл бағдарламадағы
графикалық редактор еңгізілген, яғни жол-көлік
оқиғасы (ЖКО) болған жағдайда, оның масштабты
схемасын тұрғызуға, оқиға салдарын модельдеуге
мүмкіндік болады.
«AUTO-GRAF
1.1» графикалық редокторы тек қабылдаған стандарт бойынша
графикалық обьекті көмегімен бағдарлама өнімін
жасауға ғана арналмаған, сонымен қатар сарапшылық
тәжірибенің де талабына сай қызмет атқара алады.
Осы
бағдарлама көмегімен схема
тұрғызудың күрделілігін байтып, олардың тура,
дәл орындалуын жоғарылатады. Көлік
құралының қозғалысы күрделі процесс боып
табылады, яғни көлік құралының қиыстырмалық ерекшеліктеріне
(қозғалтқыш параметрлері, трансмиссия), жол
жамылғысының түріне, қоршаған ортаға байланысты сипатталады.
Бағдарлама
170 –тен аса көлік құралдарының базасын
ыңғайластыра алады.
Бағдарламада белгілер мен таңбалардың барлық базасы
қаралған, соның ішінде бірінғай тұрақты
орналасқан элементтер де бар (бағдаршамдар, үйлер,
ағаштар т.б.). Сонымен қатар, бағдарламаға ең
тиімді құрал енгізілген, яғни қиылыс шаблондары
сияқты.
Осының
көмегімен сарапшы аз уақыт ішінде
жүру бөлігінің енін, қиылыс кескінін жасап
шығара алады. Бағдарламаны меңгеру мен қолдану
қарапайым және сарапшылық зерттеулердің
анықтылығымен, дұрыс орындалуы жоғарылайды.
1999 жылы
жазда Австриялық доктор Стефан Датентечниктің көмегімен екі
бағдарлама дайындалған болатын. Көлік құралын
динамикалық модельдеу және соқтығысу
бағдарламасы. Біріншісі «PC CRASH» және екіншісі бейненің екі
түрлі көлемін көрсететін
«PC PECT» бағдарламмасы.
ЖКО-ны
сараптау салдарларын «PC CRASH» бағдарламмасының
қарастыратыны:
-көлік
құралы қозғалысының динамикалық модельін;
-көлік
құралы соқтығысуының динамикалық модельін. Бұл жағдайда көлік
құралының техникалық ерекшелігі, оның
жүктелуі, жол жағдайы және жол төсемінің жамылғысы мен ауа райы ескеріледі;
-ЖКО-ның
динамикалық бейнесі, аксонометриялық проекциясы мен жанынан
қараған көріністері қарастырылады.
Бағдарлама
тек қозғалу механизмін
модельдеп қана қоймайды, сонымен қатар көлік
құралының жермен жанасуы, техникалық жағдайын,
жүктелуін, қиыстырмалық ерекшелігін де модельдей алады.
Модельдеу жол
учаскесінің түрлі жағдайында қарастырыла алады: жол жамылғысымен жанасуы, түрлі
еңістіктердің болуы, желдің кедергісі ескеріледі.
Бағдарламаның
маңызды жері-ол көлік құралының
соқтығысу алдындағы жылдамдығын, соқтығысу
нүктесін, соқтығысқаннан кейінгі тоқтаған жерін
анықтай алады.
Көлік құралын модельдеу
кезінде келесі параметрлері есептелінеді: қозғалтқыштың
жұмыс жасау режимі, трансмиссия параметрлері, әрбір шинаның моделі, көлік
құралына түскен ауырлық күш, тежеу
жүйесінің жұмыс істеуі, басқарылудағы
бұрылу механизміндегі жұмысы, бағыттаушы бұрылу
дөңгелегінің қисаю бұрышы және тағы
сол сияқтылар есепке алынады.
Уақытты
үнемдеу мақсатында ЖКО-ны сараптау кезінде екі бағдарламаны біріктіре
қолдануға да болады. Алдымен «AUTO-GRAF 1.1» графикалық
редокторын пайдаланып оқиға болған жердің
масштабтық сызбасын (схемасын) тұрғызып, одан кейін «PC
CRASH» бағдарламасының
көмегімен соқтығысудың
динамикалық моделін іске асыруға болады.
ЖКО туралы
мәліметтердің аз болуы оқиғаны сараптауға кері
әсерін тигізетіндігі белгілі. Соңғы жылдары осы «AUTO-GRAF 1.1» және «PC CRASH» бағдарламасын қолдану
арқылы 500-ден аса сараптамалық зерттеулер жүргізілген.
Бұл
бағдарлама бізге оқиғаны анық, дәл көруге,
туындаған сұрақтарды оңай шешуге, сараптауға
кететін уақытты үнемдеуге, оқиғаны
қортындылауға көп көмегін тигізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Иларионов В. А., Пчелин И. К. К. Экспертиза столкновения
транспортного средства с попутным припятствием//Криминалистика и вопросы борьбы
с преступностью. Ташкент, 1985. С. 73-81.
2.
Кисляков Ю. Д. Мороз Я. Н.
Анализ и инженерное исследование дорожно-транспортных происшествии. //
Рекомендации инженерам по безопасности дорожного движения. -Алма-Ата, 1981.-63 с.
3. Определение и применение в экспертной практике параметров тормжения
автотранспортных средств. Методические рекомендации. -М.:ВНИИСЭ, 1983-31 с.
4.
Байэтт Р., Уотс Р.
Расследование дорожно-транспортных происшествий.-М.: Транспорт, 1978-288 с.