Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

М.А. Сулеймен – аға оқытушы

Жастардың тұлға ретінде қалыптасуында білім беру институттарының ролі

 

Бүгінгі күні білім әлеуметтік институттардың арасында алдыңғы қатардағы орындардың бірінде тұр. Қоғамдағы технологияның, экономиканың, саяси прогрестің қарқыны, мәдениеттің жағдайы, адамның жай-күйі білімнің сапасына шешуші тұрғыда тәуелді болып келеді.

Білім әлеуметтануы - келеңсіз тенденцияларды жоюға көмек көрсететін және қазіргі адамның мәдениетіне ықпал ететін жаңа күштерді іздестіретін ілімдердің бірі. Оны қызықтыратын саланы қысқаша түйіндеп айтар болсақ, онда оның білімді әлеуметтік-мәдени институт ретінде, оның генезисін, өмір сүруін, кұрылымын, ұйымдастыру тәсілдерін, білім беру саласының әлеуметтік құрылымы динамикасын, осы саланың басқа қоғамдық институттармен және адам өмірінің өзге де салаларымен өзара әрекеттерін зерттейді. Білім әлеуметтануы тар көлемдегі дидактикалық мәселелерді зерттеумен тұйықталмайды, бұл саланы педагогиканың еншісіне қалдырып, адамның тіршілік әрекетін және әлеуметтік білім саласындағы процестерді кеңінен қамтуды, олардың өзара ыкпалын танып білуді карастырады. Оқу қызметінің өзін ол оқушылар мен білім алушылардың өмірлік жоспарлары, бағыт-бағдарлары, өмір салтының ерекшеліктері, ғылымның, қоғамның бүкіл мәдени қажеттіліктері тұрғысынан қарастырады. 

 Балалар мен жастардың бойында патриоттық қасиеттер қалыптастыру үшін, қоғамда олардың адами қасиеттерінің, психологиясы мен логикасының, мінез-кұлықтары мен тұлғаларының қалыптасуына кері әсер ететін барлық факторларды шама келгенше шектеу қажет. Мұндай факторлардың ең ауыры, дүние жүзінің көптеген елдерінің үлкен ғылыми-зерттеу институттарының жарты ғасыр бойы жүргізген мыңдаған зерттеулерінің нәтижелері көрсетіп отырғандай, білім беру институтының дамуы болып табылады. Осы аталған мәселелерге назар аудару қазіргі таңдағы қоғамның басты мәселесіне айналып отыр.

      Білім беру жүйесі - әлеуметтік институттардың арасындағы ең маңыздыларының бірі. Функционалды көзқарас бойынша білім жүйесі жеке адамдардың әлеуметтенуін қамтамасыз ететін институтционалды құрылымдар қатарында. Жеке адамның әлеуметтенуі – жеке адамдардың өздері өмір сүретін қоғамда тиімді жұмыс істеу үшін өмір сүру арқылы сапасын дамыту процесі. Әлеуметтендіру мәдениеттің сабақтастығын, оның ұрпақтан-ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді. Алғашқы әлеуметтендіруді (баланың әлеуметтендіруі) алып жүруші агенттер болып отбасы табылады, әлеуметтендіру көбінесе стихиялы сипатта болады. Осылармен қатар өмір бойы әрекет етіп жеке адамдар әлеуметтендіруші агенттіктер, қоғамның құрылымдары болып табылады (саяси, заңдық, діни, БАҚ, т.б.). Қазіргі қоғамда саналы әлеуметтенудің шешуші құралы білім жүйесі болып табылады. Олардың әрекет ету процесінде сонымен қатар әлеуметтену процесінің екі жақты қызметі туындайды – мәдениетті жеткізу және тұлғаның дамуы.

       Білім тұлғаның дамуына, өзін-өзі көрсетуіне көмектеседі. Сонымен бірге білім тәжірибелік және нышандық сипаттағы маңызды міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етіп, қоғам үшін шешуші маңызды орын алады. Мәдениетті жеткізу қызметі дәстүрлі құндылықтарды арнайы емес тиісті білім беру жүйесінде сақтау және оларды жоғалтып алуын толғандыратын тарихи бағыт алған сана-сезім ашық көрінетін қоғамдарда көрініс береді.

              Білім беру жүйесі қоғамның бірігуіне маңызды үлес қосады. Қазіргі көптеген елдер әртүрлі этникалық, діни, нәсілдік топтармен сипатталады. Білім тарихи тағдырдың қауымдастық сезімін, осы біртұтас қоғам қатарына жататынын қалыптастыруға өзінің үлесін қосады және осындай топтардың ұлттық мәдени ерекшеліктерін сақтай отырып, мәдени ықпалдасу шеңберіндегі ортақ құндылықтарды, қалауларды, мұраттарды және ұмтылыстарды жасап шығаруға көмектеседі.

       Білім жүйесі рухани өмірдің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол жастардың алған білімі негізінде өмірге дайындығын іске асырып, қалыптасқан қоғамдық институттардың іс-әрекетін қамтиды.

