ОҢТҮСТІК
ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ
ДАМУ ТАРИХЫ
Мейрамбек Аида Нұрланқызы,
Оңтүстік
Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институты,
Педагогика және тарих
факультетінің 3-курс студенті
(Қазақстан, ОҚО)
ХХ-ғасырдың
басында Ы.Алтынсарин құрған орыс-қазақ мектептері
кеңінен тарағанымен, Қазақстанның
оңтүстік облыстарындағы мектептерде білім берудің
мазмұны діни тұрғыда болды, ал білім беру ісі араб тілінде
іске асырылды. Мысалы, 1911 жылы Қазақстанда олардың саны
350-ге дейін барды.
Қазақстанның
оңтүстігіндегі білім беру ісінің дамуында айтарлықтай
қадам Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде жасалды.
Білім беру ісі жалпыға міндетті және тегін жүргізілді.
Ұлттық-территориялық түрде шекара бөлуге дейін
Қазақстанның оңтүстік облыстары Түркістан
республикасының құрамында болды, оның аумағында
оңтүстік Қазақстанның білім беру ісінің
жүйесіне бастама қаланды [1].
Мемлекеттік
өмірді жаңадан қайта жасақтау ағарту
аймағындағы жаңа формаларды қалыптастыруды талап етті.
Мемлекет білім беру ісінің өсе түскен қажеттіліктерін
қанағаттандыра алмайтындай жағдайдағы
халықтың білім беру қажеттіліктері айтарлықтай
өсе түсті. Осыған қоса елде қиын жағдай
орын алды, азамат соғысы жүріп жатты, ақшамен
қамтамасыз етуде, оқу материалында және т.б деген
қатаң жеткіліксіз сезілді. Осы жағдайлармен байланысты
өкіметтің орталық органдары шығындардың
айтарлықтай бөлігін жергілікті жерде
құрал-жабдықтар алуға аударды. Осындай
көрінісінен аймақтың мәдени-ағартушылық
мекемелері жергілікті шаруашылық органдарына жатқызылып, олардың
жағдайын жақсарту мәселесі бойынша міндеттер жүктелді.
Ағартушылық мекемелері фабрикалардың, заводтардың,
кеңес шаруашылықтары (совхоздар) мен т.б. қамтамасыз етуге
берілді. Мектептік-шаруашылықтың кеңестері
құрылды да олар мектептерге жәрдемді ұйымдастыруымен
айналысып, бұл іс-шараға кәсіподақтарды, «Көшші»
одағын, партиялық және кеңестік басқа да
органдарды кең түрде тартты.
Білім
беру ісінің қалыптасуы тағы да халықтың
көпшілік бөлігінің сауатсыз болуы себепті де күрделене
түсті, жергілікті жерлердің жанынан ашылған
мектептердің педагог кадрларына деген сұранысы мен олардың
жетімсіздігі сезіле бастады. Бұл мәселені шешу ісімен
ағартушылық институты айналысты. Білім
беру ісінің қалыптасуындағы ірі қадам – халық
университетінің ашылуы болды. Түркістан автономиясы
Республикасының халық комиссарлары кеңесінің (СНК)
шешімі бойынша 1918 жылдың наурызында Ташкент қаласында
Түркістан халық университеті құрылды, (1923 жылдан
бастап Орта Азия мемлекеттік университеті), Ташкент ол кезде Орта Азияның
мәдени ағарту орталығы болып, Өзбекстанға
өткенше бүкіл Оңтүстік Қазақстан
аймағының ірі орталығы болды. ОАМУ – нің
құрамында бес факультет болды. Түркістан өлкесінің
этникалық құрамын ескере отырып, бұл университет Орта
Азия Республикалары мен Қазақстан үшін оқу-білім
мамандарын даярлаумен айналысты. Мысалы, 20-шы жылдардың басынан бастап
бұл жерге 7 %-ға дейін қазақтар білім алуға келді
[1].
