Ауелбекова
Жулдыз Жездибековна
Абай
атындағы ҚазҰПУ-ң Өнер, мәдениет және спорт институтының 6М010700
- Бейнелеу өнері және сызу мамандығының 2 курс
магистранты. Алматы қ-сы.
ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ТӘРБИЕ
ҮРДІСІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕЙНЕЛЕУ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ
ПӘНІ НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ
БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының
егеменді ел болуына байланысты қоғамымызда болып жатқан
түбегейлі өзгерістер болашақ мамандарды даярлауға,
оның ішінде, әсіресе келешегіміз – бейнелеу өнері бойынша
білімді, білікті ұстаздарды кәсіби-теориялық тұрғыда даярлауға өте жоғары талаптар қойып отыр. Өйткені, қоғамның
рухани және адамгершілік тұрғыда қайта өрлеуі,
өркендеуі, ұлттық мәдени
құндылықтарды екшеп, уақыт талабына сай кәдеге жарату,
мектептегі жас жеткіншектерді өнерлі, өнегелі, мәдениетті,
білімді етіп оқытып тәрбиелеуде тиімді жағдайлар
жасау көбіне мұғалімге
тікелей байланысты. Сондықтан, жоғары оқу
орындарының көркем сурет
факультеттерінде оқып білім алып жүрген студенттердің
кәсіби педагогикалық даярлық деңгейіне қойылатын талаптар түріне
белгіленген
қоғамымыздың жаңа әлуметтік тапсырыстары, өз кезегінде,
оқытуда типтік бағдарламаларды өзгертуді,
сондай-ақ жоғары мектептегі
көркем сурет факультеттерінде студенттердің бейнелеу өнерін оқыту
әдістемесі пәні бойынша
алатын әдістемелік-теориялық білім сапасын арттырып, бүгінгі күнге сай білім,білік,дағдыларды
игеруге бағытталған
жаңа білім беру стандарттары мен тұжырымдамаларына
жоғары дәрежеде оқытудың тиімді жодарын енгізуді
көздейді. Осының бәрі, сайып келгенде, болашақ бейнелеу
өнері пән мұғалімдерін кәсіби-теориялық
дәрежеде педагогикалық іс-әрекеттерге даярлаудың аса бір көкейкесті мәселе екендігін
дәлелдейді.
Қазіргі
кезде кең өріс ала бастаған білім беруді ізгілендіру
бағыты, ең алдымен, мәдениеттегі, рухани
мұрадағы, тарихымыздағы жалпы азаматтық
құндылықтарды бағалауға баса назар аударуды
қажет етеді.
Бұл
орайда, әсіресе, ұлттық таным мен әлемдік биік
талғамның бірлігі айқын танылатын Қазақстан бейнелеу
өнерінің тарихы мен теориясын оқыту әдістемесінің
мәселесі өзінің өзектілігімен және
өткірлігімен ерекшеленеді.
Қазіргі Қазақстан
бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы пәнінде
студенттерге көркем
теориялық білім берудің негізгі мақсаты білімін,
біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол
жеткізу ғана емес, ұлттық бейнелеу өнері негізінде ертеңгі қоғамның
белсенді азаматы-бүгінгі жастарымыздың өнегелі де, өнерлі тұлғасын жан
жақты қалыптастыру болып саналады.
Бүгінде жастардың санасында, ой -
өрісінде, жалпы азаматтық, рухани өнер құндылықтары
мен жоғары адамгершілік,
имандылық қасиеттерін ашу, дамыту барысында психологиялық, педагогикалық зерттеулерді
жан-жақты зерттеу мен зерделеу
көзделеді, сонымен қатар
әр түрлі әлеуметтік және
моральдық-психологиялық жағдайларда студенттерге барынша қолдау
көрсету мен бойында қазақ халқының ұлттық
өнеріне, мәдениетін тануға деген құлшыныс,
қызығушылық танытып жүрген болашақ суретші
педагог мамандарды кәсіби даярлау мәселесінің
маңыздылығы мен көкейкестілігі күннен күнге артуда.
