Регистрационная форма
1.Т.А.Ә. Қалымбетова Салтанат Досымжанқызы,Сеитказиев К.Ж.
2. Ғылыми атағы :Магистр
экономики
3.Жұмыс орны: ТарГУ
им. М.Х.Дулати
4.Мекен жайы: г.Тараз ул.Жумабаева 15
5.Телефон: сот.87003153297
6.Е-mail : salta @ mail.ru
7. Баяндама
тақырыбы: Аймақ
экономикасына құрылымдық өзгерістер динамикасының әсері.
8. Секциясы: Еуразия кеңістігіндегі
экономикалық ықпалдасудың өзекті мәселері мен
перспективалары.
9. Автордың конференцияға келу
мүмкіндігі : жоқ
10. жоқ
ӘОЖ
33:311.313
Аймақ экономикасына құрылымдық
өзгерістер динамикасының әсері
Қалымбетова Салтанат Досымжанқызы, Сеитказиев К.Ж.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекттік университеті, Тараз қ. salta@.mail.ru
Мемлекеттің алдыңғы онжылдықта
құрылымдық саясатының негізгі мақсаты болып ішкі
және әлемдік нарықтарда отандық тауарлар мен
қызметтер өндірісінің бәсекеге
қабілеттігінің жоғарылатуға көмектесу және
құрылымдық әдістерді жоғары дәрежеде
қайта өңдейтін өнім өндіретін салалардың
және қызмет көрсету салаларының үлесін
жоғарлатуды қамтамасыз ету табылуы қажет.
Бұл
мақсатқа
қол жеткізудің тәжірибелік мүмкіндігі
құрылымдық өзгерістің үйлесімді
сценариін (ол төменде қарастырылатын орта ұзақ мерзімді
перспективаға потенцияларды мүмкін болатын сценерилер ішінен
таңдап алынуы қажет), сонымен бірге мемлекет
құрылымдық саясаты іске асыру кезінде пайданылатын
құралдары мен механизмдерін анықтаумен тығыз
байланысты.
Құрылымдық саясаттың маңызды
құраушыларының бірі болып салалық нарықтарды
реттеу табылады. Мұндай реттеу келесілерді болжайды:
·
бәсекелестік
ортаны құру, Қазақстанда экономикалық
қызметтің тең және
алдын-ала
болжамдаған
жағдайларын
құру, ол тек
барлық экономика аумағында ғана емес, жеке
салалық нарықтардың аумағында да болуы қажет;
·
импорты
алмастыру, экспорттық келісім-шарттар және басқа жанама
құралдардың тізбегін
қолдау арқылы микро
деңгейде экономикалық өсімді ынталандыру;
·
тиімді кәсіпорындарды құруды
қолдау (интеграциялық процестермен қатар,
кәсіпорындарды олардың мүліктік кешендерін «салмақ
салушы» элементтерден босатумен байланысты).
Кәсіпорындардың
инвестициялық
және айнымалы қаржылары жетіспеушілігі
және салалық нарықтар арасындағы бизнестің
табыстылығында біршама алшақтығы жағдайында
капиталдың
салааралық
құйылуы аса
қиындайды. Салалық нарықтардың жоғары
сегменттелуін жою міндеті оларға арнайы реттеу құралдарын жасауды
талап етеді. Мұндай құралдарға келесілер жатады:
• Үкіметпен және
ұзақ мерзімді мақсатты бағыттарды ұсыну негізінде
жасалатын салалық келісімдер. Мемлекеттік аппараттың тиімсіздігінен
бірқатар реттеуші және арбитражды, функцияларды, салалық
нарықта бәсекелестік тәртіпті сақтауды
қадағалауды қоса, осы нарықтың
қатысушыларының ассоциапияларына беруді қамтамасыз ету
қажет. Салалық нарықтардың мысалына қарай
(қатысушылар үшін көз жеткізуге) мұндай реттеу
транспарентті сипатталады;
• арнайы тауарлар мен
қызметтер категориясы үшін кедендік және салықтық
режимді «шебер түрде жөнге келтіру»;
• экспортты қолдауға
бағытталған мақсатты несиелік және лизингтік
институттарды құру және ішкі нарықтың жаңа
сегменттерін игеру (егер мемлекеттің қатысуымен институттар
болған жағдайда несиелеу ісінің, олардың конкурстық
немесе аукциондық сипатын, ашықтығын қамтамасыз ету
қажет);
• мүліктік кешендерді
мемлекеттік меншік ретінде қатысудың әр түрлі формасын
қолдана отырып, оның ішінде мемлекеттің «моменттік»
қатысуымен оның үлесін кезекті жекешелендіруді қайта
жасау;
• кадрлық және
ақпараттық дамудың салалық бағдарламалары, сапа
орталықтарын құру, салалық нарықтардың
логистикалық және арнайы көліктік инфрақұрылымын
қалыптастыру (сәйкес инвестицияларды бірігіп қаржыландыру
немесе жеңілдік несиелер негізінде).