       Білім беру өзінің құрылымы бар шағын жүйені көрсетеді. Негізгі элементтер ретінде әлеуметтік қауымдастық, әлеуметтік ұйым ретіндегі оқу-тәрбиелеу мекемесін (оқытушылар мен оқушылар) және әлеуметтің мәдени іс-әрекетінің түрі ретінде оқу процесін көрсетуге болады. Білім жүйесі мына принциптер бойынша құрылады, әрі бірнеше буындардан тұрады, мектепке дейінгі тәрбие беру жүйесі, жалпы білім беру мектебі, кәсіби-техникалық білім, жоғары оқу орнынан кейінгі кадрларды қайта даярлау мен біліктілікті жоғарылату жүйесі, т.б. Білім беру әлеуметтануы білім жүйесінің көрсетілген әр деңгейінің әлеуметтік мәселелерін зерттейді.

       Білім қоғамдық өмірдің барлық саласымен байланысты. Экономика білім беру саласының материалдық базасын анықтайды, оның мазмұнын пәндер құрылымы, мамандық және мамандану тұрғысын, жоспарын негіздейді. Саяси сала, сондай-ақ, білім жүйесіне тікелей әрекет жасайды. Қоғамдағы режимге (демократиялық және тоталитарлық) және оның түрлеріне (ашық және жабық) байланысты білім беру жүйесінің мазмұны мен оған сәйкес келетін құрылымдары қалыптасады. Сонымен бірге әлеуметтік-мәдени орта макро және микро деңгейде білім берудің барлық жүйесіне әсер етеді. Бұл жерде әңгіме қоғам мен отбасының өнегелі және діни құндылықтары жайлы болып отыр.

      Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік құрылымына «шығуды» әлеуметтік жіктелген қызметтің көмегімен іске асырады. Білім қоғамның әлеуметтік кәсіби құрылымының өндіруші факторы ретінде көрінеді. Сонымен қатар, ол әлеуметтік ауыспалылық пен әлеуметтік икемділіктің арнасы болып табылады.

      Қазақстандағы білім беру жүйесі қазір өзінің элементтері мен буындарына қатысты негізгі өзгерістерді бастан кешіруде. Мемлекеттік оқу орындарымен бірге баламалы, жеке меншік оқу орындары бар. Білімнің нұсқалық нысандарын таңдау мүмкіндігі кеңеюде. Дәстүрлі бұқаралық мектеппен бірге бір бағыт ұстанған сыныптар мен пәндерді тереңдетіп оқытатын лицейлер, гимназиялар, колледждер, мектептер өте коп. Тегін білім беру жүйесімен қатар, барлық буындарда бала-бақшадан университетке дейін ақылы білім беру өмір сүріп келеді.

      Қазіргі жағдайда Қазақстанда білім беру жүйесінің алдында мазмұнды және құрылымдық-ұйымдастырушылық сипаттағы міндеттерді шешу мәселесі тұр. Мазмұнды көзқарас бойынша, құндылықтық іргелілікті қалыптастыру, өзіне жалпы адамзат мұратының үздік үлгілерін және ұлттық тарихи-мәдени мұрасына ие принциптерді жанастыратын білім жүйесіндегі гуманитарлық білімнің базалық негіздерін дамыту және орнына келтіру қажет.

     Жалпы білімдегі рухани ахуал, идеялық тәрбие, оқу үрдісіне тән рухани әлем жасап қана қоймайды, сонымен қатар оның ағыстары басқа да рухани өмір салаларымен қосылады, тұрақты білімге — мәдени жаңарудың эскалаторы ретінде өз бетінше білімін көтеруге деген қажеттілікті калыптастырады.

Білім жүйесінің құрылымы тұрақты элементтердің жиынтығын көрсетіп, олардың өзара әрекеті бүкіл қоғамдағы білім берудің институттық өмір сүруін қамтамасыз етеді. Бұл жүйенің құрылымы білімнің әлеуметтік зерттеу объектісі ретінде қарастыруға толық мүмкіндік береді. Мұндай толық суретті қалпына келтіру үшін білім саласының тұрақты түрде алу­ан түрлі элементтердің топтарын қамтитынын мойындау қажет. Әрбір осындай топ өзіндік құрылымды құрайды, олар бірігіп сол қоғамның тұтас білім жүйесін қалыптастырады.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан, 2005 – Астана

2.     Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану, 2003, Ғылым, Алматы

3.      Гражданское общество и социальный прогресс в ХХІ веке, Материалы ІІ конгресса социологов тюркоязычных стран. Алматы. 2008.

4.      Рахметов Қ.Ж., Болатова А.Н., Исмағамбетова З.Н. Социология. Алматы: «Өлке» баспасы, 2003.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Получатель:

ТОО Уралнаучкнига

Почтовый адрес: г.Уральск:

р/с KZ399260201133829000

ул. Гагарина 52/1

УФ АО Казкомерцбанк, БИК KZKOKZKX

БИН 050540011725, РНН 270100227586

МФО 194901706

Плательщик

М.А. Сулеймен

Адрес , телефон

М.А. Сулеймен 08000 Казахстан город Тараз Сулейманова 8 корпус 1,3-208 08000

 

Счет № 23633 от 2015-01-13 08:58:41

 

Назначение платежа:

Ед.изм.

Кол-во

Цена

Сумма

За печать статьи М.А. Сулеймен ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРГЕ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ ӘСЕРІ

Стр.

4

500

2000

Почтовая доставка заказным письмом

Штук

1

500

500

Итого

 

 

 

2500

две тысячи пятьсот казахских тенге

 

 

 

 

 

Менеджер:

Устименко Е.В.

 

Получатель не является плательщиком налога на добавленную стоимость

Счет является действительным в течении 60 дней с момента выписки