1919 жылдан 1927 жылдарға дейінгі
аралықтағы ОАМУ-де білім алушылардың өсу динамикасы:
|
|
1919 |
1920 |
1921 |
1922 |
1923 |
1924 |
1925 |
1926 |
1927 |
|
ОАМУ-дегі студенттердің жалпы саны |
164 |
1467 |
2154 |
2969 |
2724 |
3051 |
3374 |
3672 |
4107 |
|
%-ғы қазақтар |
- |
- |
1,05 |
0,8 |
4 |
5,1 |
7,9 |
6,3 |
6,4 |
Бірақ
та, халықтық университетті жоғарғы оқу орнына
кіріктіруге болмайды, өйткені жоғарғы оқу
орындарының талаптарына толықтай жауап бере алмады, ал атап
айтқанда, жоғары мамандандырылған мамандар потенциалына ие
емес және де оқыту бағдарламасы жоқ еді т.с.с.
Осыған сәйкес орталықтың қолқабыс
етуінің қажеттігі керек болды. Бұл мәселені шешу
үшін Н.А.Кобзева, И.Г.Болев, А.А.Семеновтар құрамындағы
университеттің делегациясы аттандырылды.
Мәскеуде
жоғарғы оқу орындарының оқытушыларынан
жасақталынған комитет құрылды. Оның
жұмысының нәтижесі болып Ташкент маман кадрлары мен оқу
жүйесіне арналған құрал-жабдықтар жөнелту
және осы үшін кітаптар басып шығару болды. 1920 жылдың
сәуір айында Мәскеуден Ташкент қаласына профессорларымен
бірге алғашқы эшалон келіп жетті. Ал осы жылдың 7-ші
қыркүйегінде В.И.Ульянов-Ленин қол қойған РСФСР
кеңестік халық комитетінің (совнарком) Түркістан
мемлекеттік университеті болып қайта құрылғандығы
туралы қаулы (декрет) шығады.
РСФСР-дің халық
ағарту комитетінде Түркістан университетінің Азиядағы
мәдени және саяси түрдегі ықпал етудің
орталығы деп санады, осының нәтижесінде университет жергілікті
жерлік университет маңызынан орталықтанған
маңызға ие болып, орталықтан қаржыландырылып отырды.
Ташкенттегі
қазақ педагогикалық институты Түркістан өлкесін
ағарту-сауаттандыру ісінде ең маңызды рөлді атқарды.
Ол өз алдына жеті жылдық қазақ мектептерімен екінші
дәрежелі мектептер мен техникумдар аясындағы мектептер үшін
де педагогтар даярлау мақсатын қойды.
Осындай
көрініспен Қазақ Педагогикалық институтына тек тоғыз
жылдық білімі бар адамдар ғана қабылданды. Ал мұндай
адамдар аймақта жоқ еді сондықтан институттың жанынан
жеті жылдық мектептерді бітіргендер үшін белгілі біреудің екі
жылдық курсымен дайындық курстары ұйымдастырылды.
Сонымен,
соғыс уақыты мен соғыстан кейінгі күйзелістің
күрделілігіне қарамастан елдің шығыс аймақтарындағы
білім беру ісіне қажетті деңгейде көңіл бөлініп, маңыз
берілді. Жаңа мемлекетті қалыптастыру процесінде де ағарту
мен мәдениеттің дәрежесін көрсету қажет болды.
Оның нәтижесі кәсіби білімді жаңа жоғарғы
оқу орындарының құрылуы мен өсуі болып табылады.
Пайдаланылыған әдебиеттер
тізімі:
1. Сығаев Қ.А. 1917 жылғы
революциядан кейінгі Оңтүстік Қазақстандағы білім
беру ісі.// «Дни науки» Халықаралық ғылыми-практикалық
конференция материалдары, 2009 ж.
2. Центарльный
Государственный Архив Республики Узбекистан Ф.Р – 368, оп.6, д126, л13, л.14, л.
26. (ЦГА.РУ)
3. ЦГАРУ. Ф.Р-372, оп.1,
д.92, л.56а.