Арнайы реттеу құралдарын
қолданудың міндетті шарты болып берілген салалық
нарыққа қатысушылардың барлығы үшін
олардың бірлігі (жеке «перспектрвалық» кәсіпорындар
және резиденттерді қоспағанда), ашықтығы
(іс-шараларды енгізбес бұрын көпшілік алдында талқыланады
және нарықтың барлық қатысушылары үшін
толық транспарентті болып табылады), алдын-ала айтылу (барлық
өзгерістер оларды жариялағаннан кейін үш ай өткеннен
кейін енгізіледі) режимін сақтау табылады.
Нақты салалық нарықтың
қатысушыларының санын жасанды түрде
қысқартуға немесе оның монополиялық
дәрежесін көтеруге бағытталған шаралар толығымен
жойылуы қажет. Сонымен бірге бірқатар салалар үшін
нарық көлемі (шикізаттық кешен, ауыр машина жасау, авиация)
ұлттық шекарадан шығып кететінін ескеру қажет.
Бұл жағдайда мемлекет тиімді кәсіпорындарды оларды
ұлттық масштабта ірілендіруді қалыптастыруды ынталандыруы
және Ресейдің қатысуымен ұлтаралық корпорациялар
құруы кажет. [1]
Жалпы қазіргі жағдайда
құрылымдық саясат келесі базалық
қағидаларды қолдану ңегізінде жүргізілуі
қажет:
•
Бәсекелестік нарық экономикалық дамудың негізгі
реттеуіші ретінде. Әлемдік тәжірибе және Ресейдің
өзінің тарихи тәжірибиесі тұрақты экономикалық
өсуді қамтамасыз ететін ең жоғарғы
экономикалық тиімділік және ұлттың жақсы
тұрмыс тіршілігін қолдау. Нарықтық бәсекелестік
жеке қызығушылықтардың қоғамдық
қызығушылықпен бірге іске асырылуды қамтамасыз ететін,
жеке ынтаның бостандық жағдайында қол
жеткізілетінің көрсетеді. Сондықтан
құрылымдық саясаттың негізгі
қағидаларының бірі болып бәсекелестік ортаны
барлық шаруашылық субъектілері үшін тең
жағдайларды құру арқылы қалыптастыру табылады.
•
Мемлекеттің экономикаға араласуын азайту және
оңтайландыру. Мемлекет мемлекеттік араласуды азайту және
экономикада мемлекеттік қатысуға байланысты мақсатты саясатты
жүргізеді. Сонымен бірге, 1990 жылдың тәжірибесі
көрсетіп отырғандай, бірқатар салалар мен секторларда
(ең алдымен ірі өңдеу өнеркәсібінде) мемлекет
түріндегі тиімсіз жеке меншік иесі басқа меншік иесінің
болмағандығынан жақсы. Стратегиялық басымдықтардың
өзгермеуінде мемлекеттің орта мерзімдегі міндеттері, бұл
жерде тиімді жеке меншіктің пайда болуына алғышарттарды
қалыптастыру көзделеді - шашыраған акция пакеттерін
біріктіріп нығайтуға, кәсіпорындарды артық
міндеттемелерден босату және бәсекелестік үшін жағдай
құру жолымен.
•
Экономиканың ашықтығы. Бүгінде
ұлттық экономика ғаламды әлемдік нарықтың
сыртында қалып тиімді бола алмайды. Сондықтан құрылымдық
саясат ұлттық кономиканың жеке нарықтар, салалар немесе
секторларды әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне
қосуды қамтамасыз етуі қажет. Сәйкесінше,
протекционизмнің кез-келген шаралары тиым салу емес, уақытша
және экономикалық сипат алуы қажет.
