Бахтияр Б. Т., Бергенжанова Г. Р., Самыратов С.Т.

Алматы, Қазақстан Республикасы

 

ЖЫЛУ ЭНЕРГЕТИКА САЛАСЫНЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ ЖҮЙЕЛЕРІНДЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ АУДИТ ӨТКІЗУДІҢ НҰСҚАУЛАРЫ

 

Мәтінді сөздер: энергетикалық  ресурстар, энергияны үнемдеу, пеш, қазандық қондырғылар, бу жүйесі, су жүйесі.

Энергетикалық  ресурстардың шаруашылықта жоғары және тиімді қолдануы энергияны үнемдеуге негізделген. Бұл мәселені шешу жолына: жаңа технологиялар мен жабдықтарды енгізу, бөлінетін отын шығындарын төмендетуді қамтамасыз ету, жылулық және электрлік энергияны жетілдіру және заманауй жабдықтарды қолдану, барлық екіншілік энергетикалық ресурстарды кеңінен қолдану, қымбат отын түрлерін арзан отын түрлеріне ауыстыру (жергілікті отын түріне өтуімен бірге) және т.б. жатады.

Бірақ энергия үнемдеудің мәселесі тек қана техникалық құралдармен шешімін табады деп қабылдау дұрыс емес. Сонымен қатар, кәсіпорында энергия тұтынудың қатаң түрде басқарылуына жол табу. Алға қойылған мақсаттың орындалуы үшін, өнімнің шығарылымы бойынша кәсіпорынға энергоресурстардың қажеттігін қатаң бақылау және энергияның үлесті шығынының көзқарасы бойынша технологияның сол не өзге дұрыстығын негіздеу қажет. Осыған ұқсас басқарылатын есептер энергетикалық менеджментпен шешілуі тиіс.

Энергетикалық менеджменттің негізгі құралы – энергетикалық аудит. Энергетикалық аудит – бұл энергия көздері туралы мәліметтер жиыны мақсатында және оның шығарылатын өнімінің бірлігінің меншікті қолданылуымен кәсіпорынның тексерілуі.

Энергетикалық аудиттің нысандары. Төменде энергетикалық аудиттің аса маңызды жүйелерінің нұсқауларымен тексеру жүргізуге арналған жабдықтардың объектілерінің мысалдары келтірілген.

Ø            Бу жүйелері. Температура және бу қысымы, бу шығыны, конденсат қайтымы, жылуоқшаулау күйі, шықшығарғыш күйі анықталады. Энергияны үнемдеуде мүмкін болатын ұсыныстар – бу шығындарының ескерілуі, бу құбырларының жылулық оқшаулағыштары, шықшығарғыштардың орнатылуы және шықтың қайтымы, шықтың жылуын пайдаға асыру.

Ø            Сығылған ауа жүйесі. Бақылау нысандары болып сығымдағыш  жүйелері, ауаның таралу жүйелері және қысымды реттеу, тұтынушыдағы қысым, ауада шықтың қатысуымен шығындардың болуы, салқындатқыш жүйелері болып табылады. Энергияны үнемдеу шаралары: ауа шығындарының ескерілуі, қысымды реттеу жүйелерінің орнатылуы, шықтың бөлінуі, сатылыаралық салқындатылуы, салқындатушы судың шығынының шектелуі, шықтың үнемді түрлерін қолданылуы.

Ø            Сумен қамдау. Сорғылы қондырғылар, сорғылардың электрлік жетегі, сорғылардың жұмыс істеу    жүйелері, өндірілмеген су шығындарына тексерілу жүргізіледі. Шығындарды төмендету үшін: су ағынын жетілдіруді, құбырлы жүйелердің су тасығыштарында энергия шығынын төмендетуді, сорғылардың электрлік жетектерін жаңартуды қамтамасыз ету керек.

Ø            Қазандық қондырғылар. Тексерілу барысында режимдік көрсеткіштері өлшенеді (қысым, әртүрлі жолдағы түтін газдарының құрамы, судың температурасы және ауа температурасы, бу көрсеткіштері, қазандық қондығылардың барлық жолдарындағы сыртқы беттік температура). Қондырғының ПӘК сараптама: жылулық оқшаулау жүйесі арқылы, жылу шығынының сәулеленуі арқылы, түтін газдары және су арқылы жүргізіледі. Жалпы жылулық баланс жылудың атмосфераға шығарылу деңгейімен сорма ауа жолы арқылы бағаланады. Энергияның сақталуына қондырғының сыртқы беттік жылулық оқшаулануы, автоматты реттегіш қондырғылары, қалақшалар мен жолдардың нығыздалуы, түтін газдарының пайдаға асырылатын жылуы мен суды үрлеу, қысымдағыш құрылғыларын жаңарту әсерін тигізеді.

