Шаяхметова М.Н. , Хабдай А.

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ

Тұрлаулы мүшелер

   Сабақтың барысы:

1.                 Оқушылардың бастауыш пен баяндауыш бойынша алған білім, дағдыларына сүйене отырып, тұрлаулы мүшелер сөйлемнің негізін құрайтынын түсіндіру;

2.                 Бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан жасалғанын анықтай отырып, оларға сұрақ қоя білуге үйрету.

3.                 Топта жұмыс істей білуге, өз пікірлерін білдіре алуға, ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

 

   Сабақтың әдісі: «Топтастыру», «ЖИГСО 2» стратегиялары.

 

   Сабақтың барысы:

1.                Мотивациялық-бағдарлау кезеңі.

   Қызығушылықты ояту

      Топтарға бастауыш пен баяндауыш туралы алған білімін топтастырып жазу ұсынылады. Топ мүшелері бір-бірін толықтыра отырып, ортақ топтастыру жасайды. Одан кейін әр топтан бір оқушы сөйлеп, бір-біріне сыни пікірлерін білдіреді. (10 мин)

   Мағынаны тану кезеңі (10 мин)

   «ЖИГСО 2» стратегиясы былай қолданылады: әр топта 4 оқушы болады, топтағы балалар 1-4-ке дейін санайды (1-оқушы №1, 2-оқушы №2, 3-оқушы №3, 4-оқушы №4 болады). Осылайша барлық топ 4-ке дейін санап шығады. Бұл топты «жанұя топ» дейді.

1     2

3     4

 

1     2

3     4

 

 

1     2

3     4

 

1     2

3     4

 
 


 

               1-топ                         2-топ                        3-топ                     4-топ

 

   Енді әр топтағы №1 болып белгіленген оқушылар бір топқа, №2 болғандар екінші топқа, т.с.с. бірігеді.

1  1 1  1

 

2   2 2   2

 

3   3

3   3

 

4   4 4   4

   4 сарапшы парағы болады. 1-нөмірлілер жиналған топқа  №1 сарапшы парағы, 2-нөмірлер жиналған топқа №2 сарапшы парағы, т.с.с. беріледі.

   №1 сарапшы парағы

Мектепте асхана бар. Аспазшы тамақты дәмді пісіреді. Балалар үзілісте асханаға келді.

 

Тұрлаулы мүшелерді тап, астын сыз.  Неліктен тұрлаулы дейтінін түсіндіріп көр.  

№2 сарапшы парағы

   Балалар Ақлима әжейге көмекке келді қыздар үй тазалады ұлдар отын жарды Ақлима әжей балаларға риза болды.

Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жаз. Тұрлаулы мүшелердің астын сыз.

   №3 сарапшы парағы

1.                 Әкеге қарап ұл өседі,

          Шешеге қарап қыз өседі.

2.                Жаман жолдас жолда қалдырады.  

Мақалдағы тұрлаулы мүшелердің астын сыз. Мақалдардың мәнін түсіндір.

№4 сарапшы парағы

 

 

 

 

 


   Мына сызба бойынша сөйлем құрап жаз.

   Сарапшы парақтағы сөйлемдерді жаңа топта талқылап болғаннан кейін, оқушылар қайтадан өздерінің «жанұя топтарына» қайтып келеді.

 

1     2

3     4

 

1     2

3     4

 

 

1     2

3     4

 

1     2

3     4

 
 


 

 

                1-топ                         2-топ                        3-топ                     4-топ

   Жанұя топтарында топ мүшелері өз тобының мүшелерін басқа топта сарапшы парағы бойынша талқылау қорытындыларымен таныстырады.

   Топта талқыланып болғаннан кейін, екі-үш топтың қорытындылары айтылып, оқушылардың жаңа тақырып туралы түсініктері қалыптаса бастайды.

Сергіту сәті.

«Өз орнына қой» ойыны

Сызықшаның мұңы. Сызықша Сыздыққа шынын айтып, сырласыпты:

- Менің атымды білгенмен, сырымды жете білмейтіндерің де бар. Сырттай ғана біліп, іштей істес болмағандықтан, қойылатын орныма қоймай қор қыласыңдар. Менің тұратын орныма көзімді бақырайтып қойып, үтірді әкеп қоя салатынын қайтерсің? Бұған қайтіп ренжімессің?

- Балалар, алдарыңдағы сөздерден сөйлем құрап, Сызықшаны өкпелетпей өз орнына қоя қойыңдар.  (5 мин)

Ауылым – алтын бесігім.    Ас атасы – нан.

Тіл – көңілдің кілті.             Кітап – білім бұлағы.

Рефлексиялық-бағалау кезеңі.

   Әр топ сызбалар бойынша сөйлемдер құрастырады. Бір оқушы сөйлемді тақтаға жазып түсіндіреді.(15 мин)
   Мысалы:

                                                                                   .

 


    Үйге: 65 жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау

    Оқушыларды бағалау