•
Микродеңгейде экономикалық қызметтің
либерализациясы. Бүгінгі күнге Ресейлік экономиканың негізгі
мәселесі микродеңгейде бизнестің дамуы үшін
көптеген шектеулер мен кедергілердің болуы. Оларды жою жеке
кәсіпкерлік ынтаны толық түрде іске асыруға көмек
беретін, құрылымдық саясаттың негізгі
құралдарының бірі болып табылады. Сонымен бірге
нарықтың барлық субъектілерінің қызметін
нақты либеризациялау және нақты кәсіпорындардың
қызмет етуіне мемлекеттің араласуын азайту, мемлекеттің
қазақстандық экономиканы дамытудың стратегиялық
бағыттарын қалыптастыру бойынша мақсатты және табанды
іс-әрекеттермен қоса жүруі қажет.
•
Кадрлық потенциялдың ұдайы өндірісі.
Қазіргі экономикада адами капиталдың мәні қаржы
активтерінен гөрі көп емес. Бірақ білім беру процестерінің
ұзақ мерзімділігіне қарай бос нарық бұл сферада
жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондықтан мемлекеттің
экономикаға ықпал етудің стратегиялық
құралдарының бірі болып адами капиталды дамыту үшін
бірдей жағдайды қамтамасыз ету табылады.
Мемлекет басшысының тапсыруы бойынша ҚР
Үкіметі 2015 жылға дейін индустриалды-инновациялық даму
бағдарламасы жасалды. Үкімет басшысының бағасы бойынша,
бағдарламаның негізгі өзгешелігі оның негізіне жеке
секторларға мемлекеттің "үстемдігінсіз серіктестік"
қағидасы салынған. Ең ақырында, оның
қазіргі шикізаттық бағытын отандық
кәсіпорындармен жоғары қосылған құнды
өнім шығару диверсификациясына қол жеткізу.
Бағдарламаның мақсаты мемлекеттің
жоғары қосылған құнды өнімнің
өндірісі және экспорты есебінен ұзақ
уақыттағы тұрақты экономикалық дамуға
белсенді көмектесу, бәсекеге қабілетті
диверсификацияланған өнеркәсіпті құруға
және ұзақ мерзімді жоспарда сервисті-технологиялық
экономикаға өту үшін жағдайды дайындау.
2015 жылға дейін Қазақстанның
индустриалды-инновациялық даму стратегиясы ғылым және
инновациялық сферасында белсенді мемлекеттік саясатты жүргізу
есебінен экономиканың жоғары технологиялық
құрылымын құруға бағытталған. [4]
Бүгін Қазақстанда
инновациялық жарылыс стратегиясы өріс алуда. Оның
бастапқы Қезеңі технологиялық қалып
қалудың алдын алу мәселелерін шешумен, негізгі салаларды
модернизациялаумен байланысты болды. Бұл экономиканың маңызды
секторларының қайтарымын жоғарылататын жоғары
технологияларды жасау мен енгізуді қарастырады. Бұл
тұрғыда минералды, көмірсу және ауыл шаруашылық
шикізатты өңдеу тереңдігін кеңейту,
металлургиядағы
соңғы өнімді
өндіруді, екінші ретті шикізатты пайдалануды меңгеру талап
етіледі. Ақырында конверсиялау, шағын бизнес, біріккен
кәсіпкерлікті дамыту жолымен приборларды, автоматизациялау, радиотехника
құралдарын шығару бойынша бар қуаттардың
негізінде ғылыми сиымды және жоғары технологиялық
сиымды өндірістердің ядросын қалауға болады.
Шағын бизнестегі инновациялық және ғылыми сиымды
өндірістерді дамыту үшін жағымды жағдайлар лизинг
және кеңінен таралған франчайзингтік
қарым-қатынастар бойынша құрал-жабдық және
технологияны алу есебінен құруға болады.
Барлық әлемде тұрақты
экономикалық өсудің негізгі факторы болып
өнеркәсіптегі тиімді қызмет табылады, ол өз кезегінде
экономиканың басқа салаларының дамуына, маңызы бар
әлеуметтік сфераға да әсер етеді.
Елдің индустриалды-инновациялық даму
стратегиясында ерекше ролді машина жасау саласына береді. 2003 жылы
Қарағандыда «Машина жасау және Орталық
Қазақстандағы металл өңдеу» ассоциациясы
құрылған. Бұл ұйымның мүшелері
2003-2015 жылдары ҚР машина құру кешенін дамыту стратегиясын
жасады және Үкіметке ұсынған. Әлемдік
нарықта құн энергетикасының дамуымен кремнийге
сұраныс өсуде. Қазақстанда кварцтың ірі
табиғи қорлары бар, одан кремний шығарады, сондықтаң
елде бар кәсіпорындар негізінде бәсекеге қабілетті кремний
өнеркәсібін құрудың кең перспективалары
бар.