Осы айқындалған бағыттар бiз
қойып отырған мәселерлермен ұштасып
жатқандығы сөзсiз. Себебi ұлттық өнерге оң көзқарастық сипат жалпы адамзаттық
қасиеттердiң аясында шешiледi. Екiншiден, студенттердің ұлттық өнерді меңгеруге, үйренуге деген
құлшыныс қасиеттері қоғамдық,
әлеуметтiк-мәдени ортада шешiледi. Оны қазiргi
заманмен, қоғамдық өзгерiстермен үйлестiру
мемлекетiмiздiң стратегиялық маңызды даму бағытымен
сәйкес келедi. Yшiншiден,
оқу
бағдарламасы
әруақыт
шығармашылық iс-
әрекетпен ұштасып отыруы қажет және болашақ
мамандардың өзiн-өзi тануға ұмтылуында, шығармашылық
iзденуiнде өзінің орны мен маңызын жоғалтпауы
қажет деп білеміз. Өмiрде дұрыс жол табу үшiн адам дұрыс ой түйiп,
өздiгiнен сапалы, дәлелдi шешiмдер қабылдай бiлуге
үйренуi керек… Адамның
өз болмысын тануға ұмтылысында көмектесiп,
тереңде жатқан талап - тiлегiн, қабiлеттерiн дамыту, сол
арқылы оған толыққанды
өмiр сүруi үшiн жаңа рухани күш беру
бiлiмнiң ең маңызды мақсаты болып табылады".
Педагогикалық білім беру теориясы кейінгі жылдары
бірқатар ғалымдарымыздың (А.И.Щербаков, В.Н. Хмелюк, Н.Д.
Хмель, Ф.Н. Гоноболин, В.А. Сластенин, Н.В. Кузьмина т.б.) еңбектерінде одан әрі дамытылды. Бұл
ғалымдар мұғалімдердің жеке тұлғасын
қалыптастырудың заңдылықтарын негіздеді. Ал халық педагогикасында болашақ мұғалімдерді кәсіби деңгейде теориялық даярлау мәселесін зерттегендер
Б.Мұқанованың, Ж.Сәдірмекованың,
Р.К.Төлеубекованың, Ж.С.Хасенованың, К.Ф.Тешебаеваның, А.Мононовтың, А.С. Мағауованың және т.б. зерттеулерде әр
қырынан анықталды.
Жоғары
оқу орнының өнер институттарында «Қазақстан
бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» пәні - студенттердің көркем
теориялық білімдерін кеңейте отырып, жалпы орта мектепте Қазақстан кәсіби бейнелеу
өнерінің шығу тарихын, даму ерекшеліктерін,
Қазақстан кәсіби ұлттық суретшілерінің
шығармашылығы мен көркем туындыларын тануға
меңгерту, сонымен қатар студенттерді
көркем- эстетикалық тұрғыда тиімді, жүйелі
оқытып тәрбиелеудің ролі мен маңызын ашу, жоғарыда аталған пәннің
ерекшелігі мен орнын, маңызын,
басқа көркем пәндерден айырмашылықтары мен
ерекшеліктері жөнінде мағлұмат берілу қажет.
Студенттердің Қазақстан бейнелеу өнерінің даму тарихын,
ұлттық өнерін, суретшілерін,
кәсіби бейнелеу өнері дәстүрлерін, мәдени өнер
мұраларын зерттеуге баулу қажет. Өзіндік зерттеушілік,
ізденушілік іс-әрекеттерге баули отырып, шығармашылық, іскерлік,
кәсіби дағдыларын жетілдіру, көркем шығармашылық
қабілеттерін барынша дамыту
қажеттігі туындайды. Осыған орай студенттердің білім
деңгейіне, қабілеттеріне
сәйкес өз беттерімен ғылыми, шығармашылық,
ізденушілік тапсырмалар (Рефераттар, курстық жұмыстар, эсселер
т.б.) берілуі қажет деп білеміз.
