Акимниязова Фарида Дайрабаевна

Қызылорда қаласы, №11 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі

(Қызылорда, Қазақстан)

Адамзаттың қас жауы – Рухани дағдарыс

 

-Аса қамқор, ерекше мейірімді, қасиетті,

                                                                рақымды Алланың атымен бастаймын

 

Еліміз егемендігін алып, тәуелсіз ел болғаннан бергі жылдар ішінде тұрақтылық, елімізде тұратын этностар достығын нығайту, ұлтаралық және дінаралық үйлесімділікті қалыптастыру. Қазақстанның аса маңызды жетістігіне айналды. Әлем жантүршігерлік ланкестік әрекеттерден және этникалық негіздегі қақтығыстардан тітіркеніп тұрған шақта көптеген елдердің назары бүгінде Қазақстанда десек  артық айтқандық болмас. Себебі, кез-келген мемлекетте ұлтаралық, дінаралық татулықсыз тұрақтылық болмайтынын уақыт көрсетіп отыр.

Жалпы, дін дегеніміз ерекше сақтықты қажет ететін нәзік дүние. Дінді өркениеттің, мәдениеттің феномені ретінде қарастыруға болады. Әрбір діннің өкілі – өркениет ошағы. Әрбір дін өкілі мұсылман, православ, иудей, буддист бола отырып, өзге өркениеттің мән – мағынасын түсіне біліп, оған құрметпен қарауы тиіс. Сонда ғана әркімнің өз діні өркендеп, өсе түседі. Қазір елімізге шет мемлекеттерден келіп жатқан тосын, жағымсыз діни идеялар мен ағымдар саны аз емес. Өкінішке қарай, олардың барлығының ниеттері түзу деуге болмайды. Ең сорақысы – осы жат жымысқы ниетті діндердің көздегендері де жастар болып отыр. Мемлекеттің бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап қалу жөніндегі этносаясатты елдегі діни мәселелерді де қолға алу керек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің хадистерінде: «Мұсылман мұсылманға бауыр», - дейді. Яғни, бұдан діннің бірлікке, ынтымаққа шақыратындығын қөреміз.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаева әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің І – съезінде сөйлеген сөзінде: «Тәуелсіздік жылдары Қазақстанды мекендейтін 130-ға жуық ұлт пен 40-тан астам діни конфессиялар арсында татулық, өзара келісім берік орнықты. Соның арқасында дамудың Қазақстандық моделін ойдағыдай жүзеге асырып, экономиканы реформалауда зор табыстарға қол жеткізудің, ядролық қарудан бас тартып, Қазақстанды бейбітшілік аймағына айналдырдық. Барлық көршілерімізбен тату қарым-қатынас орнатып, жаһандық қауіпсіздікті сақтауда өңірдің қөшбасшысы атандық. Осының бәрі бізге бар ғұмырын әлемдегі алуан дінді ұстанған халықтарды тыныштық, бітімгершілік, татулық пен келісімге арналған Сіздер сияқты дін басшыларын шақырып, келесі кездесу өткізуге мүмкіндік туғызып отыр», деген еді.

Терроризм мен Ислам – бір-біріне түпкі тамырынан бастап қарама-қайшы және бірін-бірі жоққа шығаратын ұғымдар. Дегенмен, бүгінгі таңда халықаралық терроризм Исламмен байланыстырылады, осы арқылы ұлтаралық алауыздық және діни төзімсіздік туындайды.

«Терроризм» сөзі – араб тілінде «ирхаб», яғни «қорқыту, үркіту» деген мағынаны білдіреді. Терроризм өз нысанасына бейкүнә адамдарды таңдап, жас-кәрі демей аяусыз өлтіруді мақсат тұтады. Бүгінгі таңда халықаралық терроризм және діни экстремизм асыл дініміз Исламға залалын тигізуде.

Ислам – біздің заманымыздың 609-632 жылдар аралығында (VІІ ғасыр) шығыс пен батыс мәдениеттері тоғысып жатқан Араб түбегінде пайда болған әлемдік діндердің ең жасы. Ол әлемде кең таралу жөнінде екінші орында.

Ислам діні – адам баласын тура жолға бастайтын дін. Адамды мейірімділікке, бауырмашылыққа, қайырымдылыққа үйретеді.Имансыз ұлт болмайтынын түсінген атам қазақ,ислам  дініне қатты көңіл бөлген, «Алланың өзі де рас,сөзі де рас»-деп жырлаған ұлы Абай ислам дініне берік болған ғой, ал қазіргі таңда кездесіп отырған келеңсіз жағдайлар неден туындайтыны бізіді, жас ұрпақты ойландыратын мәселе болып табылады.