Ескере кететін бір жай, кремний
өнеркәсібінің дамуы бірқатар ілеспелі салалардың
дамуын итермелейді - тау-кен, мұнай-химия, машина жасау, көмір қазу, электроника және
басқа. Бұдан басқа
әлеуметтік
мәселелер де шешіледі.
Өнеркәсіп өндірісінің өсуі
бірқатар себептерге байланысты. Біріншіден, әлемдік нарықта
Қазақстанның негізгі экспорттық тауарына -
мұнайға жоғары баға сақталған, ол
валюталық түсімдердің келуін қамтамасыз етеді.
Екіншіден, импортты азайту нәтижесінде импортгы алмастыру тиімділігі
жұмыс істеді және отандық өндіріс үшін ішкі
нарық тауашалары босатылды, бұл тұтынушылық сектор
салаларында өнімді шығарудың өсіміне әкелді. Үшіншіден,
банктердің мемлекеттік бағалы қағаздарға
қаржы салу ынтасы әлсіреп, олардың инвестициялары
экономиқаның нақты секторына тартылды, ол
өндірістің өсуіне ықпал етті.
Соңғы жылдары тау-кен өнеркәсібі
өңдеу секторынан екі есеге озды. Егер белгілі бір шаралар
қолданбаса, өңдеу өнеркәсібінің үлесі
қысқарады. Осыған байланысты стратегияда кешенді шаралар
қарастырылған. Мысалы, Үкімет 2015 жылға дейін
өңдеу өнеркәсібінің өсу
қарқынын жылына 8,4% жеткізуді көздеп отыр.
Қазіргі уақытта инвесторлар
өздерінің капиталын мұнай өңдеу сферасына салып
жатыр және осы капиталдарды сәйкес өндірістерді дамытуға
бағыттау қажет. Стратегияны жеткілікті түрде іске асырса,
экономиканың құрылымында өзгерістер болады.
Нәтижесінде экспорт елеулі түрде диверсификацияланады және
Қазақстанның әлемдік нарыққа дайын
өніммен шығуы кеңейеді, отандық және
әлемдік экономиканың интеграциясы тек шикізат тауарларымен
ғана емес, дайын өнім мен инновациялық қызметтер
арқылы тереңдейді.
Бәсекеге қабілетті онім кұру
үшін, мұнай-газ өнеркәсібінде үлкен
мүмкіндіктер бар. Қазіргі уақытта
қазақстандық жер қойнауынан алынып жатқан шикізат
ешқандай өңдеусіз шет елге шығарылып жатыр, себебі
отандық мұнайды қайта өңдейтін зауыттар ескі
технология бойынша жұмыс істейді.
Үкіметтік бағдарламаға сәйкес
Атыраулық мұнай өңдеу зауытын қайта
жарақтандыру және Павлодарлық мұнай-химиялық
зауытта жағатын май өндірісі бойынша кешенді
құрылғыларды салу көзделген. Шымкенттік
мұнайоргсинтез зауытында бар өндірістік қуаттарды шикізатпен
қамтамасыз ету және мұнай өнімдерін өндіруді
көбейту үшін қосымша құрылғыларды
соғу қарастырылуда. Ақтау портындағы арнайы
экономикалық зонаның жағдайы мұнай-химия
өнімінің өндірісін дамытуға мүмкіндік береді.
Индустриалдық саясат сонымен бірге отын-энергетика
қуаттарын одан әрі тепе-тең дамытуды қарастырады.
Бұл мақсаттарда Қарашығанақ, Теңіз және
басқа мұнай-газ кен орындарын игеру көзделуде. Каспий
жағалауындағы қазақстандық сектордың кен
орындарын өнеркәсіптік іске қосуға кірісу жоспарланып
отыр.
Сонымен, мемлекеттің
құрылымдық
қайта
құру
саясатының негізгі
мақсаты келесі
онжылдыққа отандық
тауарлар
өндірісінің
және қызмет көрсетуді ішкі және
әлемдік нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін
жоғарылату және құрылымдық саясатты жоғары
қосылған құнды өнімді өндіретін салалар үлесін
көтеру жағын қамтамасыз етуге бағыттауы тиіс.
Бұл мақсатқа
жетудің тәжірибелік мүмкіндіктері
құрылымдық өзгерістердің сценариін
анықтаумен, сонымен бірге мемлекет құрылымдық саясатты
іске асыру жолында қолданатын тетіктермен тығыз байланысты.