Сөйтіп
студенттер өз беттерінше жинақтаушы топ болып рухани, мәдени
материалдарды, тарихи құжаттарды жинақтап, зерделеуге
дағдыланады сонымен қатар көркем шығармаларды жазып,
әңгімелер, сауалнама жүргізеді. Осыған орай
студенттердің Қазақстан кәсіби суретшілері мен бейнелеу
өнерінің даму тарихы бойынша
білімдерін жетілдіру, оған деген эмоционалды –құндылық
қатынастары мен эстетикалық
тұрғыда қабылдауға даярлықтарын
қалыптастыру. Студенттердің Қазақстан бейнелеу
өнерінің тарихы мен теориясы бойынша білімін және оның
бастапқы негіздерін меңгергенін тексеру үшін интелектуалды,
эмоционалды-құндылық және әлеуметтік
–практикалық өлшемдерін таңдап алуымыз қажет. Олар
келесі көрсеткіштер:
1. Интеллектуалды – Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихы
мен теориясы бойынша білімі;
2. Эмоционалды – құндылық – Қазақстан бейнелеу
өнерінің тарихы, рухани, мәдени, өнер жетістіктеріне
деген қатынастары;
3. Іс-әрекеттік –практикалық – Қазақстан бейнелеу
өнерінің тарихы мен теориясы
бойынша білімді көркем- шығармашылық
ізденіс жұмыстарда үлкен ынтамен
пайдалану;
Бұл көрсеткіштер диагностика
құралы ретінде оқу-тәрбие процесінде нақты
бағыттар мен нәтижелер береді. Олар:
§ Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы бойынша білімі;
§ Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихына деген оң қатынасы;
§ Іс-тәжірибеде студенттердің Қазақстан бейнелеу
өнерінің тарихына деген қызығушылықтарын
қалыптастыру;
Қазақстанның баға жетпес кәсіби ұлттық бейнелеу өнерінің
дамуы мен қалыптасуы, Қазақстан суретшілерінің
шығармашылығы мен олардың көркем туындыларын студенттерге
таныстыру және оны ЖОО бүкіл көркем білім беру
жүйесінің оқу-тәрбие үрдісінің тірегіне
айналдыру мақсатымен «Қазақстан бейнелеу өнерінің
тарихы мен теориясы» пәнін жүргізу барысында Қазақстан
кәсіби бейнелеу өнерінің ұлттық суретшілері мен
шығармашылық даму ерекшеліктерін,
оның тәрбиелік мәні мен маңызын анықтап, өзіндік
табиғи, тарихи ерекшеліктерін
болашақ жас маманның санасына енгізе берген жөн деп білеміз.
Мысалы: «Қазақстан ұлттық суретшілердің
көркем өнер туындыларындағы ұлттық
құндылықтар», «Ұлттық бейнелеу
өнерінің дамуы динамикасы мен тенденциялары», «Қазақстан
ұлттық суретшілерінің туындыларындағы дүниетанымдық мәселелер»
атты тақырыптар арқылы студенттердің Қазақстан
кәсіби бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы бойынша білім
деңгейлерін, түсініктерін, көзқарастары мен сана
–сезімдерін барынша қалыптастыру болып табылады. Жоғары оқу
орнының өнер
институттарында «Қазақстан кәсіби бейнелеу
өнерінің тарихы мен теориясы» пәні бойынша болашақ
мұғалімдерді кәсіби тұрғыда даярлау
мәселесінің бүгінгі күнге дейін өзінің оң
шешімін таппай келуі қынжылтады. Себебі, өзіміздің
ұлттық өнерімізді
барынша ұлықтататын пәнді өз дәрежесінде,
терең де сапалы оқытуға қажетті
оқулықтар мен
оқу-әдістемелік құралдардың мемлекеттік тілде жетіспеушілігі
- студенттердің білім
сапасының төмендеуіне апарып соғуда.
Әрине, бiз Қазақстанның бейнелеу өнерінің тарихын, рухани
мәдениетiн бүкiл әлемге таныту үшiн көркем бейнелеу
өнеріміздегі ұлттық бейнемiздi анықтап, жалпы
адамзаттық өнер игiлiктерін тереңiрек меңгеруге
тиiспiз. Оны түсiну үшiн алдымен бiз европалық
классикалық реалистiк үлгiдегi бейнелеу өнерi мен
ғасырлар бойы қалыптасқан, өзiнiң
тұрақты сипаттық белгiлерiмен анықталатын
халықтық шығармашылықты қамтитын мүсiн,
сәулет, қол өнерi
секiлдi атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық
қол өнері, рухани мәдениетті студенттерге оқыту
барысында, олардың тарихи, табиғи, өзiндiк даму ерекшелiктерiне
нақты тоқталуымыз керек деп білеміз.
Жас болашақ маманды оқытып
тәрбиелеуде адами - рухани даму жетекшi орынға
шығады. Оның рухани
деңгейiн көтеру арқылы оның бойындағы ақылдың терең қасиеттерiн ашуға болады. Өз
тарапынан ол студент бойындағы дарынды тиiмдi
пайдалануға көмектеседi. Студент бойындағы рухани
дүниенi «Қазақстан
кәсіби бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» пәнінде
дамыту
арқылы өмiрге, айналасындағы қоршаған
ортаға, әсемдiкке үйлесiмдi қатынас орната аламыз. Жастардың рухани
iшкi жан дүниесiн тәрбиелеу арқылы сыртқы дүниеге, көрiнiстерге,
құбылыстарға жаңаша қатынас
орнатып, өз білімін жоғары деңгейге көтеруге деген
ұмтылысын қалыптастыра аламыз.
