КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ  ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ

                                                   э.ғ.к.Райымбекова.Айман Туребековна

 Болашақ Қызылорда университеті,

Қызылорда қаласы,

Қазақстан Республикасы

 

Кәсіпорында қаржылық жоспарлау негізгі көрсеткіштерін болжамдау сапасына, нарықтық конъюнктураға, ақша айналымының жағдайы және теңге курсына байланысты. Сондықтан қалыптасқан жағдайда қаржылық ресурстарға деген қажеттілікке төмендетілген баға мүмкін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын өзгертуге, осылармен байланысты қаржылық резервтерді қарастыру қажет .

Қаржылық жоспарлауды өңдеушілер агрегатты инвестициялық көрсеткіштермен жұмыс жасауға тырысады және әртүрлі бөлшектерге бой ұрмайды. Көптеген майда инвестициялық жобалар біріктіріліп және ол бір ірі жоба ретінде қаралады.

Қаржылық қызметті болжамдау жүйесі қарастырылып отырған қаржылық жоспарлаудың ішінде ең күрделісі болып табылады және өзінің іске асырылуы үшін орындаушының жоғары біліктілігін талап етеді. Кез-келген кәсіпорында қаржылық болжамдау жүйесі белгілі бір қаржылық  идеологияға сүйенеді.

Кесте 1

Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау жүйесі және олардың өткізу                          формаларының нәтижелері

Қаржылық жоспарлау жүйесі

Қаржылық жоспарлаудың нәтижелерін өткізу формалары

Жоспарлау кезеңі

1. Қаржылық қызметті болжамдау

Кәсіпорынның негізгі қаржылық қызметі бойынша жалпы қаржылық стратегиялық және қаржылық саясаттың өңделуі

3 жылға дейін

2. Қаржылық қызметті ағымдық жоспарлау

Қаржылық қызметтің жеке аспектілірі бойынша ағымдағы қаржылық жоспарлардың өңделуі

1 жыл

3. Қаржылық қызметтің оперативті жоспарлауы

Қаржылық қызметтің барлық негізгі мәселелері бойынша төлем күнтізбесі және басқа да оперативті жоспарлы тпасырмаларды өңдеу

Ай, тоқсан

 

Қаржылық саясатты қаржылық қызметтің жеке аспектілері бойынша өңдеу, неғұрлым жауапкершілікті қажет етеді. Қаржылық саясат кәсіпорынның қаржылық идеология мен қаржылық стратегиясының өткізу формасын сипаттайды. Қаржылық стратегиядан ерекшелігі, қаржылық саясат кәсіпорынның қаржылық қызметінің нақты бағыттары бойынша ғана қалыптасады, ол осы қызметтің басты стратегиялық мақсатына жету үшін неғұрлым тиімді басқаруды қамтамасыз етуді қажет етеді. Кәсіпорынның қаржылық қызметінің аспектілері бойынша  қаржылық саясаттың қалыптасуы көпдеңгейлі сипатқа ие болуы мүмкін. Өңделген қаржылық стратегияның тиімділігін бағалау. Ол кәсіпорынның қаржылық стратегияларын өңдеудің соңғы этапы болып табылады және келесі негізгі параметрлер бойынша жүргізіледі:

- кәсіпорынның қаржылық стратегиясының, оның жалпы даму стратегиясымен келісімділігі.

- кәсіпорынның қаржылық стратегиясының келісімділігі, ол қаржылық ортаның өзгертулерін ұсынады.

- Қаржылық стратегияның ішкі балансы.

- Қаржылық стратегияның іске асырылуы.

- Қаржылық стратегияны іске асырумен байланысты тәуекел деңгейі.

- Өңделген қаржылық стратегияның нәтижелігі.

- Қаржылық стратегияның және қаржылық саясаттың, қаржылық қызметтің негізгі аспектілері бойынша талдауы кәсіпорынның қаржылық дамуы бойынша тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Қаржылық қызметтің ағымдық жоспарлау жүйесі өңделген қаржылық стратегия және қаржылық саясаттың қаржылық қызметтің жеке аспектілері бойынша жасалады. Бұл жоспарлау ағымдағы қаржылық жоспардың нақты түрлерінің талдауында тұрады, ал ол кәсіпорынның қаржылық дамуының алдыңғы кезеңге арналған барлық көздерін анықтауға мүмкіндік береді, оның табыстары мен шығындары құрылымын қалыптастырады, кәсіпорының үнемі төлемқабілеттілігін қамтамасыз ету, жоспарланған кезеңнің соңына оның активтері мен капиталының құрылымын алдын ала анықтау. Қаржылық қызметтің ағымдағы жоспары алдыңғы жылға тоқсан бойынша құралады.

Кәсіпорында өңделетін ағымдық қаржылық жоспардың негізгі түрлері мыналар:

- операциялық қызмет бойынша табыстар мен шығындар жоспары;

- инвестициялық қызмет бойынша табыстар мен шығындар жоспары;

- ақша құралдарының түсуі мен шығындалу жоспары;

- баланстық жоспар.

Елдің қазіргі заманғы экономикалық тұрақсыздығы жғадайында ағымдық жоспарларды талдаудың бастапқы алғышарттары параметрлері әркелкі болғандықтан, кәсіпорынның ағымдық қаржылық жоспарын негізгі көрсеткіштері бойынша өңдеу 3 нұсқа бойынша жүргізіледі – «оптимистикалық», «реалистикалық», «пессемистикалық».

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау/Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2011 ж.

2.     7 Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә., Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы – Алматы: Экономика, 2003 ж, - 252 бет

3.     Волков И.М. Экономика предприятия.- М:Инфра-М, 1999г-416с.