Қазақстан экономикасы
ашықтықтың жоғарғы дәрежесіне қол
жеткізді, ол, біріншіден, халықаралық еңбек бөлінісінде
қатысу дәрежесімен, екіншіден, сыртқы экономикалық
қызметті либерализациялаумен анықталады. Бірақ
халықаралық интеграцияға қатысуы әлемдік
нарыққа әлсіз өндірістік кооперцияны, қызметтерді
саудалауды, қаржы ресурстарымен, жұмысшы күші, ғылым
және техника жетістіктерімен, ақпараттық технологиялармен
алмасуды қатыстырумен шикізаттық материалдарды жабдықтау
түрінде іске асырылады. [4]
Мемлекеттің
құрылымдық-инвестициялық саясатын қалыптастыру
негіздері. Ең алдымен аса маңызды екі мәселеге
ерекше көңіл бөлу керек:біріншіден,халық
шаруашылығының құрылымдық өзгерістеріне
нарықтық механизм әсер ете алмайды,сондықтан бұл
өзгерістерді мемлекет тарапынан реттеу
қажет;екіншіден,өзгерістерді инвестициялық процестермен
және шаруашылық жүргізуші субъектілердің
инвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста
қарастырмасақ өндірістің
әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында
құрылымдық реттеу мәселесін шешу мүмкін
емес.Сондай-ақ,болашақтағы ғылыми негізделген
құрылымдық өзгерістердің
қажеттілігі-әсіресе экономиканы басқарудың
жоғарғы деңгейінде инвестициялық шешімдер
қабылдауға қатысты мақсатты сипатта болады.
Экономикадағы құрылымдық
өндірістерді сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі мен
деңгейі көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын
жүзеге асыру мен болашақтағы кезеңдерге белгіленген
мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі нақтылы
макроэкономикалық шараларға байланысты.Басқаша
айтқанда,жалпы мемлекеттік экономикалық
саясат-макроэкономикалық,салық және аймақтық
деңгейлерде құрылымдық саясатты қалыптастыру
негізі болып табылады.
Макроэкономикалық тұрғыдан
алғанда құрылымдық саясатты қалыптастыру
негізіне өзара тиімді қатынастарды қамтамассыз ету
жөніндегі бірқатар мәселелер
жатады.Олар:қоғамдық өнім өндіру бөлімшелері
арасындағы,аралық және дайын
өнім,өнеркәсіптегі өндіріс
құралдарының өндірісі(«А»
өнімі),ұлттық табыстағы тұтыну қоры
мен қор жинау,өндірістік және өндірістік емес
күрделі қаржы жұмсау, құрылыс-монтаж
жұмыстары мен өндіріс жабдықтарына шығын жұмсау
аралығындағы қатынастар.Олардың негізінде
тиімділікке қол жеткізу
дегеніміз-қоғамның
табиғи-шикізат,материалдық-техникалық және
интеллектуалдық қорларын қолдана отырып,халықтың
материалдық және мәдени қажеттіліктерін,жақсы
тұрмыс жағдайын қамтамассыз ету.Мұнда аталған
мәселені шешуді тездетудің негізі әрдайым аз
шығын жұмсап көп нәтижеге қол жеткізуге
бағыттайтын шаруашылық жүргізудің нарықтық
модулі.
Макроэкономикалық
салада оңтайландыру ісі халық шаруашылығының
салалық құрамына да әсер етеді.Өйткені
мұнда өндірістерді жүзеге асырудың маңызды тетігі
макроэкономикалық жағдайға айтарлықтай әсер
ететін салалық басымдықтарды ғылыми негіздеу болып табылады.Республикамыздың
жағдайында салалық құрылымның тиімді
жағдайын анықтау-экономиканың шикізаттық бағытын
жою және өнеркәсіпті дамыту мәселелерімен тығыз
байланысты.
Болашақтағы
салалық өзгерістерді негіздеу де ескерілетін маңызды
фактор-жиынтық сұраныс құрылымы жайлы болжамды
мәліметтер. Олар ішкі қорлармен импортты алмастыратын өндірісті
ұйымдастыру есебінен тиісті жиынтық ұсыныс
құрылымын қажет етеді.Әлемдік тәжірибе,
басқа елдерден алынатын ресурстар экономикалық егемендікті
нығайтуға септігін тигізбейтіндігін дәлелдеп
отыр.Ал,егерде мәселе азық-түлік өнімдеріне деген
сұранысты өтеу жөнінде болса,онда импортқа
бағытталу елдің азық-түлік бойынша қауіпсіздігін
айтарлықтай нашарлатады.