         Дін адамның жан дүниесіне әсер етіп, оны бай және таза етеді. Дінеге сенуші адам адамгершілік құндылықтарды насихаттайды, абыройсыз және ұят қылықтарды жасамайды. Дін біріктіре алады,ұлттық өзіндік сана-сезімін құруға әсер етеді,   өз халқына, өз ұлтына, өз дініне өз тіліне, өз тарихына,  өз мәдениетіне, әдет-ғұрпына махаббат пен намысты тәрбиелейді.

         Бірақ өкінішке орай, соңғы жылдары терроризмнің бір түрі- діни экстремизм кең таралуда.  Діни ұйымдардың адам санасына әсер ету талпыныстары, сонымен  қатар басқа  мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясатына әсер етіп, қайіпті тенденцияға айналып отыр.

         Қазіргі таңда діни-ахуал жағдайында жалпы экстремизм деген терминге ғалымдар ортақ бір нақты мазмұн  беретін балама сөз тапқан жоқ. Әр ғалым өзінше сөз саптайды. Бір анығы қоғам үшін бұл-үлкен қауіпті құбылыс.

         Енді осы экстремизмнің мағынасын  түсіндіріп көретін  болсам, «Экстремизм» латын тілінен енген термин, сөздік мәні «соңғы»,  «шеткі» деген мағынаны білдіреді, ал саяси мағынасы шектен шыққан көзқарас пен іс –әрекет арқылы ерекшеленетін күрделі әлеуметтік феномен.

         Экстремизм мемлекетте диктатура орнатуды ашық жариялайды, яғни бұл дегеніңіз азаматтардың саяси және азаматтық құқықтарын кемсіту, екіншіден елдегі конститутциялық құрылымды үзілді –кесілді мойындамайды, оны зорлық-зомбылық күшімен  жоюға және билікті заңсыз басып алуға ашық түрде насихаттайды, үшіншіден заңсыз қарулы жасақтар құрады,төртіншіден елде әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тіл және діни алауыздықты қоздырады, сонымен қатар осы ерекшеліктер бойынша азаматтардың құқығын шектеуді мақсат етеді, бесіншіден елде белгілі бір ұлттың немесе діни конфессияның тоталитарлық режимін орнатуға ұмтылады.

Елімізде 2005жылдың 18 ақпанында  «Экстремизмге  қарсы іс-қимыл туралы» заң қабылданды.Осы заңның 10 бабы «ҚР мемлекеттік органдарының шет мемлекеттердің органдарының және халықаралық ұйымдар мен экстремизмнің алдын алу, анықтау және жолын кесу саласындағы өзара іс қимылы.» деп аталады.   

Қазақстан өз тарапынан аймақтық бейбіт өмірді,қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету,сонымен қатар демократиялық,әділ және ұтымды саяси экономикалық халықаралық тәртіп орнату үшін қолынан келгеннің бәрін жасап отыр.Соның бір мысалы ретінде Қазақстанның 1996 жылы «Шаңхай бірлестігі» деген атаумен құрылып,2001 жылдың 1 маусымынан бастап Шаңхай ынтымақтастық ұйымы аталған құрылым аясындағы экстремизм мен терроризмге қарсы нақты іс-шараларын айтуға болады.

         Қорытындылай келе, әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс.Қазақ  халқы ертеден - ақ бірліктің,ынтымақтың маңызын жете түсінген.Ата – бабаларымыз өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың? Ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын» деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз маңызын жойған жоқ.

         Кемеңгер би-шешендеріміз «Алтау ала болса,ауыздағы кетеді,төртеу түгел болса,төбедегі келеді» деп елді,халықты бірлікке шақырып отырған.

         Елбасымыздың «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында осы мәселе ерекше аталып өтуі тегін емес.Сондықтан бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығайуы үшін ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін бір кісідей атсалысайық.

         Бірлігіміз бекем,тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын,қазақ елі!

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1 Ақназаров Х.З. Ислам діні және өмір шындығы , Алматы, Қазақстан, 1977, 8б.

2 Ислам әліппесі, - Азбука Ислама ЖШС Фараби – энцеклопедист. Алматы, 2000, 3 б.

3 Бекташ А. Тілегенова А. Дінтану. Шымкент., 2004.