Руханилық құбылыс әлеуметтiк болмыста адамсыз және адамнан тыс өмiр сүрмейдi, сондықтан ол жеке тұлғаның
дүниетанымымен, iс-әрекетiмен тiкелей байланысты.
Кезкелген
қоғамның тарихи дамуы
мен өркендеуі сол елдің өнері мен мәдениетіне тікелей
байланысты. Оған дүниежүзілік деңгейге кеңінен
танымал біртуар туындамалармен өз Отандарын әлемге паш еткен
Леонардо да Винчи, Микеланджело, Пабло Пикассо секілді тағы басқа құдіретті бейнелеу өнері иелерінің
қас қылқалам шеберлерінің атақ
даңқтары дәлел. Сондықтан да өз
халқының өнерін, өмір тарихын, салт-дәстүрін,
әдеп-ғұрпын нақтырақ зерттеп білу үшін,
оның сан-салалы өнерін оқып үйренудің
маңызы зор. “Ел болам десең, бегіңді түзе” деген
нақыл сөзді Мұхтар Омарханұлы Әуезовтей
ғұлама текке айтпаса керек.
Ендеше өз халқымыздың бейнелеу
өнерін, сол қайталанбас құдіретті көркем өнер
туындыларын дүниеге әкелген суретшілердің, өнер
иелерінің өмірбаяны мен шығармашылық жолдарын,
шеберліктерінің қыры мен сырын, іс-тәжірибелерін колледж,
университет табалдырығынан бастап, жастарға яғни,
болашақ суретші педагог мамандарға үйрету бүгінгі
таңдағы педагогтар алдында тұрған үлкен
негізгі міндет деп білеміз.
Бір сөзбен айтқанда
халқымыз жүріп өткен өнері мен мәдениетін шарықтатуда, ұлықтауда,
дамытуда тарихи-философиялық, өнертанушылық,
мәдениеттанушылық, педагогикалық, психологиялық еңбектерді оқып-үйреніп,
меңгермейінше, білімді де
білікті, тәрбиелі, жоғарғы
мәдениетті, дүниетанымы кең болашақ маманды
оқытып тәрбиелеу
мүмкін емес.
Бүгінде өз алдына тәуелсіздік алып, егеменді ел,
дамыған өз жолы бар мемлекет атанған Қазақстан
Республикасы өзінің ұл – қыздарын, халық арасынан
шыққан дана ғұламалары мен ақындарын, батырларын,
шешендерін, қылқалам шеберлерін, көрнекі қайраткерлерін
ұмытпай, кейінгі ұрпаққа жеткізіп танытып отыру
қажет. Олардың біздерге қалдырған әрбір
жақсы дүниелерін, сөздерімен іс-әрекеттерін насихаттап, мерейтойларын
кеңінен атап өтуіміз қажет.
Қорыта айтқанда,
студенттерге көркем –теориялық тұрғыда сапалы көркем
білім мен тәрбие беруде оларды жан-жақты мәдениетті,
өнерлі, өнегелі,
көркем- эстетикалық талғамы жоғары болашақ
ұстаз етіп тәрбиелеуде, барлық дерлік университеттің, институттың
профессорлары мен оқытушылары бұл мәселені кешенді түрде, қолға алған жағдайда
ғана, өзінің оң шешімін табатыны анық. Сонымен
қатар Қазақстан
кәсіби бейнелеу өнерінің бай мұраларының қалыптасқан дәстүрлерін, мәдени
құндылықтарын жан-жақты терең білетін,
өзінің бойына адамилық-рухани, мәдени, өнер,
рухани құндылықтарын терең сіңірген, жаны таза, өнер сүйер адам болуы шарт. Ол
қасиеттерді күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, көркем
білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алған
жөн деп есептейміз. Сонда ғана білімді, мәдениетті,
тәрбиелі, өнегелі, өнерлі, өзіндік ойы бар, жан-жақты
дамыған болашақ суретші педагог маман қалыптасады деп білеміз.