Дағдарысты
жағдайдан шығу және экономиканы дамыту-ұлттық
табыстағы өндірістік қор жинау үлесін
арыттыруға байланысты.Ал бұл,өз кезегінде әсіресе
барынша жетілдірілген өндіріс құралдарын шығаратын
салаларда өндірістің өсу қарқынын арыттыруды
қажет.Мұнда да шетелдік технологиялық инвестицияларға
бағытталуға болады және бағытталу керек деген
жаңсақ пікірлер бар.Шетелдік технологиялық
инвестицияларға толықтай бағытталу,біріншіден,отандық
машина жасау және өндіріс процесін механизацияландыру мен
автоматтандыруды қамтамассыз ететін салалардың мүддесіне шек
келтіруі мүмкін,екіншіден,елде техникалық процестің негізгі
бағыттары бойынша күрделі және қолданбалы ғылыми
зерттеулер жүргізуге қажеттілік төмендеуі
мүмкін.Бұл екі жағдайда да өндірісте
интеллектуалдық ұтылыс анық байқалады,ал оны болдырмау
үшін мемлекеттің құрылымдық саясатын
қалыптастыруда халық шаруашылығының
инфрақұрылымдық және әлеуметтік салаларының
өндірістік негізін жаңарту мен пайдалану тиімділігін арттыру
мүдделерінің көзделуі тиіс.
Мұндай саясатты
қалыптастыру қалдықсыз технологияларды
кеңінен ендіре отырып, елдің табиғи байлықтарын тиімді
игеру мүдделеріне де негізделеді. Бұл,
республиканың экспорттық әлуетін арттыру –шетелдерге
барлық жағынан әлемдік стандарттарға сәйкес
келетін дайын өнім шығаруға мүмкіндік беруі
қажет.Сол арқылы экономиканың, оның ішінде
өнеркәсіптің шикізаттың бағытын жою мүмкін
болар еді.
Мемлекеттің құрылымдық
саясаты, ең алдымен макроэкономикалық деңгейде
инвестициялық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы,
яғни құрылымдық және инвестициялық
саясаттарды тығыз байланыстырғанда ғана шынайы болады.
Инвестициялық
саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:
-
мемлекеттік бюджеттік қорларды пайдалану арқылы;
-
ішкі несие қорлары мен жеке заңды
тұлғалардың өзіндік қаражаттарын
тиімді
қолдануды ынталандыру арқылы;
-
шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы;
Осы бағыттар
ішінен басымдысын таңдап алу және халық
шаруашылығының барынша тиімді аймақтық –салалық
құрылымын қолдау мақсатында олардың
үйлесімін қамтамасыз ету –мемлекеттің инвестициялық
саясатының негізін құрайды.Оны қалыптастыру барысында
Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен күрделі
ұлттық бағдарламаларды іске асыру қажеттілігі де
ескеріледі.
Іс жүзінде,белгілі
мақсатқа қол жеткізуді көздейтін мемлекеттің
құрылымдық –инвестициялық саясатының
бағыттары мен көрсеткіштері сандық жағынан
айқындалып, атқарылатын мерзімі бойынша анықталуы тиіс. Ал
бұл, өз кезегінде, мүдделер,ресурстық база,
механизмдер,объекті мен осы саясатты жүзеге асыру процесінің
өзі де салалардың, аймақтар мен тұтастай халық
шаруашылығының орта және ұзақ мерзімдік даму
жоспарларында көрініс табатындығын білдіреді.
Әдебиет
1. 1.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050»
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы //Жамбыл Тараз
19 желтоқсан 2012 жыл
2. Байтелесов Ж.
«Государственная поддержка инновационной деятельности» // «Промышленность
Казахстана», 2008 г., №10.
3. Данабаева Д.И. «Проблемы инвестиционной стратегии
промышленного производства», «Вестник КазНУ», 2007 г..
4. ҚР Президентінің 2006
"ҚР 2006-2015 жылдарға индустриалды-инновациялық даму
стратегиясы туралы" 2006 жылдың 17 мамырынан N 1096 Қаулысы.
5. Пять больших дел. План совместных
действий Правительства РК, Национального банка РК, Агентства РК по
регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций по
стабилизации экономики и финансовой системы на 2009-2010 годы. Казахстанская
правда, 25 декабря 2008 г.