Шаяхметова М.Н. , Хабдай А.
Е.А.Бөкетов
атындағы ҚарМУ
Үш таңбалы
санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу
тақырыбын қайталау
Мақсаты:
1. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша
көбейту және бөлу тәсілін қайталай отырып,
оқушылардың алған білімдерін бекіту.
2. Есептерді, теңдеулерді шеше білуін бекіту, шамалармен әрекет
ету, фигуралардың периметрін, ауданын табу, оқушылардың
танымдық қабілеттерін дамыту.
3. Бір-біріне көмектесуге, қоршаған ортаны
қорғауға, ұжымшылдыққа тәрбиелеу; дербестікке,
сабақтағы белсенділікке, ұқыптылыққа
үйрету.
Түрі: қайталау сабағы
Әдісі: бірлесе жұмыс істей отырып оқып үйренген білімдерін
бекіту
Көрнекілігі: мектептің, гүлдердің, ағаштардың
үлгісі, тапсырмалар т.б.
Сабақтың
жоспары:
1.
Ұйымдастыру сәті.
-
Кәне, балалар, сабағымызды бір-бірімізге
жақсылық тілеуден бастайық. Қолдарыңдағы
күн шапағының бір бөлшегін жақсы
тілектеріңді білдіре отырып ортадағы күннің
тұсына әкеліп іліңдер. (Барлығы өз тілектерін
білдіріп, күннің айналасына шапағын іледі)
-
Міне, балалар, біздің күніміз дайын болды.
Бұл күн сабақ соңына дейін жылуын сыйлап, бізді
қолдайтын болады. Кәнеки, күлімсіреу арқылы
бір-бірімізге сәттілік тілейік.

2.
Тірек білімді өзекті ету.
Сабақтың
мақсатымен таныстыра отырып, өткенді қайталау.
-
Қазір көктем мезгілі. Апта сайын
мектебіміздің ауласын қоқыстан тазартып, ауылымыздың
көркейуіне өз үлесімізді қосайық. Ол үшін
мына шашылып жатқан қоқыстарды жинап, қоқыс
жәшігіне тастайық. (Әр оқушы шашылып жатқан қағаздардан
бір-бірлеп алып, ондағы берілген тапсырманы орындайды)
684:2 396:3
844:4 332∙2 121∙4 313∙3
241∙2 628:2
884:4 963:3
628:2 124∙2 432∙2 993:3 246:2 213∙3
3.
«Кім жылдам?» ойыны
-
Міне, балалар, ауламыз да тазарды. Енді
көгалдандырайық. Ол үшін ең әуелі шарбақ
тартып алайық. Берілген тізбекті кім бұрын орындаса,
соңғы қаданы сол қағады.
:2 +46 :3
∙5
4. Сергіту сәті.
Бір, екі, тұрайық
Алақанды
ұрайық
Жүгірейік,
жүгірейік
Аяқты
ұшынан басайық
Саңырауқұлақтай
отырып,
Емендерше
тұрайық.
Тұрайық,
отырайық,
Тұрайық,
отырайық
Орнымызға
жайғасайық.
5. Өткен материалды
бекіту.
– Балалар, келесі кезекте мектеп ауласын көгалдандырайық.
Берілген тапсырмаларды орындай отырып, мектеп ауласына өз
гүлдеріңді отырғызыңдар.
Тапсырмалар:
Ø
Өрнектердің
мәнін тап.
684 : 2 + 650 900 – 327
∙ 2 830 : 2 + 560 741 : 3 – 147
Ø
Теңдеулерді
шеш
х – 286 = 342 ∙ 2 180
: х = 411 : 3
Ø
Амалдарды
орында
(1т -136 кг) : 8 (1ц + 120 кг) ∙ 4 (1 сағ – 10 мин) : 5
Ø
Тік төртбұрыштың ұзындығы
123 м, ал ені одан 3 есе кем. Тік төртбұрыштың периметрін тап.
Ø
Тік төртбұрыштың ұзындығы 6
см, ал ені ұзындығының үштен біріндей болатын тік
төртбұрыштың ауданын
тап.
Есепті шығар.
Ø
Әскери шеруге 952 сарбаз және олардан 4 есе
кем теңізшілер қатысты.Шеруге қатысқан сарбаздар саны
теңізшілерге қарағанда қанша артық?
Ø
Мәңгілік алау жанына 565 қалампыр
гүлі және әрқайсысында 5 раушаннан 87
гүлшоқ қойылды. Мәңгілік алау жанына
барлығы неше гүл қойылды?
6. Рефлексия.

-
Міне, балалар, біз бүгінгі сабағымызда мектеп
ауласын қоқыстан тазартып, гүлдендірдік. Гүлдеріміз
жайқалып өсу үшін оған су керек. Бізге көмекке
бұлттар келіпті. Олардың бірі күлімдеп тұрса, екіншісі
ренжулі екен. Сендерге сабақ ұнаған болса
қолдарыңдағы су тамшыларын күлімдеген
бұлттың тұсына, ұнамаса ренжулі бұлттың
тұсына орналастырыңдар. (Балалар өз тамшыларын
қалаған бұлттың тұсына орналастыру арқылы
өз пікірлерін білдіреді)


7. Үйге тапсырма:
Оқулықтағы №5, №9 тапсырмалар