Ø            Пештер. Пештің режимдік көрсеткіштерінің өлшенуі жүргізіледі, түтін газдарының ошақтағы және пеш жолдарындағы қысымы мен температура құрамы анықталады, сыртқы беттік температура, салқындатылатын судың температурасы мен шығыны, электр жетектің қысымдағыш қондырғыларының сипаттамасы анықталады.Электрлік пештің анықтамасына олардың электрлік құрылғылары жатады (жүктеме, қуат). Алдыңғы бөлімдегідей энергияның сақталуына пештің сыртқы беттік жылуоқшаулауы, автоматты реттегіш қондырғылары, қалақшалар мен жапқыштардың нығыздалуы, түтін газдарының және судың жылуының пайдаға асырылуы, пайдаға асырылатын жылудың негізінде шихтаның алдын ала қыздырылуы, регенераторлық қондырғылар, қысымдағыш құрылғыларының жаңартылуы және т.б. әсерін тигізеді.

Ø            Жылытқыштар мен жылуалмастырғыштар. Жылутасығыштардың кіріс және шығыс температуралары өлшенеді және олардың шығындары мен қысым құламасы, құралдың сыртқы беттік температурасы, жылу шығындары бағаланады, ПӘК анықталады, жылуоқшаулағыштың сараптамасы жүргізіледі. Энергия шығынының азаюы құбыр жолдарының оқшаулануымен және сыртқы беттермен, жылуалмасу беттерінің тазартылуымен қамтамасыз етіледі.

Ø            Ауаны баптау жүйесі, жылыту және желдету. Сорғылар мен үрлегіштердің электрлік жетегінің сипаттамалары, жылуалмастырғыштардың реттеу жүйелері зерттеледі, жылутасығыштың температурасы мен шығыны және де ішкі бөлме және сыртқы ауаның температурасы мен ылғалдылығы өлшенеді. Энергияның үнемделуіне құбыр өлшегіштердің жылу оқшаулануы, кемшіліктерді жою, үрлегіштік жылудың қалптандырылуы, термосифондар мен жылулық сорғылардың қолдануы, орталық және жекелік реттеуіштер орнату әсерін тигізеді.

Ø            Жарықтандыру. Жұмыс орны мен бөлменің жарықталыну деңгейіне, жарықтандыру құрылғылары мен терезелердің жағдайына сәйкестік орнатылады. Жарықтандыру кезінде энергияның үнемделуі лампалардың әлдеқайда үнемді лампалармен ауыстырғанда, табиғи және жергілікті жарықтандыруды қолданғанда, автоматты реттеу жүйесін енгізгенде (таймерлер мен қатысу детекторларын, жарықтандыру желілерін бөліктеу) жүзеге асады.

Ø            Электрлік жабдықтар. Күндік және апталық кернеудің, токтардың, активті және реактивті қуаттың тәртіптері өлшенеді, жабдықтың шыңдық жүктемесі, бос жүріс уақыты сарапталады.

Ø            Ғимарат. Қабырғаны оқшаулау сапасы, есіктің және терезенің ауа өтетін жерлерінің нығыздалуы, сумен қамдау жүйелері, жылыту, желдету және ауаны баптау, жарықтандыру тексеріледі. Энергия үнемдеудің ұсынылатын өлшемдері – қабырғаны қосымша оқшаулау және нығыздау, вакуумдық шыныландыру, құрылғылардың реттелетін қондырғылары, сумен қамдау және жылу жүйелерінің жаңартылуы.

Отын энергетикалық ресуртарды қолданудың тиімділігінің жоғарылауы бойынша өндірілетін ұсыныстар барысында келесі шарттарды есепке алу қажет. Энергия үнемдеуші шаралардың өтілуі қосымша шығындармен байланысты. Сондықтан энергия үнемдеуші шараның экономикалық тиімділігі келесі формуламен анықталады:

                           Ээ =                                                        (1)

 

Ээ – энергия үнемдеу шараларын өткізіп болған соң, энергияны үнемдеу нәтижесіне жететін шығындардың төмендеуі.

Эз – энергия үнемдеуші шаралардың өткізілуімен байланысты, қосымша шығындар. Мысалы, Эз-ға энергияға орнататын аспаптар шығыны, бұл приборлар үшін пайдалынатын шығындар және т.б. жатады.

Ээ>0 жағдайында энергия үнемдеу шарасы экономикалық мақсатпен айқындалған.

Қорытынды. Елімізде электр және жылулық энергияның көзі болып табылатын дәстүрлі отында жұмыс істейтін жылу электр станциялары, сонымен қатар әртүрлі қуатты электрлік пештер мен отынмен жұмыс істейтін пештерді қолданатын зауыттарда энергетикалық аудит өткізудің маңыздылығы жоғары. Өйткені кеңес одағынан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорындарға қазіргі заманға сай энергияны үнемдеуші қондырғыларды ұсынып, өнім бірлігін арттырудың және экономикалық жетістіктерге жетудің мүмкіндіктері үлкен. Мақалада жылу энергетика саласындағы энергетикалық аса маңызды жүйелерде энергетикалық аудит өткізу үшін нұсқаулар  келтірілген.

 

Әдебиеттер

1. Табунщиков Ю.А., Хромец Д.Ю. Тепловая защита ограждающих конструкций зданий и сооружений. М.: Стройиздат, 1986.

2. Шенк X. Теория инженерного эксперимента. М.: Мир, 1972. 381 с.

3. Эккерт Э.Р., Дрейк Р.М. Теория тепло- и массообмена. М.–Л.: Госэнергоиздат, 1